Слайд 1 РЕЦИДИВТІК ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚ
РЕЦИДИВТІК ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚ
Орындаған: Ю-10-2 тобының студенті
Қайырбаев Б.Г.
Қабылдаған: заң ғылымдарының кандидаты, доцент Әбдіжәми А.Ж.
Слайд 2
қылмысты қайтадан жасаған адамдардың жиынтығын білдіретін
барлық қылмыстылықтың құрамдас бөлігі.
Слайд 3
Рецидивтік қылмыстылық:
- құқық қорғау органдарына белгілі болған және
олар тарапынан шара қолданылған бұрын қылмыс жасаған адамдардың жасаған қылмысы;
-
бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар адамның қайтадан қасақана қылмыс жасауы.
құқықтық мазмұны бойынша:
Әлеуметтік құқықтық мазмұны бойынша:
Фактілі (қылмыс-намалық) – бірінші қылмыс
үшін қолданылған шаралардың сипатына қарамай қайталанып жасалған қылмыстар;
Легальді(қылмыстық-құқықтық) – бұрын жасаған қасақана қылмысы үшін соттылығы бар адамның қылмысты қасақана қайтадан жасауы;
Пенитенциарлы– келесі тұлғалардың қылмысты қайтадан жасауы:
а) бас бостандығын айыру түріндегі жазаны өтегеннен кейін;
б) бас бостандығын айыру түріндегі жазаны өтеу кезінде.
Слайд 7
Кәсіпқой қылмыстылықтың түсінігі және қылмыстық кәсіпқойлықтың белгілері:
Кәсіпқой қылмыстылық – бұл
қылмыстық кәсіпқойлықтың белгілерімен сипатталатын қылмыстардың (оларды жасаған адамдардың) жиынтығы;
Қылмыстық (қылмыснамалық)
кәсіпқойлық –белгілі бір арнайы білім мен дағдыны қажет ететін, субъект үшін өмір сүрудің қайнар көзі болатын, оның әлеуметтікке қарсы ортамен байланысына негізделген қылмыстық мінез-құлықтың бір түрі.
Слайд 8Қылмыстық кәсіптің белгілері:
созылмалы, тұрақты қылмыстық қызмет (қылмыстық кәсіп);
қылмыстық қызметтің тұрақты
түрі (мамандандырылуы);
қажетті арнайы дағды, білім, біліктіліктің болуы;
қылмыстық қызметтің әдет сипатына
айналуы;
қылмыс – табыстың негізгі көзі;
қылмыстық іс жүргізушілік қудалау үшін ұсталынбауы ;
айрықша тіл мен дәстүрдің болуы;
қылмыстық ортаға енуі.
Слайд 9 Көп таралған қылмыстық кәсіптің түрлері:
- қалта, пәтер ұрылары;
- дүкен және автокөлік ұрылары;
- қорқытып алушылық, алаяқтық;
- жалған ақша жасаушылар;
- антиквариатты ұрлаушылар;
- «тапсырыс бойынша» кісі өлтірушілер(киллер).
Слайд 10 ҚР Қк 13-бабы,қылмыстың қайталануы:
________________________________________________
1. Бұрын қасақана жасаған
қылмысы үшiн соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануыдеп танылады.
2. Қылмыстың қайталануы:
а) егер адам бұрын қасақана жасаған қылмысы үшiн екi рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адам қасақана жасаған қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;
б) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса, ол ауыр қылмыс жасаған жағдайда қауiптi деп танылады.
3. Қылмыстардың қайталануы:
а) егер адам бұрын ауыр қылмыс немесе ауырлығы орташа қасақана қылмыс жасағаны үшiн кемiнде үш рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адам қасақана жасаған қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;
б) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшiн екi рет бас бостандығынан айыруға сотталса немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса, осы адам жасаған ауыр қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;
Слайд 11___________________________________________
В) егер адам бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны
үшiн сотталған болса, ол аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда аса
қауiптi деп танылады.
4. Он сегiз жасқа толмаған адамның жасаған қылмысы үшiн соттылығы, сондай-ақ осы кодексте белгiленген тәртiп бойынша алынып тасталған немесе жойылған соттылық қылмыстың қайталануын тану кезiнде ескерiлмейдi.
5. Қылмыстардың қайталануы осы кодексте көзделген негiздер мен шектерде неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтырады.
Слайд 12 Сотталушыны ерекше қауіпті рецидивист деп тану:
1.Сотталушыны ерекше қауіпті
рецидивист деп тануға негіздің бар-жоғы және осындай шешімді қабылдаудың қажеттілігі
туралы мәселе сотта сотқа қатысушылардың сот ісін жүргізу ережелерінің тепе-теңдік принципін ескере отырып зерттелуі тиіс, сонымен қатар сотталушының қорғалуға деген құқын жүзеге асыруға толық мүмкіндік берілуі керек.;
2.Сотталушыны ерекше қауіпті рецидивист деп тану қажеттігі жөнінде мәселені қарағанда, сот осындай шешім қабылдауға (бұрынғы қылмыстары қай жаста жасалынды, бұл қылмыстар бойынша сотталғандығы жойылды ма, жоқ па немесе одан арылды ма, жоқ па, бұрынғы үкімдер бойынша қылмыстық әрекеттері дәрежеленуі өзгерді ме, жоқ па, оларды жоғары тұрған соттар кассациялық немесе қадағалау тәртібімен бұзды ма, жоқ па және т.б.) бөгет жасайтын жағдайлардың бар-жоғын тексеруге тиіс;
Слайд 13___________________________________________
3.Сотталушыны ерекше қауіпті рецидивист деп таныған кезде сот үкімде өз
шешімінің дәлелдерін жазуға міндетті, ал үкімнің қорытынды бөлігінде қылмыстық заңның
тиісті нормаларын сілтеме жасай отырып, сол шешімнің өзін көрсетуге міндетті;
4.Егер сотталушыны ерекше қауіпті рецидивист деп тануға формальдық негіздер болса, бірақ сот ондай адамды ерекше қауіпті рецидивист деп танымауға болады деп тапса, бұл шешім де үкімде дәлелденуі керек.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сөзімді қорыта келе, қылмыстық атқару жүйесін ізгілік жолына бұру мен кейінгі уақытта жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік бейімдеу жөніндегі шаралар қатаң бақылауға алынса және қайта қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікті күшейтуге ұласса, бұрын сотталғандар арасындағы криминогендік ахуалдың біршама тұрақтануына әкеледі және қылмыстардың қайталануы аз да болса азаяр еді деген ойдамын.
Айта кететін бір жәйт бар, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырып жатқан қайта жасалатын қылмыстардың алдын алу жөніндегі шаралар жеткіліксіз, сондықтан алдын алудың шараларын күшейтіп, жеткілікті дәрежеде қамтылуы керек. Мұндай санаттағы азаматтарды еңбекке орналастыру және тұрмыстық жағдай жасау мәселелері тиісті дәрежеде шешілуі керек.
Қайта жасалатын қылмыстар ахуалын бақылауды қамтамасыз ету мәселелерінде бұрын сотталғандармен жеке алдын алу жұмысын ұйымдастыруға мән берілуі тиіс.
Слайд 15НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР:
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл 30 тамыз, 1998
жылғы 7 қазандағы өзгертулер мен толықтыруларды қоса.
2.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі
(1997жыл 16 шілде).-Алматы: Жеті жарғы, 2005.-130 б.
3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексі (1997 жыл 13 желтоқсан).Алматы: Жеті жарғы,2005.- 120 б.
4.Соттардың рецидивті қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау тәжірибесі туралы Нормативтік қаулысы.
әдебиеттер:
1 Алексеев А.И. Криминология. Курс лекций. − М. : Бек,
1998.– 430 с.
2.Алауханов Е.О. Криминология: Оқулық.– Алматы: Жеті жарғы,2005.–232 б.
3 Долгова А.И. и др. Понятия советской криминологии. Методическое пособие. М. : Наука, 1985. – 450 с.
4 Каиржанов Е.И. Криминология. Алматы: Жеті жарғы, 1997. 320 с.
Слайд 17 Назар салып, тыңдағандарыңызға
рахмет!!!
____________________________________________________