мың жылға жуық тарихы бар. Ол ертедегі Грецияда б.д.д. VI
ғасырда пайда болып, Рим империясы құлағанға дейін (б.д. V ғ.) өмір сүрді.Әлемнің рационалдық ұғымын бейнелеу, өзін-өзі көрсетудің рухани жаңа тәсілін қалыптастыру антика философиясында өзіндік ерекшелігін тапты. Бұл философияға ежелгі Шығыс мәдениеті, білімі тікелей әсерін тигізді. Бұл әсерді ғылыми-практикалық білімдер жүйесінен (астрономия, геометрия, математика) көреміз.
Оның өзіндік ерекшелігі космоцентристік, яғни «ғарыш» пен «табиғатты» ой елегінен өткізуге бағытталғанында. Антика ойшылдары шығармаларында адам санасы мен жаны табиғаттың бөлінбес бөлігі есебінде қарастырылып, ерекше орын алады.
Ежелгі грек философиясы дамуын төмендегі сатылармен ерекшелеуге болады:
1- кезең: СОКРАТҚА ДЕЙІНГІ (б.з.д 7-5 ғғ.)
2- кезең: КЛАССИКАЛЫҚ (б.з.д. 5 – 4 ғғ. )
3 – кезең: ЭЛЛИНИСТІК (б.з.д. 4 – 2 ғғ. )
4 – кезең: РИМДІК (б.з.д 1 ғ. – б.ғ. 5)