Слайд 1Подстепный №1 жалпы орта білім беретін мектебі
Ашық ұйымдастырылған оқу
іс-әрекеті
Үй жануарлары.
Жылқы және есек.
“Еркетай” шағын орталығының тәрбиешісі: Тулегенова
Ж.Б.
Слайд 2Мақсаты
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Білім беру бөлімі: «Экология»
Білімділігі: Балаларды үй
жануарларымен
таныстырып, олардың аттарын дұрыс атап,
төлдерінің дыбыстарын ажырата білуге
үйрету.
Дамытушылығы: Сөздік қорын молайту,
тілдің белсенділік қызметін арттыру.
Тәрбиелігі: Үй жануарларына қамқорлық
жасай білуге тәрбиелеу.
Слайд 3Жылулық шеңбері
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып,
Көкке қолды созамыз.
Қайырлы таң,
балалар!
Қайырлы таң, қонақтар!
Слайд 4
1. Қамыс құлақ,
Тостаған тұяқ,
Мінсең қанат,
Сүті дәрі, еті тамақ.
2.Үстінде екі тауы бар,
Қызық бір жануар.
3.Кішкене ғана бойы бар,
Айналдыра киген тоны бар.
Жұмбақтар
5. Секең-секең етеді,
Таумен тасқа жетеді.
6.Өзі сұр,бөрі емес,
Ұзын құлақты, қоян емес,
Жұмыр тұяқты, жылқы емес.
Жұмбақтар
4. Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар.
Слайд 6Жұмбақтар
7.Үй жанында өмір сүреді
Біреу келсе үреді.
8.Сүтті жақсы көреді
Жылы жерде ұйықтайды.
Слайд 7Үй жануарлары және жабайы жануарлар!
Слайд 8Түйе- малдың қасқасы!
Түйе - төрт түліктің ішінде ең ірісі және
ауыр салмақты жануарлардың бірі.Түйе күй талғамайды, басқа жануарлар жей алмайтын
тікенекті, қатты өсімдіктермен қоректенеді, арқасына май жинайды, оны “өркеш” деп атайды. Шұбат-түйе сүті, өте шипалы сусын. Түйенің еті, жүні, шұбаты адамға көп пайда әкеледі. Түйе жүнінен көрпе жасаймыз.
Слайд 9Сиыр
Сиыр - кеуделі, айыр тұяқты, адам баласы алғаш рет қолға
үйрете бастаған жануарлардың бірі.
Сиырдың еті мен сүтінен өзге оның терісі
де жақсы бағаланады. Былғарысынаң
неше түрлі бұйымдар жасалып, киімдер тігіледі. Сиырдың сүтінен шалап, айран, қатық, құрт, қаймақ, ірімшік жасайды.
Слайд 10 Сиыр сүтінен неше түрлі тағамдар жасаймыз.
Слайд 11Сиыр терісінен киімдер тігіледі.
Слайд 12Жылқы
Жылқы- ірі, жеті қазынаның бірі, киелі мал.
Ол – кеуделі,
күшті жануар. Жылқы өзін күткен адамға тез үйренеді, оны таниды.
Дүние жүзінде 250-ден астам жылқы тұқымы бар. Жылқыны адамдар көлік қылып мінеді. Жылқы етінен жал, жая, қазы, қарта, шұжық әзірленеді. Қымыз - биенін сүті өте шипалы сусын.
Слайд 13Қой
Қой – үй жануарларының бірі. Қой еті дәмді. Қой сүтінен
май алынады, ірімшік, құрт жасалынады. Қой терісін илеп, өңдеп жылы
сырт киім, тон, ішкі аяқ киім де тігеді. Алайда үй қойы беретін өнімінің ең құндысы – олардың жүні. Одан пима басып, кілем, киім, мата тоқиды.
пима,киім,кілем,мата тоқылады.
Слайд 15Ешкі
Ешкі – өте тынымсыз үй жануары. Ешкінің сүті өте
пайдалы. Ешкінің жүні түбіт деп аталады. Одан түрлі қалың киімдер,
әсіресе қолғап тоқимыз.
Слайд 16Ешкі жүнінен шәлі және қолғап тоқылады.
Слайд 17 Есек
Есек - үй жануары. Адамдар
оны көлік ретінде, отын жүк тасуғы пайдаланады.
Оның етін жемейді.
Слайд 18Ит
Ит - қолға ең бірінші үйретілген жануар. Ол – адамның
сенімді досы. Үнемі адамға қызмет етіп, үйін, малын, қорасын күзетеді.
Иттің сезім мүшелері жақсы жетілген. Қазіргі кезде иттердің әр түрлі тұқымдары шығарылған.
Слайд 19Мысық
Мысық – бірнеше мың жыл қолға үйретілген. Қазір де оны
тышқаннан қорғану үшін ұстайды. Тұмсығындағы қылшық мұрты арқылы иісті сезеді.
Мысық - өте таза жануар. Қазіргі кезде мысықтардың көп түрі бар.
Слайд 22
Малдың баласын сүюі
(халық ауыз әдебиеті)
Қой сүйеді баласын “қоңырым” – деп,
“Ештеңені
білмейтін момыным!”-деп.
Сиыр сүйеді баласын “торпағым” – деп,
“Қараңғыда баспаған қорқағым!” –
деп.
Түйе сүйеді баласын “боташым” – деп,
“Жәудіреген көзіңнен тоташым!” – деп.
Ешкі сүйеді баласын “лағым” – деп,
“Тастан-тасқа секірген шұнағым!” – деп.
Жылқы сүйеді баласын “құлыным” – деп,
“Тұлпар болып жүгірген жұлыным!” – деп.
Слайд 23Ойын
“Мекеніне апар”
Мақсаты:
Үй жануарларын , дала
жануарларынан ажырата білуге үйрету.
Балалардың ойлау
қабілетін дамыту.
Слайд 241. Біздерде бар қуыршақ
Бұзау, қозы,құлыншақ
Ойыншықтар тыңдайды
Әмір беріп бұйырсақ
2. Қуыршақтар ұйықтайды
Айтқанынан шықпайды
Ал қозы мен құлыншақ
Ұйықта десем ұқпайды
3. Тыңдамайды ұрысса
Осылары дұрыспа
Тентектігін тыймаса
Тұрғызамын бұрышқа
ОЙЫНШЫҚТАР!
Слайд 25Күтілетін нәтиже:
Біледі: үй жануарларының тіршілік әрекеті туралы, сипаттап беруді.
Игереді: жылқы
мен есекті танып, ұқсастықтары мен айырмашылығын салыстырмалы түрде сипаттап айтуды,
тіршілігі, қорегі, адамға келтіретін пайдасы туралы.
Меңгереді: жылқы мен есектің адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екендігі туралы ұғымды игереді, қамқорлықпен қарауды.