Слайд 1Тақырыбы:
Ойын түрлерінің топтары
Слайд 3ОЙЫН ТҮРЛЕРІ
1. Іскерлік ойын
2. Дидактикалық ойын
3.Рөлдік-мазмұндық ойын
4.Жаңа таныс»ойыны
5. Сюжеттік ойын
6.
Е.С. Слеповичтің «Сюжеттік-ойын» әдістемесі
7. Жаттығулар мен спорттық ойындар
Слайд 5
1. Іскерлік ойын
Іскерлік ойындарды педагогтың кәсіби шеберлігін дамытуда, құзырлылығын анықтауда
пайдалану арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болатынын күнделікті тәжірибенің өзі
дәлелдеуде. Іскерлік ойындардың өзі бірнеше топқа бөлінеді. Олар: иммитациялық, операциялық, рөлдерді орындау, іскерлік театр, психо және социодрамалар.
Слайд 7 2. Дидактикалық ойын
Педагогикада дидактикалық ойындарға былай анықтама
беріледі: дидактикалық ойындар дегеніміз – балаларға белгілі бір білім беріп,
іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс - әрекет. (1) Ендеше, бұл ойындар оқытуға арналған.
Бала ерте жастан – ақ қоршаған ортамен танысады. Ол адамдармен, жануарлармен, әртүрлі заттармен қарым – қатынасқа түсіп, олардың ерекшеліктері мен қасиет – сапалары туралы мағлұматтар алады. Бірақ, бала тек өзінің тәжірибесіне сүйеніп оқыса, оның білімі нақты болмайтыны сөзсіз. Сондықтан білімді пысықтау, бекіту үшін дидактикалық ойындар пайдаланылады.
Дидактикалық ойындардың басқа ойындардан ерекшелігі, оның негізгі мақсаты – баланы оқыту, олардың ойлау қабілеттерін жаттықтыру және дамыту, игі қасиеттерді тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындардың мазмұны – қандай да болмасын ақыл – ой міндеттерін жүзеге асыру. Ережені орындау ойды, қиялды, есті дамытуға ықпал етеді. Дидактикалық ойын арқылы дүниені тану басқаша түрге ие болады, ол күнделікті оқуға ұқсамайды, мұнда қиял – ғажайып та, жауапты өз бетінше іздеу де, белгілі болмыс пен құбылысқа жаңаша көзқарас та, білімді толықтыру мен кеңейту де,жекеленген құбылыстар арасында өзара байланысты, ұқсастықты және айырмашылықты тағайындау да бар. Ал ең бастысы, оқушыларды еш қинамай, өздерінің қалауы бойынша дидактикалық ойын арқылы оқу материалын әртүрлі тұрғыдан бірнеше рет қайталауға мүмкіндік туады. Сонымен бірге дидактикалық ойын өзара жарыстыру мүмкіндігін туғызып, оқушыларға білімдерін әртүрлі жағдайда қолдануға негіз береді.
Слайд 93.Рөлдік-мазмұндық ойын
Қоғам дамуының осы сатысында ойынның жаңа түрі — рольдік
ойын пайда болады. Бұл ойын арқылы балалар өздерінің негізгі әлеуметтік
қажеттілігін - үлкендермен бірге өмір сүруге ұмтылысын қанағаттандырады, өйткені бұл қажеттілік олардың еңбегіне қатысудың негізінде қанағаттандырылуы мүмкін емес. Өзімен-өзі жүрген балалар өзара бірігіп, қоғамдасып, үлкендердің әлеуметтік қатынасы мен еңбек іс-әрекеттерінің негізгі белгілерін қайталайтын ойын ұйымдастырып, өздері үлкендердің ролін орындауды алады. Сөйтіп, өндіріс пен өндірістік қатынастардың күрделіленуіне байланысты баланың қоғамдағы ерекше орнына олардың үлкендермен ортақ өмірінің ерекше формасы ретінде біреудің ролін ойнау пайда болады.
Рольдік ойында заттың іс-әрекеттерді жаңғырту екінші кезекке ығысады да, қоғамдық қатынастар мен еңбек функциясын жаңғырту бірінші кезекке шығады. Сол арқылы баланың үлкендермен байланыс жасауы мен ортақ өмірінің қоғам мүшесі ретіндегі негізі қажеттілігі қанағаттандырылады.
Рольдік ойынның алғышарттары ерте балалық шақ бойына заттық іс-әрекетте пайда болады. Олар заттың ерекше тегінің— ойыншықтардың іс-әрекеттерін игеруден тұрады. Ерте балалық шақтың өзінде-ақ балалар үлкендермен бірлесе қимыл жасап, ойыншықтарды ұстап-тұрудың кейбір әдістерін үйренеді, ал кейінірек оны өздігінен атқаратын болады. Мұндай іс-әрекеттерді, әдетте, ойын деп атайды, бірақ дәл мына жағдайда осылайша тек шартты түрде ғана айтылуы мүмкін.
Сәбилік шақтағы балалар ойындарында кең жайылған рольдер болмаса да рольдері бар ойындардың біртіндеп қалыптасуына алғышарттардың барын байқауға болады. Ойында заттардың баламасының пайда болуына байланысты балалар белгілі бір кісінің (мамасының, тәрбиешісінің, күтушісінің, дәрігердің, шаштараздың) іс-әрекеттерін бейнелей бастайды.
Рольдік ойын элементтері сәбилік шақта пайда болып, дами бастайтындығын біз айтып өткенбіз. Рольді ойындарда балалар үлкендермен бірге болуға тырысып, ерекше ойын түрінде ересектердің өзара қарым-қатынастары мен еңбектегі қызметін еске түсіреді.
Слайд 114.Жаңа таныс»ойыны
Сіз абитурентсіз.Сіздің қолыңызда емтиханға қажетті кітап болмай тұр.Сіз оны
бейтаныс замандасыңыздың қолыннан кордіңіз.Енді осы сәтті пайдаланып сол кісімен танысыңыз.Кітабын
сұрай отырып,әңгіме арасында тілдік әдеп формулаларын пайдалануыңызға болады.
Айналасындағыларға қатысты міндеттер — баланың өз басына алған рольді орындау қажет екендігін сезгендігі. Өзге балалар одан өзіне алған ролін дұрыс орындауды күтеді және талап етеді. Мысалы, сатып алушының ролінде бала өзінің алғандары үшін ақша төлемей кетуге болмайтындығын түсінеді. Дәрігердің ролі оны шыдамды болуға және ауруға талап қоя білу және тағы басқаға да міндеттейді. Міндеттерді орындай отырып, бала ойынға қатысушылардық ролін орындайтын басқалардың да праволарына ие болады. Мәселен, сатып алушының роліндегі бала өзіне ойыншықтар сөресінде бар кез келген товарды жіберуді талап етуге және басқа сатып алушыларға жасалатындай қатынасты талап етуге правосы бар. Дәрігер-өзіне құрмет пен сенімділік қарым-қатынасты, өзі берген нұсқауларды емдеушілердің орындауларын талап етуге правосы бар. Сюжетті ойынның мәні рольді орындаушының өзіне қойылған міндеттерді орындауы мен ойынға қатысушы өзгелерге де қатысты праволарды іске асыру болып табылады
Слайд 12
5. Сюжеттік ойын
Балалар өздерінің рольді ойындарында айналасындағы шындықтың көп жақтылығын
көрсетеді. Олар үй тұрмысынан, үлкендердің еңбектегі іс-әрекеті мен олардың еңбектегі
қарым-қатынастарынан көріністер көрсетіп, замана оқиғаларын (космостық ұшулар, арктикалық экспедициялар) және басқаларды бейнелейді. Балалар ойындарында көрсетілетін шындық рольді ойындардың сюжеті болады. Балалар араласатын өмір ауқымы неғұрлым кең болса, ойын сюжеті де соғұрлым кең де сан алуан келеді. Сондықтан да, мектепке дейінгі кішкентайлардың ойын сюжеттері шағын, ал мектепке дейінгі ересектердің ойын сюжеттері өте сан алуан. Бес-алты жастағы балалар қонақтар, қызы мен анасы, балабақша ойындарын ғана емес, колхоз әмірі, көпір салу, космос кораблін ұшыру сияқты ойындарды да ойнайды.
Ойын сюжетінің әр алуандылығы артқан сайын ойын уақытының ұзақтығы да артады. Мәселен, үш-төрт жастағы балалар ойынының ұзақтығы бар болғаны 10-15 минут болса, төрт-бес жаста балалар ойынының ұзақтығы 40-45 минутқа, мектепке дейінгі ересектерінің ойыны бірнеше сағатқа, кейде тіпті бірнеше күнге созыла береді.
Балалар ойынының кейбір сюжеттері мектепке дейінгі кішкентайларда да, ересектерінде де қызы мен анасы, балабақша ойындары кездеседі. Бірақ ойын сюжеттері мектепке дейінгі жастағы балалардың бәріне ортақ болғанымен ойындардын ойналу сипаты түрліше: бір тақырып төңірегінің өзінде мектепке дейінгі ересектер ойыны кішкентайлар ойынына қарағанда анағұрлым алуан түрлі. Әрбір жасқа ортақ сюжет төңірегінде болмысты түрлі жақтарынан көрсете білу тән. Мәселен, челюскиншілер болып ойнауда балалар дамуының түрлі сатыларын байқауға болады. Сәбилер үшін бұл ойынның ең түйінді жері— мұзжарғышпен жүзу. Жас сатысы жоғары болғанда бірінші орынға полярлық эпопеяға қатысушылардың сыртқы әлеуметтік қарым-қатынастары мен әлеуметтік сатысы (кімнің жолы үлкен), капитанның, машинистің, радистің тағы басқаларының мінез-құлық ережелері шығады. Ақырында, моральдық, асқақ сезім түріндегі ішкі әлеуметтік қарым-қатынастардың бәрі өзекті мәселеге айналады. Ұқсас ойындарды балалар кез келген жаста ойнай береді, бірақ түрліше ойнайды.
Слайд 14Е.С. Слеповичтің «Сюжеттік-ойын» әдістемесі
Мақсаты: Баланың өз іс-әрекетін ұйымдастыра білуін анықтау.
Әдістеме
арнайы іріктелген топта жүргізілген. Балаларды алдын-ала дайындалған бөлмеге алып барған.
Онда келесі тақырыптарға сай ойыншықтар дайындалған: «Емхана», «Дүкен», «Отбасы», «Құрылыс». Әдістеме психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілген.
Е.С.Слепович және оның шәкірттері жүргізген әдістемеде анықталғандай, қарастырылып отырған топтағы балалар өздігінен ойын бастамайды. Олар кейде ойыншықтарды алып, оларды қарап заттық-ойындық іс-әрекеттеттер жасаған. Не істеп жатырсыңдар деген сұраққа,
олар: «машинаны жүргізіп жатырмын», «қуыршақты киіндіремін» деп жауап берген. Тағы бір жағдайларда балалар іс-әрекеттерді өздерінің қиялынан шығаратыны байқалған. Егер эксперимент жүргізуші ойын шартын ұсынбай жатып, ойынды бастауға итермелесе бұрынғы көрсеткіштер қайталанып отырды, яғни өздігінен ойын бастамады. Алайда, уақыт өте келе ойынды ұйымдастыруға деген талап арта түсті. Сонымен бірге топтың бір бөлігі ауыр түрдегі ПДТ балалар ойын бастауға ықыласы болмай, бөлме ішінде жүгіріп жүрді немесе басқа іспен айналысты. Кейде үлкен адам ойынның нақты тақырыбын берсе де, балалардың тек жартысы ғана ұсынылған ойынның шарты бойынша ойынды бастаған. Сонымен қатар жан-жағына қарап қасындағы баланың немен айналысып жатқанымен жұмысы болмады. Қарастырылып отырған топтағы мектепке дейінгі балаларда ойыншықтарға деген көзқарасы өзгеше. Эмоционалды қатынасының төмендігі сүйікті ойыншығының болмауынан байқалады. Бұл жағдай зерттеу жүргізгеннен ғана емес, ата-аналарымен сұхбаттан кейін де мәлім болды. Олардың айтуы бойынша, балаларының белгілі, ұнататын ойыншығы жоқ.
Бұл әдістемені жүргізу барысында балалардың қоршаған орта туралы білімін, үлкендердің іс-әрекеті туралы білімін, адамдар арасындағы қарым-қатынасты түсінуін, жинаған білімін ойын шартында қолдана білуін, өз ролін түсініп және басқалармен қатынас жасауын байқаған. Ойында сонымен қатар, балалардың өз әрекеттеріне және құрбыларының әрекеттеріне эмоционалдық қатынасы байқалған.
Психикалық дамуы тежелген балалардың ойыны жайында жалпы айтсақ: оларға бірқалыптылық, шығармашылықсыздық, жеткіліксіз эмоция тән. Қалыпты дамудағы балаларда 6 жаста сюжеттік ойын өзінің даму шыңына қол жеткізеді. Ал, қарастырылып отырған ПДТ балаларда ойыншылардың өз міндеттерін дұрыс бөлмеуімен, ойын ережелерінің сақталмауымен ерекшеленеді. Мұндай ерекшеліктер қалыпты дамудағы мектепке дейінгі жастағы балаларға тән.
Слайд 157. Жаттығулар мен спорттық ойындар
Бұл кезеңнің ерекшеленетін себебі: Бала алғаш
рет мектеп табалдырығын аттайды, сабақтардан тез шаршайды, бұрынғыдай қимылдай бермейтін
болады. Өйткені бұған дейін балалар үнемі қозғалыста болады, ойнайды, жүгіреді, ертеден ұйқыға жатқанға дейін 6 сағаттан аса қозғалыста болады. Ал мектеп табалдырығын аттағаннан кейін жүріс-тұрысы, қозғалысы таза ауада болатын уақыты әлде қайда азаяды, тіпті ұйқысы да бұзылады. Бұл олардың ден саулығының қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Зерттеулер көрсеткендей мектеп оқушыларының 80 пайызының организмінде ақау болатыны - осының дәлелі. Әрине аптасына 3-ақ рет болатын дене шынықтыру сабағы организмнің күнделікті қозғалыс қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Мектеп табалдырығын аттаған 1 – сынып оқушысы мектеппен қалай танысса дене шынықтыру сабағымен де солай танысуы керек . Ал мектептегі жалпы дене шынықтыру, сауықтыру жұмыстарының басқа пәндермен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушылар спорт залға, алаңға арнайы спорттық киіммен ғана шығуы тиіс десек, бұл – оларға қойылатын алғашқы талап. Бастауыш сыныптарда оқушыларға дене шынықтыру пәні бойынша теориялық білім мен практикалық дағдылар меңгеріледі. Сауықтыру шаралары ағзадағы физиологиялық өзгерістерді жақсартумен денені шынықтыруды көздейді. Бұған таң ертеңгі бой жазу жаттығулары, сабақ үстінде өткізілетін сергіту сәттері, үзіліс күні жасалатын жаттығулар мен ойналатын ойындар, сабақтан тыс уақыттағы ойындар мен жаттығулар жатады. Таң ертеңгі бой жазу жаттығулары оқушылар дене шынықтыру сабығында орындап, үйреніп, оларды үйде өз беттерімен қайталап жаттығады. Бұған оқулықтағы жалпы дамыту жаттығуларымен мұғалімнің өз қалауы бойынша іріктеп алынған жаттығуларды пайдаланады. Бой жазу жаттығулары музыка ырғағымен неше түрлі спорт құралдарын қолданып өткізсе оның құндылығы арта түседі. Қазір мектептердің көбінде үзіліс кезінде таза ауаға шығып бой жазып сергуіне мүмкіндік бола бермейді. Сондықтан оқушылар үзілісте азда болса ойнап, жаттығулар орындау арқылы, өздеріне керекті қимыл қозғалыстар жасау мақсаты үшін оқулықта шағын ғана орынды қажет ететін ойындар көрсетілген.