Разделы презентаций


Жұлдыздар

Жұлдыз кейде тұрақты жұлдыз (лат. stella немесе лат. astrum; астрономиядағы белгісі: ✱) — салмағы ерекше ауыр, өзегіндегі термоядролық реакция арқылы айналасына тұрақты жарық шығаратын, плазмалық газ күйдегі аспан денесі. Жұлдыздарды арнаулы

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Жұлдыздар

Жұлдыздар

Слайд 2Жұлдыз кейде тұрақты жұлдыз (лат. stella немесе лат. astrum; астрономиядағы

белгісі: ✱) — салмағы ерекше ауыр, өзегіндегі термоядролық реакция арқылы

айналасына тұрақты жарық шығаратын, плазмалық газ күйдегі аспан денесі. Жұлдыздарды арнаулы түрде Жұлдыз астрономиясы ғылымы зерттейді
Жұлдыз кейде тұрақты жұлдыз (лат. stella немесе лат. astrum; астрономиядағы белгісі: ✱) — салмағы ерекше ауыр, өзегіндегі

Слайд 3Әдетте қазақ тілінде жұлдыз сөзі кең мағынада қолданылады: барлық аспан

денелерін (күн, ай, Марс, Шолпан, құйрықты жұлдыздар т.б.) жай тілмен

жұлдыз деп бірдей атай береді. Дегенмен, ғылыми арнаулы мағынада жұлдыз тек Күн секілді, сүмбіле, темірқазық, жетіқарақшы, үркер секілді, қосаржұлдыз, үйіржұлдыз, ғаламатжұлдыз секілді өзінен жарық шығаратын алып аспан денелеріне қаратылады
Әдетте қазақ тілінде жұлдыз сөзі кең мағынада қолданылады: барлық аспан денелерін (күн, ай, Марс, Шолпан, құйрықты жұлдыздар

Слайд 4Жұлдыздар әлемі өте әр алуан. Кейбір жұлдыздар Күннен мың есе

үлкен (көлемі бойынша) әрі жарығырақ болып келсе (алып жұлдыздар), ал

кейбіреуінің мөлшері мен шығаратын жарығының энергиясы Күннен әлдеқайда аз болып (ергежейлі жұлдыздар) келеді. Жұлдыздардың жарқырауы да түрліше болады. Алтын Балық шоқжұлдызының S жұлдызы Күннен 400 мың есе артық жарқырайды

Жұлдыздар әлемі өте әр алуан. Кейбір жұлдыздар Күннен мың есе үлкен (көлемі бойынша) әрі жарығырақ болып келсе

Слайд 5Жұлдыздар ғарышқа біркелкі шашылған емес. Олардың көбі тартылыс күш әсерінде

ұйысып екіден көп қосаржұлдыздарға біріксе, тіпті неше миллиард жұлдыздар топтасып

алып үйіржұлдыздарға айналады. Екі жұлдыздың орбитасы оларды жақындатқанда олардағы өзгеріс тездейді[5]. Мысалы, Ақ ергежейлі жұлдыз өзінің серік жұлдызына жақындағанда оның газдарын өзіне сіміріп, жаңа жұлдыз болып жарқырайды
Жұлдыздар ғарышқа біркелкі шашылған емес. Олардың көбі тартылыс күш әсерінде ұйысып екіден көп қосаржұлдыздарға біріксе, тіпті неше

Слайд 6 Навигациялық жұлдыздар
Навигациялық жұлдыздар – авиацияда, теңізде жүзу мен ғарышта кеменің

бағыты мен орнын анықтау үшін қолданылатын жұлдыздар.

Кеңістікте бағдар жасау

үшін Жер бетіндегі белгілер жарамайды. Ғарышкерлер, ұшқыштар және теңізшілер навигациялық жұлдыз бойынша қажет уақытта бағдар жасап, бағытты анықтай білуі тиіс.

Навигациялық шоқжұлдыздар саны 20-дан астам. Оларға оңтүстік және солтүстік жарты шарлардағы ең жарық жұлдыздар жатады. Навигациялық есептерді шешу үшін биіктік пен азимуттың кестесі жасалған..
 Навигациялық жұлдыздарНавигациялық жұлдыздар – авиацияда, теңізде жүзу мен ғарышта кеменің бағыты мен орнын анықтау үшін қолданылатын жұлдыздар.

Слайд 7Темірқазық — Кіші аю шоқжұлдызындағы 2-ші жұлдыздық шамада көрінетін жарық

жұлдыз. Ол дүниенің солтүстік полюс нүктесіне өте жақын орналасқан және

солтүстік жарты шардан көрінеді. Темірқазық – үш жұлдыздан тұрады. Оның ең жарығы айнымалы жұлдыз деп есептеледі. Қазіргі темірқазық — Кіші аю α жұлдызы есептеледі.
Темірқазық — Кіші аю шоқжұлдызындағы 2-ші жұлдыздық шамада көрінетін жарық жұлдыз. Ол дүниенің солтүстік полюс нүктесіне өте

Слайд 8Әдетте ауырлық күштің әсерінде ғаламшардың өз өсінде айналуы кеңістікте өзгеріс

туғызады, оны әдетте өстік прецессия (axial precession) деп атайды. Жершарының

айналу өсінің өзгеруіне ілесіп оның Темірқазығы (полюс нүктесі) де тарихта түрліше болған, болашақта да түрліше болады. Шамамен 4800 жылдың алдында, Полюс нүктесі жұлдызы Айдағар α жұлдызы болған. Ежелгі грекиялық жазбалар бойынша Темірқазық Кіші аю β жұлдызы болғаны анықталған. 2100 жыл өткенде қазіргі Кіші аю α мен темірқазық бағытының бұрышы ең кішкене болды (27'38"). Яғни, кезекте осы Кіші аю α жұлдызы жер үшін қозғалмайтын полюс жұлдызы есебінде жер шарының Темірқазығы есептеледі.

31 ғасырдан кейін Цефей γ жұлдызы жер шарының Темірқазығы болады. 14000 жыл шамасында уақыт өткен соң Лира α жұлдызы жер шарының темірқазығы болады.




Әдетте ауырлық күштің әсерінде ғаламшардың өз өсінде айналуы кеңістікте өзгеріс туғызады, оны әдетте өстік прецессия (axial precession)

Слайд 9Күннің жылдық көрінерлік қозғалысы.

Экваторлық координаттары

көптеген айлар бойы, тіпті жылдар бойы өзгеріссіз қалатын жұлдыздармен салыстырғанда

альфа мен бетасы жылдам өзгеретін шырақтар да болады.
Күннің жыл бойындаы қозғалысын ежелгі астрономдар сол кездің өзінде-ақ білген. Бірақ бұл бақыланатын құбылысқа Жердің Күнді айнала қозғалатыны анықталғаннан кейін ғана дұрыс түсінік береді. Күннің эклиптика бойымен өтетін көрінерлік қозғалысы – Жердің Күнді айнала шынайы қозғалысының көрінісі.
Күннің жылдық көрінерлік қозғалысы.     Экваторлық координаттары көптеген айлар бойы, тіпті жылдар бойы өзгеріссіз

Слайд 10Уақыттың негізгі өлшемдері
Аспан сферасының тәуліктік айналысымен қат-қаьат болып жататын мезгілдік

құбылыстар мен эклиптика бойындағы Күннің жылдық көрінерлік қозғалысы уақыттың қысқа

және ұзақ аралықтарындағы әр түрлі есептеу жүйелерімен байланысты болып жатады. Біз осы жүйелердің кейбіреулерімен танысамыз.
Уақыттың негізгі өлшемдеріАспан сферасының тәуліктік айналысымен қат-қаьат болып жататын мезгілдік құбылыстар мен эклиптика бойындағы Күннің жылдық көрінерлік

Слайд 11Біздің галактика (құрамына Күн енетін) 100 миллиард жұлдызды қамтиды. Галактикаларды

зерттеу нәтижесінде жұлдыздардың жұлдыздар шоғырларына, жұлдыздар қауымдастықтарына, т.б. түзілімдерге топталатындығы

анықталды. Жұлдыздар бірін-бірі толықтыратын екі бағытта зерттеледі. Жұлдыз астрономиясы жұлдыздардың қозғалысын, олардың галактика мен шоғырлардағы таралуын, әр түрлі статистикалық заңдылықтарын қарастырады. Ал астрофизиканың зерттейтіні – жұлдыздарда өтетін физикалық процестер, олардың сәулесі, құрылысы және эволюциясы. Қос жұлдыздың массасы олардың орбиталарын зерттеу арқылы тікелей анықталады.
Біздің галактика (құрамына Күн енетін) 100 миллиард жұлдызды қамтиды. Галактикаларды зерттеу нәтижесінде жұлдыздардың жұлдыздар шоғырларына, жұлдыздар қауымдастықтарына,

Слайд 12Жұлдыздарға дейінгі қашықтықты анықтаудың негізгі әдісі – Жердің Күн төңірегінде

айналуын негізге ала отырып, жұлдыздардың көрінерлік орын ауыстыруын өлшеу. Сол

ауытқу (параллакс) бойынша жұлдызға дейінгі қашықтық есептеліп шығарылады. Әр түрлі спектрлік кластағы жұлдыздардың орташа абсолюттік жұлдыздық шамасын анықтай отырып және оны сол кластағы жекелеген жұлдыздардың көрінерлік жұлдыздық шамасымен салыстыра отырып, жұлдыздарға дейінгі қашықтықты анықтауға болады. Жұлдыздың өз осінен айналуы оның спектрлері бойынша зерттеледі. Айналу кезінде жұлдыз дискісінің бір шеті бізден алыстайды, ал екінші шеті сондай жылдамдықпен бізге қарай жақындайды
Жұлдыздарға дейінгі қашықтықты анықтаудың негізгі әдісі – Жердің Күн төңірегінде айналуын негізге ала отырып, жұлдыздардың көрінерлік орын

Слайд 13Доплер принципі бойынша жұлдыздың айналу жылдамдығын анықтауға болады. Температурасы жоғары

(экватор аймағында) жұлдыздар 100 – 200 км/с және одан да

артық жылдамдықпен, ал температурасы салқындау жұлдыздар одан кем, яғни секундына бірнеше км жылдамдықпен айналады. Жұлдыздардың массасы және жарқырауы бір-бірімен белгілі бір тәуелділік арқылы байланысады. Жұлдыздың ішкі қойнауын тікелей бақылап көру мүмкін емес. Сондықтан жұлдыз, оның массасы, радиусы және жарқырауы шын мәніндегі жұлдызға сәйкес етіп жасалған теориялық жұлдыз моделін құру арқылы зерттеледі

Доплер принципі бойынша жұлдыздың айналу жылдамдығын анықтауға болады. Температурасы жоғары (экватор аймағында) жұлдыздар 100 – 200 км/с

Слайд 15 S алтын балық жұлдызы

 S алтын балық жұлдызы

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика