Разделы презентаций


Тақырыбы: Күйістілер дикроцелиозы

Содержание

Жоспары:ҚоздырғышыӨсіп өнуіЭпизоотологиясыАурудың өрбуіСырт белгілеріӨлекседегі өзгерістерДиагнозыЕмдеуіСақтандыру шаралары

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Тақырыбы: Күйістілер дикроцелиозы
Орындаған: Базарбаева М
Топ: ВМ - 401
Қабылдаған:

қ.п.м.а Ахметова Г.Д

Тақырыбы: Күйістілер дикроцелиозыОрындаған: Базарбаева М Топ: ВМ - 401 Қабылдаған: қ.п.м.а Ахметова Г.Д

Слайд 2Жоспары:
Қоздырғышы
Өсіп өнуі
Эпизоотологиясы
Аурудың өрбуі
Сырт белгілері
Өлекседегі өзгерістер
Диагнозы
Емдеуі
Сақтандыру шаралары

Жоспары:ҚоздырғышыӨсіп өнуіЭпизоотологиясыАурудың өрбуіСырт белгілеріӨлекседегі өзгерістерДиагнозыЕмдеуіСақтандыру шаралары

Слайд 3

Кіріспе
Дикроцелиозбен үй және жабайы

жануарлардың көптеген түрлері, әсіресе күйіс малы және кеміргіштер ауырады. Адамға да дикроцелий құрттары өте қауіпті. Дикроцелиозға шалдыққан мал арықтап, ет - сүт, жүн өнімі төмендейді, кейде тіпті өлімге де ұшырайды. Зақымданған мал бауыры, әдетте тамаққа жарамсыз. Соpғыш құрттар бауырдың өт жолымен мен өт қалтасында тіршілік етеді.
Кіріспе   Дикроцелиозбен

Слайд 4Қоздырғышы
Dicrococoelium lanceatum (Stiles et Hassal,1896) ұзынша келген (

тұрқы 0,5 – 1,5 см) жіңішке, өте ұсақ, қандауыр (ланцет)

тәрізді құрттар. Бұл гельминттердің артқы жағы доғалдау, ал алдыңғы жағы сүйірлеу келеді. Денесінің алдыңғы бөлігінде көлемі біркелкі ауыз және құрсақ емізіктері сорғыштары орналасқан. Солардың қатарында, яғни құрсақ сорғышына жақын, қалақшаға ұқсас, екі еркек жыныс бездері жайғасқан. Дикроцелийдің қалған 2-3 бөлігіне жуығын, уақ қоңыр түсті жұмыртқаға толы жатыр алып жатады.
Қоздырғышы  Dicrococoelium lanceatum (Stiles et Hassal,1896) ұзынша келген ( тұрқы 0,5 – 1,5 см) жіңішке, өте

Слайд 5Dicrocoelium lanceatum құрылысы

1. Aуыз сорғышы
2. Жұтқыншақ
3. Қарын
4.

Жыныс тесігі
5. Құрсақ сорғышы
6. Аталық жыныс бездері
7. Жұмыртқалық
8. Ұрық

қабылдағышы
9. Аналық жыныс бездері
Dicrocoelium lanceatum құрылысы 1. Aуыз сорғышы2. Жұтқыншақ 3. Қарын 4. Жыныс тесігі5. Құрсақ сорғышы6. Аталық жыныс бездері7.

Слайд 7Дикроцелий құртының өсіп өнуі

Дикроцелий құртының өсіп өнуі

Слайд 9Дикроцелиоз малға тек өрісте ғана жұғады. Тау бөктерінде бидайық жусаны

мол жайылымда дикроцелийдің аралық иелері құрлық ұлулар, сондай ақ қосымша

иелері құмырсқалар жиі кездеседі. Дикроцелий жұмыртқалары ыстық суыққа өте төзімді. Ұлулар мен құмырсқа денесінде құрт ұрпақтары үш жылдай сақталады. Цисталар қар астында да өлмей қастап шыға алады. Қазақстанның барлық таулы, тау бөктерлі, әсіресе Оңт., Оңт. Шығ. Кең етек алған. Аурудың өршуі жаз және күз айларында айқын байқалады.

Эпизоотологиясы

Дикроцелиоз малға тек өрісте ғана жұғады. Тау бөктерінде бидайық жусаны мол жайылымда дикроцелийдің аралық иелері құрлық ұлулар,

Слайд 10 Аурудың өрбуі өт жолдарындағы, қалтасындағы дикроцелий құрттары

санына байланысты. Ауырған малда паренхиматоздық және интерстициалды гепатиттің белгілері байқалады.

Бауыр біртіндеп ісіне бастайды, өт жолдары қабынып, жараланады (цирроз). Мұның салдарынан ащы ішекке өт құйылмайды, асқорыту қызметі бұзылады: малдың іші өтеді, уланады. Саулықтардың туу нашарлап, басқа ауруларға қарсы тұру қабілеті төмендейді.
Аурудың өрбуі өт жолдарындағы, қалтасындағы дикроцелий құрттары санына байланысты. Ауырған малда паренхиматоздық және интерстициалды

Слайд 11
Клиникалық белгілері

Мал бауырындағы гельминт саны аз болса, ауру белгілері білінбейді,

Егер бауырда жүздеген, мыңдаған құрт болса, мал қатты ауырады және

дерт белгілері айқын көрінеді. Дикроцелиоз созылмалы түрде өрбиді, клиникалық белгілері көбінесе ересек қойларды байқалады. Мал жем шөпке қарамайды, өоңы төмендейді, арықтайды, тамағында, кеудесінде жалқаяқ ісік пайда болады, бауыр көлемі ұлғаяды, кейде іші өтеді, көзге көрінетін кіл. қабықтар ақсарғыштанады.

Клиникалық белгілеріМал бауырындағы гельминт саны аз болса, ауру белгілері білінбейді, Егер бауырда жүздеген, мыңдаған құрт болса, мал

Слайд 12Өлекседегі өзгерістер.
Дикроцелиозден өлген мал арық болады. Бауыр көлемі

үлкейіп, қабыршығы ақтаңдақтанады. Өт жолдары кеңейіп, жолақтанады. Өт қалтасы кернеген

қоңыр жасыл өтке және құрттарға толы.
Өлекседегі өзгерістер.  Дикроцелиозден өлген мал арық болады. Бауыр көлемі үлкейіп, қабыршығы ақтаңдақтанады. Өт жолдары кеңейіп, жолақтанады.

Слайд 13Инвазия
маусымдылығы
Диагноз қоюға жеткліксіз
Котельникоа пен Хренов, Демидов, Брез тұндыру әдістері

ИнвазиямаусымдылығыДиагноз қоюға жеткліксізКотельникоа пен Хренов, Демидов, Брез тұндыру әдістері

Слайд 14 Дикроцелий гельминтозын дәл анықтау үшін ең тиімдісі Брез әдісі.

Малдың тік ішегінен 5-10 г нәжіс алып, оны бірнеше

кіші стаканға бөліп, үстіне су қосып, шыны таяқшамен жақсылап араластырады, тұндырып, бетіндегі суын төгіп төгіп тастап, тұнбаны натрий сульфатының қаныққан ерітіндісімен әбден араластырады. Ерітіндіні меншікті салмағы 1,400 -1,415 – тең, сондықтан меншікті салмағы бұдан жеңіл паразит жұмыртқалары сұйық бетіне қалқып шығады. Дикроцелий жұмыртқалары өте уақ (көлемі 0,038 – 0,045*0,022 – 0,030 мм шамасында), кескіні сопақ, сыртқы қабықшасы қалың, қоңыр түсті келеді, ішінде қалыптасқан ұрпағы мирацидий бар.
Дикроцелий гельминтозын дәл анықтау үшін ең тиімдісі Брез әдісі.  Малдың тік ішегінен 5-10 г нәжіс

Слайд 15 Дикроцелиоздан өлген немесе лажсыз сойылған малға диагноз қою

онша қиын емес. Ол үшін өт қалтасы мойынының тұсынан бауырдың

ішкі бетін тереңдетіп көлденең кеседі, кесіктің ернеулерін саусақпен сәл қысып сығады, осы сәтте өт жолдарынан сорғыштар шыға бастайды. Кейде олар көріне қоймайды, сондықтан тексеруді жарығы мол жерде жасау керек. Құрттар табыла қоймаса, онда бауырды түбі ақ ыдысқа салып, бөлшектеп тіліп, қолмен ыдыратып езеді, сумен бірнеше дүркін шайып, кесектерін алып тастайды. Тұнба тазарған кезде шөккен дикроцелийлер оңай көрінеді.
Дикроцелиоздан өлген немесе лажсыз сойылған малға диагноз қою онша қиын емес. Ол үшін өт қалтасы

Слайд 16Емдеу.
Күйістілер дикроцелиозына қарсы бірнеше антигелминтиктер қолданылады:
Гексахлорпараксилол - қойға 0,6 г/кг,

ірі қараға 0,4 – 0,5 г/кг мөлшерінде, жеке жеке береді,

немесе тартылған жемге араластырып жегізеді. Әрбір дәрілеу аралығына 1 ай үзіліс жасайды.
Гексихол
5%-ды клозантелден тұратын препараттар (роленол, клозантекс) 1 мл 10 кг салмаққа бұлшық етке егіледі.
Сульфен
Фазинекс

Емдеу.Күйістілер дикроцелиозына қарсы бірнеше антигелминтиктер қолданылады:Гексахлорпараксилол - қойға 0,6 г/кг, ірі қараға 0,4 – 0,5 г/кг мөлшерінде,

Слайд 17Сақтандыру шаралары
Дегельминтизация шарасы:
Г.И.Диков, И.С.Дементьеревтің ұсыныстары бойынша Оңтүстікте желтоқсанда, наурызда, шілдеде
Орт.

Шығ. Қазақстанда шілдеде, ақпанда, тамызда жасаған дұрыс.
Малды құмырсқа илеуі

маңайына, әсіресе таңсәріде, сондай - ақ кешке қарай жаймаған жөн.
Аурудың алдын алудың тағы бір жолы сорғыштың аралық және қосымша иелерінің тұрақты мекен қоныстарын түбегейді өзгерту. Бұл үшін жайылымдағы тастарды теріп алып, өткен жылғы ескі шөппен қоса, тал томар шоғырларын өртеп жібереді, жерді жыртып, мәдени өсімдіктерді егеді. Өрістерді бауыраяқтыларды жою мақсатымен, ол жерге тауықтар жіберуге болады.
Сақтандыру шараларыДегельминтизация шарасы:Г.И.Диков, И.С.Дементьеревтің ұсыныстары бойынша Оңтүстікте желтоқсанда, наурызда, шілдедеОрт. Шығ. Қазақстанда шілдеде, ақпанда, тамызда жасаған дұрыс.

Слайд 18Қорытынды
Дикроцелиозбен үй және жабайы жануарлардың көптеген түрлері,

әсіресе күйіс малы және кеміргіштер ауырады. Адамға да дикроцелий құрттары

өте қауіпті. Дикроцелиозға шалдыққан мал арықтап, ет - сүт, жүн өнімі төмендейді, кейде тіпті өлімге де ұшырайды. Дикроцелиоз кездесетін шаруашылықта малды міндетті түрде дегельминтизациялап отыру керек. Малды құмырсқа илеуі маңайына, әсіресе таңсәріде, сондай ақ кешке қарай жаймаған жөн. Өрістегі бауыраяқтыларды жою мақсатымен, ол жерге тауықтар жіберуге болады.
Қорытынды   Дикроцелиозбен үй және жабайы жануарлардың көптеген түрлері, әсіресе күйіс малы және кеміргіштер ауырады. Адамға

Слайд 19Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Сабаншиев М.С. “Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары”: Оқулық.

Алматы: ЖШС РПБК “Дәуір’”, 2011. -480 бет, ISBN 978-601-217-180-8
Мухаметалин

Қ. Малдың паразит аурулары. - Алматы, Қайнар, 1973.
Абуладзе К.И. Паразитология и инвазионные болезни сельскохозяйственных животных. - М., ВО Агропромиздат, 1990.
Демидов Н.В., Гельминтозы животных . Справочник. – М., Агропромиздат, 1987.
Ғаламтор желілері (суреттер)

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:Сабаншиев М.С. “Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары”: Оқулық. Алматы: ЖШС РПБК “Дәуір’”, 2011. -480 бет,

Слайд 20Назарларыңызға рахмет!!!

Назарларыңызға  рахмет!!!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика