Слайд 1Өскелең ұрпақ арасындағы суицидтік мінез - құлықтың алдын алу
(латынша: Sui caedere - өзін өлтіру) – адамның өзіне
- өзінің қиянат жасап, өз өмірін қиюы.
Слайд 3Суицид
Жариялық суицид-
көбіне өлместен бұрын өзгелердің назарын өзіне аударғысы келеді.
Олар біреумен ренжіссе, қолына суық қару,
не арқан, жіп алып жүгіріп “өлемін” деп қорқытады
Жасырын суицид- бұл түрінде адам өзін - өзі өлтіру жақсы еместігін түсінеді, бірақ қиындықтан шығар жол жоқ болып көрінгендіктен өлімге апаратын істерге бас тігеді. Мысалы: нашақорлық , маскүнемдік т.б.
Слайд 4
Мына ақпаратқа назар аударсақ
Жыл сайын 10 – 20 миллион адам суицид
жасауға бекінеді. Олардың бір миллионға жуығы жарық дүниемен қош айтысады.Алдыңғы қатарлы суицид жасаушылардың отаны ретінде, басқасын айтпағанда көрші мемлекеттер Ресей мен Қытай және Қазақстанды айтуға болады.
Қазіргі кезде Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының дерегі бойынша Қазақстан елдегі азаматтарының өз өмірлерін қиюы бойынша әлемде үшінші орынды алады. Ал осыдан үш жыл бұрын деректер бойынша Қазақстан бесінші орында болған.
Әлемде жыл сайын бір миллиондай адам өзін - өзі өлтіреді. Бір миллион адамның 8 мыңы Қазақстандықтардан тұрады. Бұл дегеніміз әрбір сағат сайын бір қазақстандық суицид жасайды дегенді білдіреді. Бір өкініштісі, суицид жасаушы еліміздің болашағы деп санаған жас буын өкілдері.
Слайд 5Денсаулығының нашарлығынан – 1,2 %
2. Қаражат қиындығынан - 3%
3. Өмір
сүрудің ауырлығынан – 4,4%
4. Құмарлықтан - 6%
5. Отбасы келіспеушілігінен -
18%
6. Рухани дерттен - 18%
7. Жазасын өтеуден жалтарудан - 19%
8. Белгісіз күйі - 41%
Өз өміріне қол жұмсауына себеп болатын факторлар
Слайд 61. Адамның иманының болмауы мен өмірдің қиыншылықтарын дұрыс түсінбеуі.
2. Қаржылық
жағдайлардың әсері.
3. Ренжу
4. Қателік
Қазіргі қоғамдағы суицидтің себептері
Слайд 7
1.Сыртқы түрі мен мінезінде:
► Сағынып, мұңайып жүргендей
түр
► Баяу қимылдау
► Сөйлеудің баяулауы
►
Қысқа жауаптар
► Жауап бермеу
► Сөйлеудің жылдамдауы
► Екпіндеп сөйлеу
► Ұқыптылықтың шектен шығуы
► Іс- әрекетсіздік
Суицид белгілері:
Слайд 8 2.Эмоциялық жағынан бұзылуы:
► Зерігу
►
Ашулы
► Қоршаған ортаға өшпенді қарым- қатынас
► Өзіне және ортаға салғырттық
► Мақсатсыз үрейлену, қорқыныш
► Қуанышты сәттерге қуана алмау
► Секемшілдік
► Ешнәрсеге мән бермеушілік
► Қайғылы түр.
Слайд 93.Психикалық аурулар:
► Депрессия
► Себепсіз қорқынышты байқататын
невроздық
► Шизофрения
4.Өз өмірін бағалау:
► Өткен өміріне
төмен баға беру
► Өткеннің жағымсыз сәттерін көп еске алу
► Жаңа жағдайларға құлықсыз, төмен баға беру
► Болашақ туралы жоспарларының болмауы
5.Қоршаған ортамен араласуы
► Ортамен араласудан қашқақтауы
► Көмекті қажетсініп ортамен қарым- қатынас
жасауға ұмтылыс, қолдау күту
► Өзінің қайғысын ешкіммен бөліспеу.
Слайд 10 6. Тәулік барысындағы
динамикалық жағдайы:
► Кешке қарай
көңіл- күйінің көтерілуі
► Кешке қарай көңіл- күйінің
төмендеуі.
ауытқулар:
► Көздің жасаурауы
► Көз қарашығының
үлкеюі
► Ауыздың құрғауы
► Ауаның жетіспеуі,
тұншығатындай күйде болу
► Бас ауруы
► Ұйқысыздық
► Кеуде тұсының ауруы,
дене бөлшектерінің ауруы
► Тәбетінің азаюы, дәм сезуінің төмендеуі
Слайд 12Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау себептері:
Өз-өзіне қол жұмсаудың жалпы себебі тұлға
мен оны қоршаған жақын ортаның өзара әрекеттесуі бұзылу, психикасын жаралайтын
өткір жағдайлардың әсері салдарынан әлеуметтік-психологиялық бейімделмеушілік болып табылады. Алайда жасөспірімдер үшін бұл жан-жақты бұзушылықтан бұрын жақындарымен, отбасымен қарым-қатынастың бұзылуы болып табылады.
Өз-өзіне қол жұмсау арқылы тұлға өз жағдайларын өзгертуге талпынады: адам шыдағысыз қайғыдан құтылу, жарақаттайтын жағдайдан қашып кету, аяушылық сезімін туғызту, көмек алу, өз проблемаларына назар аударту. Өз-өзіне қол жұмсау оны ренжіткен адамдардың «өкінуі үшін» кек алу сезімінен туындауы не мақсатына кез келген жолмен жету үшін қырсықтық танытуы мүмкін. Осындай қамығу жағыдайға өз әсерін тигізеді.
Слайд 13Өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің қауіп факторлары:
Ата-аналардың ішімдікке салынуы және психикалық
жағдайының нашарлығы;
ата-аналары мен туысқандарының өз-өзіне қол жұмсауы;
жетімдік;
Толық емес отбасы;
Дұрыс
емес тәрбие — авторитарлық, үлкен кісілерді сөзсіз тыңдау, тыйым салу, қатыгез қарым-қатынас, жеткіліксіз немесе шамадан тыс қамқорлық;
Психикалық жарақаттар— мектептегі және басқа;
Қатарластары арасында беделінің жойылуы;
Психобелсенді заттарды пайдалану;
Туа біткен физикалық кемшіліктер және осыған байланысты ауыр қамығу;
Туа біткен психикалық аурулар (ақыл-ойы кемістігі, эпилепсия, шизофрения және т.б.).
Слайд 14Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау қаупі туралы хабар беретін белгілер:
Мінез-құлқы бойынша
Мінез-құлқының
кенеттен өзгеруі. Сабаққа бармау. Жақындарынан алыстау. Ағат әрекеттерді жасау. Өз-өзіне
қол жұмсау үшін құралдарды, осы туралы кітаптарды сатып алу. Сыртқы бейнесіне салғырт қарау. Шектеулі сана.
Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері оның девиантты мінез-құлқысымен байланысты. Осындай әлеуметтік ауытқы болып келесілер табылуы мүмкін:
— пайда табу бағытындағы ауытқулар— ұрлық жасау, ұжымдық ұрлық, машинелерді айдап кету және т.б.;
— агрессивті бағыттағы ауытқулар— сотқар әрекеттер, төбелес, вандализм, өз-өзін жарақаттау;
— әлеуметтік-пассивті ауытқу— сабақтан қашу, үйден кету, қаңғыру, маскүнемдік.
Слайд 15Өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне психологиялық диагностика жасау
Өз-өзіне қол
жұмсайтын адамдардың 80% өз ниеттері туралы қоршаған ортаға белгі береді.
Бұл ретте ақпаратты беру жолдары шұбалаңқы болуы мүмкін.
Слайд 16Балаңыз агрессияға, күйзеліске түспесін десеңіз:
-өз проблемаңызды балаға артпаңыз;
Егер ашулы болсаңыз,
онымен қарым-қатынастан аулақ болыңыз;
-егер бала сіз айтқан ережеге көнгісі келмесе,
күштемеңіз;
-күш көрсету - баланы түзеу орнына, қарсыластығын арттыра түседі;
-мәселелерді өзіңіз жеке емес, баламен бірігіп шешіңіз;
-егер бала сізбен араласуды қош көрмесе, күшпен көндірмеңіз;
-егер қиын жағдайда не істеріңізді білмесеңіз, оны тезірек шешуге тырыспаңыз, асықпай ойланып кірісіңіз.
Слайд 17Өз-өзіне қол жұмсаған әрбір адамның айналасында орта есеппен алғанда оның
өлімі ауыр жан жарақаты болып қалған 6 адам бар.
“Суицидтік адам
өзінің психологиялық қаңқасын тірі қалған жақындарының сандығында қалдырады”.
Эдвин Шнейдман
Қорытынды