Слайд 1 Сабақтың тақырыбы:
Сутек-химиялық элемент және жай зат. Сутектің изотоптары
Слайд 2Сабақтың мақсаты:
а)Сутектің химиялық элемент және жай зат ретіндегі түсінігін қалыптастыру
мақсатында элементті сипаттауға ерекше мән беріп, білімдерін дамыту, табиғатта таралуы
және алыну жолының ерекшеліктерін өткен сабақпен байланыстыра отырып түсіндіру. Ә)Оқушылардың дұрыс шешім қабылдай білу дағдыларын жетілдіріп, белсенділік икем дағдысын қалыптастыру.
Б)Экологиялық тәрбие беру.
Слайд 3Өткенді еске түсіру кезеңі
1.Заттар нешеге жіктеледі? Күрделі заттар дегеніміз не?
2.Күрделі
заттарға қандай заттар жатады?Атаңыз
3.Оттек латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?
4.Оттектің
қандай аллотропиялық түр өзгерісі бар?
5.Екі элементтің бірі оттек болып келетін бинарлы қосылысты ата.
6. 2H2O = 2H2 + O2 реакциясындағы түзілген өнімдерді ата? Қандай реакция типіне жататынын көрсетіңіз.
Слайд 4Д.И.Менделеев жасаған элементтердің периодтық кестесінде сутектің орналасуы?
Жаңа тақырыпты өздігінен
меңгеру кезеңі
Слайд 5
Химиялық таңбасы Н, ол “аш” деп оқылады. Салыстырмалы атомдық массасы
1,008. Жай зат түзетін газ күйіндегі сутек – екі атомнан
тұратын молекуладан Н2 құралады. Сутек молекулалары бір-біріне әлсіз тартылады, сондықтан қалыпты жағдайда газ. Жер бетінде оттекке қарағанда сутек едәуір аз.
Сутек ең жеңіл газ болғандықтан, ғарыш кеңістігінде көп тараған. Күн жүйесі планеталарының 92%-ін сутек атомы құрады.
Жер бетінде сутек бос күйінде кездеспейді десе де болады. Көп тараған сутектің ең басты қосылысы – су. Сутектің жер қыртысында газ күйіндегі метанның, қатты тас көмірдің, сұйық күйдегі мұнайдың, көптеген минералдар мен тау жыныстарының құрамында оттекпен қатар сутек те кіреді. Жер қыртысындағы сутектің массалық үлесі 1 %. Ол аз болып көрінгенмен, шындығында жердегі әр 100 атомның, шамамен, 10 атомы сутектің үлесіне келеді.
Сутекті отын ретінде пайдаланған тиімді. Әзірше сутекті көп мөлшерде өндіруге болатын шикізаттар – метан мен суды айыру қымбатқа түсіп отыр. Келешекте автомобильдерді сутек отыны көмегімен жүргізуді дамыту көзделуде.
Слайд 6Жер қыртысындағы сутектің массалық үлесі 1 %.
Слайд 7Жер бетінде сутек бос күйінде кездеспейді, көп тараған қосылысы- су.
Судағы сутектің массалық ұлесі 11 пайыз. Сонымен қатар сутек табиғатта
қосылыстар құрамында кездеседі
Слайд 8Минералдар мен тау жыныстарында
Слайд 9Мұнай құрамындағы метан газында
Слайд 11Сутектің ең көп тараған қосылысы – су.
Слайд 12Сутектің физикалық қасиеттері:
Сутек – иіссіз, түссіз газ.
Барлық газ күйіндегі заттардың
ішіндегі ең жеңілі – сутек. Ол суда аз ериді. Жылу
өткізгіштігі өте жоғары. Зонд шарларын сутекпен толтырып, аспанға ұшырып, метеорологиялық мақсаттағы жұмыстар жүргізіледі.
Слайд 141776 жылы сутекті Г.Кавендиш алды. Француз ғалымы А. Лавуазье сутектің
жай зат екенін анықтап, оған “гидрогениум” деп ат берген. Латынша
бұл “су тудырушы” дегенді білдіреді.
Генри Кавендиш
Антуан Лавуазье
Слайд 15Өнеркәсіпте алынуы
Жер бетінде су кең тарағандықтан өнеркәсіпте сутекті алудың негізгі
әдісі – суды тұрақты электр тогының көмегімен айыру болып табылады.
2H
2O = 2H2 + O2
CH4 + 2H2O = CO2 + 4H2 -165 кДж
Слайд 16Зертханада алынуы
Сынауыққа 1-2 түйір мырыш салып, үстіне сұйытылған тұз немесе
күкірт қышқылын құяды. Реакцияның жүре бастағанын сұйықтың бетінде газ көпіршіктерінің
пайда болуынан байқауға болады.Ол – сутек газы.
Zn + H 2SO4 = ZnSO4+ H2
Слайд 17Сутекті жинау әдістері
Ауаны ығыстыру арқылы
Суды ығыстыру арқылы
Слайд 18Сутегін зертханада алуға арналған құрал - Кипп аппараты
Слайд 191.География патшалығы
1 топ
2 топ
А) 5 моль судың массасын есепте а)7 моль алюминийдің массасын есепте
Б) Мына заттардың салыстырмалы молекулалық массаларын тап
1. Mr (CO2)= 2 Mr (H3PO4)=
Mr (H2SO4)= Mr (FeCl3)=
Слайд 203. Биология патшалығы
1 топ
А) Тыныс алу процесіндегі элемент
Ә) Қанның құрамында
кездесетін маңызды химиялық элемент
2 топ
А) Адам сүйегінде кездесетін химиялық элемент
Ә)
Қалқанша безінде кездесетін элемент
Слайд 214.Әдебиет патшалығы
А) Мақал-мәтелдер
1 топ
А) Өз елім - ..... бесігім.
Ә).... қызған
кезінде соқ.
2 топ
А) .... тас екен,арпа бидай ас екен.
Ә)Аз сөз
.....,көп сөз .......
Ә) Жұмбақтар
1 топ
А) Бірінші буыным көп емес,екінші буыным тілсіз жау.
Ә) Шыдасаңда алтын ассыз мүлде,шыдау қиын бұл затсыз екі күнге.
2 топ
А) Тынысым ырысым,Ол жоқ жерде жойылмақ жүрісім
Ә) Сыныптан шықпайды,тимесең ұқпайды.
Жәрдемінсіз бұл заттың, оқушы сабақ ұқпайды.
Слайд 225. Физика патшалығы
1 топ
Салыстырмалы атомдық массасы 65 –ке тең.
Осы элементтің
хлормен қосылысының салыстырмалы молекуллалық массасын есепте.
Реакция теңдеуін теңестір
Осы қосылысты
айырылу реакциясы арқылы жүзеге асыр.
2 топ
Салыстырмалы атомдық массасы 24 –ке тең.
Осы элементтің хлормен қосылысының салыстырмалы молекулалық массасын есепте.
Реакция теңдеуін теңестір
Осы қосылысты айырылу реакциясы арқылы жүзеге асыр.
Слайд 23Тест тапсырмалары:
1.Сутектің химиялық таңбасы:
а) Н ә) Не
б) Cu
в) Si
2.Күн жүйесі планеталарының қанша пайызын сутек атомы құрайды?
А)49% ә)2% б)24% в)92%
3.Сутекті ең алғаш алған ғалым?
а) Ломоносов ә) Менделеев
б) Кавендиш в) Лавуазье
4.Сутек латынша қандай мағынаны береді:
А)түтінді газ б)су тудырушы
Ә)қопарғыш газ в)су тасушы
5.Сутекті өнеркәсіпте алу жолы:
а)Электр тоғы арқылы б)белсенді металдан
ә)ауаны ығыстыру арқылы в)айдау арқылы
Слайд 24 Үйге тапсырма:
30-31 тақырыптар, 80-83-бет 8,9,10,11-жаттығулар.
Бағалау