Слайд 1
Үйге тапсырма:
§56.250-252 бет.
254 беттегі тест тапсырмаларына жауап беру.
§5-6 қайталау
Слайд 2Дене температурасының реттелу тетігі.
Тері гигиенасы,аурулары.
Сабақтың тақырыбы:
Слайд 3 Мақсаты:
Жылуды реттеумен,терініңтазалығы,гигиенасы және аурулары туралы түсінік
Слайд 4 Міндеті:
Тері гигиенасы және аурулары туралы білу
Ойлау,сөйлеу,есте сақтау қабілеттерін дамыту
Тазалыққа,ұқыптылыққа,ауызбіршілікке
тәрбиелеу
Үй тапсырмасы.
Терінің құрылысы.
I топ Сыртқы эпидерлис
II топ Ортанғы Дерма
III топ ішкі Шел
сұрақтары.
Сиқырлы
микрафон
1.Терінің ауруларын ата
2.Терінің қосалқы бөлімдерін ата
3. Терінің түсі неліктен өзгереді
4.Денеде жылу бөліну қандай жолмен жүреді
5.Тері қанша қабаттан түрады
6. Терінің сыртқы қабатты
7.Кенеден тарайтын тері аурулары
Слайд 7Соз
Создың (гонорея) қатері де мерезден олқы соқпайды. Оны туғызатын
қоздырғыш микробты - "гонококк" - дейді. Создың да таралатын басты
жолы — жыныстық қатынас. Оның жасырын, инкубациялық кезеңі көбіне 2-4 күнге ғана созылады.
Кейбіреулер созды жеңіл-желпі сырқат көреді. Бұл мүлдем қате. Өйткені ол ерлердің үрпі безінің (предстательная железа), аталық, аналық бездердің қабынуына, несеп жолының тарылуына, бедеулікке соқтырады.
Белгілері
Түзге отырғанда несеп жолы қатты ауырады. жыныс мүшесінен жасыл-сарғыш түсті ірің ағады. Созды да, мерезді де тек осы салаға маманданған дәрігер ғана (врач-дерматовенеролог) анықтап, дұрыс емдей алады.
Өзіңізге-өзіңіз диагноз қойып, өз бетіңізбен емделуден аулақ болыңыз. Емделмеген немесе ем дұрыс қолданылмаған венералық сырқаттың опық жегізетінін есіңізден шығармаңыз!
Слайд 8Теміреткі
Жазда көбейетін тері ауруларының тағы бірі – теміреткі. Мұны да
адамдар негізінен ашық су көздеріне шомылуға барғанда жұқтырып жатады. Ал
одан сақтану жолдары мынадай: әрбір шомылып болған сайын «душқа» түсу, жақсылап шайыну керек. Әсіресе қолды ұқыптап жуған жөн. Құмда жалаң аяқ жүрмеуге тырысыңыз.
Ал теміреткіні адам алғашында аллергия деп қабылдауы мүмкін. Ол теріде қызарған, дөңгелек дақ сияқты пайда болады, қатты қышиды. Кейін әлгіндей дақтар көбейіп, бір-біріне қосылады, үлкейеді. Ол басқа да шығуы мүмкін. Мұндайда шаш түбінен сынғыш болады.
Теміреткіден өз бетінше емделген дұрыс емес, дәрігерге көрінген жөн.
Слайд 10МЕРЕЗ
Мерездің қоздырғышы — бозғылт спирохета (бледная спирохета). Әлгінде ескерткеніміздей,
ол негізінен жыныстық қатынас арқылы жұғады. Алайда кейде басқа жағдайда
да ұшырап қалуыңыз ғажап емес. Мәселен, мерезге шалдыққан кісімен сүйіскенде, бір ыдыс-аяқпен ас-су ішкенде, шылымының қалдығын тартқанда, т.б.
Ауру жұққанан кейін білінгенше арада 3-4 аптадай уақыт өтеді. Бұл мезгіл сырқаттың жасырын кезеңі, инкубациялық кезең деп аталады. Бірақ мерезге ұшыраған адам осы "жасырын кезеңнің" өзінде-ақ басқалар үшін қауіпті, оның ауруы өзгелерге жұға береді (мысалы, төсектес жұбына).
Слайд 11Дерматит
Жазда адамды «аңдитын» тағы бір дерттің аты – дерматит.
Дерматитке ұшыраған
адамның терісі қызарып, түлейді, онда пигменттік нүктелер көбейеді. Одан сақтану
үшін әсіресе күнге күйдірінудегі ережелерді ұмытпай жүру керек. Теріге күннен қорғайтын крем жақса болады. Жағажайға барар алдында денеге ылғалдандыратын немесе витаминді көбейтетін, әсіресе құрамында гормондар көп крем жақпау керек. Теріге духи сеуіп, құрамында эфир майлары бар хош иісті ылғалды сорғыштарды жапсырған да зиян. (Кейбір әйелдер, тіпті ер-азаматтар да кейде осындай заттарды жиі қолданады). Мұның бәрі адамды дерматитке шалдықтыруы мүмкін.