Разделы презентаций


Зерттеу жұмысы Сабын

Содержание

Пікір Бағзы халқымыздың көшіп-қонып, жаз-жайлау, қыс-қыстауда күнелтіп жүрсе де, өзінің кір-қоңын, киім-кешегін, көрпе-жастығын мұнтаздай таза ұстауының сырын, немен

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1

Донда Сенбин

атындағы орта мектебі

Жас зерттеуші:

Мәлік Аружан
Байжанқызы
4-сынып оқушысы

Жетекшісі:
Ирина Нұрымбетова
Нұрланқызы

2017 оқу жылы

Слайд 2

Пікір
Бағзы халқымыздың көшіп-қонып, жаз-жайлау, қыс-қыстауда күнелтіп

жүрсе де, өзінің кір-қоңын, киім-кешегін, көрпе-жастығын мұнтаздай таза ұстауының сырын, немен тазартқанын, тазартқыш табиғи заттың құрамы туралы және сабынжасаудағы жаңа табиғи әдісті ұсынуды ұсынуы оқушының ізденімпаздығын көрсетеді. Жамбылова Айғаным ғылыми жұмыс жасауғА, ізденуге қабілеті мол екенін байқатты. Айғанымның ұмыт болған тарихи деректерді ізденуі басқа оқушылардың қызығушылығын оятты.
Ізденушінің ой -оралымдары ғылыми дәлдікке негізделген, көңілге қонымды. Зерттеу ғылыми жұмыстардың талабына сай жазылған. Айғанымның ғылыми жобасы келешекте ізденулерімен толықтырылады деп сенемін.

Сынып жетекшісі: Ғ.Байғараева

Пікір   Бағзы халқымыздың көшіп-қонып,

Слайд 3Көп әңгімем өлеңім,
Күнде ақыл беремін.
Жақсы көрсе мені кім,

Мен де оны жақсы көремін.
Жұмбақ шешу.
( Кітап)

Ғажайып-табиғи
қара сабын

Көп әңгімем өлеңім, Күнде ақыл беремін. Жақсы көрсе мені кім, Мен де оны жақсы көремін.Жұмбақ шешу.( Кітап)Ғажайып-табиғи

Слайд 4Міндеті

Ұлтымыздың сабын
жасау дәстүрін жаңғыртып, күнделікті тұрмыста қолдану .
 


Зерттеу жұмысының


мақсаты:

МіндетіҰлтымыздың сабын жасау дәстүрін жаңғыртып, күнделікті тұрмыста қолдану . Зерттеу жұмысының мақсаты:

Слайд 5Міндеті :

Қара сабынның
пайдалану
ерекшеліктерін жан-жақты
мысалдар арқылы
зерттей

түсу;
Қара сабынның
тазалық қасиетін
қарастырып, басқа да


қолданылатын
жерлерін атап
көрсету;

Қара сабынның ем-
домдық қасиетін кеңінен
насихаттау;

Қара сабынның
ем-домдық қасиетін
кеңінен насихаттау;

Тәжірибе арқылы
табиғи өнімнен
сабын жасау;

Міндеті : Қара сабынның пайдалану ерекшеліктерін жан-жақты мысалдар арқылы зерттей түсу;Қара сабынның тазалық қасиетін

Слайд 6Міндеті

Зерттеудің өзектілігі:




Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев өзінің
дәстүрлі Жолдауларында, оның “Нұрлы жол жол-болашаққа бастар жол” атты
Жолдауында еліміздің әлемдік дағдарыста тұралап қалмауіы үші тұралап қалмауы үшін өзімізде өнім өндіру
импорттық өнімдерге тәуелділіктен
құтылу керектігі жайында айтып, ол үшін
Үкімет алдында Шағын және орта
кәсіпкерлікті қолдау бойынша
нақты міндеттер жүктеген болатын.
Осыған орай менде болашақта өз
кәсібімді осы қара сабын жасаудан
бастасам деп едім.
МіндетіЗерттеудің өзектілігі:

Слайд 7мазмұны
Зерттеу жұмысының бағдарламасы:

Жоспары :
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Дені

сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі
Қара сабынның жасалу жолы
Қара сабынның керемет

қасиеті
Қара сабынды жасау кезіндегі ырымдар
Менің зерттеу тәжірибемнен
ІІІ. Қорытынды
мазмұныЗерттеу жұмысының бағдарламасы:Жоспары : І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісіҚара сабынның жасалу

Слайд 8кіңріспеми
Кіріспе

– Қара сабынды – қазақтың дәстүрлі тұрмысында пайдаланады. Оның негізгі

құрамы – алаботаның, сексеуілдің күлі. Онда натрий, тотықты гидрат бар. Ол жануар майымен араластырып жасалады. Мұны қазақ медицинасында ежелден балалардың, ересектердің сыртқы терілерін, киім-кешегін жууға пайдаланған. Негізінен, тері ауруы, жел-құз, ет пен терінің ортасындағы қара желге өте жақсы көмегі болған. Терідегі түрлі қышыма ауруларына ешқандай дәрі-дәрмексіз қара сабынмен ішкі киімдерін жуып, өзі шомылдырғанда-ақ жақсы болып кеткен деседі жұрт. Қара сабынды суық тигенде сылайтын май ретінде қолдануға болады, ісікке, домбыққан жарақатқа тартса, бітеу жараның іріңін сорып алады
Солардың кейбірі бүгінгі тұрмысымызда сабын жасау ісі ұмыт болып бара жатыр, сол себепті халқымыздың бұл өнерін қайта жаңарту үшін пайдалы жақтарын және өнімнің табиғи таза екенін жарнамалау арқылы күнделікті тұрмысқа еңгізсек деген оймен осы жұмысты жасауға бел будық.


кіңріспеми       Кіріспе   – Қара сабынды – қазақтың дәстүрлі тұрмысында

Слайд 9 1. Дені сау адам – табиғаттың
ең қымбат

жемісі
Адам табиғаттың перзенті, бір бөлшегі. Табиғат-адамның асыраушысы,

яғни тамағы, киімі, үй-панасы, дәрі-дәрмегі. Әрбір тұтынған затымыз таза табиғи болса-деніміз сау болады. Бүгін
мен сіздерге таңғажайып табиғаттан алынатын-қара сабын
туралы мағұлмат бермекпін.
Медицина дамымаған кезде
жұқпалы дертпен қалай күрескен?
Қазіргі дәріхана сөресінде толып
тұрған дәрі-дәрмек орнына не
қолданған?
- Міне, мен осы сұраққа жауап
іздедім. Тапқан жауабымды сіздерге
жеткізсем деп едім. Ғажайып
табиғаттың сырын білген
халқымыз жұқпалы дертке ем
болатын және адам қажетіне
жараған сабынды ерте
кезден - ақ әзірлеген.
1. Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі   Адам табиғаттың перзенті, бір

Слайд 10

Қара сабынның

жасалу жолы
Бағзы халқымыз көшіп-қонып, жаз жайлау, қыс қыстауда күнелтіп жүріп, өзінің кір-қоңын, киім-кешегін, көрпе жастығын мұнтаздай таза ұстаған. Даласы қандай таза болса, үй іші де сондай ретті, оюлы сырмағы қағулы, түскиіз, шымылдығы жуулы тұрған. Әсіресе, халық өзі қолдан жасайтын қара сабыны кірді кетірумен, емдік қасиетімен, үнемділігімен ерекше. Бүгіндері ұмыт болып бара жатқан бұл сабынды жасаудың өзі оңай шаруа емес.
Сақар - күлден шығады. Бізде мұны “Қара сабын” деп атайды. Қара сабынды жасаудың бірнеше кезеңі бар.

Қара

Слайд 11 Әуелі сары күзде буыны пісіп, сабағы қатайған алаботаны

бір жерге жинап өртейді. Кейініректе күнбағысты соғып алған соң, оның

қабығын кептіріп, соның да күлін
пайдаланатын болды. Алаботаның күлін суытып, кендір қалтаға салады. Әсіресе, кесек-кесек боп ұйыған күл қорытпасынан сақар көп шығады. Күлің қанша көп болса, санша жақсы, себебі, төрт-бес қалта күлден, жарты қалта сақар алынады. Қалтадағы күлді
шиден жасалған шыптаның
үстіне жұқа бұл жайып,
айналасын кенеулеп, ойыққа
төгіп, астына үлкен теген
қояды, күлдің үстінен
сақылдап қайнаған су құяды.
Сол кезде күлдің сөлі, нәрі
сумен бірге ағып,
тегенеге жиналады.
Әуелі сары күзде буыны пісіп, сабағы қатайған алаботаны бір жерге жинап өртейді. Кейініректе күнбағысты соғып

Слайд 12 Бұрынғы апаларымыз күз келсе болды алаботаны өртеп сақар

жинауға ұмтылатын. Себебі жинаған сақары бір жылды бойы сабын жасауға

керек еді.
Біз сабынға қажетті негіізгі қоспаны алуды үйрендік. Енді, сабынды қалай жасалатынына тоқталайық. Ауыл аймақта сабын жасау үрдісі 3-4 ақ ақжаулықтыға бұйыратын. Өйткені сабынды кез-келген адам қайната алмайды. Мұнда халқымыздың түсінігінше, сабыны дұрыс қайнамаса, тасып-төгіліп кетсе, дұрыс жасалынбаса, “Ол адамның жолы болмайды”деп пайымдаған. Жақсылыққа жорымаған. Мұндай кезде сабын жасайтын адаммаңына бөгде кісіні жолатпаған. Бұл-ырым.Оны бұлжытпай орындау өте маңызды. Әбден тазалап жуылған, майланған қазанға бір кесе сақар салсаңыз, оның үстіне дәл сол кесемен қойдың екі кесе майын қосасыз. Содан соң еппен қайнатасыз. Қазаныңыз қайнаған сайын ағаш қалақшамен үзбей араластырып отыру керек. Қазан 3 рет қайнайды. Сонда дайын болады.
Бұрынғы апаларымыз күз келсе болды алаботаны өртеп сақар жинауға ұмтылатын. Себебі жинаған сақары бір жылды

Слайд 14
Қара сабынды жасау кезіндегі ырымдар

Қара сабынды жасау кезіндегі ырымдар

Слайд 15





«Сақар жасау үшін алдымен сексеуілдің күлін қайнатамыз. Оны бір күн
тұндырғаннан кейін сақар пайда болады. Сақар болғаннан кейін май құйып
қара сабын әзірлейміз. Сақарды дәстүрлі сабынға айналдыру үшін көбінесе
қойдың немесе сиырдың майын қосып қайнатамыз. Себебі олар табиғи
шикізат қайнар көзі болып саналады. Ал оны қайнатудың тиісті шарттары
бар», – дейді Күлжамила апа. Бұдан кейін бұл кісі сабынның әзірлену
барысы туралы егжей-тегжейлі түсіндіре бастады. Сұйық май қосылса,
сабынның езілгіш, тез ерігіш келетінін айтады ол. Қазан отын жағудың да өз
ережесі, бабы бар көрінеді. Алғашында оттың қызуын арттырып алып,
сосын қызу ақырындап бәсеңдетіледі. Ал қазандағы сақар үздіксіз аралас­тырылады. Дұрыс аралас­паса, түбі қазанға жабысып қалады. «Жасаған сабын жақсы дайындал­ғанда аппақ көбік шығады. Ескеретін тағы бір жайт, сақар мен құйылатын майдың анық өлшемін сақтағанымыз абзал. Бір кесе сақарға екі кесе май құямыз. Майы көп болса, майға шашалып қалады, майы аз болса, сабын қатты болып шығады»,– дейді көненің көзін сақтаушы апам.

Апамның әңгімесінен


Слайд 16 Менің зерттеу тәжірибемнен:
Мен қара

сабын туралы зерттей келе, алған ақпараттарым бойынша тәжірибе жасауға тырыстым.

Жасаған тәжірибелерім нәтижелі шықты. Солардың бірнешеуімен сіздермен бөліскім келеді.
Бірде тұмау тиіп қатты ауырған ініме қара сабынды шүберекке жағып әр 10 минут сайын искеткенде інім тұмаудан тез айықты;
Ауылды жерде тұрғандықтан қолымыз жиі жарылатын болғандықтан қолыма қара сабынды жағып қойдым. Қолымның жарылғаны тез кетіп қалды;
Анам үнемі қара сабынмен ыдыс-аяқтарды, дастарханды, еденді қара сабынмен жуып тұрады. Ол түрлі микробтарды кетіреді;
Менің зерттеу тәжірибемнен:  Мен қара сабын туралы зерттей келе, алған ақпараттарым бойынша

Слайд 17Қолдан жасалған сабын
несімен тартымды

Қолдан жасалған сабын несімен тартымды

Слайд 18Қолдан сабын жасау үшін не қажет?
Балалар сабынын үккіштен өткізіп, су

құйып
қыздырамыз да, май, шөп, бояу, сүт, бал т.б
қосып

баяу отта қоймалжың болғанша қайнатамыз

Қолдан сабын жасау үшін не қажет?Балалар сабынын үккіштен өткізіп, су құйып қыздырамыз да, май, шөп, бояу, сүт,

Слайд 19


Қыстауын қыстап, жайлауда

жазды өткізіп, бір жерден, бір жерге көшіп-қонып жүрсе де, халқымыз

ешқашан киімін, көрпе-жастығын кірлетпей, тазалыққа аса мән берген. Салауатты өмір сүру үшін малдың сүті мен етін де тиімді пайдаланған. Қазіргі қоғамда әлем ғалымдары жылқымыздың қымызымен құртына да қызығушылық тудырып отыр. Тұрмыстық қажеттілігімізге орай өзіміздің ата бабамыздан қалған дүниелерді іске асырып, қолданысқа еңгізсек нұр үстіне нұр болар еді.Үй ішін де, түскиіз, сырмағын оюмен өрнектеп қана қоймай, сонымен қатар мұнтаздай таза ұстау дағды болып қалыптасқан.Қазақ халқы майлы тағамды, етті көп жейтіндіктен, киімдері де соған сай майласып кетеді, сондықтан қара сабынды кір-қонды жақсы кетіретін қасиетіне байланысты өздері қолдан жасап, пайдаланған. Сонымен қатар қара сабынның емдік қасиеті мол. Қышыма, қотыр, бөрткен шықса, қазақ сабынымен бір-екі рет жуса жазылып кетеді. Қазіргі кейбір сабындардың әсерінен аллергия, қайызғақ түсіріп, шашты құрғатып немесе майластырып жіберетін қасиеттер қазақтың қара сабынына тән емес. Ата-бабаларымыз шаштарын сусабынсыз кәдімгі қолдан жасаған сабынмен жуған, қазақ қыздары тірсегіне төгілген қолаң шаштарын да осы сабынмен жуып, күтіп-баптап ұстаған. Осының бәрін ескере келсек түпкілікті зерттеу арқылы көптеген емдік және пайдалы жақтарын табумызға болатынына көзіміз жетеді. Сондықтан бұл ғылыми жұмыстың маңызы ерекше.Емдік және күнделікті тұрмыста қолданылу маңызына жете мән беру керектігін бүгінгі күннің талабы.

Қорытынды

Қыстауын қыстап, жайлауда жазды өткізіп, бір жерден, бір жерге көшіп-қонып жүрсе

Слайд 20Ұсыныс
Мектепте қолдан сабын жасау үйірмесі ашылса;
4-сыныптың еңбекке баулу пәніне

қолдан
сабын жасау әдісі ендірілсе;
Ауыл шаруашылығында жұқпалы мал

ауруы аусылды қара сабынның сақарымен емдеу қолға алынса;
Ұсыныс Мектепте қолдан сабын жасау үйірмесі ашылса;4-сыныптың еңбекке баулу пәніне қолдансабын жасау әдісі ендірілсе;Ауыл шаруашылығында жұқпалы мал

Слайд 21Назарларыңызға рахмет!

Назарларыңызға рахмет!

Слайд 22Пайдаланған әдебиеттер
тізімі
“Мөлдір бұлақ” журналы № 7.

12. 2012ж
“Алтын шырақ” журналы №11. 4.

2003ж
Пайдалы кеңестер” журналы №4. 2009ж
“Денсаулық” журналы №3. 1985ж
“Емші” газеті 2002ж Шымкент қаласы
“Ем-дом” газеті 2009ж Шымкент қаласы
Пайдаланған әдебиеттер тізімі“Мөлдір бұлақ” журналы    № 7. 12. 2012ж “Алтын шырақ” журналы

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика