Слайд 1Ж о б а тақырыбы: «Табиғатқа көрік берген көбелектер»
(ұзақ мерзімді)
Мақсаты: Тірі табиғат обьектілеріне деген қызығушылығын ояту және бақылау дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
Балаларды тірі табиғат обьектілері оның ішінде жәндіктермен, олардың қасиеттерімен таныстыру.
Олардың бір-бірінен айырмашылығын салыстыру.
Эстетикалық талғамын дамыту. (табиғат әсемдігін сезіне білу)
Тірі табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Тірі табиғат обьектілеріне деген қызығушылығын ояту және бақылау дағдыларын қалыптастыру.
Жобаға қатысушылар: Балалар, олардың ата-аналары, тәрбиешілер.
Слайд 2Жобаны жүзеге асыру қорытындысын болжау:
Көрнекі құралдардың көмегімен (үлгілер, символдар) балалардың
өзіндік, танымдық тәжірибесін дамыту.
Ойлау, үлгі құру, ауыстыру іс-әрекеттеріне қатыстыру арқылы
балалардың ізденіс танымдық қабілеттерін дамыту
Жобаның өзектілігі: Табиғатпен үйлесімділікте өмір сүре алатын, айналадағы қоршаған ортаға деген өзінің іс-әрекеттерін сезіне білуге қабілетті экологиялық ойлау өрісі дамыған тұлғаның қалыптасуы.
Жоба даярлық топ балаларымен жұмыс жасауға арналады. Ол – балалардың бойында табиғатқа деген танымдық қызығушылығын қалыптастыруға септігін тигізеді, байқампаздығын, ойлау іс-әрекетін дамытады. Жоба бойынша жұмыс нәтижесінде балалар ой қорытындысын, түйінін жасауды үйренеді, ізденіс танымдық іс-әрекет себеп-сал байланыстарын білу үшін маңызы зор.
Жоба балалар белсенділігінің екі түрін дамытуды қамтиды: баланың өз белсенділігі және үлкендердің ықпалымен пайда болатын белсенділік.
Слайд 3Бірінші кезең:
Балалар ойыншық көбелектерді жинақтап, олардан коллекция құрып сол процеспен
балалардың қызығушылығы, жәндіктер туралы сұрақтардың туындауы педагогтарды «Табиғатқа көрік берген
көбелектер» тақырыбында жобаны жүзеге асруға бағыттады. Жобаны жүзеге асыру үшін бірнеше кезеңнен тұратын жұмыс жоспарланды:
— Балалармен әңгімелесіп, оларды аталған тақырып бойынша не қызықтыратынын анықтау;
— Ізденіс танымдық іс-әрекеті үшін ортаны құру;
— Серуен кезінде, «Өлкетану» мұражайына саяхат кезінде балаларға көбелектерді бақылауды ұсыну;
Слайд 4Екінші кезең:
Дидактикалық ойындарды жинақтау;
Көрнекілік материал, көркем әдебиеттерді, бейнематериал жинақтау;
Балалардың бейнелеу
іс-әрекеті үшін материалды жинақтау;
Іс-шаралардың жоспарын құру;
Ата-аналарға жоба жұмысына қатысып, көмек
көрсетуге ұсыныс жасалды:
балалардың сұрақтарына жауап табуға көмектесу;
«Көбелектер әлемі» альбомын жасау үшін танымдық ақпаратты жинақтау;
Коллекция жинақтауға және безендіруге көмек беру;
Көбелектер туралы шағын ертегі, әңгімелер құрып, шығармашылық дамыту;
Слайд 5Үшінші кезең:
Жоба бойынша жұмыс әр балаға өзінің танымдық белсенділігін жүзеге
асыруға мүмкіндік беретін ерекше атмосферасын құрып, балаға жеке бағытталған үлкендердің
өзара іс-әрекеттестігін қамтамасыз етеді.
Слайд 7Төртінші кезең:
«Табиғатқа көрік берген көбелектер» жобасының презентациясы.
Коллекцияның, альбомдардың презентациясы.
Слайд 8Бесінші кезең:
Жаңа жобалардың тақырыптарын, міндеттерін анықтау.
Ерекше педагогикалық маңыздылығы:
Балалардың диалектикалық ойлау,
өзара байланыс жүйесіндегі әлемнің алуан түрлілігін көру қабілетін қалыптастырады.
Балаларды ойлау,
үлгі құру іс-әрекеттеріне қатыстыру арқылы ізденіс-танымдық іс-әрекетін дамыту перспективасын кеңейтеді.
Балалардың өз бетімен жұмыс жасау іскерлігін, байқампаздығын, қиялын, ойлау қабілетін қолдайды.
Слайд 9Жобаның презентациясы
Тақырыбы: Табиғатқа көрік берген көбелектер
Мақсаты: Тірі табиғат обьектілеріне деген қызығушылығын ояту
және бақылау дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
Балаларды тірі табиғат обьектілері оның ішінді жәндіктермен,
олардың қасиеттерімен таныстыру.
Олардың бір-бірінен айырмашылығын салыстыру.
Эстетитакалық талғамын дамыту табиғат әсемдігін сезіне білу.
Тірі табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Тірі табиғат обьектілеріне деген қызығушылығын ояту және бақылау дағдыларын қалыптастыру.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
Тәрбиеші: Саламатсыздар ма, балалар!
-Балалар амандасады.
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі біздің жобамыз өте қызықты болмақшы.
Жұмбақ: қаны жоқ, жаны бар, гүл іздеп сабылар (көбелек)
( осы кезде музыка ырғағымен әдемі көбелек ұшып келеді қолында гүлі болады)
Көбелек: Саламатсыздар ма, балалар? Мені білесіңдер ме? Мен көбелекпен мен жаз айында ұшып жүремін. Мен әдемілікті, әдемі гүлдерді жақсы көремін.
Тәрбиеші: Көбелек, көбелек біздің балалар сіз туралы көп біледі.
-Қане балалар, еске түсіріп жіберейікші.
Тәрбиеші интерактивті тақтадан қарай отырып, еске түсіреді, сұрақтар қою.
-көбелек немен қоректенеді?
-қасиеттері қандай?
Муртшалары арқылы нені сезеді?
-олар нені жақсы көреді.
Пайдасы мен зияны
Слайд 10Осы кезде жұмыртқа, жұлдызқұрт, қуыршақ, көбелек пайда болатын суреттерді көрсету.
-Балалар
тақпақтар айту арқылы ретімен айтады.
1.Дәулет : жұмыртқадан жаралып,
Жапырақтан нәр алдым.
2.Мирас:
Жұлдызқұртқа айналдым
Бой тізеуші мергенші
3.Алия: Қабықтарым алғашқы
Бір неше рет алмасты.
Тие бермей
Сергіту сәтін жасау.
Мен тимеймін, жасқанба
Дос болайық, көбелек.
Жайнап тұрған бақшамда
Гүлдерімді тере кет.
Жаңбыр жаушы себелеп,
Тақияның астыны
Тығына ғой көбелек.
Тәрбиеші: Балалар, осы көбелек неден пайда болатынын, бақылағыларың келе ме?
Тәрбиеші: Балалар, көбелек туралы біз көп біледі екенбіз. Енді осы көбелек гүлдің шырынымен қоректенеді ғой. Бізге көбелек, бәрімізге өзімен шырындарды сыйлыққа алып келіпті. Қане көбелектер сияқты шырынмен қөректеніп көрейікші.
Көбелек: Балалар менің кетуім керек. Мен гүлдерімді сағындым. Оларды төзгездыруым қажет. Сау болыңдар!
Тәрбиеші: Балалар біз осы бір жәндік туралы көп білеміз. Енді осы мәліметтерді өзіміздің жадымызға, ойымызға сақтап жүрейік.
-сау болыңыздар.