Слайд 1Су және сумен қамтамамасыз ету.
Судың сапасына қойылатын талаптар.
Жұқпалы аурулардың
таралуындағы судың рөлі.
Орындаған: ЛД 209А тобының
Студенті касихан айтолқын
Тексерген: Ихласова
Айгуль Жеткергенова
Қарағанды медициналық интерколледжі
Қарағанды 2019
Слайд 2Жоспар:
Су және сумен қамтамамасыз ету;
Судың сапасына қойылатын талаптар;
Жұқпалы аурулардың таралуындағы
судың рөлі;
Қорытынды;
Қолданылған әдебиеттер.
Слайд 3Су және сумен қамтамасыз ету
Су — сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда
тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылысы. Ауыз су, тіршілік көзі, ол
Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады.
Слайд 4Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су —
бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Бұдан басқа судың тіршілік
үшін физикалық-химиялық қасиеттердің: жоғары жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылық, жоғары тығыздық, ауа тығыздығының шамамен 800 есе артуы, мөлдірлік, тұтқырлық, қатқан кезде мұздың көлемін ұлғайтуы және тағы басқа қолайлы қасиеттері болады. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар жасушаларының биохимиялық үдерістерінің барлығы сулы ортада өтеді. Су әр түрлі климаттық жағдайлардағы физиологиялық үдерістердің қалыпты өтуіне себепкер болады. Ол сондай-ақ көптеген минералдық және ағзалық заттардың жақсы еруіне себепкер бола алады. Табиғи су құрамында сан алуан тұздың болатыны да сондықтан. Ағзалар жұғымды заттарды тек еріген түрінде сіңіреді.
Слайд 5Сумен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау— елді мекендерді, өнеркәсіп кәсіпорындарын, көлікті
және т.б. сумен қамтамасыз ету жөнінде атқарылатын әртүрлі жұмыстардың жиынтығы.
Сумен қамтамасыз ету міндеттерін жүзеге асыратын инженерлік құрылыстар кешені сумен қамтамасыз ету жүйесі немесе су кұбыры деп аталады. Елді мекендерді сумен қамтамасыз етудің қазіргі кездегі жүйесі талықтандырылған. Олардың әрқайсысы тұтынушылардың үлкен тобын сумен қамтамасыз етеді. Сумен қамтамасыз ету мақсаты үшін жер үсті (өзен, көл, бөген, теңіз) және жер асты сулары пайдаланылады.
Слайд 6Судың сапасына қойылатын талаптар
Судың сапасын бағалау суды пайдалану түрінен қарап
жүргізіледі. Тәжірибелік көзқарастан, оларға қойылатын жеке талаптарына сәйкес, суды пайдаланудың
келесі түрлерін ажыратады: орталықтанған сумен қамтамасыздандырудағы ауыз суы үшін, орталықтанбаған (жергілікті) сумен қамтамасыздандырудағы (құдықтардың, бұлақтардың) ауыз суы үшін. Ауыз суда патогенді микроорганизмдер және гельминттер мүлдем болмауы тиісті. Олардың болуы сумен қамтамасыздандыру жүйесінде маңызды ақаулардың барын және ауыз су құбырының канализация коллекторымен немесе өнеркәсптік су жүйесімен тікелей байланысының барын көрсетеді.
Слайд 8Жұқпалы аурулардың таралуындағы судың рөлі
Су арқылы жұғатын жұқпалы аурулардың бүкіл
әлемде таралуы мүмкің.Олардың барлығын бірнеше негізгі топқа бөлуге болады. Алдымен
бұл бактериалдық жаратылысының ішек инфекциялары, оларға жатады А және В паратифтер, дизентерия, түрлі энтериттер және энтероколиттер, жұқпалы гепатит А, тырысқақ.Ұйымдастырылмаған су тұтынуы, жеткіліксіз су, қоршаған ортадағы объектілерде жұқпалы аурудын таралу мен өмір сүруіне тиісті жаратылыс жағдай, су іркуіш, су тазартқыш құрылыстарында және су құбырында техникалық бұзушылықтар, қарапайым жеке гигиена ережелерін сақтамауы осы аурулардың пайда болуына қолайлы. Осындай жұқпалы аурулар күтпеген жерден басталады, бір мезгілде бір зарарлы көзден су алған барлық адамдар ауруға шалады.
Слайд 9Зарарлы көзден су алуға жол бермеуіне эпидемияға қарсы шараларың өткізген
соң, дезинфекциялау, су қорғау шараларын, ауру адамдарды емдеу, олардын байланысыңа
кедергі жасағаннаң кейін жағдайларының саны тез азаяды.Жұқпалы аурудын таралуына алдын алу маңызды рөлін жалпы мемлекеттік санитарлы-гигиеналық шаралары атқарады.Зертханалық зерттеулерімен тұрақты бақылауы, сумен жабдықтау объектілерінің дезинфекциялауы жүргізіледі.Сумен жабдықтау объектілерінде ауыз судың өндірістік сапасын бақылауы жүргізіледі. Ішек жұқпалы ауруың алдын алу үшін ауылдық жерлерде құдықтан жиырма метірден жақын радиуста кір жууға, машина және әртүрлі заттарды жууға, жануарларды суаруға жол берілмейді. Құдыққа бес метр аралығында жақын маңдағы аумақ қоршаланады. Құдықтан су алу үшін шелектер, сорғылар пайдаланылады. Жерасты су көздерінің суымен жабдықтаудың СҚА бірінші белдеу аумағы көгалдандырылып және қоршаланады.
Слайд 10Сумен жабдықтау көздерінің санитарлық қорғау аймағында зираттарды, мал өлексесін көметін
орындарды, ассенизациялау өрісі, сүзілу өрісі, көң қоймалар, сүрлеме орлар, мал
шаруашылығы және құс өсіретін шаруашылық субъектілері және жер асты суларының микробтық, химиялық ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға, тыңайтқыш және улы химикаттарды қолдануға және т.б. объектілерді орналастыруға жол берiлмейдi.Жұқпалы ауруды жұқтырып аламау үшін, жеке гигиенаны сақтау қажет.
Слайд 13Қорытынды
Осылайша, сумен жабдықтау көзін және ауыз су сапасын бағалау бойынша
жүргізілген зерттеулер олардың микробтармен ластануы жоғарылағанын айқын көрсетті.
Слайд 14Қолданылған әдебиеттер
О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова. Аурудың алдын алу және
сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.
Биология:
Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген/ М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. — Алматы: Атамұра, 2009.
Экология (оқулық) — Алматы, 2008