Слайд 1«Өзіңді білгің келсе...»
Сурет салу: күн, тау,үй, ағаш, қапшық, жол, сақина,
гүл,жылан.
Слайд 2Егер күн дәл ортасына салынса – жастық шағы қызықты, батысқа
салынса – кәрілік шағы қызықты болады.
Слайд 3Тау дөңгелек салынса – мінезі жұмсақ, мейірімді, сенгіш. Егер тау
ұшты болса, өкпелегіш, тік мінезді адам. Егер аралас салынса- басында
қар болса, өзгермелі адам.
Слайд 4Үй – суретте ағаш үй салынса, арманың орындалады. Егер бір
терезе салынған болса, өзіне жақын бір адам туралы көп ойланады.
Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса, ол тұйық, сақ адам. Үйдің төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын, өсек құмар адам.
Слайд 5Ағаш біреу болса, өзінің сүйіктісіне ұнайды. Егер бірнешеу болса балаларды
жақсы көреді, оларға уақыт бөледі, көп көңіл аударады. Қоршаған әлемді
сүйеді, қаншалықты әдемі салынса сұлулыққа соншалықты құштар.
Слайд 6Қапшық, қалта қаншалықты үйге жақын жатса, байлық та жақын. Керісінше
болса бәрі керісінше. Егер қапшық аузы байлаулы болса сараңдық. Қапшық
жерде жатса жалқау, түрегеліп тұрса еңбекқор адам.
Слайд 7Жол – үйге жақын жатса – жолы жеңіл, алыс болса
керісінше.Егер жол үйдің есігінен шықса, тапқан табысын үйге әкелетін, ал
керісінше болса шашпа, айналасына тарататын адам.
Слайд 8Сақина көзсіз болса қонақ қабылдағанды, қонақ шақырғанды ұнатады. Көзі болса
болашақты ойлайды, капитал жинайды. Неке жүзігі – мықты отбасын білдіреді
Слайд 9Гүл – үйге жақын болса, қуаныш, той болады, үйдің жиегінде
болса – қызықты күндерің алыста.
Слайд 10Жылан үйден алыс салынса – жаулары алыс, егер жақын салынса
көре алмаушылар айналаңда болғаны. Суретте қайсысы үлкен салынса сенің өмірің
үшін маңызы зор.
Слайд 11
Қорытынды сөз:
Күнде өсіп-қарап, зерттеп бағады,
Зерттеген соң, зердеге сап алады.
Не тілесе
соны біліп, түсінер,
Білген сайын іштен жиі күрсінер.
Ілім білген дана атанар
ақыры,
Білім елге пайда берер ашығы!
Туғаннан-ақ білімге ынта болмаса,
Слайд 12Оқу іздеп қиналмаңдар онда аса...
Бала білім жолын қусын десеңіз,
Бесігінде-ақ ілім
шоғын көсеңіз...
Бала миы- дақ тимеген қағаз нақ,
Миға сөзін ұмытпасқа жазар
бақ.
Жүсіп Баласағұни