Слайд 1Шерхан Мұртазаның
“Қызыл Жебе”
романындағы
Тарихи шындық
пен
көркемдік шешім
Слайд 328.9. 1932жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданы Талапты ауылында туған
жазушы, қоғам қайраткері
ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984),
Қазақстанның
халық жазушысы (1992),
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1955).
1955 — 56 жылы Қазақ мемлекет көркем әдебиет баспасында,
1956 — 60 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”),
1960 — 63 жылы “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеттерінде тілші, әдеби қызметкер, редактор,
1970 — 72 жылы “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және “Жалын” альманахының бас редакторы.
Слайд 41972 — 75 жылы “Жұлдыз” журналының бас редакторы,
1975 —
80 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы,
1980 — 89
жылы “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы,
1989 — 92 жылы “Егемен Қазақстан” газетінің бас редакторы,
1992 — 94 жылы “Қазақстан” мемлекет телерадио компаниясының төрағасы қызметтерін атқарды
12, 13-шақырылған ҚР Жоғ. Кеңесінің, 2-шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Сондай-ақ ол ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі.
Слайд 8 Бес кітаптан тұратын “Қызыл Жебе” романының көркемдік кеңістігі мен уақыты
1905-1940 жылдар аралығын қамтыған. Жазушы болған тарихи-революциялық көркем шежіреге айналдыра
білген “Қызыл Жебе” романы өзінің дәуірлік шындықты мол қамтуымен, көркем тынысының кеңдігімен бағалы. Шығармада оқырман өмірде естіген, тарихтан білген жайлардан өзге де талай оқиғалар суреттеледі. Романда бейнеленетін жеке адам тағдыры характерлер қақтығысы шығармадағы тарихи оқиғалардың шыншылдығын айқындай түседі.
Слайд 10Бірінші кітаптың басты кейіпкері – Рысқұл. Жазушы үшін ол ерен
сүйікті образ, оның аузына «Менің жүрегімде түк бар. Бірақ сол
түкке қырау тұрып қалған. Пендеге пенде болып жүргенімде ол қырау ерімейді» деген сөз салады. Бұл – Рысқұлдың қылмыскер ретінде вице-губернатордың алдында қасқайып отырып жауап берген сөзі. Тұрардың әкесі аюмен алысқан, небір қияметтен аман өткен нағыз ер ретінде суреттеледі.
Қазан төңкерісіне шейінгі қазақ тұрмысының нақты суреттелінуі – романның үлкен жетістігі. Мешеу қалған ел өміріндегі күштінің әлсізге зорлығы, ал бұл ағайыншылыққа қарамайтын қара ниет қиянаттан шығар дүлейлік екенін Рысқұлдың Түлкібастағы атамекенінен 20 үй өз ағайынымен ауа көшуі растайды. Рысқұлдың туған ағасы Бердіқұлды жер мен суға таласып жазықсыз өлтірген, ұрдажық, шаш ал десе бас алатын сойыл соғар шабармандары көп. Дауылбай болыс түбі бір туыс, шежіре тарқатса, Шымыр, соның ішінде Сәлік атасынан тарайды. Бірақ мынау фәни дүниенің ырқын байлық пен билік билеп тұрады екен. Осынау кеселдің бәрі отаршылдық, өз еркі өзінде жоқ, орыстың оязына бағынған қазақтың болыстық-әкімшілік жүйесінің қаншалық осал, парақор, жарамсақ, имансыз, зәбіршіл, кісі өлтіруден тайынбас сұмпайы екенін жазушы нақты іс-әрекет, қимыл, мінез-құлық қақтығысы, әлеуметтік ымырасыздық арқылы бере алған.
Слайд 11Дауылбай болыс Рысқұлдың батыр бабасы, Қоқан ханы Шерәлімен қанды шайқаста
қаза болған, Байзақтың қол астында жүзбасы болған Әлібектен қалған күміс
ер-тоқымды оязға беріп, жағынып қалғысы келеді. Осы бір жағымпаздық феноменінен зор трагедия өсіп шығады. Ол Тұрардай қайраткердің қалыптасуының алғышарты.
Қарақойын деген тары егіп, күнелтіп отырған шұрайлы жерде Жылқыайдардың ұясын талқандап, үш ұлының үлкенін өлтіріп, кіші екеуін тентіретіп жіберуге айырылысарда ердің қасын сұраған кісәпірлік себеп болады. Оның түбінде сол кездегі әлсіз қоғамды жегідей жеген әлеуметтік теңсіздік жатыр.
Слайд 12«– Көке-ау! Не жаздық, не болдық? Енді не істейміз, айтсаңшы!
– деп төмпешікті құшақтай құлады. Топырақ жып-жылы екен, бетінен Бердіқұл
сүйгендей тұла бойы дір етті» (167-бет), бұл көріністе аза мен бауырмалдық қатар көрінеді. Рысқұлдың есеюі, күрескерлік рухының ояну сәті осындай азалы. Ал бауырмалдықты озбыр Дауылбай басқаша қабылдайды:
«– Атама Сәліктің атын! – деді болыс шегір көзін ежірейтіп. – Сен Сәліктің шіріген жұмыртқасы. Сәліктің басқа баласының бәле-жаласы сендермен бірге кетсін!» (178-бет).
Бұл аталасы Бердіқұлды жазықсыз өлтіріп, Дауылбайдың қорынбай айтып тұрған арсыз сөзі. Қиянаттың бет-пердесі қандай дәл. Жазушының шеберлігі психологиялық детальда айқындалады. Дауылбай кім? «Кешегі Қоқан заманында сарттардың бегімен қосылып сорушы еді бұның әкесі елді, енді орыстың оязымен қосылып ойсыратып барады» (156-бет) дейді бір ағайыны Ахат ол туралы.
Слайд 13«Қызыл жебе», романның бірінші томы тегіс Тұрардың әкесі Рысқұлға арналған.
Рысқұл болмаса, Тұрардай қайраткер, күрескер ұл тумайды, соның үшін әкенің
рөлі айрықша дәріптелген.
Негізінде, жазушы Рысқұлды сүйіспеншілікпен суреттейтіні сонша, оның бір бойында әлем жаралғалы дүниежүзі халықтары әспеттейтін барша романтикалық кейіпкерлердің мінезі, қаһармандық тұлғасы қосылысып кеткен. Рысқұл бейнесінде орыс, ағылшын, парсы, қазақ, үндіс, т. б. мықты әдеби персонаждардың қосындысы тоғысқан. Рысқұлдың сотталып, итжеккенге, Сібірге айдалған тұстарын суреттеуде башқұрттың ұлттық батыры Салауаттың рухы қайта-қайта жаңғыра бермегі де соның айқын белгісі. Рысқұлдың әйелі Ізбайша декабристердің әйелдері сияқты ерінің артынан кетуге пейіл: «Етегінен ұстап жүрсем Барсакелмеске кетуге де разымын» (216-бет).
Слайд 14Рысқұл Жылқыайдаровтың бейнесінде, қазіргі тілмен айтқанда, кәдімгідей жарқырауық гламур болуы
соның әсерінен екенін ұғу керек. Бұл жазушы үшін, реалистік проза
үшін теріс шықпағаны және таң қалдырады.
Саймасай бай мен Рысқұл арасындағы ымырасыздық, дау-жанжал ғұмыр бойы жалғасып, күштінің өктемдігінен әбден ушығып, үзілер тұсына таянғанда дилемма тудырған қайғы-шер.
Саймасай – Қызыл жебедей көз құрты, көңіл жегісіне айналған қас жүйрікті сіңіре алмасын ұққанда қызғаныштың қара иіріміне батып кетеді. Рысқұлға ұрлатып алып, жүйрікті дереу бауыздатып жібереді. Сонда барып ер Рысқұл қандай қиянатқа белшесінен батқанын түсінеді, араша түсуге үлгере алмай қалады
Слайд 15Қызыл жебенің өлімі – қазақ даласындағы жаңа бір қанды кезеңнің
басына айналды. Ендігі құрбандықтар жылқылармен қатар адамдар боларына анық берілген
белгі. Романда Рысқұлдың Қызыл жебенің қаны үшін кек алып, қанға – қан, жанға – жан деп ант беріп, жылқының құнын адаммен алатын тұсы өте нанымды мезет. Қызыл жебе – киелі жануар, оның асыл қаны Саймасайды ұзаққа жібермей, өлімге бастады.
«Қызды-қыздымен Тұқымбай да бармағын басып қалды. Рысқұлда кегі кеткендіктен емес, болыстардың тізімінде жүргенді үлкен ырым етіп, ішінен: «Е, әруақ, қолда, қолда, қолда!» – деп үш қайталады» (118-бет).
Слайд 16Романның атауын көтеріп тұрған Қызыл жебе – жылқы, қас жүйрік,
әдеби астарда – тектік нышан, символ. Расында, ол Ақан серіден
Ілиясқа ауысқан рух, қазақ халқының Құлагеріндей аза жылқы. Рухсызданудың құрбаны. Оның құрбандыққа шалынып кетуі құдай берген ең асыл қасиеті – жүйріктігінен, артық жаралған қанатты пырақ болуынан. Шерағаң жылқы мен қазақты астастырып, тамаша ассоциация жасай білген. Қызыл жебе – Тұрар Рысқұлов. Уағы келгенде, 1937 жылғы репрессияның қанды қасабында қазақтың артық туған ерлері шалынады, соның бірі – сол. Ер мен оның аты біртұтас кентаврлық сипатта асқақ көрінетін патриархалдық тұрмыстан енді қол үзе бастаған жаңа дәуірге бұл символ бек жарасып тұр.
Слайд 17 Жүйрік ат - автордың сыршыл сипат бітірген символикалық образы болса,
оған “Қызыл жебе” деп ат қоюының өзіндік мәні бар. Жүйрік
ат- қазақ ауыз әдебиетінде батырлар жырында жиі қолданылатын образ. Ол- батырдың қанаты, ақылшысы, досы, айнымас серігі. “Қызыл жебеде” фольклорда кездесетін тұрақты эпитет болса, “Қызыл” сөзі – кешегі соцолистік қоғамда кеңес өкіметінің синонимі тәрізді “Қызылдар өкіметі” деп те үстеме формада қолданылған сөз.
Слайд 18Романның екінші кітабы тұтас Тұрар бейнесіне арналған, өсу, азамат болу,
қайраткерге айналу жолдары тегіс берілген. Сондай-ақ, бұл саяси том әрі
деректі прозаға айналып кетеді. Совет өкіметінің қылышынан қан тамған алғашқы басшыларының портретін беру жазушыға қаншалық күрделі болғанын оқырман сезуі тиіс. Жазушының деректілік үшін инемен құдық қазғандай жұмыс істегені анық. Алайда, білікті тарихшы қауым ғана терең объективті сараптай алатын советтік көсемдердің портреттері қаншалық дәл шыққанын айта алмаймын. Бұл мен үшін өте қиын міндет.
Өйткені, бұл кезеңде құдай туралы ұғым аласарды. Көсем – жеке бастың табынуына, пұтқа айналды. Ал пұт құдайлар қисапсыз құрбандық тілеп тұратын тажалға айналғанын А.И.Куприн тәрізді реалист жазушылар астарлай жазды. Заманға сай әлдебір өзгерісті, ескіні терістеуді мына бір ойдан айқын көруге болады: «Руына тартқан – ұрлықпен тең. Табыңа тарт» (428-бет), бұл – пролетарлық идеяның ұшығы.
Романның көлемі трилогияға дейін ұлғаюы қазіргі заманғы әдебиет үшін құптарлық іс емес. Себебі, артық тұстардан айналып өту мүмкін болмай қалады.
Слайд 19Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романның бастауы авторлақ баяндаудан басталуы. Романың
көркемдік әлемнің күретамыры әке Рысқұлмен бала Тұрар.Бір қарағанда романның басталуы
жай ғана хабарлау болып көрінгенмен, көп жайдан хабар беріп тұрғаның ғылыми тұрғыдан аңғаруға болар еді. Ен алдымен торға қамалған жай момын не айлакер не сотқа аң емес, тордағы даланың арыстаны мен жолбарысы.
Орыс пен қазақтың бір торға түсуі дегенің астарында не бар. Бұл заманның өз шындығы орыспен қазақ бір неше тапқан күреске түскен заманның шындығы. Яғни автор сөзінде әп дегенде замана шындығы қылан беріп, автордын арғы ойы, идеясы көрініс береді. Арыстан Рысқұлдың мінез құлқын бірден тану оңай емес. «Тіпті туған баласына мейірі түскен өзінде түрі ашулы сияқты көрінеді. Біреудің еркелеткенін көтеретіні де, көтермейтіне де білгісіз. Жалынан сипасаң күдірие түседі».(Ш.М. Рысқұл 9)
Слайд 20 Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романын оқи отырып, заманның шындығын, халық
психологиясымен менталитетін танимыз. Әрі Рысқұл ой арқылы автордын өзінінде ішкі
тыным иірімдері айқындалатын дауысыз. Сөйтіп жүргенде көрген Тұрар ғой, Тұрар деген атының өзіне әке байқұс бар үмітін артып еді. Енді соның өзін есейтіп, ес біліп қалғанда ажал құзғын айналдырып, тұзағын тамыла мойынға аяусыз таспап тұр. Намаз оқымас, ораза тұтпас Рысқұл енді сасып, амалсыз аллаға сыйынды. Ақ пайғамбардың сабилердің бірі Ұмай ананың есімдерін ішінен әлде неше рет атады. Бәйдыбек бабасына, домалақ атанған Нүрилә анасына сыйынды. Енді осыдан бала оңалып, құдай құат берсе, Түлкібас Жуалыдағы тұған жерге бір қайрылып, Қаратау қойнында, бала Бөген бойыда туған Бәйдыбек бабасы мен Домалақ анасының күмбезіне барып бас иіп, тәжім етуге ант берді. (Ш.М. Рысқұл 13 )Бұл нағыз қазақ баласының ойы.
Слайд 21Жазушы Ш. Мұртаза бұл шығармасын баяндау арқылы кейіпкерлердің жан дүниесі
айқындалмай қоймайтындай оқиғалар игімен, тартыс табиғатын талдауда алғырлық танатқан. Кейіпкерлердің
аса үлкен шеберлікпен бере білген. Мысалы: Аласа төсектен салбыраған арық қолды қонқық мұрын тәуіп шал әлі ұстап отыр. Арықтықтан баланың шыңдығы шодырайып, шығып тұр. Топ толық қарулы бала енді қауқарсыз сүлде сүйік боп қалған қара торы өңі қазір боп боз. Көзінің айналасында көгірес көлеңкесі түскен. Бұрын тампектеу мұрын енді ерекше сопайып, ебедейсіз көрінеді. Жанарында ұшқын бар екен. (Ш.М. Рысқұл 12) Бұл бала Тұрардың ауырып жатқан кезі. Қаншама ауырып сүзектен сүзіліп жатса да, жанарындағы ұшқын өшпейді.
Слайд 22 Автор баяндауында Тұрардың ағзасын сырқат етсе, көңілін сырқат еткісі жоқ.
Сонымен қатар, Тұрардың әкесі, Рысқұлдың да портреті әр сәтте әр
түрлі етіліп суреттелген. Ең алдымен біз Рысқұлдың қарапайым аңшы ретінде танимыз. Бұл жерде оның портретін былай сүреттейді. «Бұл өзі Шілменбет руынан шыққан қарапайым қазақ еді. Қара шаруа болса да, рухы күшті, қайраты мол, қажырлы қазақ. Бұл атырапта одан өткен мерген, Іле Алатауын одан артық білетін адам болмаған». (Ш.М. Рысқұл. 192) Ал енді бір суреттейтін жері- Рысқұлдың түрмеден бір рет қашып шығып жасырын жүргенде, түрме басшыларының баласы Тұрарды өлтіреміз деген сөздерін естіп, амалсыздан сол түрмеге қайтып келетін кез. Бұл кездегі Рысқұл кескін кел беті былайша көрінді: «Сол күні сұрғылт іңірде Верныйдың облыстық түрмесінің сұрғылт қақпасын үсті-басы ұсқынсыздау, киім-басы жүдеу, ескі киіз қалпағына шөп шалам жабысып қалқан кеуделі, жазық жодалы, көзі ашулы арланның көзіндей ызғарлы бір адам келіп қақты». (Ш.М.Рысқұл 68) Бұл кезде Иран деген орыс мұжығының шөп қорасынан қашып келген сәті болатын.
Слайд 23 Автор романынаң, сонымен бірге, басшылардын, болыстардын портретін де көптеп кездестіруге
болады. Мысалы: вице-гувернатор Осташкин портретіне назар аударайық. Мысалы: “вице-губернатор атан
түйедей нән кісі еді. Қазына тіккен мундир шақ келмей, киімді ұдайы жеке ұстауға арнайы заказбен жеткізетін. Қазандай басы қасқа мандай, маңсыз. Бірақ мұрны кертіктеу, ал иегі тым шығынқы. Сақал мұрт қоймайды.”
Слайд 24
Тарихи деректерге келсек Рысқұловтың ашаршылық кезінде 1932-1933 жылдары Сталинге үш
рет хат жазғаны белгілі. біріншісі-1932 жылы 29 қыркүйекте, екіншісі-1933 жылдың
9 январінде, 31 мартында үшіншісін жолдаған. Хаттарда Қазақстандағы аштықтың қаупі, залалы жінет одан қалай құтылудың жолдары нақты көрсетіліп, әлеуметтік-экономикалық жағынан тиянақты талданған. Хаттар өте көлемді. Жазушы шығармада хаттардың жазылған күндерін, түп нұсқаларын көрсетпейді, тек екі хаттың жолданғанын, Сталиннен сол уақытта жауап болмағандығын, сол сауалдардың өмірдегі көрінісін көркемдік шешімге ұластыра отырып ашады.
Слайд 25 Романға өзек болған ашаршылық пен хатқа байланысты оқиға Тұрар-Сталин характерлері
диалогпен ашылады. Ш. Мұртаза Сталин мен Рысқұловтың арасындағы сұхбаттың кейбір
жекелеген көзқарастарын көркемдік өлшем деңгейңнде ашып көрсетуге арнаған. Сталин-Рысқұлов диалогы романның аяғына дейін арқауы берік тұтас желінің бойымен өрбіп отырады. Жазушы бұл тұста болған оқиғаны ғана суреттеп қоймаған, сол оқиғаны жасауға түріткі болған мотивтерді, іс-әрекеттерді де көрсетеді.
Слайд 26Назарларыңызға рақмет!
Қыдырбекова Іңкәр
KZ 3