Разделы презентаций


Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев “Сүйемін” өлеңі

Сабақтың мақсаты:1.Білімділік: М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, «Сүйемін» өлеңін мәнерлетіп оқытып, мазмұнына үңілдіру, өлеңді талдау.2.Дамытушылық: Әр оқушының ой- қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, шығармашылыққа, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ойлау әрекеттерін қозғалысқа

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев “Сүйемін” өлеңі

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев “Сүйемін” өлеңі

Слайд 2Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, «Сүйемін» өлеңін мәнерлетіп оқытып,

мазмұнына үңілдіру, өлеңді талдау.
2.Дамытушылық: Әр оқушының ой- қиялына ерік бере отырып,

өзінше ой түюге баулу, шығармашылыққа, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ойлау әрекеттерін қозғалысқа түсіру, ойлау дағдыларын дамыту. Оқушының дүниетанымын, сөздік қорын, мәнерлеп оқи білуін дамыту.
3.Тәрбиелік: Өжет, жігерлі болуға, туған тілі – қазақ тілін сүйіп, құрмететй білуге тәрбиелеу. Мағжан Жұмабаев өлеңдерінің мазмұны арқылы оқушыларды өз туған жерінің қорғаны бола білуге, өз ана тілін құрметтеуге, жігерлікке, қайсарлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың мақсаты:1.Білімділік: М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, «Сүйемін» өлеңін мәнерлетіп оқытып, мазмұнына үңілдіру, өлеңді талдау.2.Дамытушылық: Әр оқушының ой- қиялына

Слайд 4Мағжан Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысының бүгінде өз есімімен

аталатын ауылында орташа ғана дәулеті бар отбасында дүниеге келеді. Әуелі

ауыл молдасынан, содан соң ауылдағы мұғалімнен оқып, сауатын ашады. 1905-1910 жылдары Қызылжар (Петропавл) қаласындағы медреседе оқиды. Медреседе бірқатар шығыс тілдерінен дәріс алады, шығыс ақындарының жырларымен танысады. Өзі де әдебиетпен шұғылданады. 1910 жылдың күзінде Уфаға келіп, осындағы Ғалия медресесіне түсіп білімін молайтады. 1913-1917 жылдары Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқиды.
Омбыдан елге қайтып келіп, айналасында болып жатқан қоғамдық жұмыстарға араласады. 1917 жылдың көктемінде Ақмола облыстық халық ағарту бөліміне қызметке кіреді. Алаш партиясының жұмысына араласады. Ақмола губерниялық "Бостандық туы" газетінде жұмыс істейді. 1922 жылы Ташкентке келіп, сондағы "Ақ жол" газетінің редакциясына кіреді.
1923-1926 жылдары Мәскеудегі әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. 1927 жылы елге оралып, оқытушылықпен айналысады. Бірақ көп ұзамай Мәскеуде оқып жүргенде "Алқа" ұйымын ұйымдастырғаны үшін тұтқындалып, он жылға сотталады. 1936 жылы тұтқыннан босап, еңбек жолына қайта оралысымен, 1937 жылдың аяғында ұсталып, 1938 жылы "халық жауы" деген жаламен ату жазасына кесіледі.
Шығармашылық мұрасы. Мағжанның шығармашылық жолы Қызылжар қаласында оқып жүргенде басталады. Бойында әдебиетке деген құштарлықтың ұшқыны бар жас Мағжанның жүрегіне 1909 жылы Петербург қаласында жарық көрген Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағы орасан зор әсерін тигізеді. Абайдың жыры талапкер ақын жүрегіндегі ұшқынға алау береді Алғашқы жырларын жазады. Татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласында Мағжанның "Шолпан" деп аталатын тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көреді. 1922 жылы Қазанда ақынның таңдамалы өлеңдер жинағы кітап болып шығады.
Мағжан – лирикалық өлеңдермен қатар бірнеше көркем поэмалар жазған ақын. Атап айтқанда, "Қойлыбайдың қобызы", "Батыр Баян", "Қорқыт", т.б. поэмалары ақын талантының ерекше қырын танытады.
Әдеби шығармаларымен бірге Мағжанның қаламынан туған ғылыми еңбектер, оқу құралдары да кезінде халқының қызметіне жарап, елеулі мәнге ие болды. Жастарды оқу, білімге шақырған қаламгер педагогика саласында бірқатар еңбек жазды. 1923 жылы Ташкентте "Педагогика" атты кітап шығарды. Сонымен бірге 1928 жылы Мәскеуде төменгі сынып шәкірттеріне арналған "Сауатты бол" атты оқулығы жарық көреді.
1938 жылы жазықсыз жазаның құрбаны болғаннан кейін Мағжан шығармашылығын оқуға, жариялауға тыйым салынды. Тек еліміз тәуелсіздік алар тұстағы арнайы үкімет шешімі арқылы ғана ақынның есімі мен шығармашылық мұрасы толық ақталды. 1989 жылы ақын шығармаларының бір томдығы, 1995 жылы үш томдық жинағы жарық көрді.
Мағжан Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысының бүгінде өз есімімен аталатын ауылында орташа ғана дәулеті бар отбасында

Слайд 6Күлдей күңгірт шашы бар, Тоқсан бесте жасы бар, Көз дегенің – сұп

- сұр көр. Тасбиық санап бүгіліп, Жерге қарап үңіліп, Көрме ауыр күрсінер Менің бір

қарт анам бар. Неге екенін білмеймін - Сол анамды сүйемін! Көзінде көк нұры жоқ, Аузында жұмақ жыры жоқ, Жалынсыз, усыз құшағы. Иірілмейді жыландай, Сөзі де жоқ құрандай. Білгені – қазан - ошағы Жабайы ғана жарым бар. Неге екенін білмеймін – Сол жарымды сүйемін.

Сүйемін

Күлдей күңгірт шашы бар, Тоқсан бесте жасы бар, Көз дегенің – сұп - сұр көр. Тасбиық санап

Слайд 7Жүрген ескі заңымен, Алдындағы малымен Бірге жусап, бірге өрген, Алаш деген елім бар. Неге

екенін білмеймін, Сол елімді сүйемін. Сағым сайран кұрады, Бораны ұлып тұрады, Қыс — ақ

кебін, жаз — сары. Орманы жоқ, шуы жоқ, Тауы да жоқ, суы жоқ, Мәңгі өлік сахарасы, Сарыарқа деген жерім бар. Неге екенін білмеймін, Сол Арқамды сүйемін! —

Ұйқы басқан қабағын,
Бастыра киген тымағын,
Жалқаулықты жар көрген.

Жүрген ескі заңымен, Алдындағы малымен Бірге жусап, бірге өрген, Алаш деген елім бар. Неге екенін білмеймін, Сол

Слайд 8Күлдей күңгірт // шашы бар,
Тоқсан бесте // жасы бар,
Көз дегенің

– //сұп-сұр көр.
Тасбиық санап // бүгіліп,
Жерге қарап // үңіліп,
Көрше ауыр

// күрсінер.
7-8 буынды,2 бунақты, 2 тармақты, ерікті ұйқас

Шумақ-шумақ аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді
Тармақ. Шумақтағы әрбір жол, қатар (Тармақ – өлеңнің әр жолы)
Бунақ. Бунақ – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі
Буын – сөз құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты)
Ұйқас- өлең-жырлрда тармақтың соңындағы бірнеше буынның келесі тармақтардың буындарымен үйлесуі.
Ұйқас түрлері: Қара өлең ұйқасы, шұбыртпалы ұйқас, ерікті ұйқас, кезекті ұйқас, шалыс ұйқас, егіз ұйқас, аралас ұйқас.

Өлең құрылысына талдау

Күлдей күңгірт // шашы бар,Тоқсан бесте // жасы бар,Көз дегенің – //сұп-сұр көр.Тасбиық санап // бүгіліп,Жерге қарап

Слайд 9 Cөздік жұмысы

Тасбиық-Діни адамдардың сиыну

үшін қолданылатын тізбектері
Алаш-Ежелгі қазақ тайпаларының ең алғаш қауым боп біріккен

одағы «Қазақ» сөзінің бұрынғы атауы
Кебін-Өмірден өткен адамды орайтын ақ матадан тігілген киім
Cөздік жұмысыТасбиық-Діни адамдардың сиыну үшін қолданылатын тізбектеріАлаш-Ежелгі қазақ тайпаларының ең алғаш

Слайд 10

Дәптермен жұмыс:

Теңеу деген не?
Теңеу

сөздерді жазу:
Метафора деген не?
Метафора:
Эпитет деген не?
Эпитет:
Дәптермен

Слайд 11
Теңеу деген не?-Затты не құбылысты екінші зат немесе құбылыспен салыстыру

арқылы сипаттау тәсілі.
Теңеу сөздерді жазу: күлдей шашы, жыландай иірілмейді, құрандай

сөзі жоқ.
Метафора деген не? Метафора-грек тілінен аударған-ауыстыру деген мағына береді. Құбылтудың бір түрі. Суреттеп отырған затты не құбылысты айқындау үшін ұқсас басқа затқа не құбылысты баулу.
Метафора: қыс – ақ кебін, жаз – сары.
Эпитет деген не? -Эпитет (айқындау) –заттың, құбылыстың өзгеше белгілерін көрсету
Эпитет: күңгірт, сұп-сұр көр, жабайы жар, ұйқы басқан қабағы
Теңеу деген не?-Затты не құбылысты екінші зат немесе құбылыспен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі.Теңеу сөздерді жазу: күлдей шашы,

Слайд 13 Топпен жұмыс
Жаттап ала қояйық»

ойыны

Топпен жұмысЖаттап ала қояйық» ойыны

Слайд 14 Сабақты бекіту
1. М.Жұмабаевтың

өлеңі.
2. М.Жұмабаев қай ақынның дәстүрінен үлгі алды?
3. М.Жұмабаев өлеңдері қай

сарында жазылды?
4. Ақын білім алған қала.
5. М.Жұмабаевтың поэмасын тап.
6. Ақынның тұңғыш өлеңдер жинағы.
7. Ақын кімдерді, нелерді сүйеді?
8.Ақынның өлі сахара дегені қай жер?
9. Отан деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
10. Ақын туған жер қай жер?

Сабақты бекіту 1. М.Жұмабаевтың өлеңі.2. М.Жұмабаев қай ақынның дәстүрінен үлгі алды?3.

Слайд 16Үйге тапсырма. М.Жұмабаевтың «Сүйемін» атты өлеңін жаттап келу.
 

Үйге тапсырма. М.Жұмабаевтың «Сүйемін» атты өлеңін жаттап келу. 

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика