Сізге өте жайлы, тып – тыныш, сіз тек менің
даусымды естіп тұрсыз. Сіз келе жатырсыз, алдыңызда орман шықты, көз алдыңызға елестетіңізші: яғни қалың орман ба, әлде сирек орман ба – оны өзіңіз таңдайсыз...Сіз келе жатырсыз, келе жатырсыз – алдыңызда жол бар, сіз сол жолмен келе жатырсыз – сол жол кең бе, әлде тар ма, - оны өзіңіз таңдайсыз.
Келе жатырсыз – алдыңызда әмиян (кошелек) көрдіңіз, ол әмиянды аласыз ба, әлде алмайсыз ба – оны да өзіңіз білесіз.
Сіз келе жатырсыз – алдыңызда үлкен қақпа тұр. Ол қақпадан секіріп өтесіз бе, әлде ашып кіресіз бе немесе айналып өтесіз бе – оны да өзіңіз шешіңіз.
Сіз әлі келе жатырсыз, алдыңызда үй көрдіңіз. Ол үйге кіресіз бе, әлде кірмей, айналып қасынан өтесіз бе - өзіңіз біліңіз.
Сіз келе жатырсыз, алдыңызда құмыра көресіз, құмыраны аласыз ба, әлде алмайсыз ба – оны да өзіңіз біліңіз.
Келе жатырсыз – алыстан бір үйір жылқы көресіз. Сол жылқыға жақындап барасыз ба, әлде айналып өтіп кетесіз бе? - өзіңіз шешіңіз.
Енді алдыңыздан өзен көресіз – ол өзен жәй толқынмен ағып жатыр ма, әлде шулап тасып жатыр ма? – оны да өзіңіз таңдаңыз.