Разделы презентаций


"Ш?к?рім ??дайберді?лы"

 Құдайбердіұлы Шәкәрім (1858-1931)    Құдайбердіұлы Шәкәрім (1858-1931) — ақын, философ, аудармашы. Туған жері - Семейдегі Шыңғыстау өңірі. Шығыс пен Батыс әдебиетін, философиясын жақсы білген. А. Толстоймен хат жазысып тұрған. Өлеңдерінің танымдық, тағлымдық

Слайды и текст этой презентации

Слайд 111 А сыныбының оқушысы Зинченко Наталья дайындалған
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ (1858-1931)

11 А сыныбының оқушысы  Зинченко Наталья дайындалғанШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ (1858-1931)

Слайд 2 Құдайбердіұлы Шәкәрім (1858-1931)
   Құдайбердіұлы Шәкәрім (1858-1931) — ақын,

философ, аудармашы. Туған жері - Семейдегі Шыңғыстау өңірі. Шығыс пен Батыс әдебиетін,

философиясын жақсы білген. А. Толстоймен хат жазысып тұрған. Өлеңдерінің танымдық, тағлымдық сипаты зор. Терең ойшылдық түйіндер жасайтын тұстарында дала даналығының биік өресі мен өзгеше сипаттары айқын көрінеді.
 
 Құдайбердіұлы Шәкәрім (1858-1931)     Құдайбердіұлы Шәкәрім (1858-1931) — ақын, философ, аудармашы. Туған жері - Семейдегі Шыңғыстау өңірі. Шығыс

Слайд 3Құдайбердіұлы Шәкәрім
Шәкәрім Құдайбердіұлы - XIX ғасырдың екінші жартысы

мен XX ғасырдың бас кезінде өмір сүріп, қоғамдық, әлеуметтік, рухани,

мәдени, әдеби өмірге белсене араласып, адамгершілік, ағартушылық идеяларды уағыздаған қазақтың ұлы ақыны.
Ол - сондай-ақ, прозашы, аудармашы, тарихшы және философ. Кейбір деректерде оның есімін "Шаһкәрім" деп те көрсетеді. Туған жері - қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктері. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.

Құдайбердіұлы Шәкәрім  Шәкәрім Құдайбердіұлы - XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезінде өмір сүріп,

Слайд 4 Әкесінен жеті жасында жетім қалған Шәкәрімді атасы Құнанбай

өз тәрбиесіне алады. Көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді.

Ол жөнінде ақынның өзі: "Қажы марқұм мені "жетім" деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп, ғылымсыз өстім" деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, білім-ғылымның қадір-қасиетін кештеу болса да жете түсініп, өз бетімен оқып, үйреніп, рухани қазыналарға үңіледі.

ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ШӘКӘРІМ

Әкесінен жеті жасында жетім қалған Шәкәрімді атасы Құнанбай өз тәрбиесіне алады. Көңіліне қаяу түсірмей, бетінен

Слайд 5Өз елінің сөз мұрасына қоса, басқа жұрттың да асылдарына ден

қояды; жаратылысты, адам қоғамын Абайша тануға, болмыстағы шындықтарды Абайша бағалауға

тырысып, үлкен мектептен өтеді. Абайдың ақыл-кеңесімен өлеңдер шығара бастайды. Қазан төңкерісіне дейін-ақ ол қазақ зиялыларымен, орыс интеллигенциясымен жақын танысып, пікірлес болады, олармен бірге қоғамдық маңызы бар істерге араласады.
Барлық өткен жолын, көргені мен білгенін жырға айналдырғандықтан, оның шығармаларынан өзінің дүниеге, табиғатқа, сан салалы құбылыс-көріністерге, дінге деген көзқарастары анық көрініп отырады. Меккеге барып, "қажы" атанғанымен, ол ешқашан дінге берілген фанатик те, өмірдің қуаныш-рақатынан аулақ болуды уағыздаған тақуа да, бәрін жоққа шығаратын нигилист те болмаған.

Құдайбердіұлы Шәкәрім

Өз елінің сөз мұрасына қоса, басқа жұрттың да асылдарына ден қояды; жаратылысты, адам қоғамын Абайша тануға, болмыстағы

Слайд 6Шәкәрімнің поэзиялық шығармалары мазмұнға бай, сан салалы болып келеді. Онда

азаматтық лирика да, махаббат лирикасы да, табиғат суреттері де, философиялық

толғамдар да, элегия, сонет, тарихи баллада, халықтық қара өлең үлгісі де баршылық. Осындай жан-жақтылық оның прозасына да тән. Оның тарихи, ғылыми, философиялық шығармалары қазақ прозасының дамуына өзіндік ықпалын тигізді.
Сондай-ақ, ол қазақ әдебиетінің басқа халықтар әдебиетімен байланысты дамуына зор үлес қосты. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білгендіктен, ол осы халықтардың ғасырлар бойы қалыптасқан қазыналарына еркін бойлап, солардың озық үлгілерін қазақшаға аударып, халқының игілігіне айналдырды. Бірақ өмірден көргені мол, қабілет-қарымы тегеурінді ақыл-ой иесінің жиған-тергенін халқына түгел беруіне отаршылдықтың озбыр саясаты мүмкіндік бермеді.

ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ШӘКӘРІМ

Шәкәрімнің поэзиялық шығармалары мазмұнға бай, сан салалы болып келеді. Онда азаматтық лирика да, махаббат лирикасы да, табиғат

Слайд 7Заманға жағынған, күндік тірлігінің құлы болған, ойы таяз белсенділер түртпектеп

мазасын алғандықтан, Шәкәрім 72 жасқа қараған шағында "Елу бес жыл

жинаған қазынамды, оңашада қорытам ойға салып" деп, табиғат тыныштығы аясында өмір сүруге бел байлап, Шыңғыс тауына кетеді. Алайда онда да тыныштық болмайды. Жан баласына жазығы болмай, тауда жалғыз жүрген жетпіс үштегі қарт ақынды Қызылдың жендеттері атып өлтіріп, денесін құдыққа тастайды. Бірақ оны халқы ешқашанда ұмытқан жоқ. Ел тәуелсіздігін алысымен, халқы оның жарқын есімімен қайта табысты.

Құдайбердіұлы Шәкәрім

Заманға жағынған, күндік тірлігінің құлы болған, ойы таяз белсенділер түртпектеп мазасын алғандықтан, Шәкәрім 72 жасқа қараған шағында

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика