Сабақ мақсаты:
- кесінді ортасының координаталарын табу формуласын біледі, түсінеді;
-үшбұрыштардың периметрлерінің қатынасын табуда кесіндінің ортасы координаталарының формуласын қолданады;
- кесінді ортасының координаталарының формуласын төртбұрыштың түрлерінің белгісіз элементтерін табуда қолданады.
Бағалау критерийі:
- кесінді ортасының координаталарын анықтайды;
- кесінді ортасын табу формуласын қорытады;
- кесінді ортасының координаталарының формуласын есептер шығаруда қолданады.
Қорытынды шығару жəне есте сақтау
Бекіту және қолданысқа енгізу
Әдісі: «Ойлан, жұптас, бөліс».
Әр оқушы өзі ойластырып, жұбымен ақылдасып, бөлісіп, тақтадан дұрыс жауабын көреді.
Әдіс: «Элективті тест»
Тест тапсырмалары интерактивті тақта арқылы беріледі. 2 сұрақ қойылып, соған сәйкес бес жауап арқылы дұрыс жауабына байланысты түстерді көтереді. А жауабына – қызыл түс, В – жасыл, С – сары түс, Д – көк түс, Е – күлгін түстері бар карточкалар таратылады.
Қарқын
Жіктеу
Жұпқа бөлу әдісі «Өз жұбыңды тап»
Сабақ басталмас бұрын, әр оқушының үстелінің артына жапсырылған алты түсті, алты түрлі фигура жапсырылады. Қызыл шеңбер, көк тіктөртбұрыш, жасыл үшбұрыш, сары трапеция, күлгін шаршы, қызғылтсары параллелограмм жапсырмалары арқылы оқушылар 6 жұпқа бөлінеді.
Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолданамын, яғни тапсырманы басқалардан бұрын орындап болған оқушыларға есеп беремін.
Қарқын
Қалыптастырушы бағалау
Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
ҚБ. «Кері байланыс бутерброды»
Бұл алдымен жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру арқылы топтар бір-бірін бағалайды.
ҚБ. «Отшашу». Әр жұп бір-бірін бағалайды
.
ҚБ. «Мұғалім тарапынан мадақтау: Жарайсың! Жақсы жұмыстандың!»
ҚБ. «2 жұлдыз, 1 тілек»
Әр топ бір-бірін бағалайды.
Рефлексия. «Бағалау ширегі»
Стикерлерге жазып, ширектерге орналастырады.
І ширек – Нені білдім, нені үйрендім?
ІІ ширек – Немен жұмысты жалғастыру қажет?
ІІІ ширек - Нені толық түсінбедім?
ІҮ ширек - Бұған дейінгі білімімде түсінбеген тұстар бар ма, ол осы тақырыпты түсінуге қалай әсер етті?
Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть