Слайд 1С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті
Тақырыбы: Жыныс жолдарынан қан кету.
Орындаған: Ниязалиева Э
Тобы: 703-2
Факультеті: ВОП
Тексерген: Меделбекова М.Б
Слайд 2Гинекологиялық науқастарда іш қуысының жедел аурулары кенеттен басталады. Іш
қуысының жедел ауруларын дұрыс және өз уақытында диагностикалау – әйелдердәң
тек денсаулығын ғана емес, сондай – ақ өмірін де сақтап қалуда маңызы зор. Гинекологиядағы жедел жағдайлар – шұғыл көмек көрсетуді қажет етеді.
Слайд 3Гинекологиядағы жедел жағдайлар патогенезіне байланысты келесі негізгі топтарға бөлінеді:
Ішкі жыныс
мүшелерінен жедел қан кету.
Ішкі жыныс мүшелерінің қан айналымының кенеттен
бұзылысы.
Пиосальпинкстің (түтіктің іріңдеуі) немесе перитонит дамуына себеп болатын пиовардың (аналық бездердің абсцессі) жарылуы.
Слайд 4Жатырдан тыс жүктілік кезіндегі қан кетуде көрсетілетін жедел жәрдем:
Жатырдан
тыс жүктілік – физиологиялық ұрық жатыр қуысынан тыс жерлерде дамитын
жүктілік - жатыр түтігінде, рудиментарлы жатыр мүйізінде, аналық мүйізінде, құрсақ қуысында.
Слайд 5Жатырдан тыс жүктілікпен науқастар шұғыл дәрігерлік көмекті қажет етеді. Емдеудің
кез келген кідіруі өлімге алып келуі мүмкін. Жатырдан тыс жүктіліктің
жалғыз емдеу әдісі шұғыл операция болып табылады, сондықтан науқас көп салалы аурухананың гинекологиялық бөлімшесіне жеткізіліп, тікелей кезекші гинекологқа тапсырылуы қажет. Құрсақ ішілік қан кету симптомдары болса науқасты мүмкіндігінше қабылдау бөлімінде ұстамай, тезірек жақын арадағы гинекологиялық ауруханаға жатқызу қажет.
Слайд 6
Жатырдан тыс жүктілік кезіндегі болжамды екі емдік шаралар анықтайды:
Қан кетуді тоқтату
Шұғыл қан жоғалтуды қалпына келтіру
Сондықтан
ауруханалық емнің негізгі әдісіне сәйкес операция көлемін таңдап(тубэктомия, түтік резекциясы, түтік пластикасы) тілім жасау мен қанның реинфузиясы, шокқа қарсы ерітінділер, эритроцитарлы масса енгізу арқылы трансфузионды – инфузиялық терапия жүргізу болып табылады.
Слайд 7 Ерте мезгілде жүктілікті үзу
Бұл қан кетудің жиі себебінің бірі.Көбінесе
ерте кезеңінде тектік және гормоналды, кейде соматикалық аурулар, уланулар себеп
болуы мүмкін.
Слайд 8Ауруханадан тыс түсіктің келесі клиникалық сатылары ажыратылады:
Қауіпті өздігінен түсік
Басталған
түсік
Жүрістегі түсік
Толық емес түсік
Толық түсік
Слайд 9Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы:
Түсіктің барлық түрінде науқасты жедел
перзентханаға жатқызу. Клиникалық көрінісінің айқындылығына байланысты науқасты көлікке дейін жаяу,
егер қан қатты кетіп жатса, зеңбілмен тасымалдау қажет. Осындай науқасты әкеле жатқаны жөнінде перзентхана қызметкерлеріне, әсіресе кезекші дәрігерге хабар беру керек.
Слайд 10Түсікке байланысты жатырдан қан кету диагнозы анамнез (етеккір тоқталуы), екі
саусақты тексеру (мерзімі 12 апталық жүктілік) немесе қасаға беткейлі ішастар
қабырғасы арқылы жатырды пальпациялау әдісімен қойылады. 11-12 апталық жүктілікте жатыр түбі қасаға сүйектің жоғарғы шеті деңгейінде, 13-14 апталық қасаға сүйектен жоғары анықталады. Асқынбаған түсікте жатыр ауырсынусыз, жанама қабыну үрдістерінде ауырсыну пайда болады, қатқылданады. Жүктілікке диагноз қойғаннан кейін түсік сатысын және сипатын ажырату қажет.
Слайд 11Қауіпті және басталған түсікте 25%-10-15 мл магний сульфаты ерітіндісін енгізуге
болады(жатыр бұлшықетінің жоғары тонусын басады). Толық емес түсік пен жүрістегі
түсікте қан тоқтату мақсатында көктамырға 10%-10 мл 3 мл глюкоза ерітіндісінде), 250-500 мл дицинон енгізуге болады.
Слайд 12Етеккір циклінің бұзылуы
Ациклдық жатырдан қан кету (метроррагия) – жатырдан дисфункционалды
қан кетулер – етеккір 1,5-6 ай келмегеннен кейін басталады.
ДЖҚ –
жүктілікке, жыныс мүшелерінің органикалық немесе қабыну ауруларына, жалпы организмнің жүйелік, гемостаз немесе бауыр ауруларына байланысты емес, гипоталамо-гипофизарлы-аналық бездер жүйесіндегі функционалдық өзгерістерге байланысты жыныстық гормондардың ретті секрециясының өзгеруімен сипатталатын қан кетулер.
Слайд 13ДЖҚ кезінде:
Қан кетуді тоқтату (гемостаз), гемостаз жүйесіндегі екіншілік бұзылыстарды емдеу.
Қан
кетудің рецидивтерін алдын алу.
Хирургиялық ем (абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштер)
ДЖҚ
кезінде ем науқастың жасына, аурудың ұзақтығына және гормональды статусына және жатырдың шырышты қабатының жағдайына байланысты болады.
Слайд 14Жатыр мойны мен денесінің қатерлі ісігі
Жатыр рагі - әйел
жыныс ағзаларының кең таралған қатерлі ісігі.
Жатырдың рагі 2-ге бөлінеді:
Жатыр
денесінің рагі
Жатыр мойнының рагі
Слайд 15Жатыр денесінің рагі
Гормонға тәуелді қатерлі ісік. Көп жағдайда жатыр денесінің
рагі әйелдерде менопауза кезеңінде дамиды. 40 жасқа дейін кездесуі сирек.
Қауіп
қатер топтары: семіздік, диабет, гипертониялық ауру, аналық бездердің гормондық қызметінің бұзылысы.
Слайд 16Ісік дамуын 4 сатыда қарастырады:
1 саты.Ісік жатыр денесінде орналасады.
2саты.Жатыр денесі
мен мойнының зақымдануы
3саты.Жатыр маңы аймақтарға таралады.
4саты.Ісіктің жамбас қуысына, несеп қуыққа,
тік ішекке таралуы.
Слайд 17Жатыр денесі қатерлі ісігінің негізгі симптомы – қынаптық қан кету
болып табылады.Аурудың соңғы сатысында белде, жамбаста, іштің төменгі бөлігінде кездесетін
ауру сезімі байқалады.
Диагностикада кольпоскопия, биопсия, цитологиялық зерттеу жүргізіледі.
Слайд 18Жатыр мойны рагі
Жатыр мойны эпителий клеткаларынан дамитын қатерлі ісік. Көбіне
35-55 жас аралығындағы әйелдерде кездеседі.
Қауіп қатер факторлары:жыныстық қатынасқа ерте түсу,
зиянды әдеттер, радиация, химиялық канцерогендер әсері, жыныс жолдары арқылы берілетін инфекциялық вирустар(герпес, папиллома).
Слайд 19Аналық без апоплексиясы
Бұл патология аналық бездің бүтіндігінің бұзылуы салдарынан болады.
Шұғыл
көмек дәрігерінің тактикасы аналық без апоплексиясының дұрыс диагнозын қою емес,
құрсақ ішілік қан кету белгілері мен жедел ауыру синдромын анықтау болып табылады: барлық жағдайда науқастарды көп салалы аурухананың гинекологиялық бөлімшесіне зеңбіл арқылы, науқас жағдайы мен мүмкіндігіне байланысты қабылдау бөлімінде кідірмей, тікелей кезекші дәрігерге тапсыру қажет.
Слайд 20Емі
Оперативті – аналық без жарылуын тігу, резекциялау.
Слайд 21Қолданылған әдебиеттер:
Қ.М.Тұрланов., С.А.Қалқабаева. “Жедел медициналық жәрдем”. – Алматы: 361-364 беттер
Раисова
А.Т., Нұрқасымова Р.Ғ. “Акушерия және гинекология”. –Алматы – 2006.256бет.
www.google.kz