Слайд 1А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
«Ақжайық» өлеңі
Фариза Оңғарсынова
3 «А» сынып оқушысы
Бисенғалиева Алия
Слайд 3Фариза Оңғарсынова
(1939 - 2014 жж.)
Туған жылы,айы: 1939 желтоқсан
Туған жері:
Манаш ауылы, Атырау облысы, Новобогат ауданы
Мансабы: жазушы
Фариза Оңғарсынова — қазақ
ақыны, халық жазушысы.
Слайд 4ақжайық
Қыстағы байсалдылық былай қалып,
Жайықтың суы жатыр ылайланып.
Бұлқынған сағынышпен
жүректердей,
Соғады жарға толқын шыр айналып.
Толқынын Ақжайықтың тамашалап,
Қиялдар жетелейді
қарасам-ақ.
Кейде үнсіз, кейде долы – ерке мінез,
Өзіңе осы кейпің жарасады-ақ!
Жайығым – ата қоныс, игі мекен,
Ақ бурыл толқындарың жүйрік екен.
Құшасың құмарлана жағалауды,
Өзіңді о да бір кез сүйді ме екен…
Кей сәтте байсалдысың, ақылдысың,
Кей сәтте сескендірер батыл күшің.
Қаншама ұмтылсаң да кең далаға,
Аса алмай жаға-жардан жатырмысың?!
Слайд 7
Туған жердің топырағы
Көк мөлдір аспанды мекенім!
Көгіңнен сенің қайтқанда қаздар қаңқылдап,
Шарқ
ұрып іздеп саялы дария, салқын бақ;
Көгілдір жанарлы көлдерді аңсаған құстардың
Қиқуларынан
қалушы ем мен де зар тыңдап.
Жанарымда бір от жарқылдап...
Ақша бұлттарға мүңдарын шаққан аққуға
Сазарған далам, сая болмадың - бал құндақ.
Тарихтың салған тақсіретіндей мүжік таулардан
Ақтарылмады айна бұлақтар жалтылдап.
Қасиетті менің, қасіретті менің мекенім!
Атой салғанда ата жауларың сан жақтан,
Бабаларымның қаһарына сонда
Елең де болмай қарлы ақпан,
Кеңдігіңді сақтар, елдігіңді сақтар айқаста
Төсіңді тұлпар тұяқтарымен шаңдатқан.
Еркіндігің үшін егеулі найза алған ұлдарың
Таңдайларына талықсығанда қан қатқан.
Сонан соң... сонан түнектердің түні қақырап,
Ақ армандардың үміті болған таң да атқан.
Маңғыстау!
Мұңды мекені "тағылар" атанған Адайдың,
Мен бүгін саған жанарым жайнап қараймын:
Арпалысып өлген бабамның армандарындай
Көгінде күлген шапағатты шуақ арай Күн.
Ақ шаңқан мынау мұнарлардан лаулаған
Слайд 8Жаз
Таң бұзып тынышымды жіберді деп,
Жазғы түн кетерінде түнерді кеп.
Жер-ару серпігенде
түн көрпесін,
Маужырап қарап тұрды Күн елжіреп.
Гүл бөлеп хош иіске атырабын,
Ағаштар
жайып салды жапырағын.
Самал жел сыбырласа, сыр ұрласа, -
Өзенде мың бұралып жатыр ағын.
Төсінен терсек тағы қызғалдақты,
Басында заңғар таудың ызғар қапты.
Шыдамай жаздың жастық жалынына,
Ойнақтап ерке бұлақ құздан да ақты.
Сұлулар суға барған сайға бұғып,
Қарайды көлдің бетін айна қылып.
Шіркін, жаз, жомартсың-ау базарлыққа
Бересің жан біткенге жайдарылық!
Слайд 11Назарларыңызға рахмет!!!
Сау болыңыздар!!!