Слайд 1
Тақырыбы: Қысым
Мақсаты
1 Оқушыларға күштің әрекеті тіреу
ауданына тәуелді болатыны, қысым, қысымның бірліктері туралы түсінік беру.
2 Мысалдар
келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу, қысымның күнделікті өмірдегі қолданылуын, есеп шығаруда қолдана білуге үйрену.
3 Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Слайд 2 Күтілетін нәтижелер
А) Қысымның физикалық мағынасын біледі және түсіндіре алады,
тұрмыста, техникада қысымның әрекетін ескеру жайлы мағлұмат алады.
В) Қысымның формуласына
есептер шығарып, ХБ жүйесінде өлшем бірліктерді айналдырады, мысалдар келтіреді, тәжірибеде қолдана алады.
С) Қысымның өмірде кездесетін жағдайларына мысалдар келтіріп, қолданылуына қарай маңызын талдап саралайды.
Слайд 9Неге шөл далада аттан гөрі түйемен жүрген ыңғайлы? ( түйенің
табаны жалпақ болғандықтан ол құмға батпайды. Түйе ауыр болғанымен ауданы
аттың тұяғының ауданынан жалпақ болғандықтан түсіретін қысымы аз)
Слайд 10Неліктен орындықта қатты да, киіз үйде көрпешеге отырған жұмсақ болып
сезіледі?
( орындықта отырғанда біз аз ауданда отырамыз. Ал жұмсақ жерде
отырғанда үлкен ауданда отырамыз да қысым аз түседі)
Слайд 11Қасқыр мен киіктің массалары жуық шамамен бірдей. Қасқырдың жерге түсіретін
қысымы 16 кПа, ал киіктікі 50 кПа. Қасқырдың табанының ауданы
үлкен бе, әлде киіктің тұяғының ауданы үлкен бе? (қасқырдың табан ауданы үлкен)
Слайд 14
Үйге тапсырма
§33. Қысым оқу
29 жаттығу №6-9