Слайд 1С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Тақырыбы: ЖДТ профилактикалық тексерулер. Этика
, психология, медико – генетикалық және медико - сексуалды бағытта
кеңес беру.
Орындаған:: Мүсілім Б.М.
Слайд 2Жүкті әйелді тексеру анамнезді толық жинаудан басталады. Жалпы мәліметтерден бөлек,
әйел организмінің етеккірлік (менструалдық), жыныстық, секреторлық және ұрпақ өрбіту (репродуктивтік)
әрекеттерінің функционалдық ерекшеліктері пысықталады.
Бұрынғы жүктіліктердің саны мен ағымына, олардың нәтижесіне (бала босану мен түсіктер), алдындағы бала босанудағы асқынуларға, нәрестенің жай-күйіне көңіл аударылады. Сұрауды ағымдағы жүктілік туралы деректерді алумен аяқтайды.
Слайд 3Жүкті әйелді жалпы тексеруде мыналар өлшенеді:
- дене қызуы (температурасы);
- дене
массасы;
- бойы;
- артериалды қысымы.
Одан әрі дене бітімі, тері жамылғылары, көзге
көрінетін шырышты қабықтар, сүт бездері, іш пошымы бағаланады.
Алғашқы тексеруде барлық екі қабат әйелдерден ақуыз бен глюкозаға зәр талдауы, қан тобы мен Rh фактор,
қынап жұғындысын зерттеу,
мерез бен АИТВ-жұқпасына серологиялық тексеру жүргізіледі.
Арнайы акушерлік тексеруге сыртқы және ішкі тексеру, қосымша әдістер жатады.
Слайд 4Дәрігерге келгенде:
болашақ ата-аналардың бастан өткен және осы кездегі медициналық тарихы
анықталады;
болашақ ана мен әкенің туыстарының денсаулық жағдайы туралы толық ақпарат
жиналады;
медициналық тарихтың мәліметтерінің жиынтығы мен тексеру нәтижелері бойынша зертханалық және басқа да зерттеулер тағайындалады;
болашақ жүктілікті бақылау бойынша болжамды бағдарлама талқыланады.
Слайд 5Емделушінің шағымдары жан-жақты зерттеліп, бұрын ауырған ауруларының анамнезінің мәліметтері тексеріледі.
Алдыңғы жүктіліктер мен босануларының барысы туралы мәліметтер жиналады. Осы ақпараттар
осы жүктіліктің барысына түрлі жағымсыз факторлардың ықпалы мүмкіншілігі тұрғысынан қаралады. Содан кейін осы жүктіліктің ең басынан бастап барысы зерттеледі. Бұл ретте жасалған диагностикалық зертханалық және құрал-саймандармен зерттеулердің нәтижелерінің клиникалық интерпретациясы ескеріледі. Жасалған емшаралардың тиімділігі анықталады.
Слайд 6Медициналық қызметтердің мынадай көлемі ұсынылады:
қанның клиникалық талдауы;
қанның биохимиялық талдауы;
несептің жалпы
талдауы;
перинаталды маңызды инфекциялардың диагностикасы;
флораға жағынды алу;
RW, ВИЧ, HBS-ag, қан тобы, резус-фактор;
ЭКГ
жатырдың анатомиялық
патологияларын анықтау үшін УДЗ;
цитологиялық зерттеулер.
Слайд 7Клиникалық объективті зерттеу өткізгенде жүкті әйел мен ішіндегі баланың жай-күйі
анықталады. Бұл ретте емделушінің өзіне де, оның ішіндегі баласына да
бірдей көңіл бөлінеді. Оның жүрек қағысының сипаты, қозғалу белсенділігі мұқият қадағаланады. Алынған мәліметтердің жиынтығы негізінде жүктіліктің әрі қарай барысы мен босану бойынша болжам қалыптастырылады. Дәрілік препараттарды, іштегі балаға әсерін ескере отырып, тағайындау немесе бұрын тағайындалған дәрі-дәрмектердің әрі қарау қабылдауы туралы сұрақтар шешіледі.
Слайд 8Қажетті жағдайда, жүктіліктің барысын және тағайындалған емнің тиімділігін бақылау үшін,
қосымша диагностикалық зертеулер тағайындалады. Жүктілік мерзімдері мен босандыру амалдары бойынша
нұсқаулар жасалады.
Босанғаннан кейінгі кезеңнің барысына, емшек сүтімен емізуге және т.б. ерекше көңіл аударылады.
Жүктілікке дайындау және оның қадағалау бағдарламалары, сондай-ақ босану мен босанғаннан кейінгі кезеңге дайындау курстары ұсынылады.
Слайд 9
ЖТД орындай алады:
Амбулаторлы қабылдауда анамнез жинау.
Физикалды тексеруді амбулаторлы жағдайда
жүргізу.Болжам диагнозды негіздеу
Физиологиялық жүктілікті бақылау
Жалпы қарау,пальпациялау,перкуссия және аускультация
АҚҚ және пульсті
өлшеу
Қалыптыда ЭКГ-ны тіркеу және талдау
Сүт бездерін қарау және пальпациялау
Қынаптық зерттеу
Сыртқы акушерлік тексеру
Жатыр мойынынаң және қынаптан жағынды алу
Слайд 10А) Бекітілген аумақтағы халыққа білікті көмек көрсету;
жүктіліктің асқынуы, босанудан кейінгі
кезең, гинекологиялық ауруларды болдырмауға бағытталған емдеу-алдын алу шараларын жүргізу.
жүкті әйелдерді
және гинекологиялық аурулардың алдын алу, диагностика жасау және емдеудің заманауи әдістерін, алдыңғы қатарлы нысандары мен амбулаториялық акушерлік-гинекологиялық көмек әдістерін жұмыс тәжірибесіне енгізу;
амбулаторлық қабылдау жүргізу;
жүкті әйелдерді уақтылы амбулаторлық зерттеу, жүктіліктің асқынуы, экстрагениталдық және босанудан кейін болатын ауруларды ескерту және анықтау, сырқат бейіні (экстрагениталдық, эндокриндік аурулар, иммуноконфликт, жүктілікке төзімсіздің және т.с.с.) бойынша перзентхананың немесе басқа емдеу-алдын алу мекемелерінің жүктілер патологиясы бөлімшесіне емдеуге жатқызуды қажет ететін жүкті әйелдерді анықтау; жүкті әйелдерге диспансерлік бақылау жүргізу, оларды босануға дене және психикалық, профилактикалық дайындау; жүктілер мен босанғандар үйіне акушерлердің патронаж жасауы;
әйелдерге профилактикалық гинекологиялық тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу;
Слайд 11 Гинекологиялық ауруларды ерте анықтау, науқастарды уақтылы амбулаториялық зерттеу және емдеу;
стационарлық емдеуді қажет ететін гинекологиялық науқастарды анықтау, оларды емдеуге жатқызу
үшін дайындау;
гинекологиялық науқастарды диспансеризациялау (диспансеризациялау тиісті контингенттерді уақтылы есепке алу, емдеу және сауықтыру шараларын жүргізу);
қажетсіз жүктілікті болдырмау мақсатында ұрықтануға қарсы заманауи дәрілерді қолдану;
жүкті және гинекологиялық науқастарды зерттеу және емдеу басымдылығын қамтамасыз ету; перзентхана, жедел және шұғыл медициналық көмек станциялармен, емхананың соматикалық бөлімшелермен, сондай-ақ басқа емдеу-алдын алу мекемелермен (туберкулезге қарсы, тері-венерологиялық, онкологиялық және т.б. диспансерлермен) жүйелік байланысты қамтамасыз ету;
Слайд 12
Қазіргі уақытта жалпы тәжірибелік дәрігердің аясы кеңейе түсті және
біздің мемлекетте денсаулық сақтау жүйесін реформалау бірінші звеноға негізделеген. Біріншілік
денсаклық сақтау бағыты емдеуге аз шығын жұмсауға , науқастың талаптарын және қажеттіліктерін сапалы қызмет көрсетуге ыңғайланған.ЖТД жиі қоғамдық денсаулық сақтау жүйесіндегі профилактикалық медицинада және науқастардың өздігінен денсаулығын нығайту іс-шараларында қызмет атқарады.Әмбебап,қолжетімді,профилактика,нақты бір пациентке үздіксіз қызмет көрсетуге бағытталған.