Разделы презентаций


Жануарлардың тейлериидоздары Әшірбек Ә Рузматов С

Содержание

Theileriidae тұқымдасыТейлериидоздар – Theileriidae тұқымдасына жататын патогенді қарапайымдылар тудыратын, протозойлық, трансмиссивтік аурулар. Тейлериидоздармен ірі қара және ұсақ мүйізді малдар, жылқылар (нутталлиоз) ауырады.Қазақстанда және басқа ТМД елдерінде ірі қара малының тейлериозы және

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1 Жануарлардың тейлериидоздары
Әшірбек Ә
Рузматов С

Жануарлардың тейлериидоздарыӘшірбек ӘРузматов С

Слайд 3Theileriidae тұқымдасы
Тейлериидоздар – Theileriidae тұқымдасына жататын патогенді қарапайымдылар тудыратын, протозойлық,

трансмиссивтік аурулар. Тейлериидоздармен ірі қара және ұсақ мүйізді малдар, жылқылар

(нутталлиоз) ауырады.

Қазақстанда және басқа ТМД елдерінде ірі қара малының тейлериозы және жылқының нутталлиозы кезігеді.
Theileriidae тұқымдасыТейлериидоздар – Theileriidae тұқымдасына жататын патогенді қарапайымдылар тудыратын, протозойлық, трансмиссивтік аурулар. Тейлериидоздармен ірі қара және ұсақ

Слайд 5ІРІ ҚАРА МАЛДЫҢ ТЕЙЛЕРИОЗДАРЫ
Тейлериоздар – Theileria туысына жататын қарапайымдылар тудыратын,

ірі қара малының, буйволдардың (енеке немесе дала сиыры), зебулардың (өркешті

сиыр) жіті немесе жітілеу түрде өтетін трансмиссивтік аурулары.

ТМД елдерінде ірі қара малдарында тейлерийлердің төрт түрі тоғышарлық етеді: Theileria annulata, Th.sergenti, Th. mutans және Th. orientallis, алғашқы екі түрі өте уытты тоғышарлар. Қазақстанда ірі қара малында тейлериозды тек қана Theileria annulata түрі тудырады.
ІРІ ҚАРА МАЛДЫҢ ТЕЙЛЕРИОЗДАРЫТейлериоздар – Theileria туысына жататын қарапайымдылар тудыратын, ірі қара малының, буйволдардың (енеке немесе дала

Слайд 7Тейлериоздар ірі қара шаруашылығының дамуына өте көп зиян келтіреді. Ауырған

мал өлімі 60-80 % жетеді және мал өнімділігі азаяды. Ауырып

жазылғаннан кейін сиырлардың сүттілігі тек қана 70-75 % қалпына келеді, сау кезіндегімен салыстырғанда. Малдың денесінде тейлерийлер сөл бездерінде, ұлпалы органдар және эритроциттерде тоғышарлық етеді.
Тейлериоздар ірі қара шаруашылығының дамуына өте көп зиян келтіреді. Ауырған мал өлімі 60-80 % жетеді және мал

Слайд 9Қоздырушылары
Тейлерийлердің эритроцитарлық түрлерінің сипаттамасы: эритроциттерде тейлерийлердің дөңгелек сопақша (80% дейін),

таяқша, үтір тәрізді түрлері тоғышарлық етеді. Негізгі жиі кездесетін түрлері

сопақша және эритроциттердің радиусынан кіші, дөнгелек түрлерінің мөлшері 0,5-1,5 мкм, сопақшалары – 0,6-2,0 мкм, таяқша тәрізділері – 0,7-2,5 мкм. Тейлерийлер көбінесе эритроциттердің ортасында, кейде шетінде орналасады. Бір эритроцитте 1-7 тейлерийлер тоғышарлық етеді жалпы зақымдалуы 80-95 % жетеді (101-сурет). Романовский–Гимза әдісімен тейлерийлердің ядросы қызыл, цитоплазмасы көк түске боялады.
ҚоздырушыларыТейлерийлердің эритроцитарлық түрлерінің сипаттамасы: эритроциттерде тейлерийлердің дөңгелек сопақша (80% дейін), таяқша, үтір тәрізді түрлері тоғышарлық етеді. Негізгі

Слайд 11Макро және микрошизонтар
Макро және микрошизонтар цитоплазмадан және көптеген ядролардан (50

және одан жоғары) тұратын көп ядролы денелер (102-сурет). Олардың мөлшері

8-27 мкм. Шизонттарды Романовский–Гимза әдісімен бояғанда цитоплазма көкшіл, ядролары қызылдау түске боялады. Микрошизонттардың ядролары кішкентай, дөнгелек нүкте тәрізді болады. Макрошизонттардың ядролары үлкен, түрлері әр түрлі болады.

Макро және микрошизонтарМакро және микрошизонтар цитоплазмадан және көптеген ядролардан (50 және одан жоғары) тұратын көп ядролы денелер

Слайд 13Қоздырғышының дамуы.
Негізінде малдардың денесіндегі тейлерийлердің даму сатылары нақтылы зерттелініп, анықталған,

ал кенелердің денесіндегі даму сатылары толық зерттелініп анықталған жоқ.
Тейлерийлермен зақымдалған

кенелер, сау малдың қанын сорғанда сілекейлерімен эритроциттерде орналасқан тейлерийлердің ұсақ түрлерін терісіне енгізеді. Тейлерийлер сөл, қан арқылы алдымен жақын сөл бездеріне, содан кейін ұлпалы органдарға жетіп шизогония немесе көптеген бөліну сатысымен дамиды. Осы ретте тейлерийлер (спорозоиттар) лимфоциттерге моноциттерге еніп, көлемі үлкейеді, ядросы көптеген бөліктерге бөлінеді, көп ядролы денелер – макрошизонттар пайда болады.
Қоздырғышының дамуы.Негізінде малдардың денесіндегі тейлерийлердің даму сатылары нақтылы зерттелініп, анықталған, ал кенелердің денесіндегі даму сатылары толық зерттелініп

Слайд 15Эпизоотологиялық деректер
Тейлериоз ТМД елдерінің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында таралған.
Қазақстанда

тейлериоз Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында жиі кездеседі. Тейлериоз Қызылорда

облысында сәуірден қыркүйек айларына дейін, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында сәуірден қазанға дейін кезігеді. Маусым шілде айларында ауырған мал саны көбейіп, инвазия жоғары сатысына жетеді. Осы айларда имаго сатысындағы кенелер көп тарайды, ауруды таратады. Тейлериоздың қоздырғышын Қазақстанда бес түрлі иксодид кенелері: Hyalomma anatolicum, H. detritum, H. scupense, H. plumbeum, H. asiaticum таратады. Тейлерийлер кененің бір ғана ұрпағы арқылы беріледі. Мысалы, егер ауру малда кененің личинкалары тоғышарлық етсе, тейлерийлерді нимфа сатысы, егер нимфа сатысы тоғышарлық етсе, имаго сатысы таратады. Кейбір уақытта тейлерийлермен личинка және нимфа зақымдалады, бірақ қоздырғыштар имаго арқылы беріледі.
Эпизоотологиялық деректер Тейлериоз ТМД елдерінің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында таралған.Қазақстанда тейлериоз Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында жиі

Слайд 16Патогенезі.
Патогенезі. Тейлерийлер регионалдық (аумақтық) сөл бездеріне еніп, шизогония жолымен көбейіп

лимфадениттерді тудырады. Содан кейін тейлерийлер лимфа (сөл) тосқауылынан өтіп, қанға

енеді, одан барлық органдарға тканьдарға тарайды. Осы ретте ауру асқынып, паразиттер барлық ұлпалы органдарда көбейеді. Паразиттердің шизогониалдық жолмен жаппай көбеюіне байланысты, мал денесінде тейлерийлердің қоректік қалдық заттары жиналады, олардың уыттары орталық нерв жүйесіне және жылу орталығына әсерлерін тигізеді, нәтижесінде дене қызуы өте жоғары көтеріледі.
Патогенезі.Патогенезі. Тейлерийлер регионалдық (аумақтық) сөл бездеріне еніп, шизогония жолымен көбейіп лимфадениттерді тудырады. Содан кейін тейлерийлер лимфа (сөл)

Слайд 18Тейлериозды серологиялық анықтау

Серологиялық әдіс. Бұл әдісте

комплементті байлау және ұзақ байлау (КБР, КҰБР) реакциялары қолданылады. Тейлерий

антигені макро және микрошизонттардан (аурудың алғашқы сатысында), немесе тейлерийлердің эритроцитарлық түрлерінен арнаулы әдістермен алынады. Бұл әдіспен ауруды жылдам және дәл анықтауға болады.
Тейлериозды серологиялық анықтау    Серологиялық әдіс. Бұл әдісте комплементті байлау және ұзақ байлау (КБР, КҰБР)

Слайд 19Емі.
1. Қазақтың ғылыми зерттеу ветеринариялық институтының схемасы. Алғашында ауру

малға № 1- комплекс қолданылады: бұлшық етке 7 % азидин

немесе беренил мөлшері 3,5 мг/кг; 20% сульфантрол ерітіндісі 10 мг/кг, окситетрациклин 2000-5000 бірлік; тері астына —20 % кофеин-бензоат натрий ерітіндісі 5-20мл және витамин В-12 мөлшері 1-2мкг. 2-6 сағат өткенде № 2 комплекс қолданылады: күре тамырға - 10% натрий хлорид ерітіндісі мөлшері 0,5 мл/кг және 10 % аскорбин қышқылы 1 мл әрбір 3-5 кг малдың салмағына. Осы ертінділерді қолданғаннан кейін бірден су немесе сүт сарысуын береді. №1 және №2 комплекстерді қайталанып 3 рет беруге болады, немесе №2 комплексті кофейн және витаминмен қосып береді. Ауру өте ауыр түрде өтсе № 2 комплекс орнына бірден № 3 комплекс қолданылады: 40 % глюкоза ерітіндісі мөлшері 0,5 мл/кг және 10 % аскорбин қышқылы 1 мл/кг малдың салмағына, күре тамырға егеді.
Емі. 1. Қазақтың ғылыми зерттеу ветеринариялық институтының схемасы. Алғашында ауру малға № 1- комплекс қолданылады: бұлшық етке

Слайд 21Профилактикасы
Тейлериозға қарсы химиялық профилактика қолданылады. Осы ретте сульфантрол мөлшері 0,003

г/кг малдың салмағына 10% ерітінді ретінде 7 күнде 1 рет,

мамырдың аяғынан шілденің аяғына дейін бұлшық етке егеді. Аурудың шығар мерзімі алдында малдарға Наганин мөлшері 0,015 г/кг салмағына 10 % ерітінді ретінде 1 рет күре тамырға егеді.
ПрофилактикасыТейлериозға қарсы химиялық профилактика қолданылады. Осы ретте сульфантрол мөлшері 0,003 г/кг малдың салмағына 10% ерітінді ретінде 7

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика