Слайд 2Мазмұны
Фонетика дегеніміз не?
Буын
Ләмдем
Үндем
Тон
Қытай фонетикасы және оның ерекшелігі
02
03
01
Слайд 3Фонетика - бұл адам сөйлеуінің дыбыстық жағын зерттейтін ғылым. Бұл
тіл білімінің (лингвистика) негізгі бөлімдерінің бірі.
Фонетиканың қарастыратын мәселелері мыналар: тіл
дыбыстарының пайда болуы, олардың іштей жіктелуі жене бір — біріне әсері, буын, екпін, тілдің дыбыстық жағы мен жазудың арақатынасы, орфография, орфоэпия т.б.
Слайд 4语音学
Фонетика сөздердің пайда болуын анықтауға, туыстас тілдердің арасындағы байланысты табуға,
тілдің айту, жазу нормаларын дұрыс меңгеруге. Мүмкіндік береді. Ана тіліндегі
дыбыстардың артикуляциясын жетік білу шет тілін дұрыс меңгеру үшін де қажет.
Зерттеу, баяндау сипатына қарай фонетиканы төрт салаға — төрт
типке бөлуге болады:
1. Сипаттамалы (синхрониялық, статистикалық) фонетика;
2. Тарихи (диахрониялық) фонетика;
3. Жалпы фонетика.
4. Эксперименталды фонетика
Слайд 5汉语语音学
Қазіргі уақытта қытай тілі дыбыстық жазба жасау үшін пиньин деп
қысқартылған фонетикалық алфавитті pīnyīn zìmǔ қолданады.
Пиньин латын
графикасына негізделген. Бұл фонетикалық транскрипция емес, бұл өзінің оқылу ережелерімен шартты түрде айтылатын жазба.
Слайд 6Қытай тілінің ерекшелігі
Қытай тілі - фонетикалық тонус жүйесінің тілі. Бұл
сөздің мағынасы сөйлеушінің интонациясына байланысты өзгеріп отырады дегенді білдіреді.Қытай тілінің
фонетикалық сипаттамалары тондық жүйемен анықталады. Мандарин тілінде жалпы төрт тон бар.
Қате немесе анық емес айтылған сөз мүлдем басқа мағына бере алады: 俄国 (éguó, ) Ресей елі бірден 厄 国 (éguó) «бақытсыздықтар еліне" немесе тіпті 饿 国 (èguó) «аш елге » айналып кете алады.
Слайд 7Қытай тілінде фонетиканың ең кіші бірлігі - буын. Қатып қалған
ереже - 1 иероглиф - 1 буын. Айтылған сөйлемде қанша
буын болса, сонша иероглиф болады. Әр буынды екі бөлікке бөлуге болады. Бастапқы дыбыс - ләмдем, ал соңғы дыбыс - үндем. Кейбір буындар тек ләмдемнен кейбірі тек үндемнен тұрады. Қытай тілінде 21 ләмдем бар:
b p zh ch r d t m n g k f h j q x s z c sh l
Слайд 8Қытай тілінде 35 үндем бар . Үндемде кем дегенде бір
дауысты болады:
a, o, e, i, u, ü ai, ao, ei,
ia, iao, ie, iou, ou, ua, uai, ue, uei, uo an, en, ian, in, uan, uan, uen, un ang, eng, iang, ing, iong, ong, uang, ueng
Тағы 5 арнайы буындар бар:
er, hm, hng, ng, r
Слайд 9Осылайша 56 негізгі дыбыс шықты. Инициалдар мен финалдар 411 мүмкін
комбинация береді. Қытай тілінде жаңа буындарды алу мүмкін емес. Буындар
осы санмен шектеледі.