Слайд 2
Шитұмсық шалшықшы
Өте сирек, жойылып бара жатқан түр. Таралуы толықтай анық
емес, себебі өте сирек кездесетін ұялау орындары Сібірдің әртурлі аудандарында
шашырап жатыр. Бұталар өскен шымтезекті батпақтарда қоныстанады, ұшып өту кезеңінде дала көлдерінде кездеседі. Қазақстанда Еділ-Жайық өзендерінен Ертіске дейін, яғни республиканың солтүстік бөлігінде кездейсоқ кездесіп қалады. Саны белгісіз, жылына 10-ға дейін шалтықшы есепке олыноды. Шектеу факторлары анықтал-маған. Сақталған популяциясын іздеу және олардың биологиясы мен экологиясын жан-жақты зерттеу қажет. Осы мәселелерді анықтағанға дейін барлық шалшықшыларды қорғау керек.
Слайд 3
Дала қыраны
Саны қалпына түсіп келе жатқан түр. Евразияның, соның ішінде
Қазақстанның далалық және шөлейтті аймақтарында кең тараған. Әсіресе Батыс Қазақстан
мен құрғақ далалы тау бөктерлерінде көп болған. Жыртқыштармен күресу кампаниясынан кейін (50-60 жылдар) саны азайып кетті, екінші себеп - жоғарғы кернеулі электр таратү жүйелерінің сымдарында өлім-жітімге ұшырауы. Бұл қырандардың жердегі ұялары өте жеңіл бұзылады. Бүркіттерді және олардың ұяларын қорғауды насихаттау, сонымен қатар электр жүйесін жеткізетін тіректерді тиымды қорғаныш құрластармен жабдықтау қажет.
Слайд 4
Ителгі
Қазақстанда бұл түрдің кейінгі 3-4 жылда саны күрт кеміп кеткендіктен
жойылып кету қаупы бар. Оның басты себебі: араб елдеріне сатү
үшін ересектерін аулау және ұядағы балапандарын алу. Заңсыз аулаудың осындай түрі соңғы жылдары кең тарап отыр. Бұл түрді Ақсу-Жабағлы, Наурзым және Үстірт қорықтарында ғана қорғаудың жеткіліксіздігі байқалып отыр. Жаңа қорықтар ұйымдастырудан да бұрын оларды аулауға толық тыйым салу керек.
Слайд 5
Ақбас тырна
Саны қалпына келе жатқан түр, туыстың Солтүстік Евразиядағы бірден-бір
өкілі. Қазақстанның солтүстік бөлігі мен оңтүстік-шығысының далалары мен шөлейттерін мекендейді.
60-шы жылдары тың даланың қабырғасы сөгілген соң, саны күрт төмендеді, бірақ 80-ші жылдардың саңына қарай бүл тырна дәнді дақылдар егістіктерінде ұялай бастады, оның саны 50-60 мың басқа дейін өсті. Ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізу кезінде бұл түрдің жұмыртқалары мен балапандарын сақтап қалудың жан-жақты шараларын дайындау қажет.
Слайд 6Қарақұс
Сирек, саны кеміп бара жатқан түр. Қазақстанда солтүстік ендік бойынша
53-ші градусқа дейін кең тараған; ол тек биік таулар мен
мүлдем орманы жоқ аудандарда ғана кездеспейді. Саны белгісіз, бірақ 50-60-шы жылдардағы күрт төмендеуден кейін қайтадан қалпына келуі өте баяу жүрсе, ал кейбір жерлерде - мүлдем жоқ. Басқа бүркіттер сияқты электр жүйесін тарату тіректерінде жиі өлім-жітімге ұшырайды, кейде бүркіт орнына аулаушы қүс ретінде қолда ұстау үшін ұядан да балапандарын алады. Қарақұсты қорғау үшін үгіт насихатты жандандыру, белгілі ұя салатын орындарды қорғау және орманы жоқ, аудандарда оларды ұялауға тарту үшін ағаш басына жасанды ұялар тұғыры н жасау қажет.
Слайд 7
Тарғақ
Жойылып кетү қаупы бар түр, Қазақстан мен Ресейдің эндемигі. Қазақстандағы
таралу аймағы республикамыздың солтүстігіндегі далалықты түгел қамтиды. Кәзіргі саны туралы
нақтылы деректер жоқ, бірақ, барлық жерде оның санының бірте-бірте азайып келе жатқаны даусыз. Бұдан 20-30 жыл бұрын оны кездестіру дағдылы жоғдай болатын. Санының азаюының негізгі себептері - жерді жырту, дала ландшафының басқа да өзгерістері, малды көп жаю, химиялық қосылыстарды ретсіз пайдалану, аңшылық. Ауыл шаруашылық жұмыстарын экологиялық тұрғыдан ұйымдастырып, оны қорғауды халық арасында насихаттау керек.
Слайд 8
Ақ ләйлік
Аз санды түрше Қазақстанда жойылып бора жатса, көршілес Өзбекстанда
оның саны айтарлықтай сақталған. Ақ дегелектің ұясы Шымкенттің оңтүстігінде ғана
сақталған, кәзір мұнда 15-30-дай ұясы бар. Жалпы саны жылдан-жылға кемуде. Елді мекендерге жақын орналасады, сондықтан адамдардың қарым-қатынасы оларға көп әсер етеді. Таяз сулпардың азаюынан азық қорының кемуі, улы химиялық заттарды пайдалану дегелектердің жойылуына бірден-бір себеп болып отыр. Бұл құстың әрбір ұясын қорғауға алу қажет.
Слайд 9Қарабай
Саны күрт кеміп бара жатқан тур, таралуы ойдым-ойдым. Үстіміздегі ғасырдың
ортасында Арал мен Торғай су алаптарында, Балқаш маңында ұялайтын. Кәзіргі
кезде тек Солтүстік Каспий маңын мекендейді. Мұндағы сирақты құстардың аралас тобында қарабайдың 173 қана ұясы бар. Қамысты жерлерде тіршілік етеді. Санының азаюына әсер ететін негізгі факторлар - су деңгейінің көтеріліп кетүі, қамысты шауып алу, өрттің ж иілігі, аңшылық, ұялы мекенін адамдардың мазалауы.
Слайд 10
Қабыршақсыз көкбас
Қазақстанда Сырдария, Шу, Балқаш – Iле және Зайсан
көлi су алабында тіршілік етеді. Дене пішіні қабыршақты Көкбасқа ұқсайды:
қабыршағы тек бүйір сызығы мен тілікшесінде және кеуде қанатының үстінде болады. Аузы басының астында, еріндері етті, астыңғы ерні ортасынан жырық. Езуінде қысқа 1 жұп мұртшасы бар. Түсі ақшыл-сарғыштан қоңыр-сарғышқа дейін өзгеріп тұрады.
Слайд 11Кекілік (лат. Alectoris chukar) – тауықтәрізділер отрядына жататын құстар Салм.
400 – 500 г. Ересек Кекіліктің арқасы көкшіл сұр, қанатының
жамылғы қауырсындары көкшіл теңбілді қызғылт сары. Қоңыр сары мойны мен шықшыты қара жолақпен көмкерілген, омырауы көкшіл сұр, бауырының қалған жері қоңыр сары, екі бүйірі ақ, бірақ қара, сары жалпақ жолақты. Кекілік Қазақстанда Жетісу (‘’Жоңғар’’) Алатауында, Қаратауда, Іле және Теріскей Алатауында, Сауыр, Тарбағатайда, Үстірт, Маңғыстауда тараған. Кекілік – ұяламаған уақытта топтанып жүреді, тұрғылықты құс. Жердегі не тас арасындағы шұқыршықтарға құрғақ шөп төсеп, 7 – 22 жұмыртқа салады. Өсімдік дәнін, жәндіктерді жейді. Кекіліктің еті дәмді, арнайы рұқсатпен ауланады
Слайд 12
Үлкен құралай
Сирек кездесетін, аз санды, жете зерттелмеген құс. Орталық
Азияның биік тауларын мекендейді, Қазақстандағы ұялайтын жерлері белгісіз. Саны анықталмаған,
дегенмен оншо көп болмаса керек; әзірге белгелі бізге қыстайтын екі жер: Алматының төңірегі мен Ақсу-Жабағылы қорығы. Үлкен құралай бірнеше ондап қана кездеседі. Бұл түрге негізгі қауып - сайрағыш құстарды аулап, сатуды кәсіп еткендер. Қысқы мекені көлемі жағынан шағын, әрі қолайлы болғандықтан оларды аулау оңай. Аз зерттелген бұл түрді қорғау шараларын белгілеу үшін оның таролуын, санын, биологиясын анықтау қажет.
Слайд 13Бақалтақ қыран
Сирек, аз зерттелген құс. Евразия мен Солтүстік-ботыс Африканың орманды
аудандарында кең тараған. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы ор-манды тауларында, шөл
өзендерінің жайылмаларында мекендейді. 50-60 -шы жылдары, жыртқыш құстармен күресу шаралары кезінде, саны күрт төмендеді, ал қазір саны өте жай қалпына келуде. Бүркіттерді қорғауды насихаттау, сонымен қатар Қаратауда, Жоңғор Алатауында және Іле өзенінің аңғарында қорықтар құру қажет
Слайд 14
Қоңыр кептер
Соңғы жылдары саны күрт кеміп бара жатқан оңтүстікте ғана
аздап кездесетін түр. Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның шөлді жазықтары мен
тік жарлары немесе ағаштары бар тау бөктерлерін (ұяларын індер мен ағаш қуыстарына салады) мекендейді. Саны анықталмаған, бірақ жылма-жыл қонысын аударатын құстарға бақылау жасау, оның санының кеміп бара жатқанын көрсетеді. Қазақстанда бұл түрдің ұялайтын жерлерінде қорғалатын территориялар жоқ. Ең алдымен тіршілік ететін ортасы әлі де болса сақталған Іле өзенінің бойынан қорғалатын территориялар құру қажет.
Слайд 15
Реликті шағала
Жойылып кету қаупы бар түр. Бар жоғы 3 жерде
- оңтүстік - шығыс Байқал маңын-да, Ордоста (Ішкі Моңғолия) және
Шығыс Қазақстанда ұялайтыны белгілі, соңғысында аумағы кішкене аралдардың бірінде оның колониялары орналасқан. Жалпы саны -5 мыңдай шамасында деп жорамалданады. Қазақстанда әр кезде 20-дан 1200-ге дейін мойнақ шағала ұялайды (ал 1973 жылы ұя баспаған). Колониялары орналасқан Алакөлде «Реликті шағала» атты қорықша ұйымдастырылған. Алакөл қорығын құру қажет.
Слайд 16Кіші аққұтан
Өзінің таралу аймағында сирек кездесетін түр. Қазақстанда Еділдің атырауы
мен Жайықтың сағасының аралығымдағы Каспийдің солтүстік жағалауында тал мен қамысы
қалың көлдер мен өзендерді, оның тармақтарын және теңіз жағалауын мекендейді. Кейінгі жылдары саны азайып кетті. Бүкіл Солтүстік Каспий аймағында небәрі 1 мыңнан аспайтын кіші аққұтан тіршілік етеді. Олардың Еділ атырауы мен Жайық сағасындағы мекенінде қорықтар ашу қажет.
Слайд 17
Жұртшы
Сирек кездесетін түр. Африканың, Оңтүстік Европаның және Азияның тауларында кең
тараған. Қазақстанда Тянь-Шань сілемдерін, Үстірт пен Маңқыстаудың құлама жарларын мекендейді.
Саны аз әрі біраз кеміп келе жатыр. Санының азаю себептері - заңсыз аулау, қақпанға түсуі, қақпан маңындағы уланған жемді жеп алуы. Қаратау мен Іле алқабында қорықтар ұйымдастырып, заңсыз аулаушылармен күресті күшейтіп, сондай-ақ уланған жемдерді пайдалануды шектеу шараларын белгілеу керек.
Слайд 18
Ақ сүңқар
Сирек кездесетін, бізде өнебойы қыстамайтын түр. Солтүстік Америка мен
Ев-разияның арктикасында таралған, қыстау үшін оңтүстікке ұшып кетеді. Қазақ-станда қыста
Көкшетау, Өскемен, Алматының маңайынан кездестірілген, ондағы ашық қоймалардан кіші дүркептермен қоректенеді. Барлық жерде де жекелеген құс көзге түскен. Санының азаю себептері анықталмаған, қорғау шаралары белгіленбеген. Барлык, қырандарды қорғауды халық арасында кеңінен насихаттап, оларды қолдан өсіруді тездету қажет.
Слайд 19
Бидайық
Жойылып кету қаупы бар өте сирек түр. Африкада, Алдыңғы, Ортаңғы
жене Орталық Азияның тауларында тіршілік етеді, ал Қазақстанның оңтүстігіндегі және
шығысындағы таулардың шағын аймақтарында мекендейді. Қазақстанда саны өте аз, солардың алтауы Алматы қорығында ұялайды. Алматы қаласында күз және қыста 1 -5 бидайықты кездестіруге болады. Санының азаю себептері және жалпы тіршілігі туралы деректер жоқ. Олардың ұяларын тауып, оны қорғоу керек және қолдан өсіру әдістерін зерттеу қажет
Слайд 20
Сақалтай
. Саны тұрақты болғанымен аз, сирек кездесетін түр. Қазақстанда Талас
Ала-тауынан Жоңғар Алатауына дейінгі тау жоталарында таралған, ұясын таудың жартасты-құзды
жерлеріне салады. Санының қанша екені белгісіз, дегенмен 100-ге жете бермес. Ақсу-Жабағылы және Алматы таулы қорықтарында 20 шақтысы қорғауға алынған. Олардың қорықтардан тысқары ұяларын тауып, оны қорғап, саяхатшылардың сақалтайдың ұясы бар шатқалдарға бармауын қадағалап, қолдан өсіруді жолға қою керек
Слайд 21Сұңқылдақ аққу
Саны кеміп бара жатқан түр. Адам қызметінің әсеріне шыдай
алмайды. Қазақстанда кең тараған болатын, кәзір республиканың Солтүстік, Орталық және
Оңтүстік-Шығыс аудандарының 5-6 жерінде көлемді ұяларын жасыруға болатын қалың қамыс - қоғалы ірі көлдерді мекендейді. Каспий маңында қыстауға қалған бұл аққудың ең көбі 1983 жылы 400 -дей болған, одан бері саны едәуір кеміді. Оның себебі: ұялауға қолайлы орынды жиі ауыстыруға мәжбүр болуы.