Пәні: Химия
Сыныбы: 9 «А»
Сабақтың тақырыбы: Азот, периодтық кестедегі орны, атом құрлысы, қасиеттері.
Мақсаты: Периодтық жүйедегі азоттың орнына байланысты оны
V топ элементі ретінде сипаттау, атом құрлысымен және оның
физикалық – химиялық қасиеттерімен таныстыру.
Міндеттері: 1.Оқушы бойында өз бетімен білім алу дағдысын реттеу және сараптау,
салыстыру қабілеттерін дамыту.
2.Логикалық ойлау қабілетерін дамыту.
3. Оқушы бойында өз бетімен білім алу дағдысын реттеу
Күтілетін нәтиже: 1. Ізденімпаздығы мен АКТ-ны пайдалану құзіреті артады
2. Азот, периодтық кестедегі орны, атом құрлысы, қасиеттері
туралы біледі
3. Тақырып бойынша ойларын айқын тұжырымдайды
4. Топпен, жұппен жұмыс жасай отырып, бір-біріне үйрете отырып
үйренеді.
5. Бір-бірінің пікірін тыңдап, өз ойларын еркін жеткізе
алады
6. Алған білімдерін өмірде қолдана алады
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Жедел жауап», «Ой шақыру», «Сәйкесін тап», « Химиялық диктант» т.б
Дерек көздер: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау, АКТ
Ресурстар: Оқулық, интерактивті тақта, электронды оқулық, таблица, постер, стикер, маркер