Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы конституциялық
заңдар мен заңдар қабылдайды, оның ішінде:
республикалық бюджетті бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды;
ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;
мемлекеттік наградаларды тағайындайды, ҚР құрметті, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін айқындайды;
мемлекеттік заемдар мен ҚР экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;
рақымшылық жасау мәселелерін шешеді;
ҚР халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшін жояды
2. Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі- Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы:
республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді талқылайды;
Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді.
Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы