Слайд 2Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Пайдалы қазбалардың түрлерімен
таныстыру. Адам өміріндегі маңызына,
алыну жолдарына тоқталу.
Дамытушылығы: Өз ойларын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай
білуге,
өздігінен ізденуін, шығармашылығын, танымдық қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Табиғатты аялай білуге, сүйіспеншілікке, үнемшілдікке
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Пайдалы қазбалардың түрлері, кесте,
суреттер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
Қайталау –білім анасы.
1.Кен деп нені
айтады?
2.Пайдалы қазбалар деген не?
3.Кенді пайдалы қазбалар нешеге бөлінеді?
4.Кенді байыту деген не?
5.Пайдалы қазбалар нешеге бөлінеді?
Слайд 5Адамдар үй құрылысына қандай материалдарды қолданады?
(цемент, кірпіш,
бетон, орман,құм)
Жол құрылысына?
(ұсақ тас, асфальт, бетон)
Көпір жасау үшін? (бетон,
темір)
Адамдар үйді немен жылытады?
(ағаш, көмір, газ)
Адамдар бұл материалдарды қайдан алады? (табиғат, жер)
Слайд 6Пайдалы қазбалар
кенді пайдалы қазба
жанғыш пайдалы қазба
кенге жатпайтын пайдалы қазба
.
тас
көмір, қоңыр көмір, мұнай, газ
ас тұзы, фосфор, құм, саз, цемент
алюминиймыс,
қорғасын, күміс, мырыш
Білімге құштарлық.
“Ойлы болсаң,озып көр”
1.Түсі қара, сұйық зат,Тереңде жатады.
Қазсаң атқылайды, Жақсаң жанады Пайдаңа жарайды.Ол не?
2.Шахтадан оны қазамыз, Пешке салып жағамыз.
Үлкен үйді жылытып, Рахатқа біз батамыз.Бұл не?
3.Мөлдір,әрі түссіз,Өзі табиғи отын.Ол не?
Бұлар неге жатады?
Слайд 11Таскөмір
1. Қатты,морт сынғыш.
2. Қара түсті жылтыр.
3. Жақсы жанады және
жылуды көп
береді.
4. Суда ерімейді.
Слайд 13 Тас көмірдің кен орны - Қарағанды. Ондағы қара көмірдің сапасы
жақсы, оны отын ретінде пайдаланады.
Екібастұзда арзан
көмір өндіріледі. Оны қоңыр көмір деп атайды.
Көмірден дәрі жасайды.
Жанғыш пайдалы қазба
Слайд 14
А. Байжанов Қарағанды көмір бассейнін алғаш ашушы, кен білгірі. 1824
жылы Нұра өңірінің оңтүстігінен 25 км. жердегі Қарағанды мекенінде туып-өскен.
Ол жастайынан жергілікті болыстың қойын бақты. 1833 жылы ол жер бетіне шығып жатқан тас көмір қабатын тапты.
Слайд 17Апақ Байжанов туралы аңыз
Қарағанды көмір кенішін алғаш ашушы Апақ
Байжанов, ол 1833 жылы Нұра өзенінен оңтүстікке қарай Қарағандыбасы деген
жерде тас көмір кесектерін табады. Ел ауызындағы аңызға қарағанда, Қазіргі Қарағандыдағы Ескі қаланың орнында қалы қараған өседі екен. Сол қарағанның ішінде соңында екі тазысы бар Апақ деген бір байдың қойшысы қой жайып жүреді. Бір кезде қойдың бір шеті дүр ете қалады. Жалт қараса бір суыр қашып бара жатыр екен. Тазылар тұра бастыртады, бірақ, суырдың іні таяу екен, ініне қояды да кетеді. Ол күні–күн кешкіріп қалғандықтан Апақ суырдың інінің аузын таспен бекітіп кетеді. Келесі күні ерте келіп, суырды інінен қазып алады.
Сол күні ін түбінен көмір шыққан екен дейді. Әуелде Апақ оның не екенін білмейді… Қара бояу ма деп ойлайды. Бірсыпырасын үйіне алып келіп жүн бояп көреді. Жүнді тек кірлеткені болмаса жүнге бояу болып қаппайды. Содан ауыл ақсақалдарына көрсетеді. Олар да шеше алмайды. Бір күні кешкілікте тезектің маздап жанған отын айнала қоршап отырғандар тағы да сарапқа салады. – Бірақ бұл алтын да емес, күміс те емес, жез де емес, ал жәй тас та емес. Не екенін "бір Алла"өзі білсін, - деп отырғанда, бір тас отқа түсіп кетеді. Ол жана бастайды. Отырғандар: – Тас жанып жатыр, тас жанып жатыр!- деп шу ете калысады. Басқалар қолындағы тастарын отқа салады, әлгі тас онан сайын қыза жанады. Сол жерде "бұл жәй тас емес", "Жанатын тас"болды деседі. Ертеңінде-ақ сол "Жанатын тас"туралы хабар жоғарғы жерге жеткен екен. Сол тасты тапқан Апақты бір төре іздеп келген дейді. Апақ әлгі төреге тасты тапқан жерін көрсетеді. Ол үшін Апаққа ат тұяғындай алтын, қой тұяғындай күміс берген екен. Карағандыдағы тұңғыш рет ашылған "Қаразабой"деген шахта сол Апақтың көмірін тапқан жерінен ашылған дейді
Слайд 19Өте қызулы отын. Ол күл қалдырмай түгел жанып кетеді. Мұнайды
айыру арқылы бензин, керосин, машина майы және басқа көптеген заттар
бөлініп алынады.
Жанғыш пайдалы қазбалардың бірі-мұнай
Мұнай
Мастика
Бензол
Автол
Бензин
Вазелин
Керосин
Мазут
Асфальт
Синтетикалық каучук
Спирт
Лак
Пластмасса
Табиғи газ
Жер астынан мұнаймен ілесіп шығады. Ілеспе газ кейде көп мөлшерде кездеседі. Оны мұнай –газ кен орны деп атайды.
Таза табиғи газды тұрмыста, сондай-ақ
отын және химиялық шикізат ретінде қолданады.
Газ бен мұнай кен орындары Каспий маңы ойпаты
мен Маңғыстау түбегінде шоғырланған. Каспий теңізінің суы таяз бөлігінде мұнай мен газ қоры мол. Картада мұнай -қара мұнара, газ- ақ мұнара белгісімен берілген.
Слайд 28Есте сақта
!
Пайдалы қазбалар – жер қойнауынан немесе жер бетінен қазып
алынатын тау жыныстары. Бұл табиғат байлықтары адамның қажетіне жаратылады.
Слайд 33- Сабақ саған ұнады ма?
Рефлексия:
Слайд 35
5 жолды өлең құру.
1-топ: таскөмір
2-топ: мұнай
3-топ: газ
Үйге тапсырма:оқып келу.