Слайд 1Тақырып:Дәрігер-науқас-мейірбике қарым-қатынасы
СӨЖ
Тобы:жм-108
Орындаған:Алтай З
Қабылдаған:Жолдас К
Слайд 2Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1)Дәрігер-пациент қарым-қатынасы,модельдері
2)Дәрігердің емдік жоспарының орындалмауының
3)Дәрігер -Мейірбике арасындағы өзгерістердің факторлары
себептері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Слайд 5Ежелгі грек философы Сократ айтқан екен:
«Жанды емдемей, тәнді емдей
алмайсың» деген ұлағатты ойы есіме түседі осындайда.
Маман иесі өте көп,
алайда өз ісіне мығым, ойы мен ісін шеберлікпен ұштай алатын нағыз мамандар саусақпен санарлық.
Сол кезде жүрек сыздап, көңіл құлазитын кездер де кездесіп тұрады.Үстіне ақ желең киіп отырып, есіктен енді еніп үлгірмеген сырқатты сыздана қарсы алып, ызғарымен ықтыратын дәрігерлер де кездеседі:
-Алатыным аз айлық. Сенің асты-үстіңе түсіп бәйек болатын уақытым жоқ. Тезірек ауыратын жеріңді айт,- деп дікеңдейтін де дәрігерлер бар.
Науқас адам сенен тән саулығын жазар деп үмітпен келгенде,сен оның жан дүниесін де ауыртып жіберетін кездер кездесіп жатады. Сондықтан әрбір дәрігер жақсы маман болумен қатар, жан дүниесі де рухани бай, психолог болу қажет деп ойлаймын.
Әр адамның мүддесі болады. Адам болған соң оның көңілі бір нәрсені тілемей тұрмайды. Көңілінің тілеуі де, ол тілеуінің жолындағы амалы да адамына қарай түрлі болады. Неғұрлым қайратты болса, соғұрлым мақсаты да зор болады. Сол секілді науқас адамның бойындағы жігерлікті, қайраттылықты жүрегіне ұялата алсақ, қажеттілікті сезіндіре білсек, психикалық тіршілігінің маз-мұнын байытатын қозғаушы күш болып табыламыз.
Әрбір науқас қуанышқа жетуге, ауруынан айығуға ұмтылады. Оған жетудің сенімді жолы - ойлау жүйесін бақылай білу. Ол сыртқы факторлар мен жағдайларға да байланысты,әрі қасында жүрген адамдардың да қарым-қатынасына да байланысты.
Науқас адамдарға көңіл бөлу - бүкіл дәрігерге ортақ парыз. Өз қызметін дамыту үшін әр дәрігер өзінің түрлі қасиеттері мен қылықтарын талдай алатын, қоғам мен ұжым қоятын талаптарды ескере отырып, бұларға сын көзбен қарай алатындай қабілетке ие болуы тиіс. Кім жақын адамдарына бақыт әкелгісі келсе немесе еңбекте табысқа жеткісі келсе, сол адам өз бетімен өзін-өзі тәрбиелеу жолында еңбегін сарп еткені жөн.
Слайд 7Медицина дерттің өзі тудыратын, сондай-ақ емдеу барысында туындайтын психологиялық мәселелерге
әр кезде де аса зор мән береді. Клиникадағы емдеу процесіне
қатысушы ретінде маман психологтың пайда болуы соңғы уақытта ғана жүзеге асты. Бүгінде психиатриялық, наркологиялық және т.б. салаларда медициналық психолог мамандары бар.
Қазіргі клиникалық медицинада ғылыми-техникалық прогресстің пайда болуы жеке алғанда тар салада мамандану мен аспаптық және лабораториялық зерттеу тәсілдерінен, емдеуден байқалады. Сол себепті науқас адамның әр түрлі дәрігерлермен кездесуіне және олармен қатынаста болатын уақыттың қысқаруына тура келеді. Кейде дәрігерде пациент жөнінде бір тұтас пікір қалыптаспайтын кез пайда болады.
“Кеселді емес, науқас адамды емде” деген тұжырым көбіне қолданыс таппайды. Дәрігер барынша ауру адаммен тұлға ретінде психологиялық және әлеуметтік кең мағынада байланысын үзіп алады. Бұл өз кезегінде емдеуші дәрігердің өзінің бет-бейнесін жоғалту қауіпін тудырып, клиницистер арасында дабыл қағарлық жағдайда қалыптастырады.
Слайд 8“Дәрігер-науқас” жүйесіндегі қарым-қатынас тапшылығының орынын медициналық психология бойынша маманның толтыра
алатындығы сөзсіз. Дегенмен осы өзекті мәселе облыстағы емдеу-алдын алу мекемелерінде
қалай шешілуде деген сауалдың пайда болары айқын.
Жоғарыда айтып өткендей, бүгінгі таңда тек психиатриялық саламен қызметі сабақтас медициналық және педогогикалық мекемелерде ғана медициналық психолог және психолог мамандары жұмыс істеуде. Алайда олардың әр қайсысы өзінің жинаған тәжірибесі, жеке бетінше ізденіп және арнайы оқып алған білімдеріне сүйеніп қызмет етуде.
Мәселенің бір ұшы арнайы медициналық білімі бар психологтардың тапшылығы. Бұл бағытта психологтардың біразының орта медициналық білімі барлығын айтқанмен, қалғаны тек педагогикалық жоғары біліммен шектелетінін еске салған жөн.
Слайд 11Медициналық жоғары және орта оқу орындарында психология пәні оқытылады. Оған
бөлінген сағат санының аз екендігін ғалымдар ұдайы тілге тиек етіп
жүр. Болашақ маманның осы салаға қаншалықты көңіл қойып, келешекте осы қызметті таңдауын ешкім дөп басып айта алмайды. Дегенмен емдеу процесінде психологтың атқарар рөлін қазіргі кезде төмендету мүмкін емес.
Өркениеттік даму жолына түскен, сондай-ақ бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енуді мақсат тұтқан біздің елімізде медицинаның жоғары деңгейде көрінуіне медициналық психология саласын дамыту көп нәрсе берері айқын.
Психологтың ауру адамдарды аралау, дерт түрін талдау және басқа да өндірістік-клиникалық шараларға етене араласуы соматикалық клиникада клиницист пен психологтың өзара ықпалды әрекет етуінің негізі болып саналады. Диагноз қою кезінде де психологқа қажеттілік туындайды.
Психолог науқас адамның ауруханада психологиялық бейімделуіне, оның әрі қарай тексерілуі мен емделуге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыруға мол жәрдем береді. Егер операция жасауға шешім қабылдағанда науқас адамның жүйкесіне ауыр жүк түсіретін мәселені шешуге, оның бойындағы эмоциялық кернеуді сейілтуге психолог маманның көмегі ауадай қажет.
Слайд 12Стационарлық емдеу кезеңінде психологтың негізгі рөлі психоанықтау және психотүзету (коррекциялау)
жұмыстарында көрінеді. Ол емдеуші дәрігермен бірлескен жеке және топтық психотерапия
түрінде өтеді.
Катамнестикалық кезеңде сырқат адамдарды оңалту (реабилитациялау) психолог үшін өзін көрсетер кең алаң. Оған көптеген әлеуметтік-психологиялық сауалдарды шешуге тура келеді. Бұл ауру адамның өмір салтын өзгерту, қалыпты отбасылық қарым-қатынасты қалпына келтіру, науқастың еңбек ету әрекетін жалғастыру немесе алмастыру, мүгедектікке өту-бұл сауалдарды ауру адам психолог көмегімен тез және жеңіл шеше алады.
Айтылғандарды тұжырымдай келе облыста қоғамдық денсаулық сақтау сала басшыларының осы тұрғыда нормативтік құжаттарға сүйене отырып, өз мекемелерінде медициналық психолог маманына орын тауып береді деген үміттің бар екендігін жасыра алмаймын.
Медицина
саласына кім
көрінгеннің келуі науқас пен
дәрігер арасындағы қарым-
қатынастың дұрыс болмауына,
халықтың дәрігерге деген
көзқарасының өзгеруіне әкеліп соқты. Сондықтан ақылы оқу орнына тапсыратын балалардың өзі таңдаған мамандығына қаншалықты бейімдігіне қарай өте жоғары деңгейдегі іріктеуден өтуі керек. Осы орайда барлық адам өз мамандығын адаспай табуы үшін алдын ала арнайы тестерден өтсе, дұрыс болар еді. Біздің елімізде кейбір мамандықтар бойынша ғана жастар шығармашылық байқаудан өтеді. Негізі, бұл басқа да мамандықтарға қабылдау кезінде де керек-ақ..