Слайд 1Тақырып 10. Экономиканың аграрлық секторын мемлекеттік реттеу
1. Ауылшаруашылығы
өндірісін мсмлекеттік реттеудің мәні. құрылымы мен механизмі
2.
Қазақстан Республикасының аграрлық сскторында кеңейтілген қайта жаңғыртуды қамтамасыз сту тэсілдсрі
3. Қазақстан ткономикасының аграрлық сскторындағы кеңейтілген қайта жаңғыртуды қамтамасыз сту тетіктері
Слайд 21. Ауылшаруашылығы өндірісін мсмлекеттік реттеудің мәні. құрылымы мен механизмі
Экономиканың аграрлық секторы - меншіктің эртүрлі формаларына жататын кәсіпорындардан
тұратын күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйе. Ауыл шаруа-шылығы капитал шығындайтын өндіріс болып табылады жэне кез келген инвес-тор әртүрлі қажеттілігі бар экономиканың бұл саласына өз қаражатын сала қоюға дайын емес.
Экономиканың аграрлық секторын дамытудағы мемлекеттік реттеудің мақсаты ауыл қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің қолайлы өмір сүру жағдайы бар ауылдық аумақтар әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы-ның қызмет етуі негізінде ішкі жэне сыртқы нарықты бәсекеге қабілетті сапалы тауарлармен қамтамасыз ететін орнықты жэне тиімді ауылшаруашылығын қалыптастыру болып та- былады.
Мақсат ауылшаруашылығын дамыту үдерісін қамтамасыз ететін келесі бағыттарды:
1) елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шаруалардың ұйымдық жэне шаруашылық әлеуетін анықтау үшін экономиканың аграрлық секторындағы институционалды қайта өзгерістерді;
2) нарықтық принциптердің артықшылығына жэне мемлекеттік реттеу мен қолдауға негізделген фермерлік, шаруа қожалықтары қызметінде нарықтық қаты-
Слайд 3настарды қалыптастыруды жэне қызмет ету механизмдерін істетуді;
3) шаруалардың
шаруашылық қызметінде ғылымның рөлін кү- шейту мен олардың мал дәрігерлік-санитарлық
және фитосани- тарлық қауіпсіздігі қамтамасыз етілуін;
4) шаруалардың сыртқы экономикалық қызметін экономикалық шаралармен қолдауды;
5) мемлекеттік билік органдарының әлеуметтік және кадрлық саясат саласында ауылдықтардың ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ ауылдарда халықты ұтымды қоныстандыру мақсатында жүргізетін мақсатты жұмысын айқындайды.
Ауыл шаруашылығындағы қайта өзгерістердің аталған бағыттарынан қарасты-рылып отырған экономикалық сектордағы мемлекеттік реттеудің мәні де айқындалады.
Қазақстан Республикасының 2005 ж. 8 шілдедегі «Агроөнркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңында мемлекеттік реттеу:
1) мемлекет іске асыратын шаралардың мөлдірлігі;
2) отандық агроөнеркәсіптік өндірістің бәсекеге қабілеттілік артықшылықта-рын дамыту үшін мемлекеттік қолдау шараларын беруде мақсатты сипатта болу;
3) ішкі нарықты адал емес бәсекелестіктен қорғау;
Слайд 4 4) агроөнеркэсіп кешені қызметінің жэне ауылдық елді мекендердегі
тұрғындардың экологиялық қауіпсіздігі жэне т.б. принциптерге сәйкес іске асырылатындығы туралы
айтылады.
Аграрлық саладағы мемлекеттік реттеудің экономикалық мәні оның келесі функцияларымен:
1) аграрлық салада нарықтық қатынастардың тиімді субъек- тілерін қалыптас-тыру - тиісті құқықтық базамен, ғылыми негіз- делген экономикалық, әкімшілік, ұйымдық формалары және кадрларды даярлау мен қайта даярлауды іске асыруға мүмкіндік беретін реттеу тетігі бар тиімді субъектілерін - нақты меншік иелерін, кәсіпкерлерді, менеджерлерді жэне т.б. қалыптастырумен;
2) ауылшаруашылығы өніміне орнықты сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру және қолдаумен айқындалады. Бүл бір жағынан халықтың негізгі тобының кірі-сін қалыптастыру және халықты еңбекпен қамту мәселесінің шешілуі болып табылады. Басқаша жағынан алғанда отандық жэне шетелдік капиталды тарту үдерісіне көмектесу, өндірістің рационалды мамандануын көтермелеу, өндіріске алдыңғы қатарлы ҒТП жетістіктерінің енгізілуі үшін жағдай туғызу болып табылады;
3) ауылшаруашылығы өніміне оған тұрақты ұсыныс пен сұранысты көтерме-лейтін бағалар жүйесін бақылау жэне қолдаумен, ауылшаруашылығы техникасын қамтамасыз ететін және сол өнімді өңдейтін монополиялық құрылымдардың жағымсыз ықпалын жоюмен;
Слайд 5 4) елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен, яғни халықтың
аштық жанжалының өршуін немесе ауылшаруашылығы өндірісіндегі экожүйенің дегра-дациясы мен экологиялық
қауіпсіздіктің төмендеуін туындататын жүйесіз немесе бақылаусыз ұлғаюды болғызбаумен айқындалады.
Егіншілікті дамыту саласындағы бүгінгі негізгі бағыттар: елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету; еңбек өнімділігін арттыру;
- өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығында өндірілген өнімнің сыртқы және ішкі нарықтағы бәсеке қабілеттілігін;
- аграрлық сектордағы экспорттық элеуетті ұлғайту болып та- былады.
Мал шаруашылығын дамытуда:
- өнімдік сапаға қол жеткізу үшін мал шаруашылығында селекция бағдарламасын іске асыру;
- етті түқымды мал санын арттыру;
- қайта жасақталған асыл тұқымдық сапаға жауап беретін жемшөп базасын жасау жөніндегі кешенді шараларды қолға алу;
- асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту арқылы еңбек өнімділігін арттыру сияқты негізгі бағыттарды атауға болады.
Экономиканың аграрлық секторының механизмі туралы айтылғандарды қорытындай келе келесі шаралады:
1) ауылшаруашылығы өндірісшілерінің кірісін,топырақтың,қүнарлылығын, мал шаруашылығының өсімдік шаруашылығының өнімділігін демейтін төлемдерді;
Слайд 6 2) өндірілетін тауарлардың нақты номенклатурасына мемлекет- тік тапсырыстарды
белгілеуді;
3) қуатпен қамтамасыз етуге, жылытуға, несиелерге, тэуекел- дерді
сақтандыруға және т.б. жеңілдіктер белгілеуді;
4) аймақтық деңгейде мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қаражат бөлуді;
5) ауылшаруашылығы өндірісінің болашақтағы тиімділігін арт- тыру үшін үзақ мерзімдік шараларға қаражат бөлуді атап көрсету керек.
6) «Агробизнес - 2020» бағдарламасының қабылдануымен ин- вестициялық субсидиялар, АӨК субъектілерінің займдарын сактандыру мен қаржы институт-тары алдында кепілдік беру, екінші деңгейдегі банктерді қорлармен қамтамасыз ету ендігі жаңа механизмдер болмақ.
Слайд 7 2. Қазақстан Республикасының аграрлық сскторында кеңейтілген қайта жаңғыртуды
қамтамасыз сту тэсілдсрі
Ауылшаруашылықтың экономикалық жүйесі ретімен байланысқан элементтерді
қамтиды. Әрбір сала мен оның аясы агро- өнеркәсіптік қайта жаңғыруда белгілі бір фазаның функцияла- рын атқарады. Осыған байланысты Ауылшаруашылықтың эрбір аясы құрылымы бір-біріне сәйкес өзінің алдындағы тізбек өнімін тұтынушы болады.
Біздің елде «КазАгро» АҚ ұлттық холдингі, «КазАгрофинанс» АҚ, «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры, «Азық- түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ ұлттық компаниясы жэне т.б. сияқты институционалды қүрылымдар жасақталған.
Үкіметтің қүзыреті ішінде техникалық саясаттың негізгі бағыттарын эзірлеу, жер қатынастарын реттеу, мемлекеттік ресурстарды басқаруды қамтамасыз ету, сондай- ақ басқа да шаралары бар 15 бағыт енеді.
Агроөнеркәсіп секторы саласындағы уэкілетті органның құзіреті ішінде:
- мемлекеттік салалық даму бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру;
- ветеринариялық қорғаныс пен өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік шараларды ұйымдастыру;
- нормативтік-құқықтық базаны;
- баға;
Слайд 8 - техникалық;
- салықтық жэне басқа да
қызыметтер мәселелері бойынша енгізу мен басқа да шаралар бар 21
бағыт енеді. Заңда төменгі сатыдағы билік органдарының кұзыреттері де жазылған.
ҚР Ұлттық қорының қаражаты есебінен агроөнеркәсіптік кешенді қолдау аясындағы жобаларды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету үшін ҚР Үкіметінің, Ұлттық банктің және АФ-нің экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары жұмыс істеді.
Келесі тәсілдерін енгізу және оларды дамыту жолымен ауылшаруашылығын қолдау жөніндегі стратегиялық бастаманы көтереді:
- мемлекет сервистік дайындау орталықтары;
- ұрық дайындау шаруашылықтары;
- агрохимиялық тексеру станциялары;
- жылыжайлар шаруашылығы желілері;
- көкөніс сақтау орындары;
- санитарлық-ветеринариялық қызметті;
- мал бордақылау алаңдарының желісі;
- малдан алынатын шикізатты дайындау;
- сақтау жэне бастапқы өңдеу жөніндегі инфрақұрылымды жасақтау;
- өңдеу қуаттарын модернизациялау;
Слайд 9 - суару жүйелерін қайта жөндеу және пайдалану сапасын
арттыру;
- тамшылатып суару.
Мал шаруашылығы мысалынан аграрлық
өндірісті мемлекеттік реттеу тетігі эр-түрлі екенін көруге болады: бұлар бағдарламаны жасаудан, яғни даму бағытын анықтаудан, субсидиялар, несиелер беру, несиелік ставканы төмендету арқылы қаржылай қолдаудан түрады. Ол үйымдық, институционалды жэне ауыл шаруашылығын қолдаудың басқа да түрлері болып табылады.
Слайд 10 3. Қазақстан ткономикасының аграрлық сскторындағы кеңейтілген қайта жаңғыртуды
қамтамасыз сту тетіктері
Қазақстан экономикасының аграрлық секторындағы кеңейтілген қайта
жаңғыр-туды қамтамасыз ету тетіктері:
1) ауылшаруашылығы техникасы мен технологиясының лизинг! арқылы несие-леуді дамыту, несиелік серіктестіктерді, микро- несиелеуді, сатып алуды, ауылша-руашылығы өнімдерін өндіруді, қайта өңдеуді, сатуды ұйымдастыру;
2) пайыздық ставкаларды арзандату арқылы аграрлық өндірісті субсидиялау;
3) сатып алу операциялары мен баға интервенциясын жүргізу;
4) ауылшаруашылығы тауарларының экспорты мен импортын реттеу;
5) техникалық жарақтандыруды реттеу;
6) аграриилерді ақпараттық маркетингтікпен қамтамасыз ету;
7) ғылыми, нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету мен кад- рларды даярлау;
8) инвестицияларды элеуметтік жэне инженерлік инфрақұры- лымды дамытуға жүмсау;
9) салықтық, бюджеттік, кедендік-тарифтік жэне техникалык реттеу шараларын қолдану;
10) ветеринариялық-санитарлық және фитосанитарлық (жайылымдық шөп санитариясы) қауіпсіздігін қамтамасыз ету Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарын дамытудағы мемлекеттік реттеу тетіктері болып табылады.
Слайд 11Қысқаша қорытындылар:
1. Қазақстан экономикасының аграрлық секторындағы уэкілетті орган
алғаш-қылардың бірі болып қоғамдық өндірістің осы саласындағы мемлекеттік реттеу туралы
ҚР заңын әзірледі, онда мақсаттары, міндеттері, принциптері, ықпал ету механизмдері мен тетіктері нақты да айқын көрсетілген.
2. Қазақстан ауылшаруашылығын дамытудың негізгі багыттары - елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасы ету, егін жэне мал шаруашылыгындагы өндірілген өнімнің ішкі жэне сыртқы на- рықтағы бәсекеге қабілеттілігі, экономиканың аграрлық секторы экспорттық элеуетін арттыру.
3. Мемлекеттік реттеу үшін тиісті құқықтық негіздер жасалып, басқару мен ықпал ету институттары құрылған, Қазақстанда егін жэне мал шаруашылығының жүмыс істеуі мен дамуы үшін қажетті инфрақұрылым жасалуда.
4. Агроөнеркәсіп кешенін жэне Қазақстанның ауылдық аумақ- тарын дамытудың мемлекеттік реттеу тетіктері эзірленген жэне ол пайдаланылуды.
Негізгі терминдер мен үғымдар:
• азық-түлік қауіпсіздігі
• ветеринариялық-санитарлық жэне фитосанитарлық қауіпсіздік
• агроөнеркэсіп кешені
• аграрлық сектордың экспорттық әлеуеті
Слайд 12 • субсидиялау
• сыйақы ставкасы
•
микронесиелеу
• шеберлік-жоба
Слайд 13Сүрақтар :
1. Сіздің көзқарасыңыз бойынша ауыл шаруашылығы өндірісін
қай бағытта дамыту керек? Бүл өнімнің тұтынушылары қай елдер болуы
мүмкін?
2. Ауылшаруашылықтың орнықты дамуы үшін мемлекеттік реттеу, мемлекеттік билік органдарының қаржылай, материалдық, ақпараттық жэне басқалай қолдауы не үшін қажет екенін тү- сіндіріңіз?
3. Сіздің көзқарасыңыз бойынша микронесиелеудің қазіргі заманғы жүйесі қаншалықты пәрменді? Егер сізге ауылшаруа- шылығы өндірісін несиелеу құқығы берілсе, оны қалай ұйым- дастырар едіңіз, нелерге көбірек назар аударар едіңіз?
4. Сіз жэне сіздің отбасы мүшелеріңіз ауылшаруашылығы өнімін тұтынасыз, сізді түтынушы ретінде бағаның жоғарылауынан бөлек не толғандырады, сіздің қажеттілігіңізді мемлекеттік жэне жергілікті билік деңгейінде реттеу үшін мемлекеттік билік органда- рына қандай ұсыныстар берер едіңіз?
5. Агроөнеркісіп кешенін мемлекеттік реттеу үшін жоғарыда аталған тетіктер жеткілікті ме, егер - олай болмаса, өндіруші, қайта өңдеуші және тұтынушы ретінде сіз не ұсынар едіңіз?
6. Біздің елде мемлекеттік азық-түлік корпорациясының моно- полиясы болуына негізделген түсінік беріңіз.