бұл
организмге тағам арқылы түсіп,
ағзадағы жүретін биохимиялық жəне
физиологиялық
процесстерінің жүрүін қадағалайтын төмен молекулалық
қосылыстар.
Витаминдер организмде шағын мөлшерде
ғана болады, құрылымдық жəне
энергиялық қызметтерді атқармайды.
Олардың көбісі ферменттердің
простетикалық топтарының немесе коферменттерінің биосинтезіне қажетті алғы
заттары болады. Адамның жəне жануарлардың организмінде, өсімдік тектес
азықтарда витаминдердің алғы шарты сияқты қосылыстар болады. Олар
провитаминдер (каротиндер, стеролдар) деп аталады. Мұндай заттар тиісті
активті қалыпқа түскеннен кейін сəйкес витаминдерге айналады.