Слайд 12Ұлы Отан соғысы ардагері атама сүйікті немересінен хат!
Құрметті ата!
Қалыңыз қалай? Денсаулығыңыз қалай? Ауырмай жүрсіз бе? Мен сіздің немереіңз
– Дина. Хал-жағдайыңызды білу үшін осы хатты жазып отырмын. Апамның халі қалай? Біз сіздердің ауырмағандарыңызды тілейміз. Ата, көп жасаңыз! Ұзақ өмір сүріңіз! Бізде бәрі жақсы. Күн нұры жерге жылу мен жарығын аямай төгіп тұрады. Ашпан ашық түсті. Әдемі гүлдер өсіп жатыр. Осындай алаңсыз бақытты өмірді жеткізген сіздер. Ұлы Отан соғысының отты жылдарында ер-азаматтармен бірге қолдарына қару алып, жаумен шайқасып, ерлік көрсеттіңіз. «Жеңіс – ол бүкіл халықтың ерлігі». Себебі майданға нан да, ет те, киім-кешек, қару-жарақ толлассыз керек болды. Осының бәрімен әскерді қамтамасыз ету үшін қарттар мен әйелдер, буыны қатпаған балалар шамадан тыс еңбек етті. Соғыс жылдары сүйген жарынан айырылып, аңырап қалған әжелер, апалар жесірліктің ащы дәмін тапты. Соған қарамастан, отағасына деген аяулы махаббатын сақтап қалды, балаларын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай өсірді, азамат етті, ел қатарына қосты.
Жеңіс Отан үшін мерт болған ерлердің қанымен, тылодағы аналарымыздың маңдай терімен, қажыр-қайратымен, халықтың ынтымақ-бірлігімен келді. «Соғыс» деген суық хабар жеткен күннен бастап қазақ халқы майданда да, тылда да ерлік көрсетті. Қазір Қазақстан тәуелсіз ел, ешқандай соғыс, терроризм жоқ. Соғыстың қандай зардап әкелетінін терең түсіндім. Сідзің майданда жасаған ерліктеріңізді әр уақытта құрметтейміз. Сіз бізге жауды жеңе отырып, өмір сыйладыңыз. Сондықтан да біз сізге көп-көп рахмет айтамыз. Бізге ашық аспанның астында жарқын өмір сыйладыңыз. Сондықтан да ата мен сізді мақтан тұтамын. Сізбен мақтанамын, әрқашанда ауырмаңыз, деніңіз сау болсын!
Сізге хат жазушы, немереңіз.
Слайд 20Әрқашан күн сөнбесін
Сөзін жазған Л. Ошанин Әнін жазған А. Островский
Аударғандар
І.Мәмбетов, К. Ыдырысов
1. Күн әдемі, көк әлемі,
Бұл суреті жас баланың.
Ақ
қағазға салған өзі,
Жазылған бар сөзі.
Қайырмасы: Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін,
Қасымда болсын мамам,
Болайын мен де аман.
2. Айрылмас дос, айнымас дос,
Бейбіт өмір керек елге.
Отыз беске біз келсек те,
Тұрар жүрек сөз есте.
3. Анда солдат, мында солдат,
Халық оқтан шошынады.
Сұм соғысты, кан төгісті,
Болдырмаймыз сәби үшін.