Слайд 1СӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: қ.Жұбановтың морфологиялық еңбектеріне талдау
Орындағандар: Әйгерім Карбозова
Жадыра Асанова
Тексерген: Майра
Жолшаева
Слайд 2Ғалымның өмір жолы
Жұбанов Құдайберген Қуанұлы
(1899-1938)
Профессор, түркітанушы, педагог
Слайд 5Ғылыми өмір жолы
Жұбанов тіл білімі мәселелерімен 1920 жылдан бастап шұғылдана
бастады. Ол қазақ мектептері мен жоғары оқу орындары үшін қазақ
тілін оқыту бағдарламаларын жасап, оқулықтар мен әдістемелік құралдар жазды.
Слайд 8Қазақ тілінің грамматикасы
ІІ БӨЛІМ
Сөйлем мүшелері
Таныстыру
Сөйлем түгел бір ойды білдіреді. Түгел
ойды сөйлем бір сөзбен де, көп сөзбен де білдіреді. Бірақ,
бір сөздің бір өзі сөйлем болуы сирек болады. Көбінесе, сөйлемде бірнеше сөз болады. Көп сөзді сөйлемнің түгел ойдың бір бөлшегін білдіретін әр сөзін сөйлем мүшесі дейміз. Мысалы, Құс ұшады. Бала ойнайды. Күн суық деген үш сөйлемнің әрқайсысында екі-екіден мүше бар.
Слайд 9Ескерту!
Баяндауыш – сөйлемнің соңында келмейтін екі жері бар:
1. Ұран
сөздерде (Жасасын, кеңес үкіметі!)
2. Төл сөзге жалғанса (Құжырайған шал ғой-не
хабар біледі дейсің, -дейді бір келіншек).
Слайд 102. Баяндауыш
Сөйлем мүшелерінің ішінде біреудің, не бірдеменің не қылғанын, я
не болғанын баяндап тұратын бір мүше болады. Оны баяндауыш дейміз.
Мысалы, Құс ұшады. Бала ойнайды дегенде құстың, баланың не қылатынын, күн суық дегенде күннің нешік екенін ұшады, ойнайды, суық деген мүшелер баяндап тұр. Сондықтан бұларды баяндауыш мүше дейміз.
Слайд 123. Айқындауыш
Сөйлемде бастауыш пен баяндауыштан басқа да мүшелер болады. Олар
я бастауышты, я баяндауышты анығырақ, айқынырақ аңғарту үшін тұрады. Мәселен:
Жылы-жылы жел соқты,
Жылғалардан су соқты.
Алдыңғы сөйлемнің баяндауышы – соқты, бастауышы – жел. Жылы-жылы сөздері жел деген бастауышты айқындап тұр. Тек Жел соқты деп қойсақ,желдің суық екенін, болмаса жылы екенін білмес едік. Қандай жел екенін айқындау үшін жылы-жылы деген сөздер қосылған.
Слайд 134. Анықтауыш пен толықтауыш
Сөйлемнің айқындауыш мүшелерін екі түрлі болады: бірі
өзінің айқындайтын мүшелеріне жалғау барып жетектеледі, бірі жалғаусыз жетектеледі. Жалғаулы
айқындауышты толықтауыш дейміз. Жалғаусыз айқындауышты анықтауыш дейміз. Сөйлемдегі бастауышпен баяндауыштан басқа жалғаусыз сөздің бәрі де анықтауыш болады. Баяндауыштан басқа жалғаулы сөздің бәрі де толықтауыш болады.
Слайд 14Мысалы, Жақып ұзақ сөйледі. Дәуіттің, Қасымның жаман жағын түгел ашып
берді. Дегенде ұзақ, жаман, түгел деген сөздер – анықтауыш. Дәуіттің,
Қасымның, жағын деген үшеуі – толықтауыш.
Слайд 16Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қ. Жұбанов «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер», Алма
ты,
2010 ж 154-162 беттер
2. І. Кеңесбаев «Қазақ тіл білімінің мәселелері»,
«Арыс» 2007 ж 526-532 беттер
3. Ы.Маманов «Қазақ тіл білімінің мәселелері», «Арыс» 2007 ж 362-376 беттер