Слайд 1Орындаған:Бегалы Б Байжанова
ЖМ13-05-1,2 топ
Слайд 6Кездесу жиілігі бойынша FDA келесі жіктелуді ұсынады:
* жиі кездесетін жанама
әсерлер (100 тағайындау ішіндегі 1 жағдай немесе 1% артық)
* жиі
кездеспейтін жанама әсерлер (100-1000 тағайындау ішіндегі 1 жағдай немесе 0,1-1% жиілік)
* сирек кездесетін жанама әсерлер (1000 тағайындау ішіндегі 1 жағдай немесе 0,1% жиілік)
Слайд 7ДЗ жанама әсерлерінің 4 түрі бар:
А-типті – ДЗ фармакологиялық белсенділігімен
байланысты, кез-келген адамда кездесетін, жиі дамитын, болжамалы реакциялар;
В-типті –
тек сезімтал адамдарда кездесетін сирек, болжауға келмейтін реакциялар.
С-типті – ұзақ уақытқа созылған терапиямен байланысты реакциялар (ДЗ тәуелділік).
D-типті – ДЗ канцерогенді, мутогенді және тератогенді әсерлері
Слайд 9
ДЗ жанама әсерлерінің 80%-і А-типке жатады.
Жиі кездесетін ДЗ жанама
әсерлері олардың фармакологиялық қасиеттеріне байланысты және терапевтік мөлшерде қолданғанда дамиды.
Кейбір жағдайларда препараттың жанама әсері пайдалы болуы да мүмкін.
Слайд 10ДЗ мөлшерден тыс қолданғандағы дамыған токсикалық әсерлер
Көптеген препараттар, мөлшерден тыс
қолданғанда токсикалық реакциялар туындатады. ДЗ токсикалық қасиетін бағалау үшін «терапевтік
әсердің кеңдігі» деген ұғым қолданылады. Терапевтік әсері кең препараттарды терапевтік мөлшерде қолданғанда токсикалық асқыныстар сирек кездеседі, ал терапевтік әсері тар препараттарды қолданғанда токсикалық әсер жиі кездеседі.
Слайд 11
Екінші дәрежедегі жанама әсерлер – бұл ДЗ фармакодинамикасымен байланысты жағымсыз
әсерлер. Мұндай жанама әсерлер ДЗ таңдамалық немесе селективтілік қасиетінің жоқтығына
байланысты.
Слайд 12
Мұндай жанама әсерлер белсенді антибиотиктер немесе тағы да басқа микробқа
қарсы заттарды қолданғанда дамиды, олар ағзаның қалыпты бактериальды флорасын өзгерте
отырып, суперинфекция, дисбактериоз, кандидамикоз сияқты асқыныстарды туындатады.
Слайд 13
Әдетте бұл ДЗ фармакокинетикалық өзара әсерлесуі салдарынан дамыған токсикалық жанама
әсерлер.
Слайд 14
Втипті реакциялар ДЗ мөлшеріне және фармакологиялық белсенділігіне байланысты емес (ДЗ
жақпауынан басқасы). Оның негізінде ағзаның жеке дара ерекшеліктері аллергия немесе
ферментативті жүйелердің генетикалық негізделген бұзылыстары жатыр.
Слайд 15 – ДЗ терапевтік және субтерапевтік мөлшерде қолданғанда дамитын, фармакологиялық
қасиеттерімен байланысты жағымсыз реакциялар. Мұндай реакция кез келген препаратқа дамуы
мүмкін.
– ДЗ фармакологиялық белсенділігімен байланысты емес реакциялар. «Идиосинкразия» - деп белгілі бір препаратқа дамыған, генетикалық негізделген патологиялық реакция. Идиосинкразияның негізінде ферментативтік жүйелердің тұқым қуалайтын ақаулары жатыр.
Слайд 16немесе аллергиялық реакциялар – бұл иммунологиялық механизмдердің қатысуымен жүретін реакциялар.
Жоғары сезімталдық немесе аллергиялық реакциялардың келесі түрлері бар :
* жылдам
дамитын жоғары сезімталдылық немесе анафилаксиялар (І тип);
* цитотоксикалық реакциялар (ІІ тип);
* иммунды комплексті реакциялар (ІІІ тип);
* баяу дамитын жоғары сезімталдық реакциялар (ІV тип).
Слайд 17Жалған аллергиялық реакциялар – даму механизімі иммунологиялық емес, бірақ клиникалық
көрінісі аллергиялық реакцияларға ұқсас жағымсыз әсерлер.
Олар І-ші типті аллергиялық
реакцияларды имитирлеуі мүмкін (анафилактоидтық реакциялар).
Сонымен қоса, ІІ-ші типті аллергиялық реакцияларды имитирлеп, (цитотоксикалық реакциялар) гемолиз тудыруы да мүмкін.
Кейбір препараттар ІІІ-ші типті аллергиялық реакцияларды имитирлейді.
Слайд 18С-типті жанама әсерлер
ДЗ тәуелділік – бұл препаратты қабылдауды тоқтату салдарынан
пайда болған (абстинентті синдром) және ағзаның препаратты қайта қабылдауын талап
ететін жағдай. ДЗ тәуелділік физикалық және психикалық болып екіге бөлінеді.
ДЗ тәуелділіктің түрлері:
* токсикомания – психоактивті препаратты (психомиметиктерді) қабылдауға құштарлық;
* наркомания – бұл наркотикалық заттарға жататын (наркотиктер, барбитураттар, эфедрин туындылары)
* препараттарды қабылдауға құштарлық.
Слайд 19
Канцерогенді әсерлер – ДЗ қатерлі ісіктер тудыру қасиеті.
Мутагенді әсерлер
– бұл ДЗ генетикалық өзгерістерді (генді, хромосомды, геномды мутацияларды) тудыру
қасиеті.
Слайд 20– бұл ДЗ ұрық пен ересектердің репродуктивті мүшелеріне тікелей токсикалық
әсері. Тератогенді ДЗ тікелей эмбриотоксикалық әсер көрсетіп, эмбриопатия, фетопатияның дамуына
әкеліп соқтырады. Мұндай ДЗ ісікке қарсы, тырысуға қарсы ДЗ, цитостатиктер, кейбір антибиотиктер мен гормондар жатады.