Слайд 1
Сабақтың тақырыбы:
Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту
Слайд 2Сыни тұрғыдан ойлау – өз алдына сұрақтар қойып және оларға
жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей
алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді.
Слайд 3Мақсаты: Барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі
ұйғарым пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйретеді.
Слайд 4Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түпкір-түпкірінен жиналған білім берушілердің
еңбегі. Бұл технологияны жүйеге келтірушілер: Джинни Стил, Курт Мередит, Чарлз
Темпл.
Слайд 5«Сыни тұрғыдан ойлау»
технологиясы үш кезеңнен тұрады:
Ой шақыру
Іске асыру (мағынаны
тану) тақырыпты ұғыну, мәнін түсіну
Рефлексия (ой толғаныс)
(қызығушылықты
ояту)
Слайд 6
І кезең «Ой қозғау»
1 топ
Шығармашылық жұмыстар
дегеніміз не?
2 топ
Шығармашылық жұмыстардың қандай түрлерін білесіздер?
Слайд 7
1 тапсырма.
Әңгімені өз ойларымен аяқтау. Әңгімеге тақырып қою.
Слайд 8Нұртай ата – соғыс ардагері. Ол ерте көктемнен қоңыр күзге
дейін ауласында өсіп тұрған жалғыз жидені күтіп-баптайды. Төртінші сыныпта оқитын
Қайрат пен Талғат мейірімді қартқа қолғабыс жасап көмектеседі.
Бір жолы Нұртай ата қатты ауырып қалды. Дәрігер оны орталықтағы ауруханаға алып кетті. ....
Слайд 10
2 тапсырма.
Ақын, жазушылардың шығармаларын басқаша аяқтау.
Слайд 11Надандық
(Ы.Алтынсарин)
Екі кісі жаздың бір әдемі күнінде сайранға шығып,
бір ағаштың қасынан өтіп келе жатқанда, көкек шақырды дейді. Біреуі
тұрып айтты:
- Көкек тек құс емес, ол мені көріп шақырғанын ырым етемін, маған ұзамай – ақ бір дәулет жолығады екен- деді.
Қасындағысы айтты:
- Көкек саған шақырған жоқ, маған шақырды, дәулетке мен жолығамын,–деді.
Әуелгісі айтты:
- Сен итке неғылған дәулет?!
Оған қарсы екіншісі:
- Мен ит емес, сен ит! – деп екеуі ұрысысып, ұрыстан соң төбелесіп, екеуінің де аузы –мұрны қан болды. Мұнан соң екеуі де дәрігерге келіп, жараларына ем еттіріп отырып, ұрыстың неден басталғанын айтысты. Сонда дәрігер айтты дейді:
Слайд 12
- Ей, ақылсыздар, ол көкек сендер үшін емес, мен
үшін шақырған екен. Көкек шақырмаса, сендер төбелеспес едіңдер, төбелес болмаса,
сендер жаралы болып, мен емдеп, ақы алып олжа таппас едім, - деді.
Слайд 13 Еменнің түбіндегі шошқа
Түбіне бір Еменнің Шошқа келіп,
Жемісін жерге
түскен жеді теріп.
Тойған соң келістіріп ұйықтап алып,
Еменнің түбін
қазды тұра келіп.
Шошқаға сол уақытта сөз айтады
Ағаштың басындағы құзғын көріп:
«Тамырын қазып, аршып тастаған соң,
Қалмай ма Емен қурап, кеуіп, сынып?»
Слайд 14
«Қураса, қурай берсін, қиналмаспын,
Қурамай тұрғанменен, неғылмақпын?
Қурасын, маған
салса, күйіп кетсін,
Қайғырман оның үшін уайым жеп.
Құдайым жемісінен
айырмасын,
Қылатын мені семіз солар ғой тек!».
Сол шақта күңіреніп сөйледі Емен:
Слайд 15
Шошқаға айтып тұрған осылай деп:
«Ей, шіркін! Жақсылықты білмейтұғын!
Білсең
сен, не бетің бар бүй дейтұғын?!
Жоғары қарай алсаң, білер
едің
Шыққанын жеміс қайдан сен жейтұғын!»
Дүниеде түрлі-түрлі адамдар бар,
Жақсы мен арасында жамандар бар.
Ғылымды пайдаланып отырса да,
Сезбейтін сол пайдасын надандар бар
Слайд 16
3 тапсырма.
Осы шығарма мазмұнына сәйкес келетін мақал –мәтел құрастыру
Слайд 17
4 тапсырма (топтық жұмыс)
1 топ
Мысалдағы бас кейіпкер жігіттерге, дәрігерге мінездеме
беру
Слайд 18
5 тапсырма
Әңгімені рөлге бөліп оқу
Слайд 19
Үй тапсырмасы
Ашық тест (1 топ)
Мақтаншақ адамдар туралы не айтар едіңіз?
***********************************************************
Слайд 20
Ашық тест (3 топ)
Әңгімеден қандай тағылым алдыңыз?
************************************************************