Слайд 1Тексерген:Абдразакова Нургуль Асановна
Орындаған:Мұрат Айжан
Курс:2
Факультет:ЖМ13-27-01к
Тақырып:
Владимир Сергеевич
Соловьев
СРС
Слайд 3ЖОСПАР
1.Өмірбаяны
2.«Христиандық және христиандық саясат»
3. Идеясы
4.Шығармалары
5.Дүниетаным тұжырымдары
6.Адам,қоғам,тарих мәселелрі
7.Қорытынды
8.Пайдаланылған әдебиеттер
Слайд 4Өмірбаяны
1.Владимр Сергеевич Соловьев(1853-1900)-философ,ақын,публицист.Неміс классикалық философиясын,ғылыми эмпиризм мен христиандық дүние көзқарастары
біріктіріп,жаңа философиялық жүйе құраған.
Ілімінің негізі-Құдайды абсолюттібастама мен әлемдік дамудың мақсаты ретінде қарастырған біртұтастану идеясы.Әлемнің алғашқы бейнесін Құдайлық даналық-София кейпімен түсіндірген.
Слайд 5Римдік басқарудағы бүкіл әлемдік теократияны қолдады.Самодержавиелік Ресейдің қатысуымен теократияны ұйымдастыруда,оның
әлеуметтік құрылымында үш элементі көрсеткен:священиктер(құдайлық бөлік),князьдер мен бастықтар(белсенді адамдық бөлік),жердегі
халық (белсенді емес адамдық бөлік).Мұндай бөлу тарихи үрдістің қажеттілігінен туады және теократиялық қоғамның органикалық түрін құрайды.Халықты жеке басқарушылардың қажеттілігі бұқара халықтың белсенді емес мінез-құлқынан туындаған деп есептеген.
Слайд 62.Әлеуметтік христиандық және христиандық саясат тақырыбын талқылауда да өз үлесін
қосқан.В.С.Соловьев пікірінше,нағыз христиандық-қоғамдық болуы қажет,жеке адамдардың жандарын сақтаумен қатар әлеуметтік
белсенділікті,әлеуметтік реформаларды талап етеді.Саяси ұйым оның түсінігінде табиғи-адамзаттық іс,өмірге ағза тәрізді қажеттілік.Бұл жерде христиандық мемлекет пен христиандық саясаттың мәні аса зор деп көрсеткен.Мемлекеттің қорғау міндеттерінен басқа,христиандық мемлекеттің прогресшіл міндеті-өмір сүрудің жағдайларын жақарту.Нағыз үдемелі дамудың ережесі:мемлекеттің адамның ішкі дүниесін тарылтпауы.
Слайд 73.идеясы
В.Соловьев моральдық жан жақты жетілгендіктің үлгісі –Құдай,ол барлық жағынан адамға
үлгі,яғни,адамгершілік дегеніміз- Құдай деп түсінеді.Ол«жалпыбірлік»идеясының,немесе болмыстың барлық формаларының бірлігі принципінің
негізі.В.Соловьевтің пікірінше,адам қоғамы Құдайды абсолют деп таныса,соған ұмтылуға,ұқсауға тырысса православие,католицизм,протестанизм діндерінен құралған«дүние жүзілік шіркеудің» көмегімен «құдайы адам»дәрежесіне жетеді.
Слайд 8Соловьевтің ұлттық эгоизмнен бас тарту идеясы өте батыл,тамаша идея.«Тек осылай
жасағанда ғана Ресей дүниежүзілік тарихи процестерге қатыса алады»,-дейді Соловьев.Абайдың қазақ
халқын сынағаны секілдіСоловьев те өз халқының жағымсыз қасиеттерін ашық айтып,оны түзетуге шақырады.Әрине,бұл қадам славянофилдерге ұнамады.Ең бастысы,олар орыс ойшылының өз халқы мен мемлекетіне сүйіспеншілігін,жақсы ниеттен туған сыни пікірлерін бағалай алмады.
Слайд 94.Шығармалары
1.«Керексіз бастамаларды сынау»
2.«Құдай-адамзат туралы оқу»
3.«Жақсылықты оқтау»
4.«Үш сұхбат»
5.«Өмірдің рухани негізі»
6.«Ресей және
Бүкіл әлемдік шіркеу»
7.«Табиғаттағы сұлулық»
8.«Сүйіспеншіліктің мәні» т.б. Еңбектері бар.
Слайд 105.Дүниетаным тұжырымдары
Өзінің дүниетанымдық көзқарастарында В.С.Соловьев «біртұтастық білім»алу жолын құптады.Ол үшін
сезімдік тәжірибе мен рационалдық ойлауды сеніммен ұштастыру қажет.Басқаша сөзбен айтқанда,ақиқаттың
үш түрі бар:материалдық,формальдық,абсолюттік.Олар ғылым,философия,діннің шеңберінде қалыптасты.
В.С.Соловьев таным процесінде тәжірибеге көп көңіл бөледі.Ал оның өзі екіге –ішкі және сыртқы тәжірибеге бөлінеді.Сыртқы-ол жағалай қоршаған ортадағы заттардың біздің түйсіктерімізге тигізетін ықпалынан пайда болады.
Ішкі тәжірибені В.С.Соловьев екіге бөледі:олар психикалық және мистикалық.
Слайд 11Психикалық тәжірибе деп біз өз табиғатымыздың бой көрсетуінен шығатын құбылыстарды
жатқызамыз.
Мистикалық тәжірибе деп біздің жан-дүниеміздің әр жағында жатқан,өзінің бізге тигізетін
ықпалымен бізді жоғарыға көтеретін,ішкі рухани еріктікті тужыратын құбылысты айтамыз.
Слайд 126.адам,қоғам,тарих мәселелері
В.С.Соловьев адамзат өмірінің мән-мағынасын жер бетінде «Құдайдың патшалығын»орнатуға бағытталған
іс-әрекеттен көреді.Ал енді жеке адамға келер болсақ,ол екі жақты пенде.Бір
жағынан,ол дене ретінде жағалай қоршаған дүниемен,екінші жағынан,рух ретінде Құдаймен байланысты.
Адам өзін тұлға ретінде тек қана қоғам шеңберінде іске асыра алады,«қоғам-толықтырылған,кеңейтілген тұлға болса,онда тұлға-нүктеленген,қысылған қоғам».Қоғамға бағынып адам жоғарыға өрлейді,ал оның өзіндік ерікті іс-әрекетті қоғамды әрі қарай дамытады.Қоғамның тарихи дамуын үш сатыға бқледі.Олар рулық,ұлттық,рухани-ғарыштық.
Слайд 13Адамзат тарихына көз жіберіп В.С.Соловьев халықтардың әртүрлі сатыда екенін,адамдардың бір-бірінен
алшақтанып,жаттанғанын,шынайы өмірдегі материалдықтың басымдылығын байқайды.Негізгі мақсат-адамзаттың басын рухани жағынан біріктіру
қажет.Адамның рухани жетілуі тек қана дінмен емес,сонымен қатар,адамгершілік,өнегелікпен байланысты.Адам мәселесіндегі негізгі идеясы-ешқашанда адамға құрал ретінде қарамау,оны әрқашанда мақсат ретінде тұту.
Слайд 14қОРЫТЫНДЫ
В.С.Соловьев діни орыс философиясының,білімнің біртұтастығы мен бүтіндігі туралы идеяның негізін
қалаушы,орыстың көрнекті христиандық философы.В.С.Соловьев философиясы діни философиялық дәстүрдің бүкіл рухы
мен кейпін білдіреді.Адамның діни және әлеуметтік өмірі сұраныстарын біртұтастыққа байланыстыратын бүтіндей дүниетанымдық жүйені құруға тырысты.Құдіретті әлем туралы Соловьевтің ойы мынадай:Киелі құдіретті әлем-бұл ең нағыз шындық әлем,бұл бүкіл дүниенің ұмтылатын идеалды тұтастығы.Құдаймен сәйкес келетін ақиқаттың өзі.Әлемдік үдерістің міндеті табиғи болмысты идеялардың жалпы тұтастығына және шынайы,құдіретті болмысқа сәйкес келтірумен сипатталады.
Слайд 15Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Философия Серік Мырзалы
2. электрондық энциклопедия ВикипедиЯ
3. google