және рухани мәдениеттің бағалы ескерткіштерінің бірі. Одан қазақтардың ұлттық ерекшеліктері,
мәдени дәстүрлері, эстетикалық талғамы анық байқалады.Қазақ халқының ұлттық киімдері үшке бөлінген. Олар: бір киер киім, күнделікті киім, жұмыс киімдері. Бір киер киім деп жиындарға, той- думанға барғанда киетін сәнді киімді атаған.Бір киер киімдерге ашық түсті көйлек, камзол, шапан, үкілі тақия, сәукеле, бөрік т.б. жатады.
Сәукеле - қызды ұзатқандағы киетін бас киім. Сәукелені арнайы ақ киізден жасап, сыртын қымбат матамен қаптайды, шетіне құндыз, кәмшат терісін айналдыра тігеді.Сәукелеге алтын, күміс, маржаннан әшекей тағылады.
Шапан – қазақ жерінде шапандар әр түрлі тігілген: сырмалы шапан, қаптал шапан, қыз – келіншектерге арналған қималы шапан. Сәнді шапандарды түрлі қымбат матадан тігіп, оларға түйме орнына асыл тастар орнатылған, күміс қапсырма тағылған. Кейде жағасына құндыз салынып әшекеленген. Қазақтың халық дәстүрі - сыйлы қонаққа “ шапан” жабу күні бүгінге дейін сақталып келеді.
Мәсі – аяқ киімнің бір түрі. Оның етіктен айырмасы өкшесі болмайды, сыртынан кебіс киеді.
Тымақ – ерлердің бас киімі. Тымақтың төбесі шошақ, құлағы ұзын, артқы делегейі желкені жауып тұрады. Тымақ қатты аяз күндері суық жібермейді.