Разделы презентаций


Разработка физкультура 7 класс

Шахмат тақтасы. Шахмат ойынының арнаулы тақтасы бар.Ол өзара тең 64 шаршыға

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі
Сабақтың тақырыбы:
Шахмат тақтасы
Өткізген: Жалмағанбетов

А
7 сынып
2015-2016 оқу жылы

Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебіСабақтың тақырыбы:Шахмат тақтасыӨткізген: Жалмағанбетов А7 сынып2015-2016 оқу жылы

Слайд 2

Шахмат тақтасы. Шахмат ойынының арнаулы тақтасы бар.Ол өзара тең 64 шаршыға бөлінген. 64 шаршының қақ жартысы,яғни 32-сі ақ түске,32-сі қара түске боялған.Бұл ол шаршылардың шекараларын ажырату үшін керек. Шахмат ойнауды үйрену үшін алдымен тақтаны дұрыс қоя білу керек. Дұрыс қойылған тақтаның сол жақ шеткі шаршысы қара түсті,оң қол жақ шеткі шаршысы ақ түсті болады. Шаршылардың қатар түзеген бағыттарын орысша в е р т и к а л ь, д и а г о н а л ь, г о р и з о н т а л ь дейді. Шаршының вертикаль қатарлары,латынның a, b, c, d, e, f, g, h әріптермен белгіленеді де, а, бэ, цэ, дэ, е, еф, жэ, аш деп оқылады, ал горизонтальдары 1-ден 8-ге дейінгі цифрлармен белгіленеді. Вертикаль және гоизонталь шаршылардың қатары өзара қиылысып жатыр. Бұлардың қиылысқан пунктін жазу үшін алдымен вертикальдің әріпі,содан кейін горизонтальдың цифры жазылады.      

Слайд 3
Король.

Шахмат фигуралары.

Король көрші шаршыда тұрған бір фигураны жегенде

сол шаршыға екінші бір фигураның соққысы келмей тұрса,желінетін фигура-қорғансыз фигура деп, соққы тимей тұрған шаршы-бос шаршы деп аталады.

Диаграммадағы қара нүктелер корольдің жүре алатын бос шаршыларын көрсетеді.

Ал Х (икс) белгілері қарама – қарсы екі корольдің біріне-бірі жақындай алмайтын жолдары.Егер ойын барысында екі жақтың корольдері біріне-бірі қарама-қарсы шаршыға келсе мұны оппозиция дейді.Оппозицияға түскен корольді оппозицияны алды деп,ал жүріс кезегімен оппозициядан шығып кеткен корольді оппозицияны беріп қойды деп сөйлейді.
Король.          Шахмат фигуралары.Король көрші шаршыда тұрған бір

Слайд 4
Ладья.
Шахмат ойынындағы ең жүрісі оңай фигуралардың бірі-ладья. Ол шаршылардың тіке

және көлденең қатарларымен жүреді. Өзі түстес фигуралардың және қарсы жақ

фигуралардың үстінен қарғи алмайды.Егер жүретін жолында қарсы жақтың фигурасы не пешкісі тұратын болса(корольден басқа),оларды өзінің жүріс тәртібімен жей алады. Ол үшін тақтадағы желінетін фигураны алады да, орнына өзі тұрады.
Ладья а1және d5 пунктінде тұр.Олардың жанындағы,алды-артындағы қара нүктелер жүруге болатын негізгі пункттерді көрсетеді.


е5-те тұрған ладьяның жүруге болатын пункттерімен қатар жей алатын екі пункті бар. Олар:е2 және һ5-тегі пешкі мен ат. Оның үстіне а5-тегі корольге шах жариялап тұр. Король шах қаупінен қашып, көрші шаршыға ауысқанда ладья пешкі мен аттың қалаған біреуін жей алады.
Ладья.Шахмат ойынындағы ең жүрісі оңай 	фигуралардың бірі-ладья. Ол шаршылардың тіке және көлденең қатарларымен жүреді. Өзі түстес фигуралардың

Слайд 5

Піл.
Әрбір ойыншының екі-екіден пілдері болады.Бұл фигураны кейде сөйлеу тілімізде офицер

деп те атайды.
Пілдер диагональ бойымен жүреді. Бір ойыншының екі түрлі

пілі болады.Олардың біреуі тұрған орнына қарай тек қана ақ диагональмен,екіншісі тек қана қара диагональмен жүреді.Сондықтан да қара түсті диагональмен жүретін пілді қара піл, ал ақ диагональмен жүретін пілді ақ піл деп атайды.

с1 және d5 шаршыларында екі піл тұр. Олардың біреуі ақ,біреуі қара диагональда. Диагональ бойынша қойылған нүктелер сол пілдерді жүруге болатын нүктелер.
Піл.Әрбір ойыншының екі-екіден пілдері болады.Бұл фигураны кейде сөйлеу тілімізде офицер деп те атайды.Пілдер диагональ бойымен жүреді. Бір

Слайд 6
Ферзь (уәзір)
Ферзь корольдің оң қолы,тақтада корольдің қасына тігіледі.Оның бір өзінің

күшін екі ладьяға теңгеруге болады.Сондықтан да ол шабуылда аса қауіпті,қорғаныста

ас бағалы, әрі жылдам,әрі тегеурінді фигура.Шахмат шабуылдарының көбінде ферзілер шешуші роль атқарады.
Ферз d4 шаршысында тұр.Маңайындағы нүктелер оның жүре алатын орындарын көрсетеді.Қара шаршыда тұрғандықтан бұл ферзьқара піл тәріздес жүре алады.
Ферзь d3 шаршысында тұр.Ақ шаршыдан тұрғандықтан ол енді ақ піл тәріздес,тек қана ақ диагональмен жүреді.

Ферзь а5 шаршысында тұрып d5-тегі корольге шах жариялап тұр.Король бос шаршыға ауысқанда ферзь
d8-дегі атты(пілдің жүрісімен),немесе һ5-тегі ладьяны(ладьяның жүрісімен) жеуге болады.
Ферзь (уәзір)Ферзь корольдің оң қолы,тақтада корольдің қасына тігіледі.Оның бір өзінің күшін екі ладьяға теңгеруге болады.Сондықтан да ол

Слайд 7
Ат.
Шахмат ойынындағы ең жүрісі күрделі фигура- ат. Ол жолында

тұрған кез келген фигураның үстінен секіріп өте алады.Бұл үшін оның

тек қана түсетін жері бос болса болғаны.Аттың жүрісін үйрену үшін мына бір заңдылықты үйрену керек. Ат өзі тұрған орнын санамағанда екі шаршы ілгері, бір шаршы не оңға не солға жүреді.
Шахмат тақтасында төрт аттың суреті бар.Олар тұрған шаршыдан тартылған тік бұрышты жебелер сол аттардың жүретін жолдарын көрсетеді.Тік бұрышты жебелер кәдімгі «Г» әріпі тәріздес.


Ақ жағы өзінің с3-те тұрған атын d5 шаршысына жүріп,қара жағының короліне шах жариялап тұр.Қара жағы шах беруші атты е6-дағы пешкімен жеуіне болар еді,бірақ алтыншы горизонтальда (а6) ақ жағының ладьясы тұрғандықтан,оны жей алмайды. Себебі бір шахтан құтылғанымен екінші шах ашылады.
Ат.Шахмат ойынындағы ең жүрісі күрделі фигура- ат. Ол жолында тұрған кез келген фигураның үстінен секіріп өте

Слайд 8
Пешкі
Пешкі шахмат ойынындағы ең әлсіз тұлға. Ол тұрған орнынан

ілгері қарай бір ғана шаршыға жүре алады. Егер фигура алғашқы

тұрған орнынан бастап,ойынның аяғына дейін түрлі бағытта жүре алатын болса,пешкі алғашқы орнында тұрып ойыншының еркіне қарай бірден екі шаршыға,қалған уақыттарда тек тек бір шаршыға ұана жүре алады.Кейін жүру-шегініс пешкілерде болмайды. Пешкі вертикаль бойымен жүріп, қарсы жақтың фигураларын қиғаш келгенде ғана жей алады.
Жүріс қара жағында болғандықтан ойыншы d7-дегі пешкісін екі аттап d5-ке әкеп қойды.Енді ақ жағының
с4-те тұрған пешкісі d5 пешкісін қиғаш бағытта жеуге құқылы.Өзінің кезекті жүрісінде қара жағының е6-дағы пешкісі де d5-ке жеп түскен пешкіні ала алады.
Егер бір түстес пешкілер вертикаль бойынша бірінің артына бірі тұратын болса, мұны қабатталған пешкілер дейді.Ойын басында корольдер мен ферзілердің алдында тұратын пешкілер орталық пешкілер, ладья алдындағылары шет пешкілер деп,ал піл және ат алдында тұрған пешкілер қанаттағы пешкілер деп аталады.

һ3,һ4,һ5 шаршыдағы пешкілер қабатталған пешкілер, ал с4,d5,е6-дағы сол сияқты қара жағының с5,d6,е7 пешкілері тізбек құрап тұрған пешкілер, а4-тегі пешкі-дара пешкі.

ПешкіПешкі шахмат ойынындағы ең әлсіз тұлға. Ол тұрған орнынан ілгері қарай бір ғана шаршыға жүре алады.

Слайд 9
Рокировка жасау.
Шахмат ойынының барысында қарсылас екі ойыншының король мен

ладьяны бірдей қозғап,орнын ауыстыру арқылы бір жүріс жасауын рокировка дейді.
Рокировка

жасау үшін ойыншы корольді не оңға не солға бір шаршы қарғытып қояды да, ладьяны корольдің үстінен аттатып,одан кейінгі шаршыға қояды.Бұл операция бір жүріске саналады.
Рокировканы оң жаққа жасау үшін е1-де тұрған корольді g1 шаршысына қарғытып қоямыз да,һ1-дегі ладьяны f1 шаршысына көшіреміз. Осылайша ақ жағының оң жаққа жасаған рокировкасын шахматшылар қысқа рокировка, сол жаққа жасаған рокировкасын ұзын рокировка дейді.

Рокировка мынадай жағдайларда жасалмайды:
1)Корольге шах беріп тұрғанда,немесе жүріс кезегі келген король мен ладья орнынан қозғалып кеткенде және қарсы жақтың фигурасы тарапынан ладьяға қауіп төніп тұрғанда;
2)Ладья мен корольдің арасындағы бос шаршылардың біріне қарсы жақ фигураларының соққысы тиіп тұрса;
3)Ладья мен корольдің арасында басқа фигуралар тұрғанда жасалмайды.
Рокировка жасау.Шахмат ойынының барысында қарсылас екі ойыншының король мен ладьяны бірдей қозғап,орнын ауыстыру арқылы бір жүріс

Слайд 12
Пат.
Ойын барысында бір жақтың шах берілмей тұрған короліне жүретін

бос шаршы және сол король жағындағы фигуралар мен пешкілердің жүретін,қозғалатын

орындары қалмаған жағдай пат деп аталады.

Қара жағы королінің алдын ақ жағының ферзісі жауып тұрғандықтан,жүретін бос шаршы жоқ. Ал оның екі пешкісінің алды тұйық.Сондықтан ол король пат жағдайда.Осы позицияда,егер жүріс кезегі қара жағынан болса,ойын тең деп есептеледі.


Қара жағының королі алдында қарсы жақтың пешкісі тұрғандықтан,тұрған орнынан шах алмайды.Ал атын жүрейін десе, d1-дегі ладьядан шах ашылайын деп тұр.
Пат.Ойын барысында бір жақтың шах берілмей тұрған короліне жүретін бос шаршы және сол король жағындағы фигуралар

Слайд 13
Мат.
Корольге шах жарияланып,король сол шахтан құтыла алмайтын кезді- корольдің

мат болуы дейді. Корольге мат берілгеннен кейін шахмат партиясының алға

қойған мақсаты орындалып,ойын аяқталады. Матты шахмат партиясындағы кез келген фигура бере алады. Мат беруші фигура мейлі пешкі,піл немесе ат болсын бәрі-бір,сол мат беру кезеңінде қалған барлық фигуралардан да қымбат саналады.Сондықтан да мат беруге мүмкіндік туған жағдайда ферзіні де, ладьяны да тіпті бірнеше фигураны да құрбан етуге болады.Ойнаушылардың шеберлігіне,сол сияқты күшіне қарай мат ойын процесінің кез келген кезеңінде: басында,ортасында,аяғында кездеседі.Ең оңай және қысқа мат екі-ақ жүрісте болады.
Мәселен:
1. g2-g4. е7-е6. 2.f2-f3 жүрісінен кейін қара жағы өз ферзісімен һ4-тен мат береді.Ақ жағы королінің қашатын бос шаршысы немесе алдын жаба қоятын фигурасының да реті жоқ.Олардың бәрі де орын орында тұр.

Екінші қысқа мат бір жақ ойыншы шабуыл жасап,екінші жақ қорғанбай осал жүрістер жасап ойнағанда 4 жүрісте болады.
1.е2-е4,е7-е5. 2.Сс1-с4,Сf8-c5. 3.Фd1-һ5,Кb8-с6 жүрілгенде, 4.Фһ5:f7Х мат береді.
Мат.Корольге шах жарияланып,король сол шахтан құтыла алмайтын кезді- корольдің мат болуы дейді. Корольге мат берілгеннен кейін

Слайд 14

Мына позицияларда мат қойып

көрелік:
Мына

Слайд 16Қысқа партиялар

Қысқа партиялар

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика