Разделы презентаций


SRM_2_ya

Содержание

МАЗМҰНЫ: 1. Ятрогендік аурулар дегеніміз не?2. Ятрогендік аурулар дамуының шарттары қандай?3.Клиникалық қате

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1


Слайд 2

МАЗМҰНЫ:
1. Ятрогендік

аурулар дегеніміз не?
2. Ятрогендік аурулар дамуының шарттары қандай?
3.Клиникалық қате дегеніміз не?
4.Клиникалық қателіктердің қандай типтері бар?
5. Клиникалық қателіктер қаншалықты жиі жасалынады?
6. Клиникалық қателіктердің болын қалай түсіндіруге болады?
7. Қателердің санын қалай азайтуға болады?
8.Пациенттердің дұрыс емдемеуге қарсы арыз беруіне қандай факторлар әсер етеді?
9. Диагностикалық кате дегеніміз не?
10. Өзіне өзі қол жұмсау жағдайлары
11. Қорытынды


Слайд 3 Ятрогендік аурулар дегеніміз не?
Ятрогендік аурулар (грекше iatros дәрігер

+ gennao шығару, құрастыру; ятрогенияның синонимы) - медициналық қызметкерлердің деонтологиялық қателіктерінің

- қате, байқамай сөйлеуінің нәтижесінде пайда болатын психогендік бұзылыстар. Дәрігердің сөзі немесе ісінің әсерінен пайда болатын пациенттің денсаулығының бұзылыстары дәрігерлерге ертеден белгілі.
Ятрогендік аурулар дегеніміз не? Ятрогендік аурулар (грекше iatros дәрігер + gennao шығару, құрастыру; ятрогенияның синонимы) -

Слайд 4Дегенмен, «ятрогения» термині, 1925 жылы немістің психиатры Бумке (О. Bumke) «Дәрігер

жан күйзелістерінің себебі ретінде» атты еңбегін жариялағаннан кейін, кеңінен тарап кетті.

Осы уақыттан бастап, ятрогения концепциясын клиниканың түрлі саласындағы мамандар зерттей бастады. Айта кетерлік бір жайт, шет елдерде ятрогенияға, деонтологиялық қателер негізінде пайда болған патологияны ғана жатқызып қоймайды, сонымен қатар дәрігердің кез-келген әрекетінен туындаған ауруларды да (дұрыс жүргізілмеген манипуляцияның салдарынан болған кабынулар немесе процедуралардан дәрілік ауруларға дейін), яғни медициналық көмектің кез-келген жағымсыз салдарын жатқызады. Осы оқулықта бұл әрекеттерді біз клиникалық қателіктер деп қарастырамыз.
Дегенмен, «ятрогения» термині, 1925 жылы немістің психиатры Бумке (О. Bumke) «Дәрігер жан күйзелістерінің себебі ретінде» атты еңбегін

Слайд 5 Ятрогендік аурулар дамуының

шарттары қандай?
Ятрогендік аурудың дамуы үшін дәрігер мінез

- құлқы мен қоса,науқастың тұлғалық ерекшеліктері де (эмоциялық деңгейі, секемшілдігі және т.б.) маңызды. Науқастардың көбі тек қана аурудан емес, сонымен қатар онымен қатарласа жүретін үрей, қорқыныш, емнің нәтижесіне сенбеу сияқты мәселелерден де зардап шегеді. Сондықтан науқас дәрігердің сөзіне, мінез - құлқына, интонациясына, ым – ишарасына баса зейін қояды.
Ятрогендік аурулар дамуының         шарттары қандай? Ятрогендік

Слайд 6Сонымен қатар, науқастың тұлғалық ерекшілігіне және психикалық қалпының дәл осы сәттегі

жағдайына байланысты медициналық қызметкерлердің сөзі мен әрекетіне әр пациент әртүрлі

реакция береді. Патологиялық жағдайға ойланбай сөйлеген сөздер ғана емес, кейбір мағынасы түсініксіз сөздер кейде дәрігердің ұзақ үнсіз қалуы мен абайсыз айтқан сөздерін де, науқас өз ауруының ерекше қиын анықталып, емделетіні, яғни жазылуы қиын өзгеше ауру деп қабылдауы мүмкін.
Сонымен қатар, науқастың тұлғалық ерекшілігіне және психикалық қалпының дәл осы сәттегі жағдайына байланысты медициналық қызметкерлердің сөзі мен

Слайд 8 Клиникалық қате дегеніміз не?
Клиникалық қате «жоспарланған әрекетті орындамау

немесе нәтижеге жетудің қате жоспарын қолдану» деп анықталады (Kohn et al,

1999). Басқа сөзбен айтқанда, кателер әрекетті жоспарлағанда немесе оны іске асырғанда жіберіледі. Мысал ретінде Kohn және оның әріптестері дәрілермен емдеудің жағымсыз нәтижелерін, қанды дұрыс құймау, қанға салатын инъекцияларды дұрыс жасамау, хирургиялық жарақаттар немесе операцияны керек жеріне емес, басқа жерге жасау, құлау, күю, пациенттерді шатастырып алу сияқты жағдайларды келтіреді. Авторлардың пікірінше, зардабы ауыр қателердің көбісі, караганды тера- пия мен операция жасайтын және жедел көмек көрсету бөлімшелерінде жиі кездеседі.
Клиникалық қате дегеніміз не?Клиникалық қате «жоспарланған әрекетті орындамау немесе нәтижеге жетудің қате жоспарын қолдану» деп

Слайд 9Клиникалық қателердің қандай типтері бар?
Медициналық тәжірибеде клиникалық қателердің келесі түрлерін жіктейді: Диагностикалық:

-қате немесе кеш қойылған диагноз; -лабораториялық зерттеулердің нұсқауларын орындарау; -керек емес лабораториялық

зерттеулер жасау; -лабораториялық зерттеулердің нәтижесіне сай іс - шаралар қолданбау; Емдік: -процедураны орындау барысында жіберілген қателер; -емдеу барысындағы қателер; -дәрінің дозасын анықтаудағы қателер; -емдеуді бастауды соза беру; Превентивтік:-профилактикалық емдеудің болмауы; -немқұрайлы бақылау;
Басқа:-коммуникацияның болмауы; -құрал - жабдықтардың сынып қалуы; жүйенің бұзылуы.

Клиникалық қателердің қандай типтері бар? Медициналық тәжірибеде клиникалық қателердің келесі түрлерін жіктейді: Диагностикалық: -қате немесе кеш қойылған

Слайд 10 Клиникалық қателер қаншалықты жиі жасалады?
Дәрілік терапияға байланысты жіберілетін қателердің

жиі кездесетіні және бұл дәрі-дәрмектерді қате ұсыну болып табылады. Бұған

басқа дәрілік препаратты беріп қою, дозасының сәйкес келмеуі,дәрілік затты дұрыс енгізбеу, басқа пациентке беру және уақытын шатыстырып алу сияқты қателер жатады. Шетелдік авторлардың алған мәліметтері бойынша,ауруханаларға шұғыл түрде түскен пациенттерді дәрілік препараттармен емдегеннің жағымсыз нәтижесі 6,5/ 100 қабылданған науқастар, соның ішінде 1% - өлім мен аяқталуы, 12% - өмірге қауіпті, 28% - болдырмауға болатын (Bates et al, 1995). Дәл осындай көрсеткіштер педиатриялық стационарлы бөлімшелерден (Kaushal et al, 2001), медициналық кызметкерлері бар қариялар үйлерінен (Gurwitz et al, 2000) және жасы ұлғайған амбулаториялық пациенттерді емдейтін клиникалардан да (Gurwitz et al, 2003) алынып отыр.
Клиникалық қателер қаншалықты жиі жасалады?Дәрілік терапияға байланысты жіберілетін қателердің жиі кездесетіні және бұл дәрі-дәрмектерді қате ұсыну

Слайд 11

Сонымен қатар, дәрілік препараттарға жазылған 100 рецептің 5,3 қате беріледі. Олардың

ішінде дәрінің дозасын ұлғайтып жіберу (53%), дозасын дұрыс белгілемеу (15%), қабылдау

жиілігі (8%) және ағзаға енгізу тәсілі (5 %), бірақ барлық қателердің 1% - ғана дәрілік препараттармен емдеудің жағымсыз салдары деп карастырылады (Bates et al, 1995) одан басқа дәрілік препараттармен емдеудің жағымсыз салдарына байланысты жұмсалатын жылдық шығындар, 700 төсектік клиникалық ауруханадағы пациенттер үшін 5,6 млн. АҚШ долларымен есептеледі. Ауруханалардағы жағымсыз көрсеткіштердің, шамамен алғанда, жартысы хирургиялық операциялар мен байланыстырылады. Хирургиялық операцияларға байланысты емес, жағымсыз нәтижелер диагностикалық және емдік қателерден (қателесу және шалағайлақ) және жедел жәрдем белімдеріндегі жағымсыз салдарлардан тұрады (Zeape et al,1995).
Сонымен қатар, дәрілік препараттарға жазылған 100 рецептің 5,3 қате беріледі. Олардың ішінде дәрінің дозасын ұлғайтып жіберу (53%),

Слайд 12 Клиникалық қателердің болуын қалай түсіндіруге болады?
Субъективтік қатенің себеп-салдарлы байланысының

екі моделі бар: жеке және жүйелі. Бірінші модель медицина қызметкерлерінің

қателеріне көңіл бөледі: оларды ұмытшақ, зейінсіз немесе адамгершілігі жоқ деп айыптайды. Жүйелі модель жағдайлар мен жүйені (медицина қызметкерлері қателердің себебі болған кездер) анықтау арқылы қатенің шығу тегін түсіну және қорғаныс құралдарын қолдану жолдарын нақтылаудың арқасында қате жіберудің алдын алуға және салдарын жұмсартуға ұмтылады (Reason, 2000). Жүйелік модель көптеген клиникалық қателер, жеке адамның немесе нақтылы адамдар тобының қауіпсіздік шараларын сақтамауынан болмайты- нын мойындайды (Kohn et al, 1999).
Клиникалық қателердің болуын қалай түсіндіруге болады? Субъективтік қатенің себеп-салдарлы байланысының екі моделі бар: жеке және

Слайд 13Негізгі клиникалық қателерді туғызатын кең тараған жүйелік кемшіліктер: дәрілік препарат туралы

ақпараттың кеңінен таралмауы және пациент туралы мәліметтің шектеулі болуы, мысалы,

қауіпсіз емдеуге қажетті анализ нәтижелерінің жоқтығы (Yeare etal, 1995). Жекелік моделі басым екендігінде сөз жоқ және мекемелер жеке адамды кінәлі деп есептеу жолынан, өздерін әзер ұстап отырғаны мәлім. Сонда да, клиникалық қателердің болу мүмкіндіңін азайту үшін, көптеген нәрсе жасауға болады.
Негізгі клиникалық қателерді туғызатын кең тараған жүйелік кемшіліктер: дәрілік препарат туралы ақпараттың кеңінен таралмауы және пациент туралы

Слайд 14 Қателердің санын қалай азайтуға болады?
Мүмкін

болатын кейбір тактикалар төменде берілген: - мәселенің күрделілігін азайту; - ақпаратты өңдеу

процесін хаттамалар мен көмекші құралдарды қолдану арқылы жеделдету; - қажетті кезінде көрсеткіштерді автоматты түрде өңдеуді қолдану; - ингаляциялық анестетиктерді енгізу кезіндегідей қысымдау шараларын қолдану; - емдеуді ауыстырудың салдарынан болған қосымша залалдарды азайту, әсіресе, жаңа техникалар мен әдістер бірінші рет қолданылғанда.
Қателердің санын қалай азайтуға болады?  Мүмкін болатын кейбір тактикалар төменде берілген: -

Слайд 15Дәрігерлермен қарым-қатынас жасау салдарынан болған жағымсыз оқиғалардың өсу қаупі, аурудың

өзімен байланыста. Басқа сөзбен айтсақ, адамдар емханаға ауырғандықтан түседі. Зерттеулер көрсеткендей,

клиникалық қатенің жағымсыз салдарын басынан өткізген 280 пациенттің ішінен, тек 8 - і ғана «емдеу шарасы емдік этика мен заңға сәйкес келмейді»-деп сотқа арыз түсірген.
Дәрігерлермен қарым-қатынас жасау салдарынан болған жағымсыз оқиғалардың өсу қаупі, аурудың өзімен байланыста. Басқа сөзбен айтсақ, адамдар емханаға

Слайд 16Пациенттердің дұрыс емдемеуге қарсы арыз беруіне қандай факторлар әсер етеді?
- Дәрігермен

және денсаулық сақтау қызметкерімен жағымсыз қарым - қатынас; - медициналық қызметкерлер

мен мамандардың заң кеңсесіне бару туралы берген ашық кеңесі; - дәрігер немесе басқа медицина қызметкері пациентке қажетті ақпаратты бермесе; - қаржылық қызығушылық.
Пациенттердің дұрыс емдемеуге қарсы арыз беруіне қандай факторлар әсер етеді?- Дәрігермен және денсаулық сақтау қызметкерімен жағымсыз қарым

Слайд 18Диагностикалық кате дегеніміз не?

Медицинаның әр саласында диагностикалық кателер кездеседі, сонымен психиатрия

саласында кездесетін қауіпті қателер мынандай болады. Соматикалык ауруды кеш диагностикалау немесе

кате жіберу. Аталған лиагностикалык кате, соматикалык ауру психикалық бұзылыс ретінде катя анықталған кезде немесе психикалық бұзылыстардың әсерінен соматикалық ауру кешеуілдеп диагностика уланған кезде орын алады. Мысал ретінде, ұйқы безінің карциномасын депрессияның салдарынан кеш анықтау, инсулиноманың орнына (иксуломаның бір түрі) паникалық бұзылысты анықтау немесе зниефаметтің орнына шулыл психоз деп диагноз кою. Бұл жағдайлар соматикалық аурулардың психикалық бұзылыстарға караганда алдында жүретіндігіне негізделеді. Мұндай жағдайларда керекті лабораториялық деректер алынбаған, қажетті зерттеулер жүргізілмегендігі аталып өтіледі. Егер артқа карасак, онда клиникалық диагноз күмән тудырмайды, ал психиатриялык ауруханаға жатҡызу қажетсіз сиякты деп көрінеді
Диагностикалық кате дегеніміз не? Медицинаның әр саласында диагностикалық кателер кездеседі, сонымен психиатрия саласында кездесетін қауіпті қателер мынандай

Слайд 19Өзіне өзі қол жұмсау жағдайлары:
Өзін өзі өлтіру жағдайлары, психиатрияда дәрігерлік

шалағайлықтың салдарынан берілетін арыздардың көп кездесетін себебі болып табылады.Болжалданған, бірақ

аяк астынан болған өзін - өзі өлтіру жағдайында, дәрігер папиенттің ахуалын дұрыс бағаламады, сондықтан қауіптілік деңгейін аныктай алмады деп есептеледі. Болжалданған, бірақ іске асқан өзін өзі өлтіру болған кезде, дәрігерді дұрыс кадағаламағаны немесе шектеу шарала-рын колданбағаны үшін айыптайды. Болжалданған, бірақ аяқ астынан болған өзін өзі өлтірудің себебіне ерте немесе немқұрайлы шығару, қозғалысын шектемеуді де жатқызады.
Өзіне өзі қол жұмсау жағдайлары:Өзін өзі өлтіру жағдайлары, психиатрияда дәрігерлік шалағайлықтың салдарынан берілетін арыздардың көп кездесетін себебі

Слайд 20Емдеу барысындағы қате дегеніміз не?
Бұған мысал ретінде, жағымсыз нәтижелерге алып

келетін дәрілік препараттардың қосындысын қолдануды айта аламыз. Мысалы, литий мен

диуретикалық құралдардың комбинациясын қолдану кезінде, литийдің концентрациясы көбейіп кетуі мүмкін (улануға дейін). Бұл дәрілік препараттарды немқұрайлы қолдану туралы арыздар, дәрігердің литий қабылдап жүрген пациентке зәр шығаратын препараттарды тағайындап және де қандағы бұл дәрінің концентрациясын ешкімнің дұрыстап кадағаламауы кезінде немесе анализдің нәтижелері бойынша да ешқандай шара қолданбау кезінде жазылады.

Емдеу барысындағы қате дегеніміз не? Бұған мысал ретінде, жағымсыз нәтижелерге алып келетін дәрілік препараттардың қосындысын қолдануды айта

Слайд 21 Қорытынды:


Клиникалық

қателердің барлығы, дұрыс емдемеу туралы шағым жазуға алып келмейтіндігі мәлім. Жоғарыда

Huycle және Huycke (1994) пікірі бойынша пациенттің арыз жазуына әсер ететін бес негізгі фактор берілген: соның үшеуі ғана тікелей қатысушы дәрігерге байланысты. Бұл американдық зерттеу болғандықтан, оның нәтижелерін басқа елдерге экстраполяция жасауға болмайды. Rothschild және әріптестері (2002) дәрілік препараттармен емдеудің жағымсыз салдарлары көбінесе антибиотиктерді, антидепрессант-тарды антипсихотикалық, жүрек-қан дәрілері және антикоагулянттарды қолданудағы немкұрайлылыкка байланысты арыз жазуға алып келеді. Тіркелген салдарлардың көбі ауыр, қымбат әрі болдырмауға болатын және жартысынан көбі амбулаторлык пациенттерде кездеседі.
Қорытынды:Клиникалық қателердің барлығы, дұрыс емдемеу туралы шағым жазуға

Слайд 22Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Коммуникативтік дағдылар : оқулық / М. А. Асимов,

С. А. Нұрмағамбетова, Ю. В. Игнатьев. - Алматы : Эверо,

2010.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:1. Коммуникативтік дағдылар : оқулық / М. А. Асимов, С. А. Нұрмағамбетова, Ю. В. Игнатьев. -

Слайд 23Назарларыңызға рақмет!!!

Назарларыңызға рақмет!!!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика