Слайд 1 Жоспар:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
Тыныс ағзаларының анатомиялық ерекшеліктері
Тыныс ағзаларының жасқа
байлансты өзгерістері
Мұрын қуысы.
Көмей.
Кеңірдек.
Бронхтар.
Өкпе.
IV Қорытынды
С. Ж. Асфендияров атындағы
Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті
Кафедра:Балалар пропедевтикасы
Тақырыбы: Тынысалу жүйесі
Қабылдаған:
Орындаған: Мұғалбай.С.Ж
Факультет:Жалпы медицина
Курс:3
Топ: 013-016-01
Алматы 2016ж
Слайд 3 Тыныс жүйесі үшінші және төртінші
аптаның басында пайда бола бастайды. Тыныс мүшелері алдыңғы ішектің каудальды
үзігінің ішкі томпағы ретінде пайда бола бастайды. Ол алғашқы өңешпен кеңірдектен тұрады. Кеңірдек түтігі төменнен тез өсіп екі эндодермалды бұтақша бере бастайды. Басты бронхтың мезинхимадан орналасқан негізі құралады. Даму барысында одан шеміршек тікан жалғастырушы элементтер тыныс жүйесінің тамырлары өсіп шығады.
Слайд 4Өкпе
Өкпе кеуде қуысында жүрек пен тамырлардың жанында омыртқа бағанасының алдыңғы
бетінен, кеуде қабырғасының артқы бетіне дейін созылатын көкірекаралықпен бір-бірінен бөлінген
өкпе қабында орналасқан.
Слайд 5Дауыс түзілу
Дем шығарғанда іске асады. Олардың себебі дауыс байламдарының тербелісінен
болады. Олар ауа ағыны әсерімен пассивті тербелмейді. Дыбыс дауыс байламдарының
мидағы орталықтарынан келетін ырғақты импульстердің әсерімен белсенді жырылатын mm.vocales-пен тығыз өзара тығыз байланысты. Дауыс байламдары тудыратын дыбыста негізгі үннен басқа бірқатар қосымша үндер болады. Дегенмен бұл “байламдық” дыбыс әлі де мүлдемтірі адам тән тембрді резонаторлар жүйесі арқылы алады. Табиғат өте үнемді құрылысшы болғандықтан, резонаторлар рөлін тынысалу жолының дауыс байламдарының қоршайтын түрлі ауа қуыстары атқарады. Ең басты резонаторлар-жұтқыншақ пен ауыз қуысы.
Слайд 6Ожау тәрізді шеміршектің cartilagines arytenoidea, дауыс байламдары мен бұлшықеттеріне тікелей
қатысы бар.
Көмей қақпашығы, epiglottis s. cartilago epiglottica aditus laryngis алдында
және тікелей тіл негізіне қарай орналасқан жапырақ пішінді серпінді шеміршек тінді табақша.
Слайд 7Көмей шеміршектері.
Жүзіктәрізді шеміршек, cartilago cricoidae, гиалинді, жүзік пішінді, артқы жағынан
жалпақ табақшадан, lamina, және алды мен бүйірлерінен доғадан, arcus, тұрады.
Қалқанша
шеміршек, cartilago thyrodae көмей шеміршектерінің ең ірісі, гиалинді, алдына қарай бұрыш жасай тұтасатын екі табақшадан, laminae, тұрады.
Слайд 8Сыртқы мұрынды құрайтын сүйектер мен шеміршектер.
Мұрын ұшы (apex nasi)
Мұрын арқашығы(dorsum
nasi)
Мұрын түбірі (radix nasi)
Мұрын қанаттарынан(alae nasi)
Слайд 9Мұрын жанындағы қойнаулар
Жоғарғы жақсүйек (гаймор) қойнауы.
Маңдай қойнауы
Тұтастай құрайтын торлы сүйек
ұяшықтары.
Сынатәрізді қойнау
Слайд 11Шырышты қабықтың тетіктері ауаны механикалық жағынан өңдейді және ортаңғы, төменгі
мұрын қалқандары мен мұрын жолдары деңгейінде орналасады. Сондықтан-мұрын қуысының бұл
бөлігі тынысалу бөлігі regio respiratoria, деп аталады. Мұрын қуысының жоғарғы бөлігінде, жоғарғы қалқан деңгейінде, иіс сезу мүшесі түрінде өтетін ауаны бақылауға арналған тетік бар, сондықтан мұрын қуысының жоғарғы бөлігін иіс сезу аймағы regio olfactoria деп аталады.
Слайд 12 Мұрын қуысы
Дем алғанда ауа өкпенің тінімен жанасуы үшін шаңнан
тазарып, жылынып, ылғалдануы қажет. Бұл мұрын қуысында cavitas nasi, іске
асады, сонымен қатар бір бөлігі сүйекті, екінші шеміршекті қаңқадан түзілген сыртқы мұрынды,nasus externus бөлімінде ажыратылады. Остеология бөлімінде атап кеткендей, мұрын қуысы, мұрын қалқасы, septum nasi арқылы екі симметриялы бөлікке бөлінген, олар алдыңғы жағынан сыртқы мұрын арқылы танаулардың nares көмегімен атмофера ауасымен, ал артқы жағынан хоандар арқылы жұтқыншақпен қатысады.
Слайд 13 Сондай ақ іште дамуының барлық
кезеңінде екі өкпенің бірдей өспейтіндігі яғни өң жақ өкпе сол
жақ өкпеден тезірек жетілетіндігі дәлелденген.бұл мезгілде өкпенің беті бұдырлы болады. Одан әрі бұдырлар бірігіп өкпенің бөлік аралық салаларын айқындап бөліктерге бөледі. Үшінші ай бойында бронх бұтағы тез өсіп жетіле бастайды. Сегментті, субсигментті бронхтар пайда болады.
Он алтыншы аптадан бастап респираторлы бранхиолалар қалыптаса бастайды. Ұрықта он он екінші аптада бронх артериясының негізі қаланып үлкен қан айналым шеңберінің туындысы пайда болады.
Слайд 14 Сегізінші тоғызыншы айда бронхтағы
толық топографиялы белгіленеді және өкпенің соңғы тарамдарының жіктелуі шапшаң жүре
бастайды. Сегіз айлы ұрықта ацинус үш қатарлы респираторлы бронхиолалар алвеолдық жолдар және тайыз альвеолдар түрінде байқалады. Жаңа туған сәбидің бірінші де алуы организмдің бір неше факторларының әсерінен қайта құрылуына байланысты болады.
Слайд 15плацентарлы қан айналуы тоқтап қанда көмірқышқыл газы көтеріліп РН және
оттегінің парциалды қысымы төмендейді
сыртқы ортаның төменгі температурасына әсер етеді.
сыртқы ортаның
жоғарғы қысымы ықпал етеді.
Слайд 16 Жұтқыншақ. Бір шама жіңішке және
тіктей орналсқан. Валдеер сақинасына жеті без кіреді. Жаңа туған нәрестеде
әлсіз дамыған бадамша безі дұрыс көрінбейдің. Тек бала жастан асқанда ғана оны көруге болады. Бадамша бездеріндегі крипталар әлсіз дамыған. Сондықтан бір жасқа дейінгі балаларда баспа сирек кездеседі. Одан әрі лимфоидты ткань мен бадамша бездер шоғырланып қалыптан тыс біраз ұлғаяды. Төрт жас пен он жас арасында ұлғаю шегіне жетеді.
Слайд 17 Бадамша бездері. Тілдің түбіріндегі бадамша
безі. Таңдай иіндері арасындағы таңдай бадамша бездері екі жақта бір
бірден болады. Жұтұқыншақ бадамша безі мұрын жұтқыншақ күмбезіне орналассады. Түтікше бадамша бездері есту түтігінің мұрын жұтқыншақ тесігінде екі жағында бір бірден орналасады. Көмей бадамш бездері көмей сағасы маңындағы алмұрт тәріздес үңгірінде жалған дауыс желбезегінде көмей қарыншаларында жұтқыншақтың артқы қарыншасын екі жақ бүйірлі бөлігінде орналасқан. барлық лимфоидты ткандардың шоғырлануы Валдеердің тамактағы лимфоиды сахинасы деп аталады.
Слайд 18 Көмей. Жас нәрестелерде варонка тәріздес,
кейін цилиндир тәріздес болады. Үлкендерге қарағанда бір шама жоғары орналасқан.
жаңа туған сәбилерде оның төменгі ұшы төртінші мойын омыртқасының тұсына сәйкес келеді. Көмейдің алдыңғы артқы көлденең қатты өсуы бір жаста он төрт он алты жас та да байқалады. Баланың көмейі үлкендерге қарағанда үлкен. Шеміршегі нәзік. Тілшік он екі он үш жаста дейін жіңішкелеу.
Слайд 19 Үш жастағы ер балаларда
қалқанша пластинкалардың бұрыштары үшкірлі болады да, жеті жаста біраз білініп
тұрады. Ал он жастағы ер баланың көмейі үлкендердікіне өте ұқсас болады. Көмейдің кілегей қабаты нәзік. Ол қан және лимфа тамырларына бай. Серпімді тканьі әлсіз жетілген. Жеті жасқа дейін дауыс саңылауы енсіз тар болып қалады. Жас нәрестелердің шын дауыс желбезегі қысқа. Он екі жастан бастап қыз балаларға қарағанда ер балалардың дауыс желбезегі ұзара бастайды. Балалардың көмей ерекшелеіктеріне байланысты оның қабынуы жиі кездесіп тұрады.
Слайд 20 Кеңірдек. Жаңа туған
баланың кеңірдегі бронх тәріздес және енсіз тар болады. Шеміршегі жұмсақ,
кілегей қабаты нәзік қан тамырларына бай кілегей бездері неғұрлым құрғақтау келеді. Жарғақты бөлігінің етті қабаты жаңа туған нәрестеде өте жақсы жетілген, серпімді тканьі әлсіз болып келеді. Кеңірдек орнына әлсіз бекітілген шеміршегі жұмсақ, жеңіл болады. Жаңа туған баланың кеңірдегінің ұзындыңы төрт см. Он төрт он бес жаста жеті см. Ересеек адамдарда он екі см. Кеңірдек бифуркациясы жаңа туған балаларда үшінші төртінші кеде омыртқасының тұсында. Бес жасты төртінші бесінші, ал он екі жаста бесінші алтыншы омыртқа тұсына сәйкес келеді.
Бронхтар. Енсіз, жіңішке, шеміршектері жұмсақ. Кілегей қабаты қан тамырларына
бай. Аздап кілегеймен қапталған. Етімен серпімді талшықтары әлсіз жетілген. Оң жақ барынша тікей орналасқан және кеңірдектің жалғасы болып есептеледі. Оң жақ бронх сол жақ бронхтан бір шама жалпақтау. Сол бронх бұрыш жасап тікей бөлінеді. Жасқа байланысты бронхтар ұзарып, қуыс кеңейе бастайды. әчіресе бронхтар тез өседі де, сосын, оның өсуі тежелінкіреп қалады. Одан әрі жыныстық қалыптасу кезеңі тез жетіле бастайды. Он екі он үш жаста бронхтар ұзындығы екі есе ұзарады. Жас өскен сайын бронхтардың семуіне қарсылық ететін күште арта түседі.
Өкпе. Бала дүниеге келгенде оның өкпесінің салмағы елу
грам. Алты айда екі есе ауырлайды. Бір жаста үш есме, он екі жаста он есе. Жас нәрестелердің дәнекер тканге өте бай серпімді тканьдері аз, әсіресе альвеолалар маңында қан тамырларына бай. Капилярлары мен лимфа тамырлары кең болады. Сонлықтан балалрдың өкпесінде қанның іркілуі ателектаз, эмфиземалар тез пайда болып өкпенің қабынуына уытты заттардың өкпе бетінен қан тамырларына тез сорылып тарауына өте қолайлы жағдайлар оңай туғызып отарады. Ересектерге қарағанда балалардың өкпесінің тыныстық беті үлкен болып келеді. Бір минутта үлкендерге қарағанда қан көп мөлшерде өтеді. Бала өмірге келерде ацинус, яғни өкпенің тыныстық бөлігі әлісз дамыған.