Слайд 1Студенттің Өзіндік Жұмысы
Тақырыбы: Созылмалы ауруы бар науқастарды оқыту
Марат Оспанов
атындағы Батыс Қазақстан Медицина Университеті
Орындаған: Қуаныш Нұрсая Қаршыға Айдана, Қайрат
Мадина, Эбуова Үмітай
Тексерген: Сыдығалиева Замира Маметаевна
Слайд 2Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
А)Науқас әрекетінің даму кезеңі
Ә)Пациентті оқыту
өрісі
Б)Оқыту кезіндегі есте ұстайтын қағидалар
Қорытынды
Слайд 3Ұзақ уақыт не өмір бойы дербес түрде түрлі дәрігерлік нұсқаулар
мен процедураларды орындау – созылмалы ауруға шалдыққан науқасты емдеуінің ерекшелігі
болып табылады. Науқас өз дертінің қыры мен сырын жақсы біліп, ем жобасына өздігінен қосымшалар енгізе білгені дұрыс.
Слайд 4Оқуды жоспарлау, оның қасиеттерін бағалау, оқудың тиімділігі.
Мейірбике жоспарды құру,
оқыту процессінің орындалуын қадағалап, бағалап, және оның сапасын, тиімділігін тексеріп,
дәлелдерін қалыптастырудан тұратын оқыту процессін ұйымдастырып отырады. Оқу жоспары пациенттің жекелік қасиеттерін, оқытуға бөлінетін уақытты ескере отырылып, пациентпен бірлесіп талқыланады. Оқу процессі егер де мейірбике және пациент немесе оқушы белгілі бір мәселелерді ұғынуы бойынша қойылған мақсатта жетсе, онда оқыту тиімді деп саналады.
Бұл жағдайда мейірбике коммуникативтік дағдылар, педагогикалық тактиканы және де педагогика, психология негіздерін білуі керек.
Слайд 5Денсаулық мектебіндегі науқас әрекеттерінің дамуы
Көңіл аудармау кезеңі
Ойлану кезеңі
Дайындық кезеңі
Сүйемілдеу кезеңі
Слайд 6Оқыту кестесі 5 этаптан құралады:
1.Керекті ақпаратты беру;
2.Пациент есте сақтағанша қайталау;
3.Пациент
игеру керек іс –шараны көрсету;
4.Пациенттің қайталауы;
5.Пациенттің іс – шараны қайталап
көрсетуі.
Оқыту барысында пациент қызығушылығын ояту қажет және әңгімелесуде сұрақ – жауап болғаны дұрыс.
Әрбір этап пациент толық игергенше қайталануы мүмкін. Медбике пациентке берген ақпаратты дұрыс түсінгеніне көз жеткізу керек.
Слайд 7Пациентті оқыту өрісі
1. Танымдық – пациенттердің қоршаған ортадан алған білімін, әсерін талдап
және жинақтауына дағдылануына бағыталған өріс.
2. Эмоционалдық – жеке тұлғаның мынадай: әсерлі, аяушылық,
қайырымдылық, қатыгездік және т.б. эмоционалдық қасиеттерінен тәуелді болатын көңіл күйін сипаттайтын өріс.
Пациентті бақылау кезінде мейірбике оның анық сыртқы өзгерістерін байқайды:
кекті – қатынас жасау қажеттілігінің, эмоционалдық өрісінің бұзылулары, психикалық аурулар, мінездегі және тәрбиесіндегі ақаулар;
қорыққан– қорқыныш сезіміне, психикалық жағдайларына (фобия, невроз және т.б.), темпераментіне (меланхол), күмәншілікке, тұрақсыздыққа нұсқайды
Слайд 8 енжарлық- темпераменттігі бойынша ''флегматик'' болып саналады, өрісінің патологиялық өзгерістер
(селсоқтық), жігерінің патологиясының (абулия немесе гипобулия) өзгеруі мүмкін, сонымен қатар
мінез-құлқының жекелік ерекшеліктері болуы мүмкін.
сасқалақтық - жеке басының ерекшелігіне, қорқыныш сезіміне (алдағы тексерістің мәнін, ем алу жоспарын, ауруының болжамын білмеу және т.б.) нұсқайды; Өз-өзіне орын таппауы, психомоторлы қозуымен дәлелденеді, алдағы жасалынатын тексерістерден, операциядан, манипуляциялардан және т.б. қорқу, ауруының батып ауруы, эмоционалдық шок;
аффектегі жағдай - эмоционалдық өрісінің қысқа мерзімге қозуы;
салмақты – тұрақты эмоционалдық жағдайының, мінез-құлқының ережесі болып табылады;
ұрейленген белгісі - қолын уқалау, дауысындағы эмоционалдық жағдайының және мінезінің ерекшелігінің тұрақсыздықтың байқалуы, алдағы манипуляциялар мен тексерулерден қорқуына нұсқайды.
Слайд 9Мақсат қойғаннан кейін медбике оқыту мазмұнын мен тәсілін жоспарлайды.
Оқыту мазмұны
әртүрлі болуы мүмкін:
Денсаулық сақтау;
Денсаулық деңгейін қалыпта ұстау;
Өмір сапасының деңгейін қалыпта
ұстау.
Медбике оқыту жоспарын құруға пациентті және туыстарын қатыстыруы қажет.
Осы жағдайда медбике пациенттің жеке ерекшелігіне, әлеуметтік және физикалық деңгейіне мән беруі қажет.
Слайд 10Созылмалы аурулары бар науқастарға оқыту және ақпарат беру кезінде есте
ұстайтын қағидалар
Ақпараттың өміршеңдігі – адам қажеттіліктеріне сай болуы;
Нақтылығы – ақпарат
бермес бұрынғы білім деңгейіне сәйкестілігі;
Анықтамалығы – мақсатқа жетудің және оны іске асырудың нақты дәрежесін объективті тексере алу мүмкіншілігінің болуы.
Слайд 11Науқаста мотивацияның құрылуы;
Мәселені түсінбеу (мысалы: шылым шегуге болмайтындығын түсінбеу);
Шешім қабылдау
(мысалы: шылымды тастауға);
Әрекеттерді бастай алуы (мысалы: шылым тастау);
Әрекеттердің үзілуі (мысалы:
шылым шегуді қайта жалғастыру).
Слайд 12Науқас әрекеттері өзгеру барысында кездесетін қиындықтар
Науқастың субъективті сезімімен байланысты. Дұрыс
ұйымдастырылған білімін жетілдіру бағдарламасынан науқас көп сұрақтарға жауап алады.
Медицина қызметкерімен
арадағы жақсы қарым қатынас сенімділік орнатады.
Емдік шараларға байланысты факторлар. Емнің мақсаты мен оған жету жолдарымен танысып, түсіне бастайды.
Әлеуметтік ортамен байланысты факторлар. Психологиялық тосқауылдан өтуге мүмкіндік береді. Жұбайының көмегі көп әсер етеді
Слайд 13Білім беруді жүргізетін персонал келесі жайларды естен шығармаған дұрыс
Айқан ақпараттың
бәрін науқас ұғу міндетті емес;
Ақпарат науқасқа жеткенмен ол түсінбеуі мүмкін;
Науқас
ақпаратты түсінсе де, келіспеу мүмкін;
Науқас ақпараттпен келіссе де өз әрекетін өзгертеуі мүмкін;
Науқастың тағайындалған дәріне бұлжытпай бір күн қабалдауына қарап, келесі күндері де бұлжытпай қабалдауы қайталанады деп ойлауға болмайды.
Слайд 14Науқасқа кеңес беру
Кеңес беру – науқастың проблемаларын тауып, талқылауы және
олардың алдын алу жолдарын талқылау.
Мақсаты – тұлғаның көзқарасын қалыптастыру, дүниетанымына
және өмірге, өз құндылықтарына қатынасуына дұрыс бағыт беру.
Слайд 15Пациентті оқытуда тиімді нәтижеге жету үшін келесі әдістерді қолдануға болады:
демонстрация -
медбике пациентке Өзіне- өзі күтудегі іс –машықтарды көрсетеді (тіс тазалау,артериалдық
қан қысымын тексеру, т.б) және қайталау оқыту мақсатының нәтижелілігіне жеткізеді.
консультирование - медбике пациент іс –әрекетін бақылайды және қиын этаптарында пациентке кеңес береді.
ролдік ойын - пациентті оқытудың тиімді жолы. Мұнда медбике пациентке қиынға соғатын іс – әрекеттерді көре алады.
Слайд 16Пайдаланылған әдебиеттер:
Коммуникативтік дағдылар.
М.А.Асимов, С.А.Нұрмағамбетова, Ю.В.Игнатьев.
Алматы, 2009 жыл.