Слайд 1Тақырып: Алматы облысы Еңбекші Қазақ ауданында темекі дақылын зиянкестермен аурулардан
қорғау
Орындаған: Жанабекқызы Назерке
Топ: Зр – 309
Қабылдаған: Найманғазы Айсара
Слайд 2
Кіріспе
1.1. Темекі дақылына сипаттама
1.2. Темекі зиянкестері
1.3. Темекі аурулары
Негізгі бөлім
2.1. Жалпы қорғау шаралары
2.2. Химиялық қорғау шаралары
Қорытынды
Падаланған әдебиеттер
Жоспары:
Слайд 3 Кіріспе
Қазіргі кезде Қазақстан үкіметінің халықтық әл – ауқатын
жақсартудағы негізгі міндеттерінің бірі тұрғындарды сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету
болып табылады. Бұл міндетті іске асыруға өсімдік шаруашылығының барлық салалары атсалысуы тиіс.
Зиянкестер мен аурулардың келтіретін шығындары біздің елде аз емес. Зиянкестер мен аурулар өндірілетін өнімнің 25 - 30% жоюда. Сонымен қатар, жиналып алынған өнімді қоймада сақтау кезінде зиянды организмдердің оған келтіретін шығыны кей кездерде 60 - 70% - ға жетеді.
Ғалымдардың зертеулері бойынша ауылшаруашылық дақылдарының негізгі зиянды түрлерінің көпшілігімен күресуге арналған шаралар жүйесі жете зерттеліп, қазіргі кезде өндіріске енгізілуде. Реформалық кезеңде кенжелеп қалған өсімдік қорғау саласы қайтадан жақсаруда.
Республикада ауылшаруашылық дақылдары мен жайылымдарға көпқоректі зиянкестердің 50 - ге жуық және маманданған зиянкестердің 100 - ден аса түрі, аурулардың 70 - тен аса түрі және арамшөптердің 120 түрі зиян келтіреді. Зиянды организмдер астық қорын және оның өңдеу өнімдерін де зақымдайды.
Слайд 4Темекі тұқымы температура 10 - 12С болғанда және 70 - 80%
ылғалдылықта өнеді. Оны өсіру көшетті жерге отырғызғанға дейінгі және жерге
отырғызғаннан кейінгі екі кезеңнен тұрады.
Сабақтары мен жапырақтары тұрақты егістікке отырғызғаннан кейін температура 24 - 28С, топырағының ылғалдылығы 60 - 80% болғанда жақсы өседі. Тұрақты егістікке отырғызылатын көшеттің тамыр жүйесі өте жақсы жетілген, нақты 5 - 6 жапырағы болуы қажет.
Темекі
Слайд 5 Маңызы, өсірілетін аймағы, сорттары
Бағалы техникалық дақылдардың бірі - темекі.
Ол негізінен шылым дайындауға және медицинада пайдаланылады
Темекінің құрғақ жапырағының
құрамында 1,09-3,76% никотин, 17,1-18,9% күл, 4,9-17,6% көмірсутегі, 2,2-3,7% азот, 0,1-1,37% эфир майы және 4-7% шайыр бар
Темекі негізінен Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданында өсіріледі. Сонымен қатар «Филипп-Морис Казахстан» темекі компаниясының Қазақстанға келуіне байланысты, темекіні өсіру аудандары кеңейтілді. Атап айтсақ, Алматы облысының Талғар, Жамбыл аудандарында жаңадан, Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында өсіріле бастады.
Аталған аймақтарда 2006 жылы темекінің Дюбек-44-07, Дюбек-13, Талгарский-25, Талгарский-28 сорттары аудандастырылды.
Слайд 7
Темекі - жылу сүйгіш бір жылдың техникалық дақыл. Оның тұқымының
көктеп шығуы үшін 27-28 °С, ал көшеттің өсіп-дамуына 18-22 °С
жылу керек. Танапқа көшіріліп отырғызылғаннан кейін темекі көшетінің сабағы мен жапырағының өсуіне қолайлы температура 24-28 ° С шамасында. Егер температура 35 ° С - тан асып кетсе, онда өсімдік өсуін тоқтатады. Темекіге -1 - 3°С суық қауіпті.
Суды көп пайдаланатын кезеңі - жапырақтары толық шыққан мезгіл. Осы кезеңде судың кем, не артық болуы өте зиянды. Темекінің транспирациялық коэффициенті 500 -600. Темекі қоректік заттарды көп мөлшерде қажет етеді. Ол бір гектар жерде 15 центнер жапырақ қүрау үшін топырақтан 90 кг азот, 24 кг фосфор және 58 кг калийді сіңіріп алады.
Құрылымды, техникалық дақыл түріне жатады, жеңіл топырақтарда жақсы өседі. Республикада сұр топырақты жерлерде өсіріледі.
Слайд 8 1.2. Темекі зиянкестері
Темекі трипсі - Thrips tabaci. Lind (Thysanoptera
отряды, Thripidae тұқымдамасы).
Темекі өсімдітерін, қозаны, қытай бұршағын, қиярды, асқабақты,
пиязды, картопты, гүлді және басқа да дақылдарды зақымдайды. Ересек трипсілер және олардың дернәсілдері жапырақтардың астыңғы бетінде және гүлшоғырларында топтанып тіршілік етеді де өсімдік шырынын сорып қоректенеді. Өсімдіктердің зақымданған мүшелерінде алғашында бозарған ақшыл болып, кейіннен тотық түске айналатын дақтар пайда болады. Нәтижесінде өсімдіктің жапырақтары морт сынғыш әлсіз болып, өсуі баяулайды, никотиннің проценті кеміп, темекінің сапасы нашарлайды. Сонымен қатар трипс темекі өсімдігіне вирус ауруларын таратады (мысалы, томаттың қола вирусын).
Слайд 9Ұсақ зиянкес (ұзындығы 1 - мм шамасында ) ақшыл сары
немесе қара қоңыр түстес. Өн бойына созылған жүйкесі бар енсіз
жіңішке қанаттарының шеттерінде шашақтар болады. Жұмыртқасының ұзындығы 0,21 – 0,25 мм, көлденеңі 0,1 – 0,14 мм, пішіні бүйрек тәрізді ақшылдау, мөлдір түсті болады. Дернәсілдерінің ұзындығы 1 мм жетеді, ересек трипсілерге қарағанда ақшылдау түсті, мұршалары , бунақтан тұрады. Ересек трипсілер топырақтың үстіңгі қабатында немесе өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Өсімталдығы 100 жұмыртқаға жетеді. Ұрықтың дамуы 3 – 5 күнге созылады. Осы мерзім ішінде 4 рет түлейді де, дамуы аяқталған соң топыраққа еніп (5 см тереңдікке дейін), онда 4 – 5 күн болады. Одан соң қанаттары жетілген ересек трипсілерге айналады да жер бетіне көтеріліп, темекі немесе басқа өсімдіктермен қоректенуге кіріседі.
Слайд 10 Шабдал бітесі – Myzodes persicae Sulz
Шабдал бітесі
темекі өсімдігінің өте қауіпті зиянкесі. Кең таралған көп қоректі насеком
– темекіден басқа да көптеген дақылдарды зақымдайды. Даму циклі өте күрделі, жұмырқа фазасында көбінесе шабдал және өрік ағаштарының бұтақтарының қабығында немесе гүл бүршіктерінің қолтыында қыстайды. Личинкалар сәуір айында шығады да 4 рет түлеген соң партеногенетикалық аналық бітелерге айналады. Шабдал ағашында бітелер 7-8 ұрпақ беріп дамиды. Темекі егісінде шабдал бітесі көктемнен бастап, күзге дейін 10 – 12 ұрпақ беріп өсіп – өнеді. Партегенетикалық ұрғашы бітелердің әрқайсысының табатын дернәсілдерінің саны 120 дейін жетеді. Дернәсілден бастап, ересек бітеге дейінгі даму кезеңі ауа райы жағдайларына байланысты 4 – 8 күнге ғана созылады. Күзге қарай қанатты аналық бітелер шабдал немесе өрік ағаштарына көшеді.
Слайд 12 Шабдал бітесі – Myzodes persicae Sulz
Бұл түрді орежерея
бітесі немесе темекі бітесі деп атайды. Тең қанаттылар (Homoptera) отрядының
бітелер (Aphididae) тұқымдасына жататын ұсақ насеком. Қанатсыз партеногенетикалық ұрғашы бітенің ұзындығы 2,5 мм жетеді, түсі жасыл, сары немесе қызғылт, шырын түтікшелерінің ұзындығы денесінің ¼ бөлігіндей, цилиндр пішінді, құйрықшасы конус тәрізді, шырын түтікшелерінен 3 есес қысқа.
Қанатты ұр,ашы бітенің ұзындығы 1,4 – 2 мм, басы қоңыр, ортаңғы және артқы көкірек сақиналарының түсі қара, құрсағы көлденең орналасқан қара жолақтары бар жасыл немесе сары түсті, құйрықшасы шырын түтікшелерінен 2 есе қысқа болады. Ересек бітелер денесінің ұзындығы 1,9 мм, қанаттары жетілген, басы, мұртшалары және кеуде бөлімі қара, құрсағында қара түсті көлденең жолақтары бар бозғылт – жасыл болады. Жұмыртқасы алғашында жасыл түсті болады, одан соң бірте – бірте күңгірттеніп, дернәсілі шығар кезде қартаяды.
Слайд 13 1.3. Темекі аурулары
Көшет шірігі немесе қара сирақ
Ауру қоздырғышы – Pythym debarum Hesse, Rhizoctonia solani Kuehn. саңрауқұлақтары.
Темекі көшеттерінің тамыр мойны мен сабақ негізін шірітеді. Pythym debarum саңрауқұлағымен залалданған өсімдіктің мүшелерінде бір клеткалы жіпшумақта зооспорангий тасушылар мен ооспарангийлер пайда болады. Түзілетін зооспоралар ылғалды ортада өсімдікті залалдайды.
Аурумен алғаш жеке немесе бір топ өсімдік залалданып, кейін басқаларына жұғып, көшеттіктің едәуір бөлігіне таралады. Әдетте бұл ауруға өсіру технологиясы дұрыс сақталмаған жағдайда көшетхананың нашар желденуі, өсімдік санының шамадан тыс жиілігі, суық сумен суару, температураның тұрақсыздығы, сондай – ақ бірыңғай азот тыңайтқыштарымен қоректендіру нәтижесінде даму нашар, нәзік көшеттер шалдығады.
Слайд 14
Тамырдың қара шірігі
Ауру қоздырғышы - Thelaviopsis basicoia
Ferr. Саңырауқұлағы. Ол түсі қоңыр жіпшумақта алғаш түссіз, бір клеткалы,
пішіні таяқша тәрізді эндоконидиялар, кейін түсі қара – қоңыр қалың қабықты тізбектелген хломидоспора түзіледі. Қоздырғыш темекімен қатар 100 – ден астам өсімдік түрлерін – мақта, беде, жоңышқа, бөрібұршақ, жасымық және т.б. залалдайды. Инфекция қоры өсімдік қалдығы мен топырақта жіпшумақ, хламидоспора түрінде сақталады. Кесел өсімдіктерді жылыжайларда және егістіктерде залалдайды.
Көшеттің залалданған тамырлары қоңырланып немесе қарайып, ауру қатты дамығанда жапырақтары солып, сарғайып қурайды. Жас қсімдіктер көбінесе жойылады, ал жетілгендері ауруға шыдамды келеді. Егер залалданған өсімдікті түптеп, үстеп қоректендірсе, онда жаңа тамырлар пайда болуы есебінен оның төзімділігі артады. Залалданған тамырларда қара – қоңыр дақтар пайда болып, ауру қарқынды дамығанда олар қарайып, шіриді.
Слайд 15Жалған ақ ұнтақ немесе переноспароз
Ауру қоздырғышы - peronospora tabacina
Adam саңрауқұлағы. Оның бір клеткалы жіпшумағы клетка аралығымен таралып, залалданған
ұлпада конидиялы спора тасушылардан тұратын өңез түзеді. Конидия тасушылар дихотомиялы тармақталған, түссіз.
Көшеттің тұқым жарнағы мен негізгі жапырақтарында сары – жасыл түсті, кейін күңгіртенетін, майлы дақ астында конидиялы спора тасушылардан тұратын күлгін - сұр өңез түзіледі. Залалданған өсімдік тез солып, шіриді.
Слайд 16 Қоздырғыш ауру өсімдікте диффузды таралуы да мүмкін. Бұл жағдайда
сағақта, сабақта жаралар немесе жолақ түрінде басылған қоңыр дақтар пайда
болады. Дақтар сабақты түгел орап дамығанда, ол сынады. Залалданған гүлсидамдар жіңішкеріп күңгірттеніп, кеуіп, қауашақта түзілген тұқым әлжуазданып, жетілмейді. Аурудың диффузды түрінде өсімдіктің бойы өспей, буынаралықтары қысқарады.
Слайд 17 Ақ ұнтақ
Ауру қоздырғышы - Erysipe cichoracearum DC. саңрауқұлағы.
Оның жіпшумағы көп клеткалы, түссіз. Конидия тасушылары қарапайым, конидиялары элипс
тәрізді, тізбектеліп түзіледі. Ақ ұнтақ ылғалды мол ойпаң учаскелерде және шамадан тыс жиі егістіктерде жақсы дамиды. Инфекция қоры – залалданған өсімдік қалдықтары.
Бұл аурумен өсімдік негізінде егістікте залалданады. Аурудың белгісі алғаш темекі өсімдігінің төменгі жапырақтарында білініп, кейін жоғарыларына таралады. Жапырақтың үстіңгі бетінде жеке дақтар түрінде ақ ұнтақты өңез түзіледі де, тез ұлғайып оны түгел қамтиды. Залалданған жапырақ түсі қоңырланып кеуіп, сынғыш келеді.
Слайд 18 Бактериялы, вирусты және микоплазмалы аурулар
Шұбар бактертоз
Ауру қоздырғышы –
Pseudomonas syringae pv. Tabaci Young et al. бактериясы. Өсімдікке қоздырғыш
механикалық жаралар, жарықтар және су тамшысы болған жағдайда леп саңлауы арқылы енеді. Кеселдің дамуына 22 – 25 С температура және жоғары ауа ылғалдығы қолайлы.
Темекіден басқа шұбар бактериоз кеселіне бұрыш, қызанақ, картоп және басқа да дақылдар шалдығды. Ылғалы мол топырақта қоздырғыш тез жойылады. Ауруға көшеттер мен өсіп жетілген өсімдіктердің жапырақтары шалдығады. Көшет жапырақтарының жиегінде майлы немесе суланған дақтар түзіледі. Құрғақ ауа райында дақтар кеуіп, қоңырланып немесе қарайып, ал ылғалды жағдайда олар шіриді. Егістікте аурудың белгісі жапырақта дөңгелек хлорозды дақ түрінде білініп, бірте – бірте ұлғайып, дақ ұлпасы ортасынан бастап жансызданып, қоңыр сұр түстіболып, дөңестеніп, оның айналасы шеңберленеді. Жапырақ сағағында ашық қоңыр, ал тұқым қауашағында басылған қоғыр дақ түзіледі.
Слайд 20Темекі мозайкасы
Ауру қоздырғышы – Tabako mosaic virus вирусы. Қоздырғыш құрғақшылыққа
өте төзімді, олар ұзақ уақыт темекі тозаңында сақталып, желмен көшеттерге
және егістікке тарайды. Вирус аса потогенді, жапырақ және басқада мүшелерге майда жарақаттар арқылы енеді.
Өсімдік барлық вегетациялық кезеңдерде залалданады. Жапырақта ашық – жасыл түсті, мозайкалы дақтар пайда болады. Залалданған жапырақ шеті үстіне қарай сәл ширатылып, кейін қабынған көпіршіктер түзіледі.
Слайд 21 2.1. Жалпы қорғау шаралары
Агротехникалық шаралар мәдени өсімдіктерге қолайлы
жағдай жасап, ал зиянкес ағзаларға және ауру қоздырғыштарға қолайсыз жағдай
туғызады.Өсімдіктерді қорғайтын шаралардың ішінде өте маңыздылары: ауыспалы егістер, топырақ өңдеу жүйесі, тыңайтқыштарды қалдану, арамшөптермен күресу, егінді себу және жинау тәсілімен мерзімі. Тыңайтқыштарды қолдану – зиянкестер мен аурулармен тиімді үрес шараларының бірі. Мысалы, тыңайтқыштар өсімдіктердің регенеративтік қабілетін арттырады. Топырақты өңдеу зиянкестерді тікелей құртуға немесе олардың сан мөлшері мен зиянды әрекетін төмендетуге мүмкіндік береді.
Слайд 22Темекі өсіп - жетілу кезеңінде азот және фосфор тыңайтқыштарын көп қажет етеді, сонымен
қатар суару, арамшөптерден тазарту, т.б. шаралар жүргізіледі. Өсімдік тамырланғаннан кейінгі
өсу мерзімінде 2 - 3 рет қопсыту жұмысы жүргізіледі. Өсімдікті баптау кезеңіндегі негізгі міндеттің бірі - гүлшоғын жұлып тастау, өсіп шығатын бүйір бұтақтарын кесіп отыру. Өсу мерзімі ішінде 6 - 8 рет суғарылады. Темекіге жақсы алғы дақыл дәнді - бұршақ және аралас егілген бір жылдық бұршақ пен астық дақылдары болып табылады. Күздік ең негізгі өңдеу - топырақты 20 - 30 см тереңдікте жырту. Өңдеу алдында топыраққа фосфор және калий тыңайтқыштарын енгізеді. Көктемде тырмалап, көшетті отырғызғанға дейін арамшөптерді құрту үшін және ылғал сақтау үшін 10 - 12 см тереңдікте 1 - 2 рет қопсытады. Арамшөптер шығуына қарай және топырақ бетінде қабық пайда болғанда егісті 8 - 10 см тереңдікте қопсытумен қатар, тырмалайды. Көшеттерді отырғызудан 1 - 2 күн бұрын телімдерді 6 – 7 см тереңдікте қопсытып, тырмалайды. Темекі егісінің 1 га -на 30 - 60 кг N, 60 - 100 кг P2O5, 50 – 100 кг K2O шашылады. Бұл тыңайтқыштардың 70 - 80%-ын күзде, қалғанын көшет отырғызу алдында үстеме қорек ретінде береді.
Слайд 23 2.2. Химиялық қорғау шаралары
Химиялық күресу шаралары. Ауылшаруашылық дақылдарын
зиянды организмдерден қорғау шараларының кешеніңде басты орын химиялық тәсіл үлесіне
тиеді. Өсімдік қорғаудың бұл әдіс түрлі химиялық заттар инсектицидтерді қолданумен жүзеге асады. Қазіргі кезде өсімдік қорғаудағы тиімді тәсіл химиялық тәсіл. Себебі, оны көптеген ауылшаруашылық дақылдардың зиянкестеріне қолдануға болады. Ол әр түрлі машиналар мен механизмдер бүріккіштер, тозаңдатқыштар, аэрозоль генератолар, тұқым дәрілегіштермен жүзеге асады. Көптеген жағдайда егінді пестицидтермен өңдеу үшін авиацияны қолданады. Химиялық күрес тәсіліні ең бір артықшылығы өте көбейіп кеткен зиянды жою қажеттілігі туған жағдайда оны қысқа мерзімде, тиімді түрде ұйымдастыруға болады. Өсімдік қорғаудың аталған тәсілі тек елімізде ғана емес, сонымен қатар шет елдерде де кең таралған. Химиялық күрес тәсілінің кемшіліктері де аз емес. Бұл тәсілді жүзеге асыру үшін пестицидтерді , машиналарды, аппаратураларды қолдану әжептәуір қаражатты қажет етеді. Көптеген пестицид зиянды организмдермен қатар пайдалы организмдерге, жылы қанды жануарлар мен адамдарға улы әсер етеді.
Слайд 24Қазіргі кезде пестицидтердің ассортименті кең. Бірақ, олар зиянды организмдердің белгілі
бір тобына бағытталып қолданылады. Зиянды бунақденелілерге қарсы қолданылатын пестицидті инсектицид,
кенелерге акарицид, нематодаларға нематоцид, шырыштарға лимацид, кеміргіштерге роденцидтер, саңырауқұлақтарға фунгицид, батериаларға бактерицид, арамшөптерге гербицид деп атайды. Зиянды организмдерге байланысты препараттар түйісті, жүйелі, фумиганттарға бөлінеді.
Пестицидтер әр түрлі препаративтік тұрде синтезделіп, зиянды ағзалардың бірнеше тобына әсер етуі мүмкін. Әсіресе, өсімдік қорғауда қолданылатын химиялық препараттар суланатын ұнтақ, минералды май эмульциясы, эмульсия консентранты, сулы ерітінді, сулы суспензия, сулы консентрат, гранула, түйіршік және басқа препаративтік түрде шығарулады. Оларды қолдануда әр түрлі тәсілдермен бүрку, тозаңдату, тұқымды дәрілеу, фумигациялау, аэрозольді өңдеу арқылы жүзеге асырылады.
Слайд 27 Қорытынды
Қорыта келгенде, ауылшаруашылық дақылдары өнімін
сапалы және мол алу жолында оларды зиянкестер мен аурулардан қорғау
маңызыды шара болып табылады. Біздің елімізде қорғау шараларын ұйымдастыру жүйесі сәл ақсап келеді. Қорғау шараларын дұрыс ұйымдастырудың негізгі мақсаты экономикалық жағынан тиімді болып келетін және сапалы өнім алатын, қоршаған ортаға зиянсыз тиімді шараларды қолдану болып табылады. Ол үшін ең алдымен алдын алу шаралары қолға алынуы шарт.
Мен өз жұмысымда темекі дақылының негізгі зиянкестері мен ауруларына қарсы күресу шарларының бірнеше жолдарын қарастырып өттім. Тиімді жолдарының бірі алдын ала тұқымды өңдеу жұмыстары болып табылады. Себебі, ауру қорларының көпшілігі дерлік тұқымда сақталып, тұқым арқылы таралады. Сол себепті тұқымды өңдеу жүмыстары, себу және жинап алу мерзімдері міндетті түрде бақылауда болуы шарт. Бұл шараларға негізгі агротехникалық және тұқымды препараттармен өңдеу жұмыстары болып табылады.
Зиянкестермен күресу шаралары да агротехникалық алдын алу шарасына негізделе жүргізіледі. Ал зиянкестердің шамадан тыс көбейген, яғни ЭЗШ- нен асқан жағдайда химиялық жолмен күресу шарларын ұйымдастыру жүргізіледі. Препараттарды тізімде көрсетілген рұқсат етілген мөлшері бойынша, тұрақты түрде бақылау жүргізу арқылы қолданылады.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Сағитов
А.О., Джаймурзина А.А., Туленгутова К.Н., Карбозова Р.Д. Ауылшаруашылық фитопатологиясы. Алматы, 2000, 216 бет. [1]
2. Справочник по защите растений. Алматы, 2004, 320 с. [2]
3. Тілменбаев Ә.Т., Жармухамедова Ғ.Ә. Энтомология. Алматы, Қайнар, 1994 234-236 бет. [3]
4. Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтердің 2013 – 2022 жж. Тізімі. [4]
5. Интернет желісі. [5]