Разделы презентаций


“ҚҰТТЫ БІЛІК” ЕСКЕРТКІШІ ТІЛІНДЕГІ ТҮБІРЛЕРДІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ ДАМУ

Тарихи жазба ескерткіштер тілін қазіргі түркі тілдерімен сабақтастыратын тілдік деректердің негізі түбірмен байланысты. Сондықтан да түркі халықтарының тілдік жүйесінің маңызды бөлігін құрайтын түбір жасампаздық қасиетке ие болып, түбірден тарайтын сөздік қор

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1“ҚҰТТЫ БІЛІК” ЕСКЕРТКІШІ ТІЛІНДЕГІ ТҮБІРЛЕРДІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

“ҚҰТТЫ БІЛІК” ЕСКЕРТКІШІ ТІЛІНДЕГІ ТҮБІРЛЕРДІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Слайд 4 Тарихи жазба ескерткіштер тілін қазіргі түркі тілдерімен сабақтастыратын тілдік деректердің

негізі түбірмен байланысты. Сондықтан да түркі халықтарының тілдік жүйесінің маңызды

бөлігін құрайтын түбір жасампаздық қасиетке ие болып, түбірден тарайтын сөздік қор құнарлы болып келеді.

Түбір құрылысы, мағынасы жағынан тілдегі əрбір сөздің түпкі мағыналық бөлшегі ретінде қызмет атқарады. Түбірдің бұл қызметі ғасырлармен өлшенеді. Түркі тілдерінің сөздік қорының бай болуы түбірдің осы жасампаздық қасиетіне байланысты. Түркі тілдері əлем тілдерінен жалғамалылық қасиеті бойынша ерекшеленетіні белгілі. Бұл қасиет түркі тілдерінің жүйесін құрайтын түбірлерге ерекше пəрменділік береді. Тілдік дамуда түбірдің қалыптасқан семантикалық құрылымы мағыналық жіктелісті, өзгерістерді, ауысуды, жылжуды, көмескіленуді, активтелуді жəне т.б. үдерістерді басынан кешіреді. Сондықтан түбір негізгі сөздік қордың діңгегі болады, ал қалған тілдік бірліктер сол түбірден тараған туындылар танымның даму үдерісі нəтижелерінің тілдегі көрінісі болып табылады.
Түркілік түбір – күрделі категория. Бұл категория – алғашқы зерттеушілердің еңбектерінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі көптеген зерттеулерге арқау болып келе жатқан, əр зерттеуде ашылатын сырымен бірге əлі де зерттей түсуді қажетететін көп құпиясын ішіне сақтап жатқан құбылыс.

«Құтты білік» ескерткішіндегі түбірлердің дыбыстық жүйесін қазақ тілінің материалдарымен салыстырғанда ұқсастықтарымен қатар ерекшеліктерін де байқаймыз. Бұл ерекшеліктер, ең алдымен тілдің тарихи-фонологиялық дамуынан туындап, орта түркі тілі мен қазақ тілі арасында түзілген дыбыс сəйкестіктері. көне заманғы жəне жаңа заманғы тілдер арасындағы сəйкестіктердің пайда болуына негізінен ертедегі аффрикаттардың ыдырауы, қатаң дауыссыздардың ұяң дауыссыздарға айналуы, жуан дауыстылардың жіңішке дауыстыларға ауысуы себеп болған.

Тарихи жазба ескерткіштер тілін қазіргі түркі тілдерімен сабақтастыратын тілдік деректердің негізі түбірмен байланысты. Сондықтан да түркі халықтарының

Слайд 7 АҚ моносиллабының семантикалық дамуы оның

өзге сөз таптарына ауысуына мүмкіндік жасады. Қазіргі тілімізде ақ жауын,

ақ жаңбыр фразеологизмі қолданылады, оның мағынасы ұзаққа созылып, майдалап жауатын жаңбыр. «Құтты білік» ескерткішінде қолданылған мағынасы бойынша тұрақты тіркестің мағынасын қалпына келтірсек: ақ жауын – ағып тұрған жаңбыр.

Сонымен ақ жауын фразеологизмінде Ақ сөзі сын есім емес, етістік қызметінде жұмсалудан тұрақтанған деген қорытындыға келеміз.

Ақсу географиялық атауы – Қазақстанның көп жерінде қолданылатын топоним. Топырақты өңірлерде немесе жаңбыр жиі жауатын жерлердегі өзен лайланып, мөлдір болмай, ағарып ағатыны белгілі. Бір қарағанда, бұл атау судың түсіне қойылғандай көрінеді. Ал егер орта ғасырдағы жазба ескерткіштерде қолданылған мағыналарын қалпына келірсек, онда қимыл-қозғалыс
мағынасын білдіретініне оңай көз жеткіземіз. Сонда Ақсу - ағын су немесе аққан су. Етістік мағынасы дами келе сын есімге айналып кеткен.

Белгілі тілші Б. Сағындықұлы ақ етістігі трансформация (конверсия) тəсілі арқылы Ақ сын есімі пайда болған деген пікір айтады. Жиі қолданыстан ақ етістігінің мағынасы абстракцияланып, нəтижесінде түркілік үрүң сөзін ығыстырған.

АҚ моносиллабының семантикалық дамуы оның өзге сөз таптарына ауысуына мүмкіндік жасады. Қазіргі

Слайд 8 Ғалым қазіргі сөздік қорымыздағы сау

(сағ-), жау (йағ-) ұш сөздері, сонымен бірге шыр-ақ; от-ақ; шу-ақ;

там-ақ сөздеріндегі түбірге кірігіп кеткен –ақ (-ек, -ық, -ік, -қ, -к) өлі жұрнақ осы байырғы Ақ моносиллабынан тарағандығын дəлелдейді. Зерделеп қарасақ, демеулік шылау қызметінде жұмсалатын ақ сөзінің де түп-төркіні АҚ моносиллабына барып тіреледі. АҚ етістік ретінде қызмет еткенде белгілі бір процесс қимылдың тоқтаусыз, үнемі іске асатынын білдірсе, Ақ шылауы осы күйдің бір кесігін, бір бөлігін үзіп көрсетеді.

Сонымен қазіргі барлық түркі тілдерінде аздаған фонетикалық өзгерістермен қолданылатын АҚ моносиллабының семантикалық құрылымы:

қозғалыс, жылжу (судың өз арнасымен бірқалыпты жылжуы), шығу;
қозғалыстың белгілі бір бағытта іске асуы;
сұйықтықтың (тер, қан, жас, сорпа жəне т.б.) сорғалап құйылуы;
сан мыңдаған майда бөлшектердің бірігіп, бір бағытта орын ауыстыруы;
орын ауыстырудың ілгері, жоғары қарай бет алуы (көне түркі тілінде: ай ағар – жоғары көтерілер мағынасы);
тұру, орнынан көтерілу (ескерткіштердегі хажиб ағырлады (орнынан) - тұрды мағынасы);
орын ауыстырудың кейін, төмен қарай бет алуы;
сан мыңдаған майда бөлшектер жиналып, белгілі бір күшке ие болуы (судың ағыны қатты
болуы, т.б.);
орын ауыстырудың белгілі бір уақытқа байланысты болуы;
ілгері қозғалудың баяу іске асуы (ескерткіштердегі өрмелеу мағынасы);
баяу қозғалыстың артуы, өсуі (ескерткіштердегі тіл өсірер мағынасы);
қозғалыстың тез, жылдам іске асуы (жұлдыздың ағуы; ұшу);
қозғалыстың үнемі, ұзақ уақыт ішінде іске асуы (ақ жауын);
басталған қозғалыстың аяқталуы, сұйықтықтың таусылуы;
сұйықтықтың біртіндеп құрып бітуі.

Ғалым қазіргі сөздік қорымыздағы сау (сағ-), жау (йағ-) ұш сөздері, сонымен бірге

Слайд 10«Құтты білік» жазба ескерткішінің түркілік лексикалық қабатын құрайтын сөздік қорды

соматикалық атаулар,

туысты білдіретін атаулар,

күнделікті тұрымыстық атаулар,



аспан денелері атаулары,

табиғи құбылыстардың атаулары,

уақытқа қатысты атауларға топтастыруға болады.
«Құтты білік» жазба ескерткішінің түркілік лексикалық қабатын құрайтын сөздік қорды соматикалық атаулар, туысты білдіретін атаулар, күнделікті тұрымыстық

Слайд 11Соматикалық атаулар:

Қан – қан: Қаны ким қутулды өлүмдин қачыб,

Қаны ким ашунды өдиндин кечиб.

Баш – бас: Бег ерди ажунда

бөгү билгə баш, Бу беглик үзəлə ажун болды йаш.

Сач – шаш: Өрүң болды ерсə қара сач сақал, Анунғу пусуғчы өлүмкə түгəл.

Тиш – тіс: Некү тер ешит бу уқуш айғучы, Тиши хам оғул қыз узар ер күчи.

Тил – тіл: Ачығ сув-тег ул көр бу дунйа нəңи, Нечə ичсə қанмаз өлимəз тили.

Қол – қол: Ешитти аңар көр елиг қылды йол, Бу кирди елигкə қавуштурди қол.

Адақ – аяқ: Көңүлсүз қайу йеркə маңса адақ, Нечə йер йақын ерсə болды йырақ.

Көз –көз: Муңар меңзəр емди ешит ошбу сөз, Асығ қылға тутсаң айа өзгə көз.

Қаш – қас:Қалық түгди қашын түнəртти йүзин, Тутуб бады барча кишилəр көзин.

Йүз – бет, жүз: Байуса бедүсə йадылса чавы, Кетəрмəн аныңдин кетəр йуз сувы.

Ел – қол: Узун ел йейи теб тесə ей бөгү, Төрү түз йурытғу будунуғ көгү.

Елиг – қол: Елиг берди алқыш көр Айтолдықа, Айур түнлə күндүз меңа тур йақа.
Соматикалық атаулар: Қан – қан: Қаны ким қутулды өлүмдин қачыб, Қаны ким ашунды өдиндин кечиб.Баш – бас:

Слайд 12Адамның дене мүшелеріне байланысты атаулар - түркі тілдері лексикасының ең

көне қабаты.
Ас-тағам атаулары:

Йегү – ас, тамақ: Киши едгүсиндин

келир едгүлүк, Йегү ичгү мингү тақы кедгүлүк.

Қымыз – қымыз: Қымыз сүт йа йуң йағ йа йуғрут қурур, Йадым йа кидиз хам езəр евкə тут.

Сүт – сүт: Сениңдин қачан келгə есиз йорық, Өрүң сүт билə кирди едгү қылық. Қазіргі тілде айтылуы:

Сүт - түр., қаз., қырғ., өзб., ұйғ.;
Сүд - аз., һот башқ.,
Сөт - тат.,
Сүүйт - түркм.,

Туз – тұз: Тапуғ қылдың артуқ бағырсақлықын, Өтəдиң меңə сен туз етмəк хақын. Қазіргі түркі тілдерінде айтылуы:

Туз - түр., өзб., ұйғ.,
Тоз - башқ., тат.,
Дуз - аз., түркм.,
Тұз - қаз., қырғ.қолданылады.
Адамның дене мүшелеріне байланысты атаулар - түркі тілдері лексикасының ең көне қабаты. Ас-тағам атаулары: Йегү – ас,

Слайд 13Туыстық қатынасты білдіретін атаулар:

Ата – əке: Аталық қылур көр

атақа оғул, Оғул бег болуб көр ата болды қул.

Ата

- түр. т., аз. т., башқ. т., қаз. т., қырғ. т., тат. т., түркм. т.;
Ота - өзб. т.,
Атилар - ұйғ. т.

Оғул – ұлы, баласы:Сөзүм оғлума сөзладим мен тоңа, Оғул мəнда алтын мəңəни тыңа.

Оғул - түр. т., аз. т., тат. т., түркм. т., ұйғ. т.;
ул ~ ұл - башқ. т., қаз.т., тат. т.;
Уул - қырғ.

Оғлан – ұлы, ұлан: Йигит ерди оғлан қылынчы амул, Уқушлуғ билиглиг қам өглүг амул.

Тиши – əйел: Некү тер ешит бу уқуш айғучы, Тиши хам оғул қыз узар ер күчи.

Ана - түр. т., аз.м, қаз.м, ұйғ. т.;
əсə - башқ. т.,
Ене - қырғ. т.,
Она - өзб. т.,
Әни - тат. т.,
есе, ене - түркм. т.
Туыстық қатынасты білдіретін атаулар: Ата – əке: Аталық қылур көр атақа оғул, Оғул бег болуб көр ата

Слайд 14Аспан денелерінің атаулары:

Йашық – Күн планетасы: Йашық йанды йеркə

йақурды башын,
Йаруқ дунйа меңзи қарарды ешин.

Йалчық – Ай планетасы: Буларда

ең алдын бу Йалчық йурыр,
Йашық бирла отру бақышса толыр.

«Құтты білік» ескерткіші тілінде қолданылған аспан денелері атауларының көпшілігі қазіргі тілдерде архаизмге айналып кеткен. Ең көп қолданылуға тиіс йашық атауын күн, йалчық атауын ай сөздері ығыстырған.

Орта ғасыр ескерткіштеріндегі Үлкəр атауы мен қазақ тіліндегі Үркер атауы р ~ л сəйкестігін түзеді. Бұл атауы туралы Б.Құлжанова былай деп жазады: «Аңыз, ертегілерге қарағанда, бұл сөздің түбірі – үрік етістігі. Мағынасы – бір нəрседен қорқу, зəресі ұшу. Олай болса, бұл сөздің архетипі қазақ тілінде сақталған. Ортағасырлық варианты – жаңарған вариант».

Аспан денелерінің атаулары: Йашық – Күн планетасы: Йашық йанды йеркə йақурды башын,Йаруқ дунйа меңзи қарарды ешин.Йалчық –

Слайд 15Жаратылыс құбылыстары мен табиғи заттардың атаулары:

Буз – мұз: Қыш

ерсə йана түш көрүгли қалы, Ақар сув түшəсə йа бузқа

толы.

Булут – бұлт: Булут көкради урды навбат туғы, Йашын йашнады тартты хақан тығы.
Булут - түр. т., қырғ. т., өзб. т., түркм. т., ұйғ. т.;
Булуд - аз. т.;
Болот - башқ. т.;
Болыт - тат. т.;
Бұлт - қаз. т.;

Йел – жел: Йана бир тили йел тушы өвкəлиг, Өштүр кишиг сөксə ачса тилиг.
Йул – бұлақ, көз: Билиглиг кишиниң савы ексүмəс, Ақығлы сүзүг йул сувы ексүмəс.
Қум – құм: Билигсиз киши көңли қум тег турур, Өкүз кирсə толмас ап от йем өнүр.

Сув – су: Ақар сув йорық тил бу қут турмады, Ажун тезгинурлəр йурыб тынмады.
Сув - өзб. т., түркм. т.,
Су - түр. т., аз. т., қаз. т., тат. т., ұйғ.м,
Һив - башқ. т.,
Суу - қырғ. т.;

Таш – тас: Ей ич таш билигли е хаққ-ул йақын, Көзүмда йырақ сəн көңүлда йақын.
Даш - аз. т.,
Дааш - түркм. т.,
Тош - өзб.т.,
Тас - қаз. т.;

Йер – жер: Учуғлы, йорығлы тынығлы неча, Тирилгү сениңдин булуп йер ича.
Көк – аспан: Қурымыш йығашлар тонанды йашыл, Бəзəнди йапун ал сарығ көк қызыл.
От – от: Ириг сөзлəмəгил кишикə тилин, Ириглик от ол от күйүрмə Йалын.
Жаратылыс құбылыстары мен табиғи заттардың атаулары: Буз – мұз: Қыш ерсə йана түш көрүгли қалы, Ақар сув

Слайд 16Жыл мезгілдерін, уақытты білдіретін сөздер:

Йай – жаз: Еринчиг қышығ

сүрди йазқы əсин, Йаруқ йаз йана курды давлат йасын. Қазіргі

түркі тілдерінде бұл атау.

Йаз - түр., ұйғ.,
Йай - аз.,
Йəй - башқ,
Йоз - өзб.,
Жаз - қаз.,
Джай - қырғ.,
Джəй - тат. түрінде қолданылады.

Түн – түн: Апа оғланын көрсə муңлуғ тегү, Бу түн күн терəр нəң булумаз йегү.
Жыл мезгілдерін, уақытты білдіретін сөздер: Йай – жаз: Еринчиг қышығ сүрди йазқы əсин, Йаруқ йаз йана курды

Слайд 17Пайдаланылған әдебиеттер:

Исабекова Ұ.Қ. Орта ғасырдағы түркі тілдерінің даму тарихы.

Пайдаланылған әдебиеттер: Исабекова Ұ.Қ. Орта ғасырдағы түркі тілдерінің даму тарихы.

Слайд 18Назарларыңызға рахмет!!!!
Дайындаған: Канапиянова Айгерім, KZ-3
Алматы, 2013 жыл

Назарларыңызға рахмет!!!!Дайындаған: Канапиянова Айгерім, KZ-3Алматы, 2013 жыл

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика