Слайд 1
Тақырыбы: Қазақстан жаңа дәуірде. (ХҮШ – ХХ ғ басы). ХҮШ
ғ. І – ширегіндегі Қазақстан. Қазақ – Жоңғар соғыстары.
Слайд 2Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Жоңғар мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне шапқыншылығы.
2.Қазақ халқының
жоңғар басқыншылығына
қарсы күресі.
3.Жоңғар мемлекетінің күйреуі.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Слайд 3 Кіріспе
XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында
Қазақ хандығы ішкі-сыртқы аса ауыр жағдайға душар болды. Алтайдан Атырауға
дейінгі байтақ даланы алып жатқан қазақ халқы жерінің географиялық ерекшелігіне қарай үш жүзге бөлініп өмір сүрді. Қазақ хандығында үстемдік еткен әскери-федалдық шонжарлар арасында ішкі тартыс күшейе түсті. Сонымен қатар бұл мезгілде қазақ-жоңғар қатынасы мейлінше шиеленісіп, қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасады.
Слайд 4 1635 жылы Монғол мемлекетінің 2-ге бөлінуінен
Жоңғар мемлекеті құрылды.Басшысы Батур Хунтайшы болды (1635-1653).
Қазақтар мен ойраттар арасындағы жайылым жер үшін күрес XV ғ. бастап басталды.
Слайд 5Жан –жақты әскери дайындығы бар жоңғарлар 1710-1711 ж.ж. қазақ жеріне
басып кіріп соғыс жүргізеді.
Олар 1717 ж. жазда
Аягөз өзені жағасында қазақтардың 30 мың жасағын талқандады.
Слайд 6XVII-XVIII ғ. мемлекеттің териториялары
Слайд 7Қазақ хандығының территориясы
1643 ж. Жазында қазақ қолын Жәңгір мен Жоңғар
қолын басқарған Батыр қонтайшы арасында Орбұлақ шайқасы өтті. Осы шайқаста бар жоғы 600 қазақ қолы жоңғардың 50 мың қолына төтеп берді. Орбұлақ шайқасында Жәңгір мылтықпен қаруланған 300 адамды тау ішіндегі тар өзекке ор қазып бекінуге, ал екінші жартсын жоңғарлар тар өзектегі орға жеткеншетаудың арғы бетіне жасырына тұруға бұйырды. Оның ойлағаны айнымай келіп, Батыр қонтайшы қаймықпай қорғанған Ор-бекінісіне шабуыл жасайды, сол сәтте Жәңгір жауға ту сыртынан лап қойып, білтелі мылтықтарынан оқ жаудырды. Осы кезде Самарқаннан алшын жалаңтөс баһадүр 20 мың қолмен көмекке келіп, 10 иыңнан аса адамынан айырылып күйрей жеңілген жоңғарлар кейін шегінді.
Слайд 9 Жоңғар феодалдарының қазақтарға шапқыншылығы
Цеван-Рабдан қонтайшы(1697-1727) билік еткен кезеңде күшейді. 1723 ж. ерте көктемде
жоңғарлар қазақ жеріне жойқын шапқыншылық жасады. Жоңғарлар Ұлы жүзді қырып жойып, Орта жүз, Кіші жүз жерлеріне жетті. Халық басы ауған жаққа кетті. Ұлы жүз бен Орта жүздің қазақтары Самарқанд пен Ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз Хиуа мен Бұқараға ағылды. Босқындардың біразы Сырдың сол жағындағы Алакөл маңына топтасты. Қазақтардың жадында “Қайың сауған ақ тышқан жылы” болып айрықша қалған 1723 жылғы жұт та өзіндік роль атқарды. Халық бұл кезеңді “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” деп атады. Қожаберген жыраудың “Елім-ай” деген қасіретті әні осы кезден қалған.
Слайд 10 Әбілқайыр хан (Әбілқайыр Мұхамбет Ғази
Бахадүр хан;1693-1748) – 1718-1748 ж.ж. билік құрған Кіші жүз ханы.
1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты Бөгенбай батыр тағайындалды.
Слайд 11 1726 ж. Ордабасында үш жүздің
игі жақсыларының басын қосқан ұлы жиын болады. Осында үш жүздің
баласы бір бәтуәға келіп, жауға қарсы бірге аттану керек екендігін түсінеді. 1728 ж. Әбілқайыр бастаған Кіші жүз жасақтары Ырғыз уезінің оңтүстік шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында “Қара сиыр” деген жерде қалмақтарға қарсы ойсырата соққы берді. Бұл шайқас кейіннен “Қалмақ қырылған” соғысы деп аталды.
Слайд 12 1730 ж. көктемде Балқаш көлі
маңында тағы соғыс басталды. Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай сияқты батырлар бастаған
қазақ жасақтары жоңғарларға аяусыз соққы берді. Бұл кейін “Аңырақай” деп аталып кетті. Шуно Дабо бастаған қалмақтар Іле өзенінің бойымен шығысқа қарай қашуға мәжбүр болды.
Слайд 13 Абылай (Әбілмансұр, 1711-1771) – ұлы мемлекет
қайраткері, қолбасшы және дипломат. Абылайдың әскери қабілеттілігі, қолбасшылық қабілеті 30-40
жылдардардағы шайқастарда ерекше көрінеді. 1741-1742 ж.ж. аралығында жоңғарлардың қолында тұтқында болады.
Слайд 14 Жоңғарияның ханы Қалдан Серен
1745 жылы өліп, оның мұрагерлері таққа таласты. Осы кезден бастап
Қытайлардың Манчжурлік Цин империясы жоңғарларға шабуыл жасай бастайды. Ол алдымен Сыр бойындағы қалаларды азат етуге кірісті. Ол бұл жорықта қазақ әскерлерін үш топқа бөлді. Бірінші тобын Қанжығалы Бөгенбай мен Үмбетей жырау басқарды. Екінші қолын Жәнібек батыр басқарды.Үшінші негізгі қолды Абылайдың өзі басқарды. Бұл топта әйгілі батырлардан Қаракерей Қабанбай, Батыр Баян, Сырымбет, Малайсары, Жанұзақ болды. Нәтижесінде Қазақ әскерлері Жаңақорғанды, Шымкентті жаулардан тазартты
Слайд 15 1740 жылы Жоңғарияның өзінің ішінде
билік үшін күрес туып, (Қалдан Серен өлген соң) туысқандар арасында
дүбелең жағдай қалыптасты, Жоңғар елі әлсірей бастаған еді. Содан 1758 жылы оларды Қытай империясы жаулап алды да, Цин империясының құрамына кіреді.
Слайд 16Жоңғар шапқыншылығына қатысқан Қасабай батыр
Слайд 17 Қортынды:
Қазақ жері кең
байтақ әрі өте бай жер. Өзінің жер, суларымен ол көптеген
елдерді қызықтырды. Бірақ біз ұзақ жылдар бойы күресу нәтижесінде өзіміздің белсенділігімізді сақтап қалдық. Біз әлі де көптеген елдерді қызықтырудамыз, бірақ бес саусақты бірге жұмылдырсақ бізге қарсы ешкім тұра алмасы айдан анық.