Слайд 1Оқушыларды химия пәнінен оқу жетістіктерін сырттай бағалауға дайындау бағдарламасы
Слайд 2Түсініктеме хат
Мақсаты: оқушыларды сапалы дайындау арқылы ОЖСБ – ды жақсы
тапсыруға ықпал ету. химиялық заттармен жұмыс істей білу, алған теориялық
білімді практикада қолдана білу біліктілік дағдысын қалыптастыру
Слайд 3
Міндеттері:
Оқушылардың тестпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
оқушыларда күнделікті тұрмыста және табиғатта
кездесетін құбылыстарды түсіндіруге химия ғылымының тәсілдерін, теория, заңдар мен түсініктері
туралы білім негізін қалыптастыру
зат қасиеттерінің, оның құрамы мен құрылысына тәуелділігі жөнінде оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру;
табиғат, зертхана, күнделікті тұрмыста кездесетін химиялық құбылыстарды бақылау, талдау дағдысын дамыту. Құбылыстар арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтау;
оқушылардың химиялық құралдар мен реактивтерді пайдалану, күрделі емес зертханалық тәжірибелік есептерді шешу, химиялық білімді практикада қолдану дағдысын қалыптастыру;
Слайд 4ОЖСБ- ға дайындық аптасына 1- рет өткізіледі
Мектеп бағдарламасы бойынша тестермен
жұмыс барысында оқушы:
• Барлық негізгі мектеп бойынша өтілген материалдарды қайталайды;
• ОЖСБ –ға дайындалады.
Бұл бағдарлама бойынша 8 сыныпта алған білімдерін қайталай отырып, 9 сынып бойынша алған білімдерімен жалғастырады.
Слайд 52013-2014 оқу жылында оқушыларды химия пәнінен ОЖСБ –ға дайындау
ЖОСПАРЫ
Слайд 8ОЖСБ-ға дайындық жұмыстары төмендегі кезеңдер бойынша жүргізіледі:
Дайындық кезеңі:
1. Арнайы
қалың дәптер бастау (терминдер,анықтамалар, ғалымдар туралы мағлұматтар жинау үшін .)
2. Қалың дәптер тестпен және қатемен жұмыс жасау үшін.
3. Химиядан қосымша оқулықтармен жұмыс (анықтамалықтар, тесттер жинағы, кестелер және таблицалар т.б.)
4. Химиядан арнайы тестер жинағы
5. 8,9 сынып оқулықтары.
Слайд 9Негізгі кезең:
Оқулықты және қосымша анықтамалықтарды пайдалана отырып өткен материалдарды
теориялық тұрғыда қайталау
Арнайы қалың дәптерге негізгі терминдермен анықтамаларды
жазғызу.
3. Оқушылардың жіберген қателері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
4. Оқулықты пайдалана отырып тестер жинағымен жұмыс жасау.
5. Тест алу.
6. Арнайы тест жұмысына арналған дәптерге қатемен жұмыс жүргізу..
Слайд 10Үйге тапсырма:
1.Мектепте сабақта өтілген тақырыптар бойынша оқулықтан дайындалу.
2. Берілген
анықтамалармен.терминдерді қайталау.
3. Тест жинағы бойынша жіберген қателерін меңгергендігін тексеру
үшін өз бетінше тест жазу.
4. Жіберген қателер бойынша жұмыс жасау.
Слайд 11Мектепте :
1. Лекция.
2. Семинар сабақ:
1) Оқушыларға сұрақтар
қою арқылы түсінбеген сұрақтарын анықтау.
2) Оқушылардың түсінуіне қиындық туғызған
сұрақтар бойынша талдау жасау.
2. Тест жұмысын жүргізу:
1) оқушылар өз бетінше тестпен жұмыс жасайды (білім,дағдысын тексеру)
2) қатемен жұмыс –қиындық туғызған тапсырмаларды талдау.
3) Бақылау тест
Слайд 12Оқу жетістіктерін мониторингтеу
Оқушылардың оқу жетістіктерін мониторингтеу әртүрлі формада (тесттер, бақылау
жұмысы, және т.б.) іске асады.
Мониторинг нәтижелерін педагогтер білім үдерісіне
түзетулер енгізу үшін пайдаланады.
Слайд 20Оқушылардың ОЖСБ -ға дайындық тестінің мониторингі
Слайд 21Оқушылардың қыркүйек айында жазған сынама тестіне талдау
9 «Ә» сынып оқушыларын
ОЖСБ-ға дайындау мақсатында химия пәнінен 20 сұрақтан тұратын сынама тест
алынды. Тест 8 сынып материалдары мен 9 сыныпта жаңа өткен тақырыптар бойынша құрастырылды.Оқушыларға қандай сұрақтар қиындық туғызғандығын анықтау мақсатында тест сұрақтары бойынша мониторинг жасалды. Мониторинг қорытындысы бойынша
4- сұраққа 5 оқушы
11 -сұраққа 6 оқушы
9-12 -сұрақтарға 9 оқушыдан жауап бергендігі анықталды.
Оқушыларға қиындық туғызған сұрақтар бойынша арнайы деңгейлік тапсырмалар құрастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мысалы 4 сұрақта электролиттік диссоцацияны енді бастағандықтан оқушыларға қиындық туғызған.
Слайд 22I-деңгей:
Электролиттік диссоцация дегеніміз не?
Заттар суда ерігенде қандай иондарға ыдырайды?
Бейэлектролиттер дегеніміз
не?
II- деңгей:
Әлсіз электролиттерді ата?
Орташа электролиттерді ата?
Na+ Cl- - иондарының
арасындағы тартылыс күшін ата.
III-деңгей:
1.Мына негіздердің қайсысы күшті? LiOH, NaOH, KOH
2. Мына электролиттердің қайсысы әлсіз? ZnCl2, H2CO3, HF
3. Күшті электролиттерді ата: HNO3, H2SO4, HCl, NaOH, KOH, Ba(OH)2
Келесі сынама тестерде міндетті түрде осы сұрақтар енгізілуі қарастырылып отырды.
Слайд 23Оқушылардың ОЖСБ -ға дайындық тестінің мониторингі
Слайд 24Оқушылардың қыркүйек айында жазған сынама тестіне оқушы үлгеріміне қарай талдау.
Алынған
сынама тест қорытындысына оқушылардың үлгерімі бойынша мониторинг жасалды. Мониторинг қорытындысы
бойынша
1-10 - сұраққа жауап берген оқушыларды бір топқа,
11-20 -сұраққа дейін жауап берген оқушыларды екінші топқа біріктіріп, оқушылардың үлгерімдеріне қарай жасалған деңгейлік тапсырмалар бойынша жұмыстар жүргізілді.