Слайд 1Құрашасай орта мектебі
2015 жыл
Менің атам - ардагер
Слайд 3Менің атам - ардагер
Дауленов
Тажхаир
Слайд 4Дауленов Тажхаир
1931 жылы 15 наурызда
Орал облысы,
Қаратөбе ауданы,
Қоскөл колхозында
дүниеге келдім
Тажхаир атаның өз аузынан шыққан сұхбаты
Әкем- Ерболов Дәурен,
шешем-Ерболова
Жанылай.Анам-Қоскөл
колхозында жұмысшы,әкем-
жылқышы,қойшы
болды.Әкемізден мен
Тәжхайыр, Қабдіқайыр
Орынай,Тойған 4 бала
болдық. 1944-1945 жылдар.
Ол кезде 13-14 жастағы баламыз. Біз қатарлы балалар шаруадағы аналарының қасында еріп жүретін. Қыста мал суарысып, малға пішен салысып, ауланың қарын күреп, үлкендерге қолғабыс беретін. Пішен шабу науқаны кезінде мая басына түйеге жегіп шөмеле таситын. Ересектеу балалар жазатайым жұмысқа шықпай қалса, бригадир оларды балағаттап, қамшы үйіруге дейін баратын
Слайд 6 Соғыс жағдайында тәртіп қатаң, мұндай әрекетке пәлендей мән берілмейтін.
Соғыс зардабына жететін зардап жоқ шығар. Аш құрсақ болғанымыз да
рас, жалаңаш болғанымыз да өтірік емес. Бірақ елдегі адамдар ондай-ондай қарын аштығына рухани тоқшылықты, киімнің жыртығына
мақсат бүтіндігін қарсы қоя
білді. 1945ж әкемді
соттады. Анам 1945 ж
қайтыс болды. Қаратөбе
ауданынд анағашыларымның
қолында болдым.Трактор
айдап тракторист болдым
Слайд 7Еңбек жолын 1950 ж
Орал обл. Қаратөбе
совхозында ветсанитар қызметінен
бастадым.
Слайд 81954 жылы Оралда 1 жылдық
бригадирлік курсті бітірідім
Слайд 91955ж отау құрып,7 ұл,
1 қыз тәрбиелеп өсірдім.
Слайд 101956-1962жж
Коммунистік
партияның мүшесі болдым.
Слайд 111962-1965 жылы Орал техникумын
техник-механик мамандығы
бойынша бітірдім
Слайд 121965 жылы Ақтөбе облысы
Ойыл ауданы
Жетікөл савхозына
инженер – механик
маманы ретінде
жіберілдім 1982 жылы
Ақтөбе облысында
«Актюбстрой» трестінің механизаторы
болып жұмыс істеп
зейнеткерлікке шықтым.
Слайд 13Қазір 20 немерсі 10 шөбересі бар
Слайд 14Осындай қиямет-қайым қиындықтарды жеңе білген кешегі тыл еңбеккерлерінің бүгінгі тыныс-тіршілігіне
айтар уәжі бар:
-Жаңылмасам, Жеңістің 55 жылдығына дейін тыл ардагерлері арнайы
есепке алынатын. Оларды соғыс ардагерлері қатарына қосып, «Соғыс ардагері» деген төсбелгісін де берді. Жолдама беріп, санаторийге жіберетін. Ал бүгінде мереке күндері «соғыс және тыл ардагерлері» деп қосып аталғанға риза. «Соғыс жылдарында еңбек еттік, жоқшылық көрдік, жан азабын тарттық» деп кеудемсоқтанып, ешкімге міндетсімейміз.Біреуге алақан жайып жалынбай, еңкейіп құлдық ұрмай-ақ, қанағатшыл болмысымен өмірден өтіп жатқанымызға шүкіршілік етіп келе жатқанымызға 7 ұл 1 қыз тәрбиелеп олардан 20 немере,10 шөбере сүйгеніміз дәлел болары хақ.
Слайд 15Ардагерлерге арнау
Қан майданның жүректе жарасы бар,
Қайғысы мен зілі бар, наласы
бар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Ардагерлер азайып барасыңдар.
Қастерлейді халқымыз қаһарманын,
Жүр есінде сан
жарық, сапарларың.
Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер,
Қалды-ау сиреп бұл күнде қатарларың.
Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар,
Жүздеріңде жанған от жарқылы бар.
«Соғыс» деген салмағын жалғыз сөздің,
Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар.
Жасқанбаған жауынан жарақты ер,
Ерлігіңді аңыз ғып таратты ел.
Қаһармандық дегенді кейінгі ұрпақ,
Жүздеріңе сендердің қарап білер.
Слайд 16Мектеп алды даярлау тобының жетекшісі: Анесова Гүлшат Куанышқызы
Мектеп алды даярлау
тобының оқушысы: Руслан Досжан Русланұлы
Тажхайыр атаның жиен немересі
Ұлы жеңістің 70
жылдығына арналған «Менің атам - ардагер» атты бүктемені дайындаушылар