Слайд 1«Аққайын бөбекжай»
Балабақшадағы инновациялық технологиялар
Әдіскер : Г.Б.Молдабаева
Слайд 2МАҚСАТЫ:
1.Инновациялық технологиялардың түрлерін көрсету.
2.Мектепке дейінгі мекемелерде оларды қолданудың тиіміді жолдарымен
таныстыру.
Слайд 3Міндеті:
Жаңа педагогикалық инновациялық технологиялардың түрлерімен таныстыру және оны ұйымдастырылған оқу
іс-әрекеті барысында жаңа технология элементтерін қолдану тиімділігі көрсету.
Слайд 4Ағылшын тілінен аударғанда жүйе ішіндегі өзгерістер деген мағынаны білдіреді. Құрал
мен үрдіс ретінде инновация қандай да бір жаңалық енгізу деген
мағынаны білдіреді. Педагогикалық үрдіске қатысты инновацияны оның мақсатына, мазмұнына , оқыту әдістері мен формаларына, мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекетін ұйымдастыруға жаңалық енгізу деп анықтауға болады.
Инновация
Слайд 5Қазіргі таңдағы білім беру технологиясының қатарына жататындар
1.Дамыта оқыту технологиясы
2.Ойын технологиясы
3.Ынтымақтастық технологиясы
4.ТРИЗ
технологиясы
6.Денсаулық сақтау технологиясы
5.Ақпараттық
коммуникативтік технологиялар
7.Проблемалық оқыту технологиясы
8.Жобалау технологиясы
Слайд 6Дамыта оқыту технологиясы
Дамыта оқыту технологиясы - баланы оқыта отырып, дамыту.
Бала бойында еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік,
белсенділік т.б. қасиеттер дамыту.
Слайд 7Ойын технологиясы
Ойын технологиясы . Технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік
мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке
бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.
Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады.
Слайд 9Ынтымақтастық технологиясы
Ынтымақтастық технологиясы –дегеніміз тәрбиеленуші мен тәрбиеші арасындағы қарым-қатынастың
тең дәрежеде жүзеге асуы ,бірлік одақта қызмет етуі, тәрбиеші мен
тәрбиеленушіге басымдылық көрсетпеуі.
Ынтымақтастық- бір мақсатқа жетуге бағытталған, бірлескен іс-әрекет .
Ынтымақтастық технологияның негізгі идеясы:
1.Тәрбиеленушінің шығармашылық, атқарушылық қабілетін дамыту
2.Тәрбиеленушінің өзін-өзі құрметтеуі
3.Тәрбиленушілер бір-бірін құрметтеу.
Слайд 10ТРИЗ технологиясы
ТРИЗ — дің мақсаты — тек қана балалардың
қиялын ғана емес, сонымен қатар шынайылықты түсініп жүйелі ойлауға, өзін
— өзі тануға, қоршаған ортаның қиындығын байқауға және де өздерінің шағын қиындықтарын шешуге баулу болып табылады.
Тризшылардың ұраны — “Барлығын айтуға болады!” Балалық шақтағы ТРИЗ-баланың ойлау процесімен, тілі, қиялы, есте сақтау қабілеті, зейінінің белсенді және бірлесіп дамуды тұспалдайтын ТРИЗ элементтерін және шығармашылық қиялды дамыту әдістері мен компьютерлік үйрету бағдарламаларын қолдану арқылы қоршаған орта туралы білімдерін кеңейтетін, игерген біліммен білікті өзіндік әрекет кезінде, көркем әдебиет, тілдік, ойын зерттеу, қатынас т.б әрекетте қолданатын адамның ойлауын дамытып тәрбиелеудің белгілі бір жүйесі.
ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясын өткен ғасырдың 70 жылдары Г.С.Альтшулер ойлап тапқан. Мектепке дейінгі балаларға бейімделген ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттіліктерді дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып шығармашылыққа баулиды.
Слайд 11Ақпараттық коммуникативтік технология
Ақпараттық технология – термині ақпарат және технология
деген екі ұғыммен байланысты .Технология грек тілінен аударғанда өнер, шеберлік,біліктілік
деген мағынаны білдіреді.Ақпараттық технология есептеуші техника құралдарын пайдалана отырып ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу талдау және ұсыну қызметтерін жүзеге асыру әрекеттерінің реті.
Слайд 12Денсаулық сақтау технологиясы
Денсаулық сақтау технологиясы
Денсаулық сақтау технологиясының негізгі
мақсаты :
Баланың денсаулығын нығайтуға, білім дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі
тәрбие мен оқыту ұйымдары баланың денсаулығы мен оның дене бітімінің қалыптасуына үлкен үлес қосады. Қазіргі таңда адамдардың даму жағдайында оның денсаулығын қалыптастыруда реттік жүйесіз мүмкін емес.
Слайд 13Проблемалық оқыту технологиясы
Проблемалық оқыту технологиясы
Проблемалық оқыту – ойлау
операциялары логикасы талдау, қорытындылау және т.б балалардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын
проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және т.б. ескере отырып оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдердің қолдану ережелерінің жаңа жүйесі.
Проблемалық оқыту шығармашылық жұмыстарды жүргізудің ең өнімді жолы болып табылады.Проблемалық оқытуда балалар бейтаныс, белгілі емес мәселелерді өз беттерінше шешуге жұмсайды.
Слайд 14Жобалау технологиясы
Жобалы-іс шығармашылық технологиясы
Балабақшада баламен педагог бірлесіп жүргізеді.
Яғни баланы
тәрбиешімен бірге ізденуге,проблемелық іс-әрекетті жасай білуге үйрету, танымдық және шығармашылық
қабілеттерін дамыту. Балалардың белсенділігін арттыру, оқу материалына баланы қызықтыратындай мәселе тудыру, бала материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады. Жобалар бөлінеді:
Слайд 15Қорытынды
Балабақшада осы инновациялық технологияларды қолдану арқылы балалардың қызығушылығын арттыруға және
де денсаулықтарын нығайтуға болады
Слайд 16Назар қойып
Тыңдағандарыңызға
рахмет!