Слайд 1Жалпы тәжірибелік дәрігер туралы түсінік
Слайд 2 Жалпы тәжірибелік дәрігер (ЖТД) – алғашқы медико-санитарлы көмек көрсетуде арнайы
көп салалы дайындықтан өткен, амбулаторлық жағдайда аралас: ересектерді және балаларды,
жасына және жынысына қарамай өздігімен қабылдайтын; медико-әлеуметтік мәселерді шешуіне, салауатты өмір салтын қалыптастыруына әсер ететін, реабилитациялық және алдын алу шараларын ұйымдастыратын маман.
Слайд 3“Жалпы тәжірибелік дәрігер” пәніне келесі қасиеттер тән:
- Осы пән шеңберінің
ішінде науқас алғаш денсаулық сақтау жүйесімен байланысады; көмек науқастарға қол
жетімді және шексіз; медициналық жәрдем жасына, жынысына немесе басқа да көрсеткіштерге байланыссыз ауру түрінің барлығына көрсетіледі.
-Денсаулық сақтау жүйесі ресурстарын тиімді қолдануды; ресурстардың үйлестірілуін; денсаулық сақтау жүйесінің алғашқы буынындағы басқа мамандармен байланыста болуды; керек жағдайда науқастардың құқықығын қорғауды қамтамасыз етеді.
Слайд 4-Бұл пән науқас, оның жанұясы және оның тұрып жатқан ортасына
бағытталып жасалынған.
-Дәрігер мен науқас арасындағы ұзақ, тиімді қарым-қатынас құру арқылы
кеңес береді.
-Науқастардың қажеттілігіне сәйкес ұзақ әрі үзіліссіз көмек көрсетіледі.
- Аталмыш науқаста бір мезгілде жедел және созылмалы дерттерді де емдейді.
Слайд 5-Белгілі бір аурудың популяция арасында аурушаңдық және таралу көрсеткіштеріне сәйкес
шешім қабылдайды.
-Науқастардың ауруларын ерте сатысында және дефференцияланбаған сатыларында
анықтап, керек жағдайда жедел көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
-ЖТД аурулардың алдын-алуын және денсаулық жағдайын жақсарту шараларын жүргізеді.
Слайд 6-ЖТД өзінің қызмет көрсететін аумағындағы тұрғындардың денсаулығына өзінің жауапкершілігіне алады.
-ЖТД адамдардың өміріндегі физикалық, психологиялық, әлеуметтік, мәдени, жағдайларды есепке
ала отырып ауруды емдейді
Слайд 7Жалпы тәжірибелік дәрiгердiң мiндеттерi
1) неғұрлым кең тараған аурулар мен жарақаттарға
тиiсiнше диагноз қою, емдеу және оңалту;
2) негiзгi инфекциялық
ауруларға қарсы иммундау шаралары;
3) эндемикалық және басым инфекциялық аурулар алдын-алу және олармен күрес;
4) ана мен баланың денсаулығын қорғау, соның iшiнде отбасын жоспарлау мәселелерi;
Слайд 85) гигиеналық тәрбие, салауатты өмiр салтын қалыптастыру;
6) сапалы тамақ
өнiмдерiмен жабдықтауға жәрдем көрсету және ұтымды тамақтану жөнiнде ұсыныс жасау;
7) сапасы жақсы сумен жабдықтауға және негiзгi санитарлық шаралар жүргiзуге жәрдем көрсету;
8) дәрi-дәрмек бұйымдарын дәрi-дәрмек формулярына және емдеудiң осы заманғы хаттамаларына сәйкес ұтымды тағайындау және пайдалану болып табылады.
Слайд 9
Жалпы тәжірибелік дәрігерге қойылатын лауазымдық талаптар
-халықтың денсаулығын сақтау жөнiндегi
заңдардың, денсаулық сақтауды
ұйымдастырудың негіздерін, қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент,
медициналық статистиканы білу;
-неғұрлым кең тараған ауруларға профилактика жасауды, диагноз қоюды, емдеудi және пациенттердi оңалтуды жүргізу;
Слайд 10
-алғашқы медициналық-санитарлық көмекті көрсету;
-халықтың профилактикалық тексерістерін жүргізу;
-халықтың санитарлық-гигиеналық оқытылуын қамтамасыз
ету;
-қарауды дербес жүргiзе бiлуге және пациенттi зерттеу деректерiн бағалау;
Слайд 11-қосымша зерттеулер мен мамандар консультацияларының көрсеткiштерiн бiлуге, лабораториялық, аспаптық зерттеулердiң
жоспарын жасауға;
-негізігі зертханалық талдаулардың, сәулелiк, электрлiк-физиологиялық және басқа зерттеу әдiстерiнiң
талдау нәтижелерiн түсiндiре бiлуге;
Слайд 12ЖТД халық денсаулығын қорғау бағдарламаларындағы ролі
Тұрғындарға бастапқы медико-санитарлық көмекті ЖТД
принципі бойынша қайта құру технологиясы кең көлемдегі профилактика және дәрігердің
науқас денсаулығы үшін дербес жауапкершілікке алу дегенді көрсетеді. Жалпы тәжірибелік дәрігердің қызметіндегі негізгі ерекшелік ол өзіне бекітілген аумақтағы барлық тұрғындарымен , соның ішінде дәрігерге шағымданбайтын, нақты шағымдары жоқ дені сау контингентпен жұмыс жүргізеді.
Слайд 13 Алдын-алу бағдарламаларын құру кезінде басым орынды жанұядағы оң психологиялық жағдайды
қалыптастыру керек.
Жанұядағы қарым-қатынас аурудың құрамын, ағымының ерекшелігін және аурудың болжамын
анықтауы мүмкіндік береді.
Слайд 14 АМСК (БМСК) медико санитарлық қызмет көрсетудің мңызды бір түрі. Ол
тәжірибелік, ғылыми және әлеуметтік тиімді әдістер мен технологияларды қолдана отырып,
әр жанұяға, әр адамға қол жетімді және қоғамға, мемлекетімізге экономикалық пайдалы, шығыны аз медициналық қызметпен қамтамасыз етеді. Ол ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің ажырамас бөлігі және сонымен қатар қоғамның жалпы әлеуметтік және экономикалық дамуының негізгі компоненті.
Слайд 15 БМСК медицналық көмекті халықтың мекен-жайы және жұмыс орынына жеткізетін, денсаулықты
қорғаудың үздіксіздігін қамтамасыз ететін жеке адамдар, жанұя, қоғамның және ұттық
денсаулық сақтау жүйесінің арасындағы байланыстың бірінші сатысы болып табылады.
Слайд 16 Жалпы тәжірибелік дәрігер кәсіби біліктілігін халықтың денсаулық
жағдайын жақсарту, аурудың алдын-алуымен, медициналық көмекпен қамтамасыз ету (ауруды емдеу,
науқастарға күтім жасаумен) секілді жолдармен жүзеге асырады. Бұл шараларды дәрігер өзі немесе денсаулық сақтау қызметіндегі басқада қызметкерлердің көмегімен жүзеге асырады. Сонымен қатар, науқастардың да қатысуымен және басқада қызмет көрсететін аймақтан тыс ресурстар арқылы жүзеге асырылады.
Дәрігер өзінің кәсіби дамуына өзі жауапкершілік алуға және клиникалық квалификация дәрежесінің тұрақтылауына жауапты болуға тиісті. Сонымен қатар, тиімді және қауіпсіз медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін өзіндік маңызды және тиісінше білімі болуға тиісті.
Слайд 17 Комплексті көрсетілетін медициналық көмектің түрі- ол тек қана емдеп
қана қоймай, сонымен қатар реабилитациялау, ауруды алдын алу және денсаулықты
жақсарту болып табылады. Ол бір ғана ауру эпизодымен шектеліп қана қоймай және сол немесе басқа да уақыт барысын үзбей кезеңімен өтуді болжайды.
Координация: Жалпы тәжірибелік дәрігер денсаулық сақтау саласындағы жеке адам және әртүрлі жанұяның денсаулығын қорғауда жауапты, жалпы тәжірибелік дәрігердің қызметі денсаулық сақтаудың барлық жүйесінің ішінде интегрирленген болу керек.
Слайд 18 Ақпараттық негіз: Жалпы тәжірибелік дәрігер өзіне қатысты қызмет көрсететін
науқастың клиникалық және тұлғалық мәләметтерін білуі тиіс.
Қолжетімділік:
Кез келген уақытта науқасқа жалпы тәжірибелік дәрігердің қызметі қолжетімді болуы тиіс.
Слайд 19 АМСК жүйесінің реформалаудағы негізгі шарттардың бірі денсаулық сақтаудың барлық
қаржылық және мүліктік салаларын максималды сақтау, ол қызмет көрсетіп жатқан
емдік-профилактикалық мекемелерді бұзбайды, мұнымен ол олардың қызметін, жұмыс әдістерін, қаржыландыру жүйесін өзгертеді.
Алғашқы медициналық қызмет 80-ші жылдары өз күшіне еніп жалпы тәжірибелік дәрігерлер, соған сәйкес мамандар көмегімен жұмыс істей бастады және өзгерістер енгізді.
Слайд 20 Жалпы дәрігерлік тәжірибе принципі бойынша ұйымдастырылған жалпы тәжірибелік дәрігерлермен
көрсетілетін медициналық көмектің жоғарғы эффективтілігіне және АМСК экономикалық тиімділігіне байланысты
денсаулық сақтау басқармасы бұл жүйенің дамуын тездетуде.
Жалпы тәжірибелік дәрігер жоғарыда айтылғандай аймақтық терапевт пен педиатрдан ерекшелінеді.
Егер соңғылары өз науқастарын шамамен 60% арнайы мамандарға жіберсе, онда жалпы тәжірибелік дәрігер көптеген кең тараған ауруларды және көптеген науқастарды өздігімен емдеп, жағдайына сәйкес қашан арнайы маман керетігін шешеді.
Мәліметтерге сүйенсек аймақтық терапевтерде емделгеннен жалпы тәжірибелік дәрігерде емделген арнайы мамандарға жіберілген және науқастарды госпитализациялау саны екі есе аз.
Слайд 21 Жалпы тәжірибелік дәрігер науқас адамға арнайы маманмен көрсетілетін медициналық
көмекті координациялайды, және ем аяқаталғанда науқасты қайтадан өзінің қамқорына алады.
Осыған орай жалпы тәжірибелік дәрігер науқастармен ұзақ уақыт, кейде өмір бойы жұмыс істеп келеді.
Бұл науқастармен жақын танысуына, өмір сүруіне қарай қойлатын шарттарын жақсы білуіне мүмкіндік береді. Дәрігер сыртқы ортаның науқастың денсаулық жағдайына, өмір сүру салтына, жүріс -тұрысына әсер ететін консультациялар және оларды түзетуге рекомендациялар бере алады.
Бұл дәрігерлердің беделі және олардың халықпен тығыз байланысы әрбір науқастың өзінің денсаулығына деген жауапкершілігін тудыруы мүмкін.
Слайд 22ЖТД мамандығына жоғарғы медицина маманы,интернатураны бітірген немесе клиникалық ординатураны бітірген
дәрігер болады.Ол үшін “Жалпы практика дәрігері” мамандығын бітірген куәлігі немесе
сертификаты болуы керек.