Слайд 1ТАҚЫРЫБЫ:
ҚР БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір
хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті
Орындаған: СТЭ-21 Имангереев Ш.
Е.
Тексерген: а.о . Аймукашева Ш.С
Орал – 2014 ж.
Слайд 2Бюджет жүйесі - экономикалық қатынастар мен заңдық нормаларға негізделген түрлі денгейдегі
бюджеттердің жиынтығы, сондай-ақ оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын
бақылау үдерісі. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай заң шығарушылық негіз, бюджеттік құжаттама нысаны, бірыңғай бюджеттік сыныптаманы (кіріс пен шығыстың міндетті бірыңғай топтамасын) қолдану, бюджеттердің төменгі деңгейінен келесі деңгейіне қажетті статистикалық және бюджеттік ақпарат беру, бірыңғай ақша жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі.
Слайд 3Бюджеттердің дербестігі меншікті кіріс көздерінің болуы және оның пайдаланылуын айқындау
құқығы арқылы қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің құрылымы екі
деңгейлі — республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттерден құралады. Бюджеттердің дербестігі меншікті кіріс көздерінің болуы және оның пайдаланылуын айқындау құқығы арқылы қамтамасыз етіледі. Барлық деңгейдегі бюджеттердің теңдестірілуі бюджет-қаржы саясатының қажетті шарты болып табылады.
Слайд 4 Қазақстан Республикасында әрбір деңгейдегі бюджеттердің кірістері оның салық, жергілікті өзін-өзі басқару,
жергілікті шаруашылық, бюджет жүйесі туралы заңдарына сәйкес құралады. Республикалық бюджет
пен жергілікті бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау тәртібі Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы" Заңымен (1.4.1999) және оған кейіннен енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар туралы заңдармен айқындалады.
Слайд 5Қазақстан Республикасының бюджет жүйесi экономикалық қатынастарға және тиiстi құқықтық нормаларға
негiзделген әртүрлi денгейдегi бюджеттердi қамтиды. Қазақстан Респубикасының бюджет жиынтығында мемлекеттiк
бюджеттi құрайтын респубикалық бюджетпен жергiлiктi бюджеттер дербес жұмыс iстейдi. Бюджет жүйесiнiң жұмыс iстеуi бюжеттердiң әртүрлi денгейiнiң өзара байланысына негiзделген және оларды әзiрлеу, қарау, бекiту, атқару, бақылау тәртiбiмен сондай-ақ респубикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етiледi.
Слайд 6Бюджеттiк процес мемлекеттiк кiрiстерi мен шығыстарын баланстайды, теңдестiредi. Бiрақ қазiргi
кезде барлық елдерде дерлiк мемлекеттiң шығыстары, оның кiрiстерi мен табыстарына
қарағанда тез өсуде. Оның себебептерi көп, олардың iшiндегi ең бастылары өмiрдiң сан түрлi салаларындағы мемлекет рөлiнiң үздiксiз артуы, оның экономикалық және әлеуметтiк қызметiнiң кеңеюi, мемлекет аппараттары көлемiнiң өсуi және тағы басқа себептер. Бюджеттiк шығындардың көбеюi салық түсiмдерiмен сәйкес келмейдi, сондықтан бюджеттiң тапшылығы үздiксiз өсiп, оның көлемi ұлғаяды. Бюджет тапшылығы барлық мемлекеттерде абсоллюттi мөлшерi бойынша да жалпы ұлттық өнiмнiң қатынасынан да артық көрiнедi.
Слайд 7Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау кезiнде бақыаудың мынандай үлгiлерi
пайдаланады:
сәйкестiктi бақылау – бақылац обьектiсi қызметiнiң Қазақстан Республикасы бюджет
заңдарының талаптарына сәйкестiк дәрежесiн бағалау;
қаржылық есептiлiктi бақылау- бақылау обьектiсiнiң қаржылық есептiлiктiлiктi жасауы мен беруiнiң дұрыстығын, негiздiлiгiн және уақтылығын бағалау;
тиiмдiлiктi бақылау – бақылау обьектiсiнiң бюджеттiк бағдарламаны оның паспортына сәйкес атқаруын бағалау.
Слайд 8Қазiргi кезде экономика тұрақтады. Ең алдымен, ол негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштердiң
тұрақтануы мен, iшкi жалпы өнiмнiң өсуiмен сипатталады. Өндiрiстiк өнiмнiң өсуi
де мұнайға дүниежүзiлiк бағаның өсуi де, салық жүйесiнiң бiр арнаға түсiрiлуiне ұйытқы болады. Бұрынғы кеңестiк елдер аумағында Қазақстан мен Ресейде iшкi өнiм өндiрiсiнiң көлемi бiртiндеп ұлғайып келедi. Қазақстан ТМД аумағында орташа айлық мөлшерi жағынан бiрiншi орынға шықты. Осы оң нышанды қалыптасқан жағдайлар жиынтығы жаңа Салық Кодексiн қабылдауға мүмкiндiк берiп отыр.
Слайд 9Салық кодексiнiң жобасын талқылау барысында Парламент депутаттары тарапынан әлеуметтiк салық
пен қосымша құн салығына байланысты ұсыныс көтергендi.Әлеуметтiк салық 26 пайыздан
-21 пайызға, қосымша құнға салынатын салық ставкасы 20 пайыздан 16 пайызға төмендетiлдi. Салықтық жүктеменi осылайша төмендету бiздiң елiмiзде реформаны жүзеге асырудан берi тұңыш рет қолданып отырғандығын айта кету керек.Әрине, бұл үлкен қадам. Өйткенi бұл кәсiпкерлiктi дамыту үшiн қажеттi жағдай жасауға көмектеседi. Кәсiпкерлiктi қодап оларға жағдай жасасақ бюджетке түсетiн түсiмде ұлғаяды.Әлеуметтiк салық ставкасын төмендету еңбек ақы мөлшерiне де оңтайлы ықпал жасайды.
Слайд 10Бюджет жүйесін жетілдіру.
Орта мерзімді перспективада бюджеттің теңгерімділігіне мұнай емес түсімдердің
есебінен біртіндеп көшу саясаты жалғасатын болады, ол мемлекеттің ағымдағы шығыстарын
мұнай секторынан түсетін түсімдердің көлеміне қарамастан оңтайлы деңгейде қолдауды білдіреді.
2009 жылы Бюджет кодексіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мұнай және мұнай емес кірістердің ара жігін нақты ажыратуға мүмкіндік береді.
Слайд 11Ұлттық қорға жіберілетін түсімдер өнімді бөлу туралы келісім-шарт бойынша қызметін
жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдерімен және мұнай операцияларынан және
шикі мұнай мен газ конденсатынан түсетін басқа да түсімдермен, оның ішінде бұрын бюджеттік бюджеттік кіріс бөлігіне түскен мұнай келісім-шарттың талаптарын бұзудан түсетін түсімдермен толықтырылды.
Мемлекеттік бюджеттің шығыстарының ұлғаюы, оларың нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру жөніндегі шараларын қабылдауды талап етеді. Мемлекеттік бюджеттің шығыстары ұлғаюда, бұл 2002-2008 жылдар бойы жүргізіліп келген бюджет процесін (Бюджет кодексі, бюджеттік бағдарламалардың паспорттары, тиімділікті бағалау және т.б.) жетілдіру бір жағынан бюджет жүйесін ретке келтірді, екінші жағынан мемлекеттік органдардың жауапкершілігін шектеуге әкеп соқты және олардың мемлекет қаржысын басқару икемділіктерін тудырды. Қазіргі ережелер, нормалар мен нормативтер қиындықпен немесе бюджет қаражатын пайдаланудың нақты нәтижелілігін төмендету есебінен формальды түрде орындалуда.
Слайд 12Жолдауда келесі атқарылуға тиісті шаралар қарастырылған:
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың және арнаулы
мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерін 2008 жылдан бастап жыл сайын орта есеппен
9%-ға арттырып отыру;
сәби бір жасқа толғанға дейін күтіп-бағуға берілетін ай сайынғы жәрдемақыны 2010-2011 жылдары кезең-кезеңмен өсіруді, орта есеппен алғанда 2008 жылғы жәрдемақының мөлшерін 2,5 есеге арттыру;
бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен өсіру арқылы 2012 жылы 2 есе деңгейге, оның ішінде 2009 жылы – 25 %-ға, 2010 жылы — 25 %-ға, ал 2011 жылы 30%-ға арттыру қамтамасыз етілуі тиіс.
Слайд 13Аталған Жолдау барысында бюджетті жоспарлаудың үшжылдық жоспары көрсетілген. Жаңа үшжылдық
бюджет:
тұтас алғанда 2008 жылға қарағанда зейнетақылардың орташа мөлшері 2012 жылға
қарай 2,5 есе өсуі;
мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын кезең бойынша өсіріп отыру;
жаңа Салық Кодексі негізінде салықтық түсімдерді қадағалауды жетілдіру;
мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік арналымын кеңейту және осының негізінде халықтың әл-ауқатын жақсарту болып табылады.
Сонымен қатар Жолдауда нақты көрсетілгендей бюджеттің нәтижелігін арттыру қарастырылды. Оның негізі тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға арналмаған барлық шығындарды қысқарту керек. Орталықта нәтижелікке бағытталған бюджетті өмірге енгізу жөніндегі жұмыс қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмысты жергілікті жердегі дейгейде де дамыту керек. Яғни, тұрғындар өңірлік биліктің нақты қамқорлығын сезінуі тиіс.
Слайд 14ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, мемлекеттiк бюджет — араларындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке
алмағанда, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бiрiктiретiн, талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын
және бекiтуге жатпайтын жиынтық бюджет.
Қорыта келгенде, бюджет — мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Осы орталықтандырылған қаржылар арқылы мемлекеттік мақсатты кешенді бағдарламаларды қаржыландыруға, республикалық маңызды функцияларды орындауға, сондай-ақ қарулы күштер мен басқару органдарын ұстауға байланысты мемлекеттің шығыстарын қамтамасыз етуге арналады.