Разделы презентаций


С ӨЖ

Содержание

Жоспар:Кіріспе Негізгі бөлім:2.1) Шайдың басты құндылықтары ;2.2) Шайдың шығу тарихы;2.3) Шайды әзірлеу әдістері;2.4)Шай ішу өнері;2.5)Шайдың түрлері;2.6) Шайдың денсаулыққа пайдасы;2.7)Көк шайдың ерекшеліктері;ҚорытындыПайдаланылған әдебиеттер

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1СӨЖ
Тақырыбы:Шайдың денсаулыққа пайдасы


С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық
медициналық университет

Кафедра: нутрициология

Орындаған:Бекмұратов А.
Курс:II
Топ:10-2
Факультеті:ЖМ
Қабылдаған:Таракова Г.

Алматы 2014.

СӨЖТақырыбы:Шайдың денсаулыққа пайдасы

Слайд 2 Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім:
2.1)

Шайдың басты құндылықтары ;
2.2) Шайдың шығу тарихы;
2.3) Шайды әзірлеу әдістері;
2.4)Шай

ішу өнері;
2.5)Шайдың түрлері;
2.6) Шайдың денсаулыққа пайдасы;
2.7)Көк шайдың ерекшеліктері;
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспар:Кіріспе Негізгі бөлім:2.1) Шайдың басты құндылықтары ;2.2) Шайдың шығу тарихы;2.3)

Слайд 3Кіріспе
Шай (Thea) – шай тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаштар мен

бұталар туысының бір түрі болып саналады. Оның жапырағынан шай дайындалады.Шай

— сергіткіш, жанды жадыратып, шөлді басатын сусын.
Шайдың құрамында 200-ге тарта биологиялық белсенді заттар бар. Олардың кейбірі шайға сүт қосылған кезде еш пайда бермейді немесе кері әсер етуі де мүмкін. Бұл мәселе төңірегінде үлкен, ауқымды зерттеулер жүргізілмеген. Сол себепті де мамандардың арасында әр түрлі тұжырымдар бар.


КіріспеШай (Thea) – шай тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаштар мен бұталар туысының бір түрі болып саналады. Оның

Слайд 4 Шайдың басты құндылықтары
Тамақтану саласының белгілі ғалымы американдық Алиса Чейз өзінің

кең тараған «Денсаулық тамағы» атты кітабында шай мен кофені «ауруға

душар ететін және адам денесінің өмірлік маңызды құрылымын бұзатын» улы сусындар тобына жатқызғанымен, көптеген ғалымдар шай мен кофе туралы басқаша пікірде. Бұл сусындарды жақсы көретіндер оның өте пайдалы, тіпті шипалық қасиеттерінің бар екендігіне кәміл сенімді.
Халық ежелден-ақ шайды «Өмір зәмзәмі» деп атаса, атақты Ибн Сина шай туралы былай деген: «Шай денені сергітеді, жүрекке жылу ұялатады, көңілді көтереді». Еуропада бұл сусынның екі атауының бар екені мәлім. Оны батыста «ти» деп, Шығыста «шай» деп атайды.

Шайдың басты құндылықтары Тамақтану саласының белгілі ғалымы американдық Алиса Чейз өзінің кең тараған «Денсаулық тамағы» атты

Слайд 5Шайдың шығу тарихы
Бірқатар тарихи деректер бойынша, шайдың алғаш шыққан жері

Қытай, Вьетнам. Өткен ғасырдың ортасында Қытай тек қана шай өндіріп,

дүниежүзін шаймен қамтамасыз етіп келді. Шайды мейлінше сүйсініп ішкен кісілердің бірі Л.Толстой. Ол шай туралы: «Тіпті мен онсыз жұмыс істей алмағандықтан, мен шайды көп ішуге тиісті болдым. Жүрегімнің түк- піріндегі бұғып жатқан мүмкіндіктер шай арқылы ғана босанып шығып, жасампаздық мүмкіндіктеріне жол берді» деген. Әубаста айлакер бір ағылшын шайдың тұқымын Қытайдан ұрлап алып, бір қытайлыққа көп ақша төлеп, одан шай әзірлеу технологиясын үйреніп алады да еліне келісімен оны жариялап, таратады.
Шайдың шығу тарихыБірқатар тарихи деректер бойынша, шайдың алғаш шыққан жері Қытай, Вьетнам. Өткен ғасырдың ортасында Қытай тек

Слайд 6Қазір біз сатып алып, қайнатып ішіп жүрген шай – мәңгі

жасыл өсімдіктің солдырылған, ширатылған, ферменттелген, кептірілген жа-пырақтары. Бұл өсімдіктің алуан

түрі (Қытай, жапон, цейлон, грузин шайы) бұтасының биіктігімен, жапырақтарының мөлшерімен, басқа да бірсыпыра ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Тек бәрін де біріктіретін басты қасиет – жапырақтарының құрамындағы шайдың бағалы үш қасиеті. Олар: илік заттар (олардың ішінде таниннің ерекше маңызы бар) және шайға тұтқыр, сәл ашқылтым дәм беретін катехиндер, шайға сергішкіш, қоздырғыш әсер дарытатын кофейн (шайдың құрамында оны көбіне теин деп атайды), хош иіс беретін эфир майлары. Негізінен, шай катехиндерінде өткізгіш дәруменнің (Р дәрумені) жоғары белсенділігі күшті.

Қазір біз сатып алып, қайнатып ішіп жүрген шай – мәңгі жасыл өсімдіктің солдырылған, ширатылған, ферменттелген, кептірілген жа-пырақтары.

Слайд 7 Шайды әзірлеу әдістері
1. Сүт қатқан шай. Оны әзірлеу үшін 2/3

литр мөлшерде қою шай тұнбасы мен 1/3 литр мөлшерде сүт

қажет. Кесеге сүт құйып, оған шай тұнбасы қосылады. Бұл шай ішек-қарын жолдары ауыратын адамдарға өте пайдалы. 2. Қытай шайы.Бір кесе қайнатылған суға бір шай қасық көк шай қажет. Жылытылған ыдысқа, құрғақ шай салынады, үстіне ыстық су құйылып, 3 минут өткен соң алдын-ала жылытылған фарфор ыдысқа аударып құяды. Қытай шайын ыстықтай сораптап ішеді. Оған қант, басқа да тәтті заттар қосылмайды.

Шайды әзірлеу әдістері 1. Сүт қатқан шай. Оны әзірлеу үшін 2/3 литр мөлшерде қою шай тұнбасы

Слайд 83. Жапон шайы. Оны әзірлеуге ½ литр қайнатылған су, 1,2

шай қасық құрғақ шай қажет. Арнайы ыдысқа салынып ұнтақталған шай

алдынала жылытылған ыдысқа салынады. Оның үстіне 60 градусқа дейін ысытылған қайнаған су құйып, қою шай дайындалады. Сонда бұл шайдың хош иісі бұрқырайды.
4. Ағылшын шайы. Бір кесеге бір шай қасық шай, оған қоса шайнекке осыншама шай, қайнаған су, сүт, қант қажет. Шайға қайнатылған су қосып, 5 минут ұстайды. Сосын ыстық ыдысқа аударып құяды. Жақсылап жылытылған кесеге сүт құйып (көлемі ¼ деңгейінде) шай тұнбасын қосады.
3. Жапон шайы. Оны әзірлеуге ½ литр қайнатылған су, 1,2 шай қасық құрғақ шай қажет. Арнайы ыдысқа

Слайд 9Шай ішу өнері
Қандай кезде шай ішпейді? Шай ішу де өзіндік

өнер болғандықтан, оны ішетін, ішпейтін кездерді де білген жөн. Мамандардың,

дәрігерлердің ақыл – кеңесі бойынша, мынандай жағдайда шайды ішпейді:
1. Ашқарынға суық шай ішпейді. Себебі ол ішке түскен соң өт пен асқазанды салқындатуы мүмкін. Керісінше, жылы және ыстық шай бойды сергітіп, сананы сейілтеді. Суық шай бүкіл ағзаны тітіркендіреді.
2. Арнайы зерттеу қорытындысы бойынша, температурасы 62 градустан жоғары шай ішу асқазанға зиян. Шайдың температурасы 56 градустан аспауы қажет. Өте ыстық шайдың кеңірдекке, ас жолы мен асқазанға зиянын тигізуі мүмкін.

Шай ішу өнеріҚандай кезде шай ішпейді? Шай ішу де өзіндік өнер болғандықтан, оны ішетін, ішпейтін кездерді де

Слайд 104. Тағамның алдында шай ішпейді. Ондай шай сілекейді қышқылдандырып, оның

дәмін сезуді қиындатады. Мұндай жағдайда ас қорыту қызметінің протеинді сіңіруі

уақытша да азайып кетуі ғажап емес. Негізінен, шайды тамақтан 20 – 30 минут бұрын ішеді.
5. Тамақтан соң шай ішпеген жөн. Ішкіңіз келсе, 20 – 30 минут күтіңіз. Өйткені шай құрамындағы танин, протеин мен темірдің қатқылдануы тағам сіңімділігін төмендете түседі.
6. Дәріні шаймен ішпейді. Себебі шай құрамындағы заттар ыдырағанда пайда болатын таниннің әсерінен дәрі сіңімділігі төмендейді. Қытай халқы баяғыда – ақ «шай дәріні бұзады», – деп айтқан.
4. Тағамның алдында шай ішпейді. Ондай шай сілекейді қышқылдандырып, оның дәмін сезуді қиындатады. Мұндай жағдайда ас қорыту

Слайд 11Шайдың түрлері
Көк шай – бұл атау Күн көзіне кептірілген соң

берілген. Шайды дұрыс демдеу өте маңызды. Егер ыстық суды құярда

сәл қателессеңіз, қатты қайнап кетсе немесе қайнамаған болса, дәмі бұзылады деп есептеңіз.
Сары шай – өте сирек кездеседі және шайдың ең қымбат түрі. Жылына 300 – 600 келі ғана өндіріледі. Бір ғана жерде, Дунтиху өзені ортасындағы аралда өседі. Өте қатқыл, әсері күшті. Дайындалу процедурасын қытайлықтар өте құпия ұстайды. Адам қуатын тез арада қалпына келтіреді.
Улун шайы – жартылай ферментті, ашық түсті. Жапырақты. Бас пен ми жұмысына күш түскенде өте жақсы жәрдемдеседі.
Қызыл шай – (бізше қара шай) – күшті ферменттелген шай. Бұл да көк шайға жатады, бірақ жиналғаннан кейін өте жоғары температурада кептірілген. Қарт адамдарға қуат – күші төмендегенде шипалы.

Шайдың түрлеріКөк шай – бұл атау Күн көзіне кептірілген соң берілген. Шайды дұрыс демдеу өте маңызды. Егер

Слайд 12Қара –пуэр – тым сирек кездесетін сорт. Жылына бірнеше келі

етіп қана жасайды. Бұл шай кездейсоқ дайындалған. Шай плантациясынан дүкендерге

әкелгеннен кейін, жаңбыр астында қалып қойып, қатты дымқылданған. Сөйтіп, бірнеше жылдар бойы қожайынның қоймасынды жатқан. Кейін шайдың бір қорабын алып, дәмін көргенде қожайын шалқасынан түсе жаздаған!
Пуэр – уақыт өткен сайын бағасы, құндылығы өсіп келе жатқан шайдың жалғыз түрі. Ол шайдың басқа шай түрлерінен әсері өте күшті.
Гүлді шай – гүлмен дәмін келтірген, жан рақаты үшін ішеді.
Шайдың емдік шипасы Сүт қосылған қою және тәтті шай халық емінде нашадан, дәрі – дәрмектен, ішімдіктен уланған жағдайда, оның (уланудың) бетін қайтаратын емдік сұйықтық ретінде пайдаланылады.
Бал, қара бұрыш, қосылған шай зәр қуғыш және тыныс жолдарына суық тигенде терлететін дәрі орнын басады.

Қара –пуэр – тым сирек кездесетін сорт. Жылына бірнеше келі етіп қана жасайды. Бұл шай кездейсоқ дайындалған.

Слайд 13Шай – байха шайы (үгітілген) және тақта шай (престелген) деп

бөлінеді. Байха шайы: қара (ең көбірек тарағаны), көк және сарғыш

қара, көк шай (қоспасы). Онда белокты заттар мен амин қышқылдары (16 пайыздан 25 пайызға дейін), пигменттер (бояғыш заттар 10 пайызға дейін), А1, В1, В2, РР, С тағы да басқа дәрумендер бар. Шайдың сергітетін әсері оның құрамындағы кофейнге байланысты. Оның мөлшері 4 пайызға дейін. Шайдың кофейні кәдімгі кофедегі кофейнге қарағанда әсері біршама жайлы, әрі ағзаға жиналмайды. Шайдағы эфир майы 0,006 – 0,02 пайызға жуық. Ол шайға хош иіс, тіл үйіретін дәм береді. Көк шайдағы илік заттардың мөлшері әлдеқайда жоғары, 14 – 15 пайыз орнына 25 пайыз.

Шай – байха шайы (үгітілген) және тақта шай (престелген) деп бөлінеді. Байха шайы: қара (ең көбірек тарағаны),

Слайд 14Шайдың денсаулыққа пайдасы
Аз мөлшердегі құрғақ жүзім шарабы (1 стақанға шай

қасық мөлшеріндегі жүзім шарабы) тамызылған қара және көк шай қоспаларының

қою, салқындатылған тұнбасымен қабақтың қабынуы, шырышты қабықтың бітеліп қалуы, коньюктивит кезінде көзді жууға болады.
Жас шай жапырағының шырынымен, шай шырын сөлімен немесе ұнтақталып, үгітілген кепкен шаймен дененің күйген жерлерін емдейді. Кепкен көк шайды шайнау – жүрек айнығанды және аяғы ауыр әйелдерде, автокөлікте шайқалғаннан, теңіз сырқаттарынан болатын құсып, қатты лоқсуды басуға жақсы көмектеседі.
Көк шайдың қою тұнбасы денедегі сыртқы жараларды, тіпті жүйелі пайдаланған жағдайда асқазан мен аш ішек жараларын жазады. Көк шай тұнбасы қан қысымын түсіреді.

Шайдың денсаулыққа пайдасыАз мөлшердегі құрғақ жүзім шарабы (1 стақанға шай қасық мөлшеріндегі жүзім шарабы) тамызылған қара және

Слайд 15 Көк шайдың ерекшеліктері
Оның пайдасы мол. Көк шай адамды семіртпейді, несеп

бөлу мен жүрек бұлшық еттерінің қызметін күшейтеді, қан қысымын төмендетеді,

адам жанын сергітіп, сейілтеді. Көк шайда жан мен тәнді жадырататын дәрумендер бай.Ол жүрек тамыр ауруларына, әсіресе, қан тасу мен атеросклероз сырқатын емдеуге шипа. Адамдардың ерте қартаюына, әжімнің ерте түсуіне ағзада дәрумендер мен микроэлементтердің аздығы басты себеп екендігі белгілі. Ал көк шай құрамында поливитаминді бұл жағдайда ынталандырушы құрал ретінде емдік, профилактикалық мақсаттарда сәтті қолдануға мүмкіндік мол. Тұнба құрамында алколоидтер мен дәрумендер болғандықтан, оның алкогольге қарсы күші де бар. Қытай, жапон елінде көк шай жоғары бағаға ие.

Көк шайдың ерекшеліктері Оның пайдасы мол. Көк шай адамды семіртпейді, несеп бөлу мен жүрек бұлшық еттерінің

Слайд 16Американдық зерттеушілер көк шайдың адам терісінің өліп бара жатқан клеткаларын

тірілтетінін анықтады. Көк шайдың құрамына кіретін полифенал ДНК – ның

өзгеруіне, рак ауруына ұшырататын радикалдармен күресуге бейімді болып шықты. Сонымен қатар, полифеналдың сау клеткаларды қорғап, ісікті жоятын қасиеті бар. Болашақта ғалымдар көк шайдан диабет пен тері ауруларын емдейтін дәрі алмақшы. Таңертең ащы кофе ішуге үйренгенсіз бе? Оның жүрек пен бауырға зиянды екенін білесіз бе? Егер оны шипалы сусынға ауыстырғыңыз келсе, көк шайды таңдаңыз. Көк шайға бір бөлік лимон мен шай қасық бал қоссаңыз, адамға мол күш-қуат беретін сусынның дайын болғаны. Көк шай жүйке жүйесін тынықтырады. Ал кейбіреулер оны салмақ тастау үшін де ішеді.

Американдық зерттеушілер көк шайдың адам терісінің өліп бара жатқан клеткаларын тірілтетінін анықтады. Көк шайдың құрамына кіретін полифенал

Слайд 18Шайдың зияндылығы
Шай бүйрекке тас байлануын болдырмайды.Жақсы өскен шай жапырағында С,В1,В2,А,Р

дәрумендері бар деп, оны бет – алды іше берсең, шай

өңінді өзгертіп, ұйқыңды қашырады.
Шайды тым қою етіп дайындап ішсең, оның құрамындағы кофеин жүйке жүйесінің қызметін қоздырады, қан қысымын күшейтіп жібереді. Шай 18 градус ыстықтан төмен болса, жұпар иісі мен адам жанын сергітетін шипасын, дәмдік татымдылығын жоғалтады, сізге онша әсер етпейді. Шайды асықпай, ұрттап ішсе ас қорыту органы, тамақ, асқазан күйіп қалмайды.

Шайдың зияндылығыШай бүйрекке тас байлануын болдырмайды.Жақсы өскен шай жапырағында С,В1,В2,А,Р дәрумендері бар деп, оны бет – алды

Слайд 19Қорытынды
Қорыта кетсек, шай түрлі бактерияларды өлтіре алатын күшке ие. Негізінен,

ол– сүзек, дизентерия тәрізді аса қауіпті бактерияларды жояды. Шай қан

құрамын, жүрек жұмысын жақсартады.
Шай тұнбасындағы Р дәрумені адам ағзасына С дәруменінің жақсы сіңуіне көмектеседі. С дәрумені жетпеген адамға көк шай ішу қажет. Көк шайды дұрыс пайдалана білген адам ерте қартаймайды.
Шай тұнбасы қан капилярын бекітеді, жүйкені жақсартады. Шайдың адам ағзасына пайдасы мол.

ҚорытындыҚорыта кетсек, шай түрлі бактерияларды өлтіре алатын күшке ие. Негізінен, ол– сүзек, дизентерия тәрізді аса қауіпті бактерияларды

Слайд 20Пайданылған әдебиеттер
Т. Ш. Шарманов “Тағам гигиенасы” Алматы 2006ж
У. И. Кенесариев,

Р. М. Балмахаева, М. Е. Жоламанов, Н. Е. Алимова “Тамақтану

гигиенасы”
www.yandex.ru
“Шәй ішу мәдениеті қай халықта да үлкен өнер болып саналады” атты мақала. Автор: Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН
“Шай ішу зиян ба?” атты мақала.Автор: MODERATOR1|




Пайданылған әдебиеттерТ. Ш. Шарманов “Тағам гигиенасы” Алматы 2006жУ. И. Кенесариев, Р. М. Балмахаева, М. Е. Жоламанов, Н.

Слайд 21Назарларыңызға
рахмет

Назарларыңызға     рахмет

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика